Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


жылы 26 ақпанда мен 5 наурыз аралығында Бакуде өткен түркітанушылардың сьезінде қаралған жазу мәселелері



бет36/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

1926 жылы 26 ақпанда мен 5 наурыз аралығында Бакуде өткен түркітанушылардың сьезінде қаралған жазу мәселелері.
Қазақ тілінің түпкілікті жазуы болады деген төте жазуды латын жазуына ауыстыруға түрткі болған I-бүкілодақтық түркітанушылар құрылтайының жұмысы туралы айта кетудің жөні. Өйткені сьезд барша түркі халқының 600-ден астам зиялылары, Қ.Юдахин, Н.Ф.Яковлев, А.Н.Самойлович, В.В.Бартольд, Н.И.Ашмарин, Л.В.Щерба сынды Ресей ғалымдары, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Н.Төреқұлов, Т.Шонанұлы, Б.Сүлейұлы тәрізді қазақ білімпаздары бас қосқан, түркі халықтарының тілі мен жазуын жаңа белеске кқтерген аса ірі тарихи оқиға болып саналады.
Сьезде емле, жазу мәселелері бойынша Л.В.Щерба, Н.Ф.Яковлев, Л.И.Жирков, Ғ.Шараф, А.Байтұрсынұлы, Н.Төреқұлов, Е.Омаровтар баяндама жасайды. Түркі тілдерінің ішінде латын жазуына көшуді бірінші болып әзірбайжандар көтергені белгілі. Оның себебін Н.Ф.Яковлев былай деп көрсетеді: мұнда қалалық әзірбайжан-13% болса, халық сауаттылығы 1% ғана болды, бұл татар халқымен салыстырғанда 25% төмен. Ал қалалық татар халқы 4% еді. Сондай-ақ ғалым жазу дінмен терең байланыста, діні күшті халық жаңа жазуды алмауға тырысады деді. Бұл Е.Д.Поливановтың жазуын реформалаған халық жаңа графикаға әуес келеді, оңай ауысады, ал жазуын жөндеп отырған тіл өзге графиканы құп көрмейді деген сөзімен үндесіп жатты.
Н.Ф.Яковлев, Л.И.Жирклв сынды ғалымдар араб жазуы функциясының кемігендігін, жаңа тілдерді жаулап алу бағытынан тайғанын сондықтан жаңа прогресс, техника үшін латын жазуының қолайлығын айтса, Л.В.Щерба әр халық өз тұрғысынан шешуі, жөн деп, бейтарап позиция ұстады. Араб жазуын жақтаушы Ғ.Шараф Н.Ф.яковлев пен Л.И.Жирков латын графикасын дәріптегенімен, түпкі ойы басқа, олар орыс алфавиті де латын жазуынан кем емес деген мазмұндағы мақалаларын жариялап жүр дейді.
Жалпы,сьезде шығып сөйлегендердің дені латын жазуының техникалық артықшылығы:
-қолдың ыңғайы,
-көздің көруі,
-техникалық жағы,
-бас әріптің қызметі,
араб жазуының кемшілігі:
-реформаланған араб әліпбиінің түпнұсқадан ауытқуы,
-оңнан солға қарай жазылуы,
-баспа қиындығы,
-әріпердің танылмауы,
-бас әріптің жоқтығы туралы сөз етеді.

Араб графикасын жақтағандарға (әсіресе, А.Байтұрсынұлына) психологиялық шабуыл жиі жасалады (отырғандар күліп, даурығып, кекетіп, тыңдамауға тырысады), латын графикасын жақтағандарды қолпаштап, ұзақ қол шапалақтап отырады.


А.Байтұрсынұлы төл жазудың жетілмей қалғанына басқа халықтың жауап беруі дұрыс емес, әр халық жазуының өз жолы мен деңгейі бар дейді. Орыс графикасын пайдаланып келе жатқан халықтардың латынға көшу себебіне күмәнмен қарайды.
Сьезде А.Байтұрсынұлының басқа сөз алған Ғ.Шараф, Г.Х.Алпаровтар әзірбайжан жазуы латын графикасының барлық таңбаларын пайдаланып отырған жоқ, бар-жоғы 47-56%-ын ғана қолданады, ол латын жазуы емес, өзгерген латын жазуы, бқл жазудың ғұмыры қысқа болады дейді. Дегенмен, дауыс беру нәтижесінде 101 дауыс латын графикасына,7 дауыс араб графикасына, 9 дауыс қалыс қала отырып, латын жазуы қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет