Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі



бет9/46
Дата25.12.2022
өлшемі122,7 Kb.
#59504
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
Байланысты:
Жалпы тіл білімі силлабус 2022

Тіл білімінің тарихы
Кез келген ғылымның өз тарихы болады. Тіл білімінің де өз тарихы бар. Тіл білімінің тарихы дегеніміз – осы ғылымның яғни лингвистикалық ой-пікірлердің дүниеге келуі, оның біртіндеп даму жолдары қалыптасуы.


Көне заман тіл білімі
Әдетте, тіл білімі өз алдына жеке ғылым болып қашан қалыптасты? – деген сұраққа: ХІХ ғасырдың бас кезі, - деп жауап беріледі. Бұл, әрине, шындық. Бірақ, бұдан ХІХ ғасырға дейін тіл мәселесі сөз болмады деген ұғым тумауға тиісті. Дыбыс тілінің өзіндік сырын білуге адам баласы өте көне замандардың өзінде-ақ талпынған. Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің, бір сөзбен айтқанда, шығыс халықтарының жоғары мәдениетті ел болғандығын, жазулары болғандығын ескерсек, тіл мәселелері жөніндегі ой-пікірлердің өте ұзақ тарихы бар екенін аңғаруға болады. Бірақ, амал не, олардың айтқан пікірлері бізге жеткен жоқ. Тіл мәселесіне байланысты жазылып, сақталған сөйтіп біздің заманымызға жеткен деректердің ең байырғысы – көне Үнді мен Греция және көне араб пен көне түркі елдеріне тән. Сондықтан тіл білімі тарихы сөз болғанда, оны осы елдерден бастайды.
Көне Үндістан тіл білімі
Үнділердің біздің дәуірге жеткен тілдік зерттеулері жыл санауымызға дейінгі V ғасырдан басталады. Ол зерттеулер о баста таза практиеалық қажеттіліктен туған. Көне үнділерде «Веда» деп аталатын әр түрлі аңыздардан, діни жырлардан құралған кітаптар болған. Бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған. Ол жырлардың тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшілер болыпты. Сол кездің ғалымдары әлгі мағынасы белгісіз сөздердің мағынасын айқындау үшін «Веданы» зерттейді. Бұл зерттеу төр түрлі бағытта жүргізілген: 1) дыбыстық жүйесі (фонетикасы) мен айтылу мәнері (орфоэпиясы); 2) жеке сөздер (лексикасы) мен сөз тіркестері (фразеологиясы) және олардың мән-мағынасы (семантикасы); 3) грамматикасы; 4) жыр құрылысы мен өлең өлшемдері. Мұны зерттегендер – үндінің сол кездегі аса атақты лингвисі Яски мен Панини болды.
Яски – Веда тілінің бес томдық сөздігін жасап, оған түсінік жазған адам. Панини болса «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген ғалым.
Панинидің еңбегі – тіл білімі тарихындағы бізге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол «Санскрит тілінің гамматикасы» деп те аталады. (Санскрит – үнділердің көне әдеби тілі). Онда сөздерді топқа бөлу; сөзді түбірге, түрлі қосымшаларға бөлі; жұрнақ, жалғау, перефикс дегендердің бәрі бар.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаииаған. Онда тістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғауының бар екендігі, т.б көптеген грамматикалық мәселелер өте дәлдікпен айтылған.
Көне Үндістан тілінде грамматикадан кейінгі көп зерттелген сала - фонетика. Рас, үнділер фонетиканы өз алдына жеке қарастырмаған. Соның өзінде олар қазіргі заман фонетика ғылымында айтылып жүрген мәселелердің біразын сөз етеді. Мәселен, дыбыстау мүшелерінің тіл дыбыстарын жасаудағы рөлі, дыбыстардың дауысты-дауыссыз, шұғыл-ызың болып бөлінетіндігі, түбір сқз ьен қосымша аралығында, сөз бен сөз арасындағы дыбыс алмасулары, олардың себептері онда әбден дұрыс айтылады.
Алайда Үндістан тіл білімінің әлсіз жақтары да жоқ емес. Олар тілдің заман өткен сайын дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс екендігін, жете түсінбеген. Өз зерттеулеріне нысан етіп негізінен жазба тіл мінберлерін (фактілерін) алған да, сөйлеу тіліне мән бермеген. Сөйлеу тілінің көне жазба (Веда) тілінен айырмашылықтарын тілдің бүлінуі, бұзылуы деп білген. Үнділер: «Тілдің негізгі тұлғасы – сөйлем, өйткені ой тек сөйлем арқылы беріледі», - дегендермен, олар синтаксис мәселелеріне көңіл бөлген.
нің зерттеу әдістері.
Қысқасы, көне үнділіктер тіл білімінің дамуына зор үлес қосқан. Олардың зерттеулері парсылар арқылы байырғы Греция тіл біліміне әсерін тигізген. ХІ ғасырдағы араб лингвистері де үнділерді үлгі тұтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет