Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі



бет10/46
Дата25.12.2022
өлшемі122,7 Kb.
#59504
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Байланысты:
Жалпы тіл білімі силлабус 2022

Байырғы Греция тіл білімі
Көне дәуір тіл білімінің екінші отаны – ертедегі Греция. Тіл мәселелеріне байланысты жазба материалдар бұл елде біздің жыл санауымызға дейінгі V ғасырдан басталады. Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция тіл білімі Гомердің «Илиадасы» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталыпты. Аталған жырлардың тілі гректердің сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған да, грек ғалымдары соны зерттеу, айқындау ісімен шұғылданған. Бұл жағынан алғанда Грециядағы лингвистикалық ой-пікірдің туу себептері үнділерге өте ұқсас.
Греция тіл білімі екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі – философиялық, екіншісі – филологиялық дәуір деп аталынады.
Философиялық тіл білімін қалыптастырушылар философтар болды. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық тұрғыдан емес, философиялық тұрғысынан сөз етті. Тілді философияның ажыратылмас бір бөлігі деп есептеді.
Көне грек философтары тілге қатысты үш мәселені сөз етті. Олар: 1) Зат пен оның атауы арасында қандай байланыс бар? 2) Тіл қайдан, қалай пайда болды? 3)Грамматика жөнінде мәселелер.
Зат пен оның атаулары арасындағы байланысқа қатысты грек философтары екі топқа бөлінді. Бірінші топ: «Атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген (Құдай жаратқан)», - десе (мәселен, Гераклит), екінші топ оған қарсы: «Жоқ, зат пен оның атауы арасында ешқандай байланыс жоқ,» - дейді (Демокрит)
Тілдің шығуы жөнінде грек философтарының бір тобы «тілді дыбысқа еліктеуден шыққан» десе (Платон), екінші тобы «Тіл ертедегі адамдардың өзара келісуінен барып шыққан» дегенді айтады (Демокрит). Тіл білімінде мұның алғашқысы – дыбысқа еліктеу теориясы делінсе, соңғысы – келісім теориясы деп аталынып жүр. Әрине, бұл көзқарастарды дұрыс деп айту қиындау.
Грек философтары грамматиканы логикалық категория ретінде түсіндірді. Мәселен, Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель есім, етістік, жалғаулық (көмекші сөздер) деп, үш топқа бөледі.
Жоғарыда біз Греция тіл білімінің екінші дәуірі – филологиялық дәуір деп аталынады деген едік (Бұл дәуір кейде эллинизм деп те аталына береді).
Филологиялық дәуірдің басты ерекшелігі грамматикалық ілімнің философия мен логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралу еді. Тіл білімі тарихында грамматистердің александриялық мектебі деп аталынатын бағыт та осы дәуірде қалыптасты. Бұл бағыттың өкілдері: Алистрах, Деонисий Фракийский, Апаллони Дискол (біздің эрамызға дейін ІІ ғ.). Д.Фракийский грек тілінің грамматикасын жазды.
Александриялық мектептің атасы аристах тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, есімдік, үстеу, жалғаулық, предлог және артикль, - деп сегіз топқа бөлген.
Тіл білімі тарихында елеулі мәні барлығына қарамастан көне грек тіл білімінің кемшіліктері де болды. Олар тілді философия, логика ғылымдарының бір саласы деп қарастырды; Тілдік категорияларды логикалық категориялармен теңестірді. Тілдің дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс екенін білмеді.

2 Дәріс тақырыбы: Орта ғасырлардағы тіл білімі.


Орта ғасырлардағы қоғамдық өзгерістердің тіл білімі дамуына әсері. Орта ғасырлардың өзіндік бір ерекшелігі- әр түрлі діндердің әлемдік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан діндерін жатқызуға болатындығы. Кейбір дін тілдерінің канондық тілдерге айналуы. Христиан дінінде латын тілінің канондық тіл болуы, оның грамматикасының бүкіл Еуропа халықтары тілдерінің грамматикаларын үлгіге айналуы. Орта ғасырдың соңғы кезеңдерінде жарық көрген грамматикалық туындылар
Орта ғасырлардағы араб тіл білімі. Арабтарда көне дәуір тіл білімінің жетістіктерін пайдалана отырып оны одан әрі дамытуы. Арабтардың тілдік зерттеулердегі өзіндік бағыттары, тың жүйелері. Араб ғалымдарының өзге тілдерді зерттеу тәжірбиелері,тіл білімі тарихында олардың ең алғашқы болып әр түрлі тілдер деректерін бір-біріне салыстыра зерттеу әдісін қолданулары. Олардың түркі, моңғол, парсы,араб тілдерін салыстырмалы сөздіктерін, грамматикалық очерктерін жазуы. Араб зерттеушілерінің сөздік жасау саласында жеткен үлкен табыстары. Араб тіл білімінің грамматикасы. Араб тіл білімі халифат дәуірінде (VІІ-ХІІ ғасырлар) дамыды. Арабтарда тіл туралы ғылымның дамуына себеп болған нәрсе, ертедегі Индиядағы сияқты, діни тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің айтарлықтай алшақтай бастауынан болуы керек. Бұған қоса, мұсылман дінінің әсері де ерекше болды. Арабтар көрші елдерді қаратып, ислам дінін найзаның ұшымен, білектің күшімен таратып отырды. Ислам дінінің құралы – құран. Оны басқа ел адамдарына үйретіп, оқыту үшін де тіл ғылымын дамыту керек болды. Мұның үстіне араб тілінде диалектілер де көп еді. Жаңадан бағындырылған елдердің тілдері әр түрлі болатын. Сондықтан классикалық араб тілінің диалектілерден де, басып алынған басқа елдер тілдерінен де қорғау, оны таза сақтау қажет болды. Бұл жағдайлар араб филологиясының дамуына әсерін тигізді. Арабтар гректер мен үнділіктердің грамматикалық жүйелерін де пайдаланды. Сонымен бірге араб тілі туралы ғылымды жасауға арабтардың тек өздері ғана емес, оларға бағынышты басқа да халықтар өкілдері қатысты. Әсіресе, араб халифатына кірген парсылар, гректер, сириялықтар, еврейлер, берберлер, түркі тағы басқа халық өкілдері тіл туралы ілімді дамытуға ат салысты.
Араб тілі туралы алғашқы еңбектер. Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп – екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті. Баср мектебінің өкілі Сибавейхи «Аль-Китаб» деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар. Кітап мысалдары Құраннан және ерьедегі поэзиядан алынған. Арабтардың ертедегі ойшылдардан бір өзгешелігі – олар әріп пен дыбыстың айырмасын ажырата білді, сөдің жазылуы сен айтылуындағы, яғни орфография мен орфоэпияның сай келмейтініне назар аударды. Дыбыстарды физиологиялық тұрғыдан баяндап, олардың 4 түрлі ерекшелігін атады. Сибавейхи дыбыстардың жасалуының 16 түрлі орнын көрсете келіп, оларды соған сай топтастырады: сөз таптарын етістіктер, есімдер, сан есімдер деп үшке бөлді. Арабтар үш дауыссыз дыбыстан құралатын түбірлердің сырын айқындады. Бұл жайт – семит тілдеріне ғана тән құбылыс. Олар түбірдегі флексия мен аффикстік тәсілдің маңызын байқай білді. Араб мамандары басқа да тілдерді, мәселен, түрік, монғол, парсы тілдерін де зерттеді. Бірақ оларда тіл фактілерін салыстыра қарастыру деген болған жоқ. Лексикология мен лексикография саласында арабтар айтарлықтай табысқа жетті. Олар лексика материалдарын көптеп жинап, түрлі сөздіктерге топтастырды; әр пәнге байланысты сөздіктер шығарды. Арабистер араб тілі лексикасының байлығын ерекше мақтан етті. Мәселен, семсер сөзінің 500 синонимін, арыстан сөзінің 500 синонимін табады. Бұл шын мәнінде, тіл байлығының аса бір мәнді көрсеткіші. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулер жүргізген. Ұлы ғалым өзінің «Ғылымды классификация жасау» деген 5 бөлімнен тұратын еңбегінің бірінші бөлімін адамдардың бір-бірімен қатынас жасап, өзара түсінісетін құралы – тілдің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылымға арнаған. Бұл бөлімі «Тіл туралы ғылым» деп аталады. Ол кісінің еңбегінде тіл білімінің барлық заңдылықтар мен мәселелері көрсетілді. Оның ішінде морфология саласы, яғни, сөз құрамы мен аффикстік морфемалар, орфография, пунктуация, орфоэпия мәселелері. Осылардың араб тіліндегі өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. Араб филологтары сөздік жасау ісіне де көп үлес қосты. Мәселен, Фирузабади деген кісі, бір мәліметтерге қарағанда, 60 том, енді бір деректерде 100 томдық сөздік жасапты. Сондай-ақ «Камус» (мұхит) атты сөздік те жасаған деседі. Бұл сөздіктер өкінішке орай сақталмаған. ХІ ғасырда лексикографиялық теңдесі жоқ бір ірі еңбек пайда болды. Ол – «Диуани лұғат-ат-түрік» (Түркі сөздерінің жинағы) – орта ғасырдағы түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ он мыңнан астам төл сөз және жеке ру-тайпаларға тән көптеген жергілікті сөздерді қамтыған, өз дәуіріндегі түркі тілдерінің белгілі бір ғылыми жүйеге түсірілген түрікше-арабша сөздігі. Бұл сөздіктің авторы ұлы филолог, ғалым Махмұд Қашқари. Махмұд Қашқари сөздігі түркі халықтарының сан ғасырлық тарихында оның өз өкілі жазған тұңғыш ғылыми грамматика, ғажайып лексикография үлгісі болып табылады. Сонымен бірге, бұл сөздік сол ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің салыстырмалы диалектологиясының негізі қаланған алғашқы ғылыми зерттеу екені де мәлім.

3 Дәріс тақырыбы: Қайта өркендеу дәуірі мен XYII-XYIII ғасырлардағы тіл білімі.


Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. Бұл дәуірдің өзіндік сипатына қысқаша шолу. Жаңа жерлердің, бұрын белгісіз халықтар мен тілдердің ашылуы, соның негізінде тіл білімінің жаңа сипатта дамуы. Бұл дәуірдің тіл біліміндегі негізгі проблемалары: 1) Ұлттық тілдерді қалыптастырып, дамыту; 2) Жаңадан ашылған тілдерді үйреніп, зерттеу; 3) Көне заман тіл біліміндегі ой- пікір, филологияны көркейтіп дамыту. Ұлттық сезімнің оянуына байланысты ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті, әдебиетті дамытуға күш жұмсау. Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды. Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе – орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И. Скалигердің 1540 жылы шыққан «Латын тілінің негіздері туралы», Р. Стефанустың 1553 жылы шыққан «Латын тілі қазынасы» және «Грек тілі қазынасы» атты еңбектерін атауға болады.
ХVII- XVIII ғасырлардағы тіл білімі. Бұл кезеңде тілдің шығуы туралы мәселені қайтадан көтерілуі. Тілдің шығуы туралы Ж.Руссо, Н.Гердер тұжырымдары. Тілдің даму сипаты жөнінде зерттеушілердің әр түрлі пікірлер айтуы. Бұл туралы ағылшын ғалымдары Дж.Пристоли, Дж. Монбодо көзқарастары. Қайта өркендеу дәуірі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықтың әр ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп , соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жайтты. 1562 ж. П. Романің «Француз тілі граммтикасы». 1693 ж. Уоллистің «Ағылшын тілі грамматикасы». 1659 ж Лавренти Зизанидің «Славян грамматикасы». 1757 М В Ломоносовтың «Россия грамматикасы».
XVII-XVIII ғасырларда жарық көрген әр түрлі нормативтік сөздіктер, көптілділік сөздіктер. Жинақталған материалдар негізінде әр түрлі тілдер фактілерін бір- біріне салыстыра зерттеу бағытының біртіндеп көріне бастауы, сонын нәтижесінде тілдердің өзара туыстас, төркіндес болатындығы туралы пікірлердің тууы.
Универсалды грамматика. Бұл еңбекті француз ғалымдары Антуан Арно мен Колод Лансло 1660 жылы жаряланған. Еңбектің әр түрлі аталуындағы себептер. Универсалды грамматиканың логика-типологиялық еңбек екендігі. Грамматиканы жазушылардың ұстанған принциптері. Универсалды грамматиканың құрылымы, оның тарауында қарастырылған мәселелер. Бұл грамматиканың өз кезеңінде Батыс Еуропа зор беделге ие болуы. Грамматикадағы жетістіктер мен кемшіліктер.

4 дәріс тақырыбы: XIX ғасырдағы салыстырмалы-тарихи және типологиялық зерттеулер.


Тіл философиясының дамуы. Тіл философиясының негіздерінің көне дәкірде пайда болуы. Алайда тіл философиясы деген атқа XIX ғасырда ғана ие болғандығы. Бұл ғасырдағы тіл философиясының алға қойған мақсаты –тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау екендігі. Тіл философиясы мәселесімен сол ғасырдағы көрнекті ғалымдар – Гердер, Шлегель, Гумбольд, Шлейхер, Вунт т.б. айналысты.
В.Гумбольдттың тіл философиясындағы орны. Оның ұстанған негізгі принциптері. Ол айтқан “халық тілі – оның рухы, халық рухы – оның тілі” концепциясының мән-мағынасы.
Тіл философиясының қарастыратын мәселелері. Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Тіл ғылымы дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ол туралы алдыңғы тарауларда айтылды. Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға 19 ғасырда ғана ие болды. 19 ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік нысанының айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты – тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары – Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт (1767-1835) болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы тіл білімінің, жалпы тіл білімінің және тіл философиясының негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалытарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды. 20 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америкада неогумбольдтианство бағыты дамыды. Ол негізінен тілдің семантикалық жағын зерттеуге және тілді халық мәдениетімен тығыз байланыста зерттеуге мән берді. Бірақ идеалистік, метафизикалық философия тұрғысынан тілдің ой-сана мен танымдық процестегі қызметін асыра бағалады.
Типологиялық зерттеу туралы. Салыстырмалы-тарихи зерттеу - өзара туыстас, төркіндес тілдер семьясын жеке-жеке зерттегені болмаса, әр семьяға жататын тілдерді бірбіріне салыстыра жинақтап қарау, сөйтіп, дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік сипаттарды ашу ісінде дәрменсіз болды. Ал, жалпы тіл білімі тек тілдер туыстастығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүние жүзіндегі тілдердің жалпыадамзаттық сипаттарын, типтік белгілерін ашып, тіл атаулының барлығын да қамти алатын типологиялық классификация жасауды да қажет етеді.
Ф.Боптың ең басты еңбегі – «Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Расмус Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі – неміс ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.
Типологиялық тіл білімінің қалыптасуы. Типологиялық әдістің пайда болуының алғы шарттары. Бұл әдістің салыстырмалы-тарихи әдістен өзгешелігі. Типологиялық зерттеудің алға қойған мақсаты – барлық тілдерге немесе көпшілік тілдерге ортақ универсал, типтік белгілерді ашу екендігі. Тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеудің Ф.Шлегель, А.Шлегель, В.Гумбольдт ұсынған жобасы.

5 Дәріс тақырыбы: XIX ғасыр тіл біліміндегі ғылыми бағыттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет