Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет21/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78
Фонеманың дыбыс қоры. Сонда фонеманың атқаратын функциясы сөзді ажыратушы, сөзді танытушы, сөз жасаушы болады. Ол инвариант (негізгі түрленім) ретінде психикада өмір сүреді. Дыбыс қоры болады. Жазба тілдің тұрпат межесінде әріп қоры болады. Мысалы, ˂қ˃-ның [қ],[қо], [қі], [қоі], [хо], [хоі], [хі], [х], [го], [г], [гоі], [гі] сияқты дыбыс қоры, Қ,қ,К,к,Һ, Х, х, Қ қ, К к, Һ, Х х сияқты әріп қоры бар.
Ал жеке тұрып мағына бере алмайтын дыбыс сөйлеу ағынында қалай ажыратылады, бірнеше түрленіммен айтылдған айтылған дыбыстың негізгі реңкі қалай ерекшеледі, тілдегі фонема саны қалай анықталады деген сауалдарға Л.В.Щерба фонеманың семантикалануы тұрғысынан жауап берді.
Егер тілдік біліміміз болмаса, онда осы шақ деп отырған дыбыстарды мүлде басқаша түсінер едік (Зиндер Л.Р., Маслов Ю.С., Щерба Л.В. 1982:38). Дыбыстарды біз ұғымдық ұқсату болмаса, тани алмас едік. Физиология тұрғысынан біздің сөйлеуіміздің бөлінуі басқаша. Тек ұғымдық ассосация бізге осындай бөлуді беріп отыр деді [13,39б]. сондықтан әр тілде дыбыстар әртүрлі бөлінеді. Мысалы, бір тілдерде sa, ka, fa, sa деген фонемалар бар дейді ғалым (Зиндер Л.Р., Маслов Ю.С., Л.В. Щерба 1982:39), яғни сөйлеу ағыны физоилогиялық, акустикалық тұрғыда үздіксіз, сонда дыбыстардың бөлінуі лингвистикалық тұрғыда ғана екен.
Сондай-ақ, белгілі бір дыбыс арқылы буын жігі басталып, аяқталуы арқылы да фонема ажыратылады. Мысалы, ай-дын, дала деген сөздерде буын мен сөз басынан ˂д˃ фонемасы танылады. Ең бастысы сөз мағынасына әсері бар дыбыс түрленімі ғана фонема ұғымына жатады. Мысалы, қазақ әліпбиін түзуде күрделі фонографиялық проблема ˂у˃, ˂ұ˃, ˂ү˃, ˂ы˃, ˂і˃, ˂и˃, ˂э˃, ˂е˃ дыбыстарының фонемалық мәртебесін анықтау болды дейді проф. М. Жүсіпов. Ол 1) сөз ішінде ы, і қысаңдарын жазу// жазбау; 2) ұ,ү,у дыбыстарының дифферекциалды белгілері; 3) –ый, -ій дыбыс тіркесімін таңбалау деген проблемаларға ажыраған (Джусупов М. 1995).
Мұның бәрі ауызша тілдің үздіксіздігінен, сөз ішіндегі дыбыстардың өзара әсерінен шығады. Бұл құбылыстарды Мәскеу фонологиялық мектебі (МФМ) инвариант (негізгі реңк), Вариант (өздік реңк), вариация (бөгде реңк) ұғымдары арқылы түсіндірді (жақша үшіндегі қазақша баламаларын проф. Н.Уәли ұсынған).
МФМ ілімі бойынша, инвариант фонема- дыбыстың күшті жағдайындағы қалпы. Ол әліпбидегі әріп мәніне сәйкес. Қанша инвариант фонема болса, сонша әліпби таңбасы болуы керек деген ұғымнан пайда болды.
Сөз мағынасын ажырататын фонема сөз ішінде іргелес келген дыбыстармен әсерлесіп, өзінің негізгі реңкінен өзгеріп түрленеді. Сонда инвариант фонемалардың іргелес келген дыбыстық қоршаудағы уақытша көрінуі оның дыбыс қорын құрайды. Дыбыстық қор екі түрлі: өздік реңк, бөгде реңк түрінде көрінеді.
Өздік реңк дегеніміз фонеманың әлсіз позициядағы түрленімінің әлді позициядағы басқа бір бір фонемамен сәйкес келуі. Ал жалпы осы әлсіз позициядағы дыбыс түрленімінің қоры- фонема модификациясы болып табылады. Мысалы, ақ үй, көк үй, ұзын, түнгі сөздеріндегі ˂қ˃, ˂к˃, ˂ы˃, ˂н˃, фонемалары айтылым актісінде іргелес дыбыстардың әсерінен өзгеріп, прадигмалық осьтегі ˂ғ˃, ˂г˃, ˂ұ˃, ˂ң˃ фонемаларына ұқсап, соларға сәйкес айталады: ˂ағүй˃, ˂ұзұн˃, ˂түңгү˃. Мұндай процесті фонеманың бейтараптануы деп те атайды. ғ,г,ұ,ң- дыбыстары фонеманың өзі емес, ˂қ˃, ˂к˃, ˂ы˃, ˂н˃ фонемаларының дыбыстық түрленімі, яғни варианты екеніне, бұларды басқа неғұрлым тәуелсіз позицияға қойып, көз жеткізуге болады: [ақ], [көк], [түн], [түндө], [ұзұндұқ].
Бөгде реңк- фонеманың фонологиялық қорда жоқ, басқа бір дыбыс түрленіміне айналуы. «Вриация- бұл фонеманың негізгі реңкінің, уақытша, тілдегі ешқандай негізгі дыбысқа ұқсамай, мұлде таныс емес дыбысқа ұқсап айтылуы. Мысалы, Н.Уәли қазақ тіліндегі жусыңқы ˂ш˃, ˂с˃ алдынан келген ˂к˃, ˂қ˃ өзінің қатаң тоғысыңқы реңкінен ауытқып, босаң тоғысыңқы [х] дыбысына ұқсап айтылады дейді. Мұнда тілшікпен айтылатын [х] емес, жасалымы ілгері дыбыс реңкі шығады. Яғни бұл прадигмалық осьте жоқ ˂қ˃-ның реңкі. Мысалы, ақша, бақша, шұқши, көкше, кексе т.б. Сол сияқты ˂ш˃-ның (атшы, сатшы), ˂с˃-ның (атсыз, етсіз) вариациялары туралы да айтуға болады. Сондай-ақ күнәларың, ләззаттандым деген сияқты бейүндес буынды сөздерді айтқанда [күнәлаʾрың], [ләзәттаʾңғаммен] деп, ˂а˃ мен ˂ә˃-нің ортасындағы [аʾ] вариациясы пайда болады.
А.А.Реформатский әлсіз позицияның нәтижелері әртүрлі болады, кейде әлсіз прецептивті позицияның нәтижесі вариация, сингнификативті әлсіз позицияның нәтижесаі вариант болады (Реворматский А.А. 1970: 116), Л.В.Щерба фонема мен оның варианттарын айырудағы қиындық жай құлаққа шалынбайтын айырмашылықтарды байқау ғана емес, сол тілдің дыбыс құрамы үшін қай ерекшелік мінді, қай ерекшелік мәнсіз соны аңғару (Фердинант де Соссюр. 2000: 125б) деген. Өйткені вариация делініп жазуда еленбей журген дыбыс түрленімі біртіндеп тілдің фонемалық жүйесіне енуі мүмкін. Мысалы, қазақ тіліндегі ˂ә˃ фонемасы күнә, кінә сияқты сөздерде, біздің ойымызша, позициялық түрленімге түсіп тұрғанмен (алдыңғы буынның жіңішкелігінен), тілтұтынушы санасында ˂ә˃ жеке фонема ретінде танылады. «Егер сөзде фонема ауысса онда сөз мағынасы да ауысты деген сөз, егер сөз мағынасы өзгеріссіз болса, фонеманың өзгеруінің не қажеті бар» (Реформатский А.А. 1970: 56).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет