Ы.Алтынсаринның "Қырғыз хрестоматиясының" 2-басылымында орыс алфавитінің және латын графикасының мынадай таңбалары пайдаланылған: ä <ә>, ӱ <ү>, ӧ <ө>, н <ң>, к <қ>, у <ұ>, и <і> және (ій), й <й>, г<ғ>, і<і>, у <ұу>, уу <ұу>. Мұндағы г-<ғ>, <г>, к-<қ>, <к> таңбалары төрт дыбысты берсе, керісінше <і> фонемасы і және и екі графемасымен де белгіленді (кійиз, тiйме, адилдик), кейде и <е>ні де берді. У әрпі [ұу] қосарын таңбаласа да (тоқу, саусқан, шоқу), уу тіркесі де пайдаланылды (ашуума). Сондай-ақ [e]-мен қатар келген [w] ӱ -мен <ү> белгіленді (бесеӱм, біреӱ). Сонда Ы.Алтынсарин әліпбиінде <і>- <й>, <у>-<ү> фонемалары жеткілікті дифференциацияланып, графикалана алмағанын көреміз. Хрестоматияда ерін үндестігі жүйелі таңбаланып отырады: болду, оку, окуулук, току, кӱннӧн-кӱнгӧ, дӱнйӧ, кӧнулгӧ, ӧнӧр, бӱйрӧгямӧ, ӱйдӧгүмӧ. 1-буындағы екi ашық езулік буын арасында қысаң езуліктер жүйелі түсіріліп отырады: тлек, кобланды, даншпан, ыклас, мнау, домбра, пскенде, брак, бреу, кші, ксі; сөз аягында б колданылады: талаб, көб.
Сонгы орфографиялык ерекшеліктерге катысты ДУГ-нде Кысаңдарды түсірмеу, ұу, ій орнына бір танба жазу ұсынылады (ДУГ. 1899. No22, 23). Сөзді жіңішкерту ушін кей жерде ь танбасы да жазылған (ел-эль).
"Ы.Алтынсариннің шәкірті А.Балғымбаевтың естеліктеріне қарағанда, ресми түрде орыстан өзге халықтар жазуын орыс графикасына көшіру туралы заң (положения) 1906 жылы 31 мартта шыкқан тәрізді. Соның өзінде оған қарсы шығушылардың пікірінен қорыққан орыс әкімшілік орындары осы мәселеге арнап, 1910 жылы июньде Петербургта әдейі кеңес шақырады. Жергілікті халықтан уәкілдер қатысқан бұл кеңесте жоғарыдағы Положенияның көп жеріне өзгерістер енгізіліп, орыс жазуы тек ресми документтер мен окулық кітаптарға ғана қолданылатын болсын деген шешімге келеді" дейді проф. Б.Әбілқасымов. Революцияға дейін жарық көрген қазақ тілі сөздіктерінің графикасы мен емлесін зерттеген проф.М.Малбаков 1912ж. "Орысша- қазакша сөздік", 1917ж. Т.Бокиннің "Қазақша-орысша сөздігі", Клапорт қазакша-орысша сөздігінде" орыс графикасының әліпбиі мен емлесі сақталып жазылғанын айтады.
№10 дәріс тақырыбы: Төте жазудың (Байтұрсынұлы әліпбиінің) әліпби құрамы мен емлесі
А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу-мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білу-ге, қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады. Һәр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды». «Араб әліппесі қазақ арасына дінмен бірге жайылған. Дінмен байланысқан әліппені тастап, қазаққа басқа әліппе алдыру қиын жұмыс. Бұлай болған соң, араб харіп-терін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек» деді. А.Байтұрсынұлы әліпбиінде 24 әріп, 1 дәйекше болды. Ал дыбыстың саны, ғалымның өзі айтқандай – 43. Графеманың бесеуі (а, о, ұ, ы, е) дауыстының, 17-і (б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н) дауыссыздың, 2-і ( у, й) жарты дауыстының таңбасы. Ал фонеманың 9-ы (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е) дауысты, 34-і (б, б ’ , д, д ’ , п, п ’ , т, т ’ , ж, ж ’ , ш, ш ’ , р, р ’ , з, з ’ , с, с ’ , ғ, қ, к, г, ң, ң ’ , л, л’ , м, м ’ , н, н’ , у, у’ , й, й’ ) дауыссыз. Сөйтіп, ғалым тіл дыбыс-тарын бір жарым есе аз әріп таңбаға сыйдырып, өз кезеңінде ең үнемді әліпби түрін жасады. Әліпби теориясында әріп саны фо-нема санынан аз әліпби жетілген жазу сипатын көрсетеді деген қағиданы қалыптастырған А.Байтұрсынұлының төте жазуы деп атауға болады. Сонда А.Байтұрсынұлының әліпбиі: Дауысты дыбыстар: а (ا ,(о (و ,(ұ (وو ,(ы (ى ,(е (ه (Дауыссыз дыбыстар: б (ب ,(п (پ ,(т (ت ,(ж (ج ,(ш (چ ,(д (د ,(р (ن) н), م) м), ل) л), ک) ң), گ) г), ك) к), ق) қ), غ) ғ), س) с), ز) з), ر) Жарты дауысты дыбыстар: у (و ,(..й (ي( «А.Байтұрсынұлы ұсынған әліпбидегі әріптердің 18-і араб таңбалары, 3-еуі парсы таңбасы (گ, چ, پ ,(екеуі түркі таңбасы 190 191 ک) ңе), و) ве), 1-і өзгертілген әріп (ұ و و )» болды. Ал әліпби ش, ث, ژ, ه, ف, ع, ط , ظ, ص, :таңбалар мына шығарылғаны қатарынан .ض , ذ, ح, خ «А.Байтұрсынұлы дауыстылардан қадим жазуынан қолданылып келе жатқан 4 әріпті қалдырып, ұ дыбысы үшін уау ( таңбасына өзгеріс енгізген: алиф (ا> ( a>, һа (ه> (e>, иа (ي> (ы>, уау (و> (o>, уау ( و و ) . Ал қадим жазуының басты ерекшелігі болып табылатын харакаттардың қолданылуы А.Байтұрсынұлы жүйесінде тек ы, і дауыстыларында берілген, оның өзінде сөздің мағынасына нұқсан келмейтін болса ғана» дейді Г.Мамырбекова. Жазу дәстүрі төте жазуда да көбірек ескерілген. Оған мысал: а) п орнына б әрпінің жазылуын; ә) еріндіктердің екінші буында жазылуын; б) сөз басында келетін ы, і дауыстысының алиф арқылы берілуін; в) сөз ортасы мен аяғындағы мадда белгісі жоқ алифтің дыбыстық мәні болуын айтуға болады. Сүйеніш таяқ туралы А.Байтұрсынұлы: «Меніңше сөз басын-да дауысты дыбыстар келсе, ол сөзді жазарға басына сүйеніш таяқ қоямыз. Оны керек қылғаным, халық әуелі жатсынбас үшін еді, екінші басқа түріктерден тым оқшау кетпес үшін еді. Онан басқа керегі бар деп өзім де айтпаймын» деген. Г.Мамырбекованың зерттеуінше, А.Байтұрсынұлының 1914 жылы Орынбордан жарық көрген «Қазақша әлифба» оқу құралында «сүйеу таяқ» сақталған, ء چوا – үш, قابقوا – ұқбақ , واجوا – ожау, мысалы , ء ىنهگزوا – өзгені , ал 1924 жылы жарық көрген «Сауат ашқыш» оқу құралында үнсіз алиф қолданылмаған, мысалы: үш – ء شؤ .بيت ه – етіб , نهكلؤ – үлкен , نيشؤ – үшін , وت هريؤ – үйрету Осы әліпбиде < ұ>, , дыбыстарының фонемалық мәртебесін анықтау қиынға соқты. Бұған араб графикасындағы ұ, ү, у, о, ө дыбыстарына бір таңба арналуы себеп еді. Дыбыстардың еріндік, қысаң интегралауыш белгілерінен бөтен, өзара жуан-жіңішкелік (ұ-ү, о-ө) дифференциалды белгісі және еріндік реңкі күшті, әлсіз, орта, орталау белгілері бар. Сондықтан олар сөзайырымдық, сөзтанымдық қасиетке ие фонема деңгейінде қарала алатынын айқындаған А.Байтұрсынұлы бұл бес фонемаға үш таңба арнайды. Олар жуан-жіңішке белгісі арқылы ажырайды: /ұ/ /о/ және /у/ графемасы. Ғалым: “о мен ұ екеуіне зор ілтипат керек. Бұлардың жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес. Қой (мал) деген сөзбен құй (шай құй) деген сөздердің мағыналары қандай басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа. Ұ көмескі айтылса да, қалдырмай жазу керек. Ұ тұр, жұрт, құм деген сөздерде тның ж-ның қ-ның соңынан қандай дыбыс естіледі, сол дыбыстың белгісі. Бұл дыбыстың қарпін о-дан айыру үшін, үстіне () қоямыз. Ұ-ны оқығанда һәм оқытқанда сол естілген қалыпта айтарға тиіс” деген. Бірақ сонда да мен -дың арасын айыру қиындығы болғанға ұқсайды: “у – азу, қару, жабу деген сөздерде з-ның рдың, б-ның соңында естілетін дыбыстың белгісі. У-сөздің бас буынында қысқа һәм көмескі естіледі. Құрау, құлақ, құрғақ деген сөздер ішіндегідей. Сөздің басқа жерінде ұзын, һәм анық айтылады. У-дан ұ-ны айыру керек. Қысқасы сөздің басқы буынында у ұзын һәм анық естілсе, екі әріппен жазарға тұура, тұумас, буұн, бұуаз дегендей. (у)-ды (ұ) дан айыру үшін үстіне () қоямыз. Себебі, (у) менен (ұ)-ның жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес” деді. Бірақ бұған қарсы пікірлер бірден айтылады. Мысалы, Ш.Жияшев «Ол و дыбысын орысша у деп қарайды. Жоқ мырза, و . еш уақытта у болмас. Белгі әр заман в орнына тұрып, волыс, вагон сықылды сөздерде жазылашақ» десе, А.Жанталин: «و, ي (ве) харіптерін жарты дауысты дыбыстар деп көрсетуі маған онша ұнап жетпей тұрады. Неге десеңіз бұрыннан бізде жазылып келе жатқан و) ве) дыбысы орысшаның в харпіне тура келеді» дейді. “Ал сөз ортасында, я басында анық һәм ұзын естілетін жерлерде екі /ұ/ жазуға тиіс. Мысалы, тура, туыс деген сөздерде. Басқа түркі тілінде екінші ұ орнына ғ келеді. Мысалы, туғра, туғыш” деп ұу, үу тіркесін ұұ, үү арқылы беру керек деп топшылайды. Сөз басында айтылса, екі таңба сөз аяғында қалай естіл-се де, жалғыз /у/ әрпімен беруді ұсынады. Мысалы, ашу, ашула-ну, тату, татулық, татуласу. Бұдан А.Байтұрсынұлының объ-ектіні бір деңгейде, объективті түрде сипаттайтынын көреміз. Мысалы, ашулану деген сөздегі бірінші /у/ әрпі ортаңғы буын болғанмен, ол ашу сөзінде соңғы буында тұр деген сияқты. 192 193 Байтұрсын әліпбиін көпшілік талқылау барысында мынадай пікір бар: “Бикеш, бауыр деген сөздердегі и, у хәрпін Ильминский бір түрлі жазса керек дейді екі харіпменен. Біздің фаһамымызша, айтылған и, у-дың орнына екі хәріп жазу дұрыс емес”. Ал , фонемаларының орфограммасы туралы ғалымның өз сөзін тыңдағанымыз жөн: “ы-жаны, малы, тары деген сөздерде н-ның, л-дың, р-дың соңынан естілетін дыбыстың белгісі. Сөздің басында, ортасында ы-ны қысқа һәм көмескі естіп, бар-жоғы еленбейтін орындарда жазбаймыз. Мысалы қн, қр, қрн, жлм, жлтр деген сөздердің ішінде -ның барлығы аз сезіледі, хатта сезілмейді деп те айтуға болады. Бұл сөздерді /ы/-ны жазғанда да жазбағанда да осылай оқимыз. Жазбағанда оқылуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажет жоқ. Қаны, жаны, малы деген сөздерді ы-ны жазбай, со-лай оқи алмаймыз, сондықтан сөздің аяғында ы жазу қажет. Сөз басында ы-ның өзі жазылмаса да, сүйеніш харпі алиф жазылады. Мысалы: ықтын,ынтық, ырғақ”. Талқыға салынған мақалаларда, мысалы, Ғ.Мусин:“Әпенденің ы харпін сөздің аяғына ғана жазып, басқа жерде жазбаймыз деуі де қызық емес пе? /Ы/ аяғында керегі болған сияқты басқа жерлерінде де керегі болса керек” деп, қарсы пікір білдірген. Бірақ ғалым фонемалық мәні болғанмен, жазылған сөзді оқуға зияны тимесе, үнемдеп жазу принципін осы дауысты таңбасына қатысты алған деп білеміз. Жалпы, ғалым дауыстылар жүйесінің таңбалануын былай бөлген: 1) дыбысына қатысты жазу үнемділігін жасаған. 2) дыбысының таңбасын үнемі бейнелеп отыру керек, өйткені сөз мағынасына әсер етеді. , қысаң еріндіктер сөз аяғында е-мен таңбалану. 3) и дыбысына екі таңба алу. А.Байтұрсынұлы әліпбиінде , , , фонемаларының арнайы таңбалары бар. Ғалым әріптердің жазылуы туралы: “қ, ғ әрдайым жуан айтылады, жіңішке айтуға көнбейді. һәм дәйім жіңішке айтылады, жуан айтуға келмейді. қ мен ғ жазылған сөздердің алдында дәйекші қойылмайды, оны қойғанмен бұл хәріптер жіңішке айтылмайды. к мен г алдында дәйекші қойылмайды, оны қоймаса да айтылатын болған соң” деп нақтылаған. Төте жазу орфографиясының бір өзгешелігі орнына ч әрпінің қолданылуы. Оның себебін А.Байтұрсынұлы былай аша-ды: “ дыбысы дан гөрі -ға жақын, олай болғанда ш әріпінің түрі де (ж-ға) жақын болғаны ұнамдырақ көрінеді. Осы айтылған оймен қазақ тілінде /ш/ хәрпі алынбай /ч/ хар-пі алынды. Мұны алғаннан кемшілік аз, ұнамы көп. Мысалы, екінші, үшінші, бесінші һәм басқа сондай /ш/ келетін сөздерді екінчі, үшінчі, бесінчі деп жазсақ, бастапқылары ұнамдырақ көрінеді. Себебі, менің ойымша, мынау боларға: ш араб тілінде с-ға жақын дыбыс боларға керек, сондықтан басқа түркі тілін-де біздің с орнына жұмсалады. Мысалы, бас-баш, тас-таш, қас-қаш деген сөздерде”. Сонда ғалымның ойынша, араб тілі мен қазақ тіліндегі ш~с сәйкестігінен, дыбысын ч әрпімен таңбалап айыруға болады. “Әлбетте, харіп тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса, харіпі жоқ деп, тілдегі дыбысты жоғалту емес, ол дыбысқа жоқ харіпті іздеп табарға керек. Ол жалғыз бізде емес, өзге жұртта да болған, харіпке бола тілді бұзбайды, тілге бола харіпті бұзып өзгертеді”. Бұл Һ дыбысы одағайларда ғана естілетін дыбыс болса да, әріп арналу керек деген пікіріне келеді. ХХғ. басында қазақ тіл дыбыстарының инвентарін анықтау қиындығы А.Байтұрсынұлының фонема-әріп теориясы арқылы шешімін тақпаны ақиқат. Өзге графиканың (араб графикасы) әліпбиін (араб әліпбиін) өз тілінің дыбыстарына арнау керісінше әрекеттің, төл дыбыстарды өзге тіл әліпбиінің құрсауына байлап беру қаупін төндіретін еді. Бірақ А.Байтұрсынұлы араб әліпбиі қазақ тілі үшін шығарылған жоқ, араб тіліне арналған әліппе сондықтан араб графикасына негізделген әліпби қазақ тілі фонемаларын ғана беруі керек деп топшылады. Кейбір оқымыстылардың , , фонемаларын жарты дауысты, ал фонемасын мүлде жоқ деген көзқарастарына пайымды қарсылығын білдірді. А.Байтұрсынұлының әліпби қатарынан шығарып тастаған .ش, ث, ژ, ه, ف, ع, ط , ظ, ص, ض , ذ, ح, خ :мыналар таңбалары Бұл өзгеріске қатысты құнды пікір айтқандардың бірі М.Дулатов болды: «Араб әріптерінің өзгеріп отырғаны рас. Бірақ қалай өзгертілген әңгіме сонда болу керек қой. Араб әріптерінің 14 ғана бұрынғыша болса, өзге ойдан шыққандары жұртқа жат болу керек қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп, оқытып жату керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ, 194 195 ендеше бұны өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер. Бұларды өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып өзгерткен». А.Байтұрсынұлының әліпбиі туралы терең талдау жасаған ғалым Н.Уәлидің сөзіне құлақ түргеніңіз дұрыс: «...фонеманың күрделі қасиеттерін фонологияда «инвариант-вариант» теори-ясы тереңірек аша түседі. Фонема – инвариант, ал дыбыстар олардың сөздегі варианттары. Әр вариант инварианттағы мәнді белгілерді сақтай отырып түрленеді, әр вариантта инвариантқа тән қасиет сақталады. Қазақ тілінің дауыстылар жүйесінде бес инвариант фонема бар. Осы инвариант фонемалардың нақты қолданыста әрқайсысының, е дыбысынан басқасының, жуан, жіңішке әуезбен түрленіп отыратын екі варианттары бар: вариант [а] ақ вариант [ә] әк 2. инвариант-фонема вариант [о] оқ вариант [ө] әк 3. инвариант-фонема вариант [ұ] ұқ вариант [ү] үк 4. инвариант-фонема вариант [ы] ық вариант [і] ік 5. инвариант-фонема [е] ек Әдетте [а] мен [ә] варианттарын бір инвариант-фонема деп тану үшін олардың өзара ортақ белгілері болуы шарт. Ол екі варианттың да ашық, езулік, қысаң, еріндік болулары. Мысалы: 1. инвариант-фонема а мен ә варианттарын бір инвариант фонема деп тану үшін екеуі де ашық, екеуі де езулік болуы керек. Сондай-ақ бұл екі дыбыс-ты екі түрлі вариант деп тану үшін олардың ортақ белгісінен басқа айырмасы да болуы керек. Ол бірінің жуан (а), екіншісінің жіңішке (ә) әуезде айтылуы, қалған дауыстылар жөнінен де осы-ны айтуға болады. Бұл – бір. Екіншісі варианттар парадигмалық қатынаста болады, яғни «екінің бірі» принципі бойынша сөзде не [а] не [ә] варианты қолданылуы шарт. Ал инварианттар синтагмалық қатынаста болады, ал бұл қатынас «және … және» принципі бойынша жүзеге асады. Бұл айтылған дауыстылар жүйесінің парадигма (варианттар) мен синтагмалық (инварианттар) қатынасын былайша көрсетуге болады: парадигма синтагма ___а_____о_____ұ_____ы_____ ә ө ү і е Синтагмалық қатынас бойынша бір сөздің шенінде [а], [о], [ұ], [ы] дауыстылары қолданыла береді: ақын, отан, ұлы, қызы; [ә], [ө], [ү], [і], [е] дауыстылары да осы тәрізді: әні, өнері, үні, елі т.б. Бұдан байқайтынымыз: бір инварианттың варианттары синтагмалық қатынасқа түспейді немесе олар бір сөздің шенін-де ұшырамауға тиіс. Қысқасы, А.Байтұрсынұлының «бес дауыс-ты» жүйесін, біздіңше, осылай түсінуге болады. «Бес дауысты» жүйесімен әліпби түзе келіп, осы бес инвариант-фонеманың әрқайсысын бір-бір әріппен белгілейді. Ал инварианттардың варианттары үшін бас-басына әріп алмай-ақ, дәйекші арқылы жуан немесе жіңішке әуезде оқылатындай жазу жүйесін жасай-ды. Сонымен А.Байтұрсынұлы әліпби жүйесінің, түптеп кел-генде, қазіргіден өзгешелігі әріптердің фонемалық мәнді бере отырып, дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін) білдіріп, біте қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігінде. «Біте қайнасқан» бұл ерекшелік қазақ тілінің сингармонизм жүйесімен ерекше үйлесім табады». Ал Байтұрсынұлы өз реформасы жайында 1912ж. бы-лай түсініктеме берген: «Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі-мұсылманша оқу, бірі – русша оқу. Осы күнгі жазуымызда ды-быс басына арналған белгіміз жоқ, бір белгіменен әлде неше түрлі дыбыстарды жазамыз. Мысалы: و менен жазамыз бес түрлі
№11 дәріс тақырыбы: Қазақ жазуындағы емле ұстанымын таңдау қағидаты
А.Байтұрсынұлының тіл біліміндегі алатын орнын белгілі ғалым Н.Уәли бір сөзбен былай деп түйген еді: « Жалпы тіл білімінде тұңғыш фонолог деп әдетте әліпби түзушілерді атайды (олардың фонологиялық зерттеу жазуы шарт емес). Олай болса қазақ тіл біліміндегі алғаш фонолог – А.Байтұрсынұлы». А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің өзге салаларындағы еңбегі бір төбе болса, әліпби, жазу теориясы, емле жайындағы еңбегі бір төбе. Оның ішінде қазақ жазуының емле ұстанымын айқындаған алғашқы ғалым.
Достарыңызбен бөлісу: |