көне түркі жазуының графикалық ерекшелігін, латын графикасына негізделген қазақ жазуының жүйесін, графема-фонема қатынасын көрсету, студенттердің өздеріне жасатып үйрету;
орыс графикасына негізделген қазіргі қазақ әліпбиінің әріп-фонема-дыбыс қорын түгендей отырып, қазақ жазуының фонологиялық негіздерін түсіндіру;
қазақ тіл емле ережелерінің негізгі ұстанымдарын, емле ережелерінің фоно-морфологиялық сипатын айқындау қазіргі қазақ графикасы мен орфографиясындағы қиындықтардың себебін, орфограммалау тәсілдерін көрсету;
қазақ әліпбиін ауыстыруға байланысты көпшілік тарапынан ұсынылған латын жобаларын типтендіріп, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жобасын талдау.
Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша) Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.
Игерілетін дағдылар:
ғылымилық,
ізденімпаздық,
талдау жасай білу.
Пререквизиттер Қазақ жазуының теориясы мен тарихыпәнін оқып, терең игеру үшін студенттер жалпы тіл білімі, мәдениеттану сынды пәндерде алған білімдерін осы пәнде жан-жақты және тиімді пайдалана білуі қажет.
Постреквизиттер: Бұл пән бойынша алынған білім мемлекеттік тілді терең игеруде, педагогика, психология, мәдениеттану, тарих, этнография пәндері тұғырнама ретінде қолданылады.