Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі



бет12/46
Дата25.12.2022
өлшемі122,7 Kb.
#59504
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Байланысты:
Жалпы тіл білімі силлабус 2022

Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19ғасырдың 70жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф.де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды. Ресейдегі жас грамматикалық бағытты қолдаушы Мәскеу және Қоқан тіл білімі мектептері. Бұлардың көрнекті қайрткерлері. Ұстанған негізгі бағыттары. Зерттеген проблемалары.

6 дәріс тақырыбы: XX ғасырдағы лингвистикалық мектептер.


«Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептер. Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. 19ғасырдың соңғы он жылы мен 20ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардың өкілдері бірауызды болғандарымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде, әрқайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды.
ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. Сөздер мен заттар.
Бұл - тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (18591931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда) «Сөздер мен заттар» деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (журнал 20ғасырдың 40-жылдарына дейін шығып тұрды). Бұл мектептің ең көрнекті өкілі – роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927). М.Д.Бартоли жазған «Неолингвистиканың қосымша очеркі» еңбегі. Неолингвизм. (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б. Эстетизм. 20 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі – эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Оның қалыптастырушысы – неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949). Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – Поль Лафарг (1842-1911), Ф. Де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902).

7 дәріс тақырыбы: XX ғасырдағы стуктуралық лингвистика мектептері және этнографиялық лингвистика.


XX ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген лингвистикалық мектептердің ең көрнекті және көп таралғандарының бірі – структурализм. Ол құрылымдық лингвистика деп аталынады. Әрине, структурализм бірден пайда бола қойған жоқ. Оның алғашқы соқпағын Ф. Де Соссюр салған болатын. Ол: «Тіл өзара шарттас, бір-біріне тәуелді элементтерден тұратын күрделі біртұтас құрылым», - дейді. Структуралистер өз зерттеулерінде Соссюрдің осы пікірін әрі қарай дамытты.
Структурализм мектептерінің басын біріктіретін қағидалар:

  1. Структурализм мектептерінің барлығы да тілді «ішкі элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, бір бүтін, біртұтас жүйе, біртұтас құрылым», - деп санайды. Басқаша айтқанда, жас грамматистер тілдік элементтерді бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке зерттесе, структуралистер тілдік элементтерді бір-бірімен байланыста, бірлікте, тұтастықта қарайды.

  2. Структуралистер «тіл білімінің негізгі міндеті – тілдің құрылымын, жүйесін зерттеу, тілдің құрылымдық элементтері арасындағы байланысты талдау», - дейді.

  3. Структуралистер Соссюрдің ізімен тілді таңбалар жүйесі деп біледі. Тілдік бірліктердің (морфема, сөз, сөйлем) барлығын жеке-жеке таңба деп есептейді.

  4. Структурализм мектептері синхрония, диахрония проблемаларына да мән береді.

Структурализмнің көпшілікке танымал үш мектебі бар. Олар: Прага (Чехословакия), Копенгаген (Дания) және дескриптивтік (Америка) мектеп. Әр мектептің өзіндік ерекшеліктері бар. Әрқайсысына қысқаша шолу жасалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет