Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Фонеманың сөз мағынасын ажыратушы сипаты қалай қалыптасады?



бет22/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

Фонеманың сөз мағынасын ажыратушы сипаты қалай қалыптасады? Алдымен сөздің фонетикалық құрамы адам санасына есту каналы арқылы келеді, сондықтан сөз естілген қалпында санада қабылданады. Мысалы, Л.В.Щерба кішкентай бала грит деген сөздің фонетикалық құрамы говорит екенін түсіндірмесе, осы қалпы айта беретінін айтқан (Щерба Л.В. 1983:21). Яғни дыбыстық құрамын дұрыс, морфологиялық құрамын қате қабылдау сөзді тануға кесірін тигізбейлі екен. Бала санасына орналасқан бірнеше дыбыстық түрленіми коммуникация барысында екшелеп, мағына ажырататын санаулы фонема шегіне сыяды. Таңбасы бар фонемалардың өз дыбыстау реңкінен ауытқуын есту жай құлаққа да шалынымды. «Тілдің дыбыстық жағымен айналысамын десеңіз жай құлаққа шалынатын дыбыстық өзгерістерден басқаға назар аударудың қажеті жоқ, өйткені қалыпты тілдік қатынас осындай дыбыстық түрленімдер арқылы ғана түсініледі (Ахманова О.С.,
Девятникова Г.И. 1961: 248).
Ал білетін тілде сөйленген сөздің біз бірден, дыбыстық жағына емес, мағынасына назар аударамыз. Керісінше, білмейтін тілдегі сөзді естігенде мағынасын түсінбегендіктен дыбысталуын естиміз. Бірақ ол дыбыстар мағынасыз құлаққа шалынған артикуляция-акустикалық салдырлар болып табылады. Сондықтан адам әлеуметтік мәнді дыбыстық ерекшеліктерді ғана естиді, сол арқылы сөз мағынасын парықтайды. «Фонема тұрпат меже бола отырып, бірдей жағдайда өз-өзімен қала алады. Сондықтан естір құлаққа тез танылады» (Селезнева Л.Б. 1981:7).
Осы түсініктегі фонема жазу теориясының негізін қалайды. Сөйтіп, фонологиялық зерттеулерлің нәтижесі әліпбиге, емле мәселелерін шешуге қолданылды. Фонологияды пайда болған жаңалықтар емле проблемаларының бар екенін көрсетті. Дыбыс теориялық жағынан фонеманы, практикалық жағынан (жазарман үшін) гиперфонеманы білдіретін болып шықты (Кузьмина С.М. 1981: 60), Л.В. Зиндер фонема таңба деңгейіндегі дыбыс деді (Зиндер Л.Р. 1979).
МФМ өкілдерінің орфографиядағы реформа туралы бүкілодақтық съездегі тұжырымы фонема ұғымының қалыптасуына қарқын берді. Себебі фонологиядағы қандай да бір зерттеліп отырған құбылыс графика мен орфографияда нақтыланып, айқындалып отырады.
Жазу теориясы үшін фонема ауызша тілді жазба тілге және керсінше айналдыратын фонологиялық елек (Н.Уәлиұлының термині) қызметін атқарады. Жазудан ауызша тілге кодтағанда әріп таңба болады да, фонема оның мағынасы болады. Ал керсінше ауызша тілден жазуға көшкен фонема- таңба болады дағ әріп оның мағынасы болады. Фонема таңба деп алынса, яғни сөйлеу тілінің компоненті болса, онда екінші тіл жазба тілдің бар екендігі шығып, фонема сол тілдің компонентіне сәйкес келеді деген М.Янакиев (Янакиев М. 1964: 62). Және жазуға қатысты фонема- таңба болмайды дейді (Янакиев М. 1964: 61).
Біз қазақ тілі дыбыстық жүйесінің кіші бірлігі фонема деп танимыз. Фонеманың қазақ сөзі мағынасын ажырататын сипатына пров. З.Базарбаева ашық-қысаң дауыстылардың алмасуын келтіреді: тас-тес, қаз-қыз, саз-сыз. Ал пыс-піс, тыс-тіс, ал-әл дегендегі сөз мағынасы буын үндесімі арқылы ажыратылып тұр дейді (Базарбаева З. 2004: 20-27). Бұл Фердинанд де Соссюрдің фонеманы анықтауда жасалымнан гөрі айтылымға табан тіреген жөн, дыбыстан гөрі дыбыстар тізбегін зерттеген маңызды, себебі алғашында жеке фонема емес, дыбыстар тізбегі мағына ажыратты дегеніне сәйкес (Соссюр Фердинанд де 1977: 75-86).
Қазақ тілінде бір фонема бір буын құрай алады, мысалы: ө-те, о-та, а-дал, е-діл. Бір фонема грамматикалық мағынаны жасай алады; ы тәуелдіктің үшінші жағын, а,е,й көсемшені, -р, -с есімшені, -а, -е барыс септігін береді. Қазақ тілінде бір дыбыстан тқратын лексикалық мағыналы элементтер бар. Мысалы, а- «түсіндім», ә- «бұным қалай», о- «таң қалуды», й- «жиіркенуді», е- «есіме түсті» дегенді білдіреді. Бұл буын ішіндегі дауысты дыбыстардың жетекшілігін арттырған. Сонда бір буындағы дауыстының жуан/жіңішкелігі буынның жуан/жіңішкелігін айқандаған. Ал бас буынның тембрі кейінгі буынның тембрін анықтаған. Сөйтіп, бір сөз бойының бірыңғай жіңішке, бірыңғай жуан айтылуы І буынның ыңғайына қарай пайда болған.
Қазіргі қазақ тілін тұтынушылар санасында 9 дауыстының (˂а˃, ˂ә˃, ˂ы˃, ˂і˃, ˂ұ˃, ˂ү˃, ˂о˃, ˂ө˃, ˂е˃), 19 дауыссыздың (˂п˃, ˂б˃, ˂м˃, ˂т˃, ˂д˃, ˂н˃, ˂ш˃, ˂ж˃, ˂з˃, ˂с˃, ˂қ˃, ˂к˃, ˂г˃, ˂ғ˃, ˂й˃, ˂у˃, ˂ң˃, ˂р˃, ˂л˃) бейнесі (Жұбаева О. 2002) бар. Сондай-ақ, ˂һ˃, ˂ф˃ дыбыстары тек одағайларда кездескенмен, тілдің осы лексикалық қабатының мағынасын ажыратуға септігін тидіруге байланысты жеке дыбыс- фонема ретінде танылуы тиіс деп ойлаймыз. Әрі аһ, уһ, оһ, оһолады, уһледі, сүф, тіфә сөздеріндегі ˂һ˃, ˂ф˃ дыбыстары позициялық өзгерістен шығып отырған жоқ. [уһ] пен [уқ], [аһ] пен [ақ], [сүф]пен [суп] сөздері арасындағы айырмашылық [һ]- [қ] [ф]- [п] дыбысьарына байланысты. Мұндайда Л.В.Зиндердің фонеманың мағына ажыратушылық сипаты әртүрлі дыбысталудан ғана көрінеді дегені(Зиндер Л.Р. 1979+: 56) еске түседі.
Ал проф. З.Базарбаева «Қзақ тілі фонемаларының вариациялары фонемаға айналу процесіне сәйкес өзінің негізгі фонемаларымен қарама-қарсы топ құраса, сонда ғана олар дербес фонемаға айналады» деп (Базарбаева З. 2004:20-27), орыс тілінде де бұрын ˂в˃, ˂ф˃, ˂ц˃, ˂щ˃, ˂с˃: ˂ц ˃ фонемаларының оппозициясы болмаған, қазірдің өзінде орыс тілінің кейбір жергілікті сөйленістері ˂ц˃, ˂ч˃, ˂ф˃ фонемаларын айта алмайды дейді. Сондықтан ғалым тілдің дыбыстық құрамындағы өзгерістерді прогресті деп таниды. Л.В.Зиндер фонема дербестігі кірме сөздерді сол тілдің заңдылықтарына сай игеруге мүмкіндік береді дейді (Зиндер Л.Р. 1979:57).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет