Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Құрылтай қарарында қабылданған емле ережелері



бет37/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

Құрылтай қарарында қабылданған емле ережелері. Латын грфикасын қабылдайтын түркі тілдеріне ортақ емле ережелері де осы жиында қабылданды. Олар төмендегідей болды:
-орыс графикасының әріптерін алмау,
-бірдей дыбыстарға әріп алмау,
-диакритикалық таңба алмау,
-созылыңқы дауыссыздарды белгілемеу,
-қосар әріп алмау,
-жіңішке дауыстарға таңба алмау,
-морфологиялық принципті ярпақ-япрақ, торпақ-топрақ деген сияқты сөздердің әдеби вариантын табу үшін пайдалану,
-дұрыс айту нормасын қалыптастыру,
-кірме сөздерді айтылуы бойынша игеру ( орыстар буын жазуы бойынша игерген еді, енді айтылуы бойынша игереді),
-кірме сөздерді түпнұсқа тілдегі айтылуы бойынша алу (волкан,вулкан емес, маскерад),
-кірме сөздерді үндесім заңына бағындыру,
-кірме сөздер үшін әріп алмау (мысалы, орыс тілінде ғ,һ,ө,ь болмағандықтан Heine-Гейне, Higo-Гюго болып жазылады),
-халқыаралық сөздердің соңындағы дауыстыны қысқарту: вакансия-ваканс, пианино-пианин. Фортепиано-фортепиан,
-кірме сөздерде о әрпі тұрса [о] дыбысы етіп айту.
Алғашқы латын-қазақ әліпби жобалары. Сөйтіп,1927-1928 жж. “Еңбекші қазақ”, “Лениншіл жас”, “Тілші” газеттерінде жаңа латын әліпбиінің жобасы, сол графикамен басылған тақырыптар жариялана бастайды. Ең алғаш жарияланған латын әліпбиінің жобасында 24 әріп, 1 дәйекше болды (яғни төте жазудың жүйесінен ажырамады). Олар:a, b, c ,d ,e ,h, g, j, I ,k ,l ,m ,n ,o, p ,q, r ,s ,t, u, v, y, z және (Тілші, 17. 09. 27). Мұндағы h-<ғ>, y-- фонемаларын таңбалады. Кейінгі жоба (Лениншіл жас, 30. 11. 28). <ғ>-q ,<ы>, етіп берді. Z-таңбасы сызықсыз жазылып дәйекше ^-деген таңбасымен ауыстырылды.
1927 жылы (24.04) Мәскеуде өткен қазақстандық студенттердің жалпы жиналысында жасаған баяндамасында Н.Төреқұлов жазуды ауыстыруға әлі ерте, оған он жыл керек дегенмен, латын жазуына көшу басы ашық мәселе болғаннан кейін, өзінің авторлығымен әліпби жобасын жасайды. Ол Е.Д.Поливанов еңбегінде “Аслат’а” деп аталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет