Дыбыс-фонема-әріп процесі. Сөйлеудегі дыбыс түрленімдері есту каналы арқылы ғана санаға барады. Бірақ сана барлық естілімдерлі қабылдамайды. Оның сөз мағына-сын танытатын негізгі естілімін екшеп, санадағы фонема қорымен сәйкеседі. Сөйтіп, естілген сөз фонемасын ажырататын фонема сүзіліп, ақпарат санаға қабылданады. Сонда фонема дыбыс реңктерінің ішінен мағына ажыратуға көмегі бар негізгі реңкті екшеп алатын елек қызметін атқарады. Осы «еленген» дыбыс жазба тілдің бірлігі гра-фемаға сәйкес келеді. Графема – белгілі бір жазу түрін пайдаланатын тілтұтынушы санасындағы абстракті бірлік. Сонла жазба тілдің мағына ажыратушы-лық қызметін графема атқарады. Графема әріп ретінде жазылады және оқылады.
Мысалы, мұғалім деген сөзді көргенде (іштей оқығанда) көз бірден санаға әріп тұрпаттарынан сигнал тастайды. Сигнал жазу-көруге бағышталып тұратын жазба тілдегі графема жүйесімен ассоциацияланса, графема өз көрінісін таниды, яғни оқылады: сөз фогнологиялық електен өтеді: мұғалім- ˂мұғалым˃ . Енді мұны ауызша дыбыстағанда фонема дыбыс құндағына (Н.Уәлиұлы термині) бөленіп, дыбыс реңктерімен айталады: [мүғәлім].
Бұл процестің жазу-сызу үшін пайдасы дыбысталған сөзді жазарман қалай әріп таңбаларына айналдырады деген мәселені қамтитынында. Мысалы, [үшкүндүгжолдұң//соңғұ гүнінде// шәкірпала барынсалды///] деген сөйленімді алайық. Хабар естілгеннен (айтылғаннан) кейін ақпаратты семантикалық сегменттерге бөледі: үш, күн, шәкірт, барынсалды. Семантикалық сегмент әртүрлі айтылымдағы дыбыстардың мағына жасаушы реңктерін тануға көмектеседі. Сөйтіп, ауызша тілдің дыбыстық құндылығында айтылған сөз дыбыстары фонологиялық електен өтіп, фонемаға айналады: ˂ үшкүндүгжолдұң соңғұ гүнінде шәкірпала барынсалды˃. Фонема жазудағы әріп таңбаларына сәйкес келетіндіктен позициялық өзгерістер- дыбыстық. Сондықтан кейде қалай айтылса, солай жазайық деген пікір айтылып қалады.
Ал жазу енді өз нормасы мен жүйесін алға тартады. Яғни жазуда көрші дыбыстардың әсері жоқ әлді позициядағы дыбыс таңбаланды. Көрші дыбыстардың әсері бар әлсіз позициядағы дыбыс таңбаланбайды. Енді орфография ережесі көмекке келеді. Мысалы, ˂ үшкүндүгжолдұң˃ дегенде:
а) босаралықтармен бөліну: ˂ үш күндүг жолдұң˃, ә) еріндіктердің қосымшада жазылмайтыны ˂ үш күндіг жолдың˃, б) ˂г˃ фонемасынан сөз аяқталмайтыны ˂ үш күндік жолдың˃ (тексеру үшін сөзді әлді позицияға апарып көреміз).
Бірақ қазақ жазуында қосымшалардың фонетикалық принциппен жазылуы дауыссыз дыбыстардың негізгі реңкін анықтауға кесірін тигізеді. Мысалы, емледе қаспыз, аразбыз дегенде ассимиляция таңбаланған деп қорытады проф. М.Жүсіпов (Джусупов М. 1995: 72).
Сол сияқты келесі синтагманы естігенде фонологиялық елек позициялық өзгерістен басқасын екшеп, сүзіп қояды: ˂соңғұгүнүнде ˃. Фонема тізбегі жазба тілге көшу үшін фонема графемаға айналуы тиіс. Яғни жазба тілжүйесіндегі санаулы әріп таңбаларына көшу әдістері қарастырылады. Бірақ жаба тіл нормасы графемаларды тәртіпке салады. Емле ережесі бойынша, семантикалық бірліктер мәнінде бөлек жазылады: ˂соңғұ гүнүнде˃ . Мұның позициялық өзгеріс екенін білу үшін әлді позицияға апарып тексереміз: ˂соңғылары˃. Алайда қазақ тілінде ІІ-буындағы еріндік дауыстылар үшін әлді позиция дүдәмал: ˂соңғұ˃, ˂өзөн˃. Ғалымдардың айтуынша, «Шындығында дауытыларда фонологиялық мән аз» (Леонтьев А.А.1963). «Дауыссыздың қасындағы дауысты сөз мағынасын айыратын қызметінен гөрі дауыссызбен бірігіп, сөз жасайтын қызметте келген» (Трубецкой Н.С. 1960: 107). Сөздің этимологиясын тану үшін дауыстыларын алып тасатау керек (Жұбанов Қ. 1999:55).
Дегенмен қосымша жалғау тәсілі арқылы [соңғұ]+[лары] соңғы буында езулік дауысты тұрғанын байқаймыз. Сөйтіп, синтагманың қалған бөлігін осылай талдап отырып, /үш күндік жолдың соңғы күнінде шәкірт бала барын салды/ деген тұрпат аламыз.
Қазақ тіліндегі гиперфонемалар. Аталған фонемалардың ішінде жазарман үшін гиперфонемалар бар. Гиперфонема дегеніміз әлсіз позициядағы фонеманың дүдәмал инварианты. Қазақ тілінде ˂а-ә˃, ˂б-п˃, ˂н-ң˃, ˂ы-0˃, ˂і-0˃ гиперфонемалары бар.