Білім беру бағдарламасы: 6B10155- «Жалпы медицина» Академиялық кредит/сағат: 3/90 Тәжірибелік сабақ: 1,25/37 обөЖ: 1,0/30 БӨЖ: 0,75/23



бет4/12
Дата09.02.2022
өлшемі52,92 Kb.
#25112
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
3 курс силлабус ЖМ

2 Бағдарлама

2.1. Кіріспе

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Д.К. Заболотный және Л.В. Громашевскийдің эпидемиологияның аса ірі теориялық жетістігі болып саналатын эпидемиялық процесс туралы ілімін жасап қалыптастырғаннан кейін эпидемиология медицинаның дербес тармағы ретінде қалыптаса бастады.

Е.Н. Павловскийдің жасаған инфекциялардың табиғи-ошақтық ілімі, К.И. Скрябиннің гельминтоздарды жою теориясы, В.Д. Беляковтың паразиттік жүйенің өзін-өзі реттеу теориясы, Б.Л. Черкасскийдің эпидемиялық процесстің әлеуметтік-экологиялық концепциясы және басқа да эпидемиолог-ғалымдардың жұмыстары эпидемиологияның дамуына қосқан аса ірі үлестері болып саналады. Бүкіл әлем бойынша қара шешекті біржола жер шарының барлық елдерінде жою әлемдік эпидемиологияның ерекше жетістігі.

Студенттердің жалпы және жеке эпидемиология туралы көзқарасын қалыптастыруда эпидемиялық процесс туралы ілімнің мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін, оның табиғатын, құрылымын, қозғаушы күштерін және көріністерін толық меңгеру. Бұл адамның жұқпалы ауруларының даму эволюциясын түсіндіруге көмектесуі және оларды біржола жоюға ғылыми-негізделегн жолдарын іздеуі. Бұл жерде зерттеп түсіндірудегі жұқпалы аурулармен күресу, алдын алу барысында, нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайды ескере отырып, әдістемелік талаптарды қолдану ашып көрсетіледі.

Паразит пен ие жүйесі популяциялары арасындағы эпидемиялық процестің өзін-өзі реттеуін және даму механизмдерін, жұқпалы аурулар және инвазиялар қоздырғыштарының эволюциясын оқыту аса маңызды.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы медициналық білім беру аясындағы төмендегі құзіреттіліктерді дамытуға бағытталады






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет