Білім беру бағдарламасы 6В01 «Педагогикалық ғылымдар» Шифр атауы Қызылорда 2023 ж



бет22/35
Дата16.10.2023
өлшемі483,78 Kb.
#115546
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
oku-adistemelik keshen. pedagogika 23-24

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Конспект

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Белсенділік, Сыни ойлау, ой талқы және басқа критерийлер

70

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Студенттің практикалық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Белсенділік

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Конспект

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

Тапсырмалар орындау; топтық, жұптық жұмыс, жоба, тест тапсырмалары, тезис жазу, презентация т.б.

60

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100



Студенттің БОӨЖ бағалау критерийлері :



Бағалау критерийлері

Балл (max)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Сабаққа қатысуы

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Конспект,
Эссе,
Жеке таныстырылымы,
Топтық жоба
Тезис
Интеллектуалды аэробика
Педагогикалық диктант
және басқа.

80

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100



Ескерту!

  • 1,2 критерийлер мен баллдар барлық білім алушыларға жүреді.

  • Бағалау критерийлері мен соған сәйкес баллдарды оқылатын пәннің өзіндік ерекшеліктеріне қарай оқытушы әзірлейді.

  • «Платонус»ААЖ-нде апта сайын, сабақ кестесіне сәйкес көрсетіліп отырады.



VI. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Жұмыстардың барлық түрлерін көрсетілген мерзімде орындап, қорғау қажет. Кезекті тапсырманы орындамаған немесе одан 50% баллдан кем алған білім алушылар көрсетілген тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта тапсыра алады.
Зертханалық сабақтарға дәлелді себептермен қатыспаған білім алушылар оқытушы рұқсат еткеннен кейін, лаборанттың қатысуымен қосымша уақыт ішінде өтейді.
Жұмыстардың барлық түрлерін орындамаған білім алушылар емтиханға жіберілмейді.
Білім алушылар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Академиялық адалдық кодексін орындауға міндетті. Толерантты, өзгелердің пікірімен санасатын болуы тиіс. Наразалығын әдепті түрде жеткізуі керек. Плагиат және басқа теріс жұмыс түрлеріне жол берілмейді. Аралық және шептік бақылаулар, midterm және қорытынды емтихан өткізу кезінде сыбырлап айтып жіберуге, көшіріп жазуға және шпаргалкалар пайдалануға, басқа біреулер шығарған есептерді көшіріп алуға, басқа біреудің орнына емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаудан, интернетке рұқсатсыз кіруден, шпаргалкаларды пайдаланудан әшкереленген білім алушы «F» қорытынды бағасын алады.
Өзіндік жұмыстарды орындау (БӨЖ), оларды тапсырып, қорғау жөнінде кеңестер алу, сондай-ақ өтілген материалдар бойынша қосымша ақпараттар алу және оқитын курс бойынша туындаған барлық басқа сұрақтар бойынша білім алушылар оқытушыға оның офис-сағаттары кезінде жүгінуге құқылы.

Білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалардың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі



Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың цифрлық эквиваленті

%-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы



В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24



«Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдстемесі» кафедрасының меңгерушісі






Бекжанова Б.Ж.

Пән оқытушысы




Оразымбетова А.Д.



Дәріс тезисі

Лекция 1. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде.


1.1.Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
1.2.Педагогиканың обьектісі, пәні қызметі және міндеттері.
1.3. Педагогиканың негізгі категориялары және басқа ғылымдармен байланысы.
1.4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі.
1. Педагогика – тәрбие және білім берудің негіздері туралы пән. Осы саладағы іс-әрекет пен оның заңдылықтарын зерттеп, жүзеге асыру жолдарын таныстырады. Екінші сөзбен айтқанда, педагогика пәні – тәрбие туралы ілім және терминнің шығуы гректің paides – бала, ago – жетектеу, ал сөзбе сөз мәні «пайдагогос» - «бала жетектеу» ұғымынан бастау алған. Кейіннен «педагогиканың» мән-мағыналық ауқымы кеңейіп баланың өсу, өркендеу жолын түсіндіретін өнер ретінде танылып, оларды оқыту, тәрбиелеу арқылы рухани жетілуін білдіретін және оған бағдар беретін ұғымға ие болды. Осы түсінік ХХ ғасырдың орта тұсына дейін көрсетілген шеңберде шектелсе, соңғы жылдар ішінде танымдық деңгейін, ауқымын кеңейтіп, тек баланың ғана емес, ересек адамдардың мамандық саласындағы танымына жетекшілік ететін пәнге айналды.
Педагогиканың ең басты міндеті – адам тәрбиелеу туралы туралы танымдық білім жүйесінде қол жеткен ұстанымды ғылыми тұрғыдан саралап, оның практикалық жолдары туралы бағдар нұсқау. Тәрбие мәселесі қай заманда болмасын күн тәртібінен түспейтін мәңгілік категория. Педагогика пәні – тұлғаның дамуын танып, білуді қамтамасыз ететін тәлім-тәрбиелік қарым-қатынасты білуге, меңгеруге, зерттеуге жол ашады, оқыту мен білім беру, өзін-өзі жетілдіріп, өрістетуге бағдар беріп, бұл саладағы тағылымдар мен оның әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Білім берудің игі тәжірибелерін, теориясын білдіру арқылы адамның рухани байлығын табиғат пен қоғамдағы қарым-қатынаста белсенділік танытып, шығармашылыққа бейімделуіне дем береді. Тұжырымдай келгенде педагогика - әрі ғылым, әрі өнер. Бір жағынан теориялық, екінші жағынан тәжірибемен қауышатын практикалық мәндегі пән.
Педагогика пәнін меңгеру мен зерттеудегі басты проблема:
- Тұлғаның дамуы мен қалыптасу негізіндегі заңдылықтары және оған тәрбиелеу ықпалдарын ұғындыру.
- Тәрбиенің мақсат, міндеттерін айқындау.
- Тәрбиелік жүйенің мазмұнын талдап беру.
- Тәрбие әдістерін, білім беру мен оқытуды зерттеу және оның тиімді тәсілдері мен жолдарын ашу.
- Оқыту процесіндегі заңдылықтар мен әдістемелер және оған қойылатын басты талаптар.
Педагогика пәнінің негізі – тәлім-тәрбиелік іс-әрекет пен педагогикалық жүйе. Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуына әсер етуге бағытталған өзара бір-бірімен байланысты әрекет құралдары мен әдістері және тиісті процестегі ықпалдастығының көздеген мақсатқа орай ұйымдастырылуы – педагогикалық жүйе болып табылады. Педагогика ғылымында бір-бірімен тығыз байланысты педагогикалық жүйеде алты құрылым бар. Олар мыналар: 1.Оқушылар; 2.Тәлім-тәрбиелік мақсат; 3.Оқыту; 4.Тәрбиелік мазмұн; 5.Дидактикалық процесс; 6. Мұғалім. Педагогикалық жүйенің бағдарлық негізі қоғамның мақсатына, білім-тәрбие беретін мекеменің мүддесіне, оқытылатын пәннің талабына үйлесімді құрылады.
Тәрбие - әрбір болашақ ұрпақтың қоғамдағы өз орнын табуы үшін өткен ұрпақтардың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру. Адамзат қоғамының дамуына қарай, тәрбиенің мазмұны мен әлеуметтік маңызы арта түседі. Еңбек түрінің жіктелуіне қарай, “тәрбиенің” қызметін жүзеге асырумен байланысты, онан кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балаларға әлеуметтік тәжірибені меңгерту үшін, оларды тәрбиелейтін тәрбиеші, мұғалім керек болды.
Педагогика - қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асыратын ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет, объективтік шындықтың барлық қырлары, педагогиканың обьектісі болады.
Педагогика пәні – индивидтің (биологиялық жан иесінің) өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеруі, оқу және оқудан тыс уақыт бірлігіндегі - біртұтас педагогикалық процесс болып табылады. Ұстаздар оқушыларға әлеуметтік тәжірибенің мазмұнын меңгерту іс-әрекетін ұйымдастырушы болып табылады. Тұлғаның қалыптасуы - олардың белсенді танымдық әрекетпен қарулануына байланысты.
Бір элемент пен көп элементтердің қосылуы барысында жүйе пайда болады. Педагогикалық шындықтағы “ұстаздар - оқушылар” жүйесі, жетекші педагогикалық жүйе деп аталады.
Кез келген жүйенің (биологиялық, техникалық, әлеуметтік) өзгеру жағдайы - процесс деп аталады. “Мұғалім - оқушылар” жүйесінің өзгеру жағдайы - педагогикалық процесс деп аталады. Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекетінде тұлғаның өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық - педагогиканың категориялары, яғни ұғымдары жүйелер арқылы бейнеленеді. Жас ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі біліммен қарулануына байланысты.
Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы, әлеуметтік белсенділік пен анықталатын белгілі бір әлеуметтік ортадағы іс - әрекеттерді талап етеді. Осыған орай, әлеуметтену - ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның өзін-өзі сезінуі, “өз менінен” басқа “менге”, яғни әлеуметке енуі. Әлеуметтендірудің негізі, ол белгілі бір білімдер, құндылықтар, мінез-құлық нормалары жүйесін меңгеру дегенді білдіреді. Ол тұлғаға сол қоғамның толық мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Тұлғаның әлеуметтенуі ұйымдаспаған түрде болуы мүмкін, онда оның нәтижесін болжау қиын және қоғам үшін зиянды болуы мүмкін. Демек, ұстаз әлеуметтендірудің мәнін түсіне отырып, оқушыларды «біздің деген ынтымақтастыққа келтіру үшін қажетті байланыстарды орнықтырып, оқушылардың оқуы мен отбасында осы мәселені шешуге көмектесе алады және «өзіндік мендің оқу барысындағы және оқудан тыс іс - әрекеттері арқылы қамтамасыз ете алады.
Педагогика психологиямен тығыз байланыста қызмет атақарады. Психология адам психикасының даму заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ақыл-ой іс-әрекеттерін мақсаттылықпен өзгерту, психологиялық біліммен тығыз байланысты. Педагогикада психологиялық білімдермен бірге, педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, салыстыру және т.б.) пайдаланады.
Педагогика физиологиямен де тығыз байланысты, атап айтқанда жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И.П. Павлов, П.К. Анохин) сүйенеді. Физиологиялық білімді меңгеру, танымдық іс-әрекет пен жеке тұлғаның әлеуметтену үрдістерінің мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогиканың әлеуметтанумен жан–жақты байланысы өте маңызды. Әлеуметтану ғылымын қоғам туралы біртұтас жүйе ретінде қарастырсақ, онда оған ықпал ететін әлеуметтік жағдай, түрлі топтар және т.б. ескеріледі. Педагогика әлеуметтік жүйелерді ескере отырып, білім социологиясы, студенттер социологиясы және т.б. социологиялық зерттеулер арқылы педагогтар, қоғамның әлеуметтік–экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біліммен қаруланады.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы, олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы дертке шалдыққан балалар үшін, арнаулы оқыту және тәрбиелеу жүйесі қажет. Мұндай мәселелерді кешенді зерттеулер арқылы ғана шешуге болады.
Бүгінгі философия ғылымының педагогика үшін әдіснамалық маңызы ерекше. Педагогика жеке пән ретінде философия және оның салалары – білім беру фиолософиясы, ғылымдар философиясы, тәрбие философиясы, мәдениет философиясының жетістіктеріне сай терең мәндегі ұғым нәтижесінде шешімін табады.
Педагогика ғылымының байланыстары, белгілі бір мәселелерді зерттеу барысында басқа ғылым салаларына да (тарихқа, этнология, этнография, құқық, экономика, демография, экологияға және т.б.) таралады.
Педагогика пәнінің құрылымдық жүйесі бірнеше салаға бөлінеді. Олардың негізгілері: педагогика тарихы – тәлім-тәрбие мен білім берудің теориялық және практикалық жолдарының қай кезде қандай дәрежеде болғандығын, оның өрістеуіне ықпал еткен жеке тұлғалар және олардан мұра болып қалған еңбектер мен даналық тәжірибелердің ежелгі дәуірден бастап күні бүгінге дейінгі кезеңдерін зерттейді. Сондай-ақ, пренатальная педагогика (құрсақ педагогикасы), мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, жоғары мектеп және кәсіби техникалық мектеп педагогикасы, әскери педагогика, заңгерлер педагогикасы, өнер педагогикасы т.б. Педагогикалық теория саласындағы тәрбие теориясы мен оқыту теориясы, яғни дидактика деп аталып отырған ғылыми құрылымдық саланың ішкі ерекшеліктеріне үйлесімді талданады.Осы жүйемен өзектес жеке пәндік әдістеме, кейде пәндік дидактика деп те аталады.Осымен қатар әлеуметтік педагогика, дефектология, коррекциялық педагогика салаларынан тұрады.
Лекция 2. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері.
2.1. Педагогика ғылымының әдіснамасы мен педагогтың әдіснамалық мәдениеті туралы түсінік.
2.2. Қазіргі педагогиканың негізгі әдіснамалық жиынтығы: таным, тұлға, іс-әрекет, құндылықтар, әлеуметтендіру теориялары.
2.3. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұны.
2.4. Педагогика ғылымының зерттеу әдістері.
1. Әдіснама - әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез-келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады, басқа теориялардың құрамды бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерініңдамуы мен жетілуі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.
Таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа, объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне және ғылыми іс-әрекет пен зерттеу болжамдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы көкейкесті мәселеге айналып отыр. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың бір жақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға, оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмыстағы қарама-қайшылықтарды шешудіңтәслдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқатты ңәр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарын дамытатын ойлаудың басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.
Ғылымның қазіргі әдіснамасы, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайтын бірнеше құрамдардан тұрады:
фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді;
бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы болжамдардан және теориялық тұжырымдардан тұрады;
теорияның логикасы мен құрылысы;
эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы;
педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол зерттелетін объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Бұл ретте зерттелетін объектіні қарастыруды кез-келген педагогикалық теорияны, оның байланыстарын, заңдылықтарын, болжамдарын, анық білімдерге жету принциптері мен тетіктерін қарастырудың қажетті шарты ретінде қарастырылады.
Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, талдау мен жинақтау, өлшеу, эксперимент, абстрактылықтан нақтылыққа алмасу, индукция мен дидукция. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
Зерттеу әдісі - күрделі таным сатыларының реті, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуыныңбелгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуыныңбасты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімніңдамуы педагогикалық зерттеу әдістерініңдаму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы, алғашқы ақпаратарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеуді білдірмейді, ол – жаңа білімді түзу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетініңбір түрі.
Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері. Педагогикада зерттеудіңүш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empeіrіa – тәжірибе).
Бақылап-зерттеу әдісі – заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап-зерттеуге, еңалдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылап-зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап-зерттеу құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал- жабдықтары жатады.
Бақылаушының бастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай құбылыстарғакөңіл бөлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің өзіндік қабілеті де маңызды болып саналады.
Зерттеу барысында бақылап-зерттеу түрлерініңәр алуан жіктемесі ажыратуға болады:
- тікелей бақылап-зерттеу, мұғалім-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей зерттеуші бола тұра бейтараптық сақтауы тиіс; мұғалімнің зерттеу жұмысына твғвз араласуы. Мұғалімнің зерттеуге қатысуына байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;
- жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
- жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы шанайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды. Оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірімен оңаша кезіндегі мінез-құлқы оларды бөтен біреулер бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда өзгеше болады:
- үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс – оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеуге үшін қолданылады;
- дискретті (үзік-үзік) бақылап-зерттеу объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
- монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;
- бір бағытты бақылап-зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
- бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.
Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапалық суреттемесі мен өлшемінің тәртібі бақылап-зерттеудің негізін құрайды. үлшем – зерттеу объектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі. Сандық бақылап-зерттеулер мен өлшемдер оларды математикалық өңдеуге жол ашып, теориялық болжамдардың эксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық эксперимент – танымның эмпирикалық дейгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардыңұту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашуға болады. Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан біліп алып, құбылыстар мен деректерді “таза” күйінде зерттеуге мүмкіндік береді. Эксперимент ғылыми зерттеудіңтеориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Оныңмақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтардың фактуалды мәніне жету мен қалыптастыру. Эксперименттіңтағы бір мақсаты білімді жетілдіру, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәжірибесін жаңарту.
Эксперименттік жұмыстың жоспары, мақсаты болуы қажет, эксперимент түрі таңдалып, оның мүмкін нәтижелері де ойластырылады. Зерттеу құбылыстары мен оның қасиеттеріне ықпал ететін факторларды, сондай-ақ эксперименталды жұмыс кезінде бақылануы тиіс мүлшерлерді бөліп алған жөн. Қазіргі экспериментті жүргізу бақылаудың техникалық құралдарынсыз және өлшеу жабдықтарынсыз өткізу мүмкін емес және де олар практикада тексерілген, теориялық тұрғыдан дәлелденген, зерттеу мәселесін дұрыс шеше алатын болуы тиіс.
Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты «субъект – субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу тәртіптерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек. Бұл ретте “түсінік” терминінің мағынасы ”білім” терминіне қарағанда кеңірек. “Түсінік” ғылымында субъектінің танымдық педагогикалық жағдайды қабылдау ерекшілігі дұрысырақ беріліп, нақты-сезімдік пен абстрактілі-түсініктемелік бейненің бірлігі белгіленеді. Сұрақ-жауап әдісінің мақсаты бірлі-жарым және жекелеген белгілердің жоғалып кетпеуін қадағалайды, өйткені олар жоқ болса, жалпы абстрактіге айналуы мүмкін.
Қазақ елінің мемлекеттік тіліндегі «әдіснама» термині көптеген әдебиеттерде «методология» түрінде де жазылып келе жатқаны белгілі. Қалай атаған күнде де бұл терминнің нақты мәні-«әдіс туралы ғылым» деген ұғымдық түсінікті білдіреді. Өйткені қандай ғылым болмасын оның негізгі белгілі бір теорияны, ережені, тұжырымдаманы басшылыққа алады. Педагогикалық идеяларды талдаудың объективтік негізі философия болып табылады. Сол себептен педагогика ғылымының әдіснамалық негізі философия ілімінің жалпы заңдарына, танысдық әдістеріне сүйеніп, оны басшылыққа алады. Педагогика ғылымы – зерттеу әдістері негізінде дамып, үнемі жетіліп отырады. Зерттеу әдісі – нақты табысқа жету тәсілі. Педагогикалық әдіснама мен әдіс бір-бірімен тығыз байланысты. Ғылымдардың бәріне ортақ жалпы әдістермен қатар қоғамдық ғылымдар саласындағы педагогиканы зерттейтін ғылымға тән зерттеу әдістері бар. Оларды топтастырғанда теориялық, эмпирикалық, математикалық әдістер деп жіктеуге болады.
Теориялық әдіс – талдау, жинақтау, тұжырымдау, салыстыру, классификациялау, моделдеуге құрылады.
Эмпирикалық әдіс – деректер жинау, сұрыпталған фактілерді ғылыми жүйеге келтіру. Бұл әдіске бақылау, қажетті құдаттарды зерттеу, әңгімелесу, анкета, сұхбаттасу, т.б. кіреді. Жобалық болжамды тиянақты айқындай түсу үшін эксперименттер қолданылады.
Математикалық әдіс – құбылыстар мен қолданыстағы жүйенің арақатынасындығы межелік айырымды сандық сапа арқылы белгілейді. Бұл әдіске регистрациялық тіркеу, шкалалық көрсеткіш, көлемі мен дейгейіне қарай сапқа түзу т.б. кіреді.
Лекция 3. Жеке тұлға тәрбиенің обьектісі, субьектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторлары.
3.1.Тұлға адам, индивид, даралық ұғымдары және олардың арақатынасы. Тұлға қалыптасуындағы тұжырымдамаларға сипаттама.
3.2.Тұлғаның қалыптасуындағы және дамуындағы факторлар.
3.3.Жеке тұлға дамуының жас ерекшеліктеріне сипаттама және оның табиғи әлеуеті.
Ғылыми материалистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс-әрекет, қарым-қатынас, еңбектің, қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады. Бұл жағынан мынадай төрт жүйені атап көрсеткен жөн:
1) Психикалық жаратылыс қасиеттері – жас ерекшеліктеріне қарай дамуы, темпераменті, болмыс бітімінің жетілуі.
2) Психикалық процесс – зейін, ес, ерік, ойлауы т.б.
3) Тәжірибенің өрістеуі – дағды, білік, әдет.
4) Танымдық бағдар алуы – көзқарас, қызығушылық, ынта-ықылас.
Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғары сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі. Демек, оның іс-әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайға да тәуелді. Осыған байланысты тәрбие беру мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты жолдары мен әдістерін белгілеу – тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мәселе. Тәрбиенің ықпалды әсері барысында тұлғаның рухани және дене қабілеттері дамып, эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көзқарасы өрістейді. Ал көзқарастың дамуы – дүниенің даму заңдылықтарын терең ашып, өзінің оған деген қарым-қатынасын белгілеуге жол ашады. Сонымен, адамның жалпы дамуына өзара екі бағыт –биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологиядағы ең басты категорияның бірі. Даму заңдылықтарын психология психиканың дамуы деп түсіндірсе, педагогтар адамның дамуына мақсатты түрде басшылық жасау деген теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен тұлғаның дамуы сапалық және сандық үрдіске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне байланысты. Оның басты салалары мынау:
- Денесінің өсуі – бұлшық еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып, пішін болмысы дамиды.
- Психикалық дамуы – ойлау, қабылдау, зейін, ес т.б.
- Әлеуметтік жағынан дамуы – адамгершілік, имандылық, таным түсінікті сезіну, әлеуметтік қарым-қатынасты саралай білу тб.
Тұлғаның дамуына ықпалды әсер ететін факторлар және оның қозғаушы күштері жөнінде ғалымдар арасында пікірталас жетерлік.Оның ішінде екі салаға назар аударған жөн: Тұлғаның дамуы биологиялық, табиғи, тұқым қуалау факторларына байланысты деп санайтын биологизаторлық көзқарасты ұстанушылар. Ал екінші саладағы тұлғаның дамуындағы басты фактор әлеуметтік (социологизаторский) жағдай деп санайтындар. Бұлардың пайымдауынша тұлғаның дамуын шыққан тегі мен ортасына байланысты, балаға білім бергенде осы ерекшелікті ескере отырып топтастыру керек деген бағдарды ұстанады.Осыған байланысты кеңестік дәуірдің 20-30 жылдарында педология деген ғылым болды да, бірақ кейіннен тоқтатылды.
Қазіргі кезеңдегі педагогика тұлғаның дамуына ықпал ететін екі факторды – биологиялық және әлеуметтік жүйені бірлікте қарайды. Биологиялық тұрғыдан келгенде тұқым қуалау жағы, ал әлеуметтік тұрғыдан отбасы, әлеуметтік және қоғамдық жағдай ескеріледі. Әрине, бұл екі фактор тепе-тең деген түсінік болмау керек. Өйткені тұлғаның табиғи болмысындағы нышандар, оның даму мүмкіндіктері өзінен өзі шешіле салмайды. Қалай болғанда да балаға тәрбие берудің рөлі зор екендігін педагогика ғылымы айқындап та, жан-жақты дәлелдеп те отыр. Тәрбиенің жүзеге асып, баланың бойына дарытудағы басты фактор – оқыту мен білім беру екені белгілі.
Тұлғаның дамуындағы ішкі факторларға байланысты белсенділікке, былайша айтқанда, іс-әрекеті, еркі, қызығушылығы, сезімі, қабілетіне мән беру керек. Осы орайдан тәрбиелей отырып оқыту, оқыта отырып тәрбиелеу деген қағида өріс алған. Демек, көрсетіліп отырған ішкі факторлармен біріккен нәтижесінде тұлға дамып, өркен жаяды. Тәлімгерлік жасаушы адам алдымен тұлғаның жас ерекшелігіне, дербес өзгешелігіне, психологиялық болмысындағы сипатына зейін қойып, тәрбие мен білім берудің мақсатын, мазмұнын және әдіс-тәсілдерін нақты жағдайға үйлесімді басшылық жасай білсе, оның нәтижесі айтарлықтай, жоғары деңгейде болады.
Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде. Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқымқуалаушылыққа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар жеке адамға тән қасиеттер жатады. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орын алады. Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл бейімділіктер өте ерте, кейбір жағдайларда кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.
Биологиялық бейімділіктер мен қасиеттердің дамуы адамның ағзасының жетілу мен қалыптасу процесі арқылы сипатталады, содан кейін оның сүйектері, бұлшық еттері, сонымен қатар ішкі мүшелері мен жүйелері дамиды. Адамның биологиялық жетілу мен өзгеру барысында, оның дамуы мен мінез-құлығының жас шамасы кезеңдерінде пайда болады. Табиғи ерекшеліктердің дамуындағы ең маңыздысы, отбасында болсын, қоғамдық тәрбиелік-білім беру орындарында болсын, оларға дер кезінде сауатты диагностика беру болып табылады. Баланың қызмет-әрекеттің қандай түріне бейімділігі бар екенін анықтайтын алуан түрлі әдістер бар. Олардың ішінде тест әдістері кеңінен қолданылады.
Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет, оның бейімділігі мен қабілеттілігін анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Қызметтің қандай да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділігінің одан ары жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжірибе жинастыруға жағдай жасау қажет.
“Жеке тұлға” деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады.
Қоршаған ортаның адамның дамуына әсерін зерттей отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән бейімділіктердің дамуы үшін адами қоғам, әлеуметтік орта қажет дейді.
Тектілік, қоршаған ортамен қатар, тәрбие - үшінші шешуші фактор болып табылады, тәрбие – педагогтардың басшылығымен әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі баланың саналы мақсатты басқарылмалы қызмет-әрекеті.
Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқымқуалаушылық бейімділік пен микро-ортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет-әрекетін жемісті ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.
Тәрбие - жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді. Тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын қарастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш.
Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі - оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуы тарихи тұрғыдан анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактордан - тума қасиеттері, қоршаған орта және тәрбие тұрады.
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.
Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі - баланың дамуы тәрбие мен білім беруі тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады дейді (Э. Мейман. А. Ф. Лазурский, Ж. Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейімделеді, “баланың дамуының соңында бірге жүреді” (Л. С. Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы яғни оқыту мен тәрбие көмегімен жүзеге асырылады, бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткізген деңгейінде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешуді көздейді (К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, Л. С. Выготский).
“Баланың дамуының ең жақын аймағы” туралы сөз ете отырып, Л. С. Выготский оқушының тапсырманы өз бетінше орындауға әзірлігінің дәрежесін айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзірлікті екі деңгейге бөлген болатын: оқушы тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды (ол осы кезеңдегі өз дамуының деңгейіне жетті), ары қарай оған мұғалімнің көмегін қажет ететін қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдық мәселе қойылады (қиындық, қарама-қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуына дем береді.
Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігіне дем берген жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып қалыптастыра алады.
Белгілі кезеңдегі балалардың жас мөлшері дегенде олардың өздеріне тән ерекшеліктері мен сипаттары бар. Бұл ерекшеліктер педагогикалық процесте ескеріліп, пайдаланылуы керек.
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6-12 жас аралығында бала денесінің салмағы 18-ден 36 килограмға дейін артады. Бала миының көлемі 5 жаста үлкен адам миының 90 % болса, 10 жаста 95 % тең болады.
Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер, баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің негізін қалайды. Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттері сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды. Оқу іс-әрекетінің ойыннан ерекше екендігін бала түсінуі керек, сонда ғана ол оқуға ынтамен, шын көңілмен назар аударады. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын ажыратса да, оқу тапсырмаларына қалайда орындауы керектігін білуі тиіс.
Ойын барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналасып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте-бірте түсініп, саналы ойнайтын болады. Ойын арқылы бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды қалыптастырады. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік, жалпы адамгершілік сезімі жетіліп, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.
Бала психикасының ерекшелігі – танып-білуге деген белсенділігі. Бала ойын арқылы тәжірибені меңгереді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі шешуге тырысады. Сол жағдайды шешу үшін іштей әрекеттесуден туындаған бейнелі образды меңгереді. Бейнелі ойлау – бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.
Жасөспірім кез және оның ерекшеліктері. Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгірімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.
Жасөспірімдердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жасөспірім шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер етеді: тамақтануы, еңбек, спортпен айналысуы. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір заңдылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндегі осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарында да көрініс береді, мысалы сүйек етке қарағанда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. Соның әсерімен баланың мінезінде ашушаңдық, қызбалық пайда болады.
Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын болады.
Бала жасөспірім шаққа өткен кезде оның нерв жүйесінің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күшейтеді. Балалық жастан өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді.
Жасөспірімдер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді. Жасөспірімдердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жасөспірімнің жеке тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді.
Демек, осы жастағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, педагогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Жасөспірімдер өмірінде, әсіресе, толық орта білім алу жолына таңдау жасайтын кезде, олардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады.
Жоғары сынып жасындағы балалардың сипаттамасы. Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста (15-17 жаста) адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.
Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен – бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шақтың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.
Бозбалалық шақ деген ұғым әрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан жетілу болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз байланысты. Физиологиялық бұл процес шартты түрде екі фазаға бөлінеді: пубертаттық кезеңнің алдындағы немесе дайындық кезеңі; өзіндік пубертаттық кезең, бұл кезеңде жыныстық жетілудің негізгі процестері жүзеге асырылады; пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық физиогиялық жетілу деңгейіне жетеді.
Егер осы бөлінулерді әдеттегі жас мөлшері бойынша біріктіріп қарайтын болсақ, пубертаттық кезеңнің алдындағы кезең жасөспірімдік щаққа дейінгі кезеңге сәйкес келеді, ал пубертаттық - жасөспірімдік кезеңге, пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең - жастық шаққа сәйкес келеді.
Жастық шақ ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі.
Жоғары сынып оқушылары “Неге” деген сұраққа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардң ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олра мұғалімдерге сын көзбен қарйды. Пәннің қызғылықтығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннің сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге құштар.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процес - өзіндік ақыл-ойдың және өзіндік “Меннің” бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастық шақтағы “мен” әлі толық анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста болудың да таңдалуы пайда болып, оңаша болуды қалайды.
Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсенділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.
Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.
Лекция 4. Тұтас педагогикалық процесс жеке тұлға дамуының негізгі факторы ретінде.
4.1. Тұтас педагогикалық процесс ұғымы, оның заңдылықтары мен принциптері.
4.2. Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымы, қызметтері, тәрбиелік механизмдері және сапасы мен белгілері.
4.3. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы туралы білім-мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі.
Негізгі ұғымдар : объект, пән, ғылым, жүйе, әлеуметтік жүйелер, “ұстаздар – оқушылар” жүйесі, педагогикалық процесс, педагогикалық ситуация, қозғаушы күштер, тәрбиелеуші тетіктер, диагностика, болжамдау.
Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің обьектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы. Қазіргі педагогикалық процесс түсінігі бірден қалыптасқан жоқ. М.А.Данилов “Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның обьектісі” деген еңбегінде, ең бастысы, әр түрлі құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясын одан әрі жетілдіруі айқындалатынын көрсетті.
Ғалымдардың зерттеулеріне байланысты педагогикалық процестің түрлі қырлары мен заңдылықтары айқындалды.
Педагогикалық процестің мәнін әлеуметтік-педагогикалық жағынан түсіну бағыты Э.И. Моносзон мен З. Филонов еңбектерінде көрсетілді.
Кеңестер одағы мен бұрынғы социалистік бағыттағы елдерде, ГДР-де шыққан еңбектерде “педагогикалық процесс” оқу мен тәрбиенің бірлігі ретінде қарастырылады.
Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде (АҚШ, Англия, Австралия) “педагогикалық процее” деген ұғым “оқыту” деген сөздің баламасы ретінде қолданылады.
“Педагогикалық процесс” анықтамасын ең алғаш Каптерев П.В. анықтады. Ол оны “білім беру процесі” ретінде қолданды. Ондағы өзіндік іс-әрекет сөзсіз болатын құбылыс. Каптерев ұсынып отырған анықтамада “педагогикалық процес” ұғымы біртұтас үлкен бір құбылысты көрсететіні, оның оқыту, білім беру, үйрету, тәрбиелеу, даму, нұсқау, иландыру, жазалау, т.б. сияқты кезеңдері болатынын көрсетуімен маңызды. Түйіндей келе, П.Ф. Каптерев педагогикалық процестегі оқыту мен тәрбие бірұтастықтың кейбір бөлшегі ретінде өмір сүреді деген пікірде болуы. Сонымен бірге, бұнда кейбір бөлшектердің күрделі қатынастары туралы ой байқалады.
Кеңестік педагогикада ”педагогикалық процесс” ұғымын Н.К Крупская., С.Т.Щацкий, А.П.Пинкеевич, А.С.Выготский, А.Г Калашников толықтырып зерттеді.
Н.К. Крупская өзінің алғаш жазған еңбектерінің бірінде “болашақ мектебі ерікті оқушылар ассоцияциясынан болуы қажет, олар өз алдына мақсат етіп бірлескен әрекеттері арқасында ойлар патшалығына жол салуды қояды. Бұндай мектепте мұғалім тек қана бай тәжірибесі мен білімдері бар жасы үлкен жолдас, ол оқушылардың өз бетімен оқып білім алуға көмектеседі.” Осы айтылған пікірде мұғалімнің рөлі мен оқушылардың өзара қатынастарына назар аударылады.
С.Т.Щацкий пікірінше, педагогикалық процесс бірқатар көптеген элементтердің нәтижесі болып саналады, оның ішіндегі негізгілері әлеуметтік-экономикалық орта, іс-әрекеттер мен ықпал ететін обьектінің психо-физиологиялық ерекшеліктері және ұстаздардың іс-әрекеті.
А.П.Пинкеевич педагогикалық процестің мектептің қоғамдық өмірдегі рөлінен туатын әлеуметтік және педагогикалық, психологиялық аспектілерінің бірлігінен тұратынын көрсетеді.
А.С. Выготский педагогикалық процестің жағдайын білу деген идеяның болашағы өте зор, оны зерттеуге көңіл қою керек дейді.
Біртұтас обьектінің теориясын жасау диалектикалық материализмнің белгілі бір методологиялық мақсаты құбылыстардың өзара байланыстылығы туралы күрделі құбылыстарды жүйе ретінде қарастырумен және нақтылы жағдайда жүйелі тәсілді практикалық жүзеге асырумен тікелей байланысты.
Дидактика саласында, оқыту процесінің элементарлық бірлігі “кереге көзі” ретінде Лернер әрекетті негіздесе, Е.Н. Тонконогая сабақты, П.М. Эрдниев жаттығуды, В.И. Загвязинский - тапсырмаларды, Т.И. Шамова танымдық әрекетті көрсетеді.
Педагогикалық процеске қатысты элементарлық бірлікті Л.А. Левшин педагогикалық әсер етуді (1964), педагогикалық қатынасты (1968), педагогикалық құбылысты (1980) көрсетеді.
Жоғарыдағы авторлар педагогика теориясындағы кереге көзді негіздеуге ұмтылыстарын бағалай отырып, М.А. Данилов олардың толық нәтижеге жетпегенін көрсетеді.
Педагогикада педагогикалық ситуация тәрбиелілікті зерттеу әдісі ретінде және оқытудың әдісі ретінде кеңінен қолданылады. Ситуацияны талдау мен модельдеу, педагогикалық ойлауды қалыптастыру тәжірибесінде жүзеге асырылады. Қалыптасудың қас қағым сәті, элементарлық бірлігі педагогикалық ситуация. Педагогика пәні педагогикалық процесс қызметінің заңдылықтарын зерттейді, оның нәтижелері педагогикалық процесті ұйымдастыруда қолданылады.
Педагогикалық процестің мәні. Диалектикалық материализм ұстанымы бойынша мән – аттың ең басты, ішкі біршама тұрақты жағы. Мән заттың табиғатын анықтайды. Элементарлық бірлік “кереге көзді” талдау негізінде педагогикалық процестің мәні екі жақты сипатталынады: әлеуметтік жүйе ретінде; өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде. Әлеуметтік жүйе ретіндегі оның белгілері мынадай: жүйенің жалпы мақсаты және оның өзара байланысты бөліктері немесе элементтері болады, жүйе белгілі ортада жұмыс істейді, ол сыртқы ортамен байланысты түрлі деңгейде жұмыс жүргізеді, өзінің ішкі қайшылықтары арқылы дамиды, ұйымдастыру орталығы арқылы басқарылады.
Педагогикалық процестегі жалпы мақсат жеке тұлғаны қалыптастыруға байланысты әлеуметтік тапсырысты орындайды. Ал оның нәтижесі мұғалім-оқушылар жүйесіне байланысты болады.
“Мұғалім-оқушылар” жүйесі біртұтастығы қойылған мақсат пен онан алатын нәтижеге байланысты жүйелердің өзара әрекеттері арқылы анықталады. Педагогикалық процестің интегративтік сапасы оның қарым-қатынас сапасынан көрінеді.
Педагогикалық процестің мәнін талдаудың қажеттілігі мұғалім оның барысына қалай ықпал ете алатындығын білуі тиіс. “Процесс” латын тілінен аударғанда алға басу дегенді білдіреді. Белгілі бір нәтижеге жету мақсатындағы бірізді әрекеттердің жиынтығы.
Педагогикалық процестің мақсаты қойылған идеалға жету үшін педагогикалық процесті кейбір шартты бөліктерге бөлу арқылы, нақты бір кезеңнін міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.
Педагогикалық процестің заңдылықтарына мыналарды жатқызуға болады: педагогикалық процес әлеуметтік-экономикалық жағдайға сай болуы; нақты мақсатқа бағыттылығы; педагогикалық процестің екі жақты сипаты; оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалімнің іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы мен ойластыруы; оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру арқылы, педагогикалық процестің тиімділігін арттыру; оқушылардың даму деңгейінне лайықты ұйымдастыру; педагогикалық процестің уақыт бірлігінің ұзақтығы.
Педагогикалық процесс бөліктерінің өзара байланыстылығын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің басшылық рөлін ескеру қажет Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процестің деңгейі оған қатысушылардың құрамымен ғана емес олардың өзара қатынастарының ерекшеліктерімен анықталады.
Әлеуметтік тапсырысты орындау: мақсат, міндеттер мен мазмұын – негізгі мектептегі қоғамдық мүдденің мағынасын жасайды.
Құралдар мен формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар – мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкіншілігін көрсетеді, яғни педагогикалық процестің қозғаушы тетігі болады.
Лекция 5. Тәрбиенің мәні және оның теориялық-әдістемелік негіздері.
5.1.Тәрбиенің мақсаты, мәні мен мазмұны.
5.2. Тәрбие қоғамдық құбылыс және педагогикалық процесс ретінде.
5.3.Тәрбие-тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі.
5.4. Тәрбие түрлері.
5.5.Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері.
5.6.Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігі.
Негізгі ұғымдар: тәрбие мақсаты, қоғамдық мәдениет, жеке тұлғаны әлеуметтендіру және дербестендіру, жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлға, жеке тұлғаны” шығармашылық мүмкіншілігі.
Қоғамның даму барысында тәрбие және мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ертедегі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. “Рақым” туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Мысалы, Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру, ал Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметті” өзі ұйымдастырукерек, үстемдік етуші топтар – философтар мен жауынгерлерді” талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы – ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.Ұлы педагог Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптастыру, өз істерін ақылмен және байыппен жүргізу, ал Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының алатын орнын айтты.
И.Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар десе, А.Дистерверг тәрбиенің мақсаты “ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет” ету деп анықтаған.
Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский: “Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сізді” дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші “бақыт” дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық” - деп тұжырымдайды. .
Тәрбие мақсаты көп уақытқа дейін идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл позиция – тәрбиені” негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиені” мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарыны” нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.
Тәрбие мақсаты – педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оны” компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиені” мақсаты нақты тәрбие міндеттеріні” жүйесі.
Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтарды”, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаны” қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойды” жетістігі, ортаны” үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушылардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін бөліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қалыптастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақыл-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.
Мақсат- іс-әрекет нәтижесін күні бұрын идеалды ой-тұжырым арқылы болжау.
Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелеріні” әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.
Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаны” қалыптасу кезе”інде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіпті” ма”ызды әлеуметтік мінездері, оны” қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.
Әлеуметтендіру – тұлғаны” белгілі бір бейнесін дәріптейді, оны” негізгі белгілері: адамны” әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. “Адамны” адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктерді” арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысыны” жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтаруынан”.
Әлеуметтендірудің алдына қойған міндеттерінің екі тобы болады:
Жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде оларды” дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми е”бектерде әлеуметтендіруді” жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді. Олар:
- мегафакторлар (мега- өте үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетіні” тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.
- макрофакторлар (макро-үлкен)
ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру.
- мезофакторлар (мезо-орташа)
тұрғылықты жерде халықты” болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдарды” үлкен тобын әлеуметтендіру жағдайы.
Микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум.
Адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы қоғамдық мәдениеті адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э.С.Маркарянның ойынша, бұл тұста философияда дәлелденген мәдениетті” үш түрін, яғни әр адамның меңгеруі қажет – материалдық, рухани және социо-нормативті немесе адамгершілік мәдениеті. “Мәдениет” латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы-рухты дәріптеп көтеру. Рим ораторы М.Р. Цицерон өзінің “Тускуланские диспуты” еңбегінде ең алғаш рет “мәдениет” сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған (45 жыл ж.д.д.). Э. Тайлер мәдениетке барлық білімні” жиынтығы ретінде, яғни адамны” табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем өнер, әдет-ғұрып, діншілдік деңгейінде тұжырымдаған.
Лекция 6. Ғылыми дүниетаным оқушылардың интеллектуалды дамуының негізі.
6.1. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.
6.2.Дүниетанымның құрылымы, түрлері, оны қалыптастырудың әдіснамалық негіздері.
6.3.Оқушылар дүниетанымын қалыптастырудың құралдары: оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формасы, әдістері, пәнаралық байланыс, іс-әрекет түрлеріне қатыстыру, отбасы мен метептің өзара ынтымақтастығы.
Негізгі ұғымдар: дүниетаным, дүниеге көзқарас, әлеуметтік орта, әлеуметтену, жеке тұлғаны дербестендіру.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымның қалыптасуы – күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Жеке тұлғаның, оныңішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан кҰкейкесті мәселеге айналуда.
Қазіргі нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.
Дүниетаным дегеніміз – дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгеру нәтижесінде де қалыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижесінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақтылай түседі, өзгертеді.
Жеке адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды қызмет-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның “Мен” деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайды. Сенім – көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың коллективті индивидуалдық тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір “білетін” немесе “түсінетін” емес, ол – жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Білімдер адам үшін қажетті білімдер болуы керек, яғни субъективті, жекелік мағынаға ие болулары керек. Сенімге айналған білімдер мен идеялар дүние мен адамды өзгертіп, материалдық күшке айналады.
Жеке тұлғаның дүниетанымы көбінесе оның тікелей өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Оның
Дара тұлғаның дүниетанымы жалпы білімдер дегенді және оларды құбылыстарды тану мен бағалау үшін және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктері дегенді білдіреді. Ол білімдердің ақиқаттылығына және оларды қызмет-әрекеттің құралы ретінде пайдаланудың нәтижелілігіне деген сенімдерден тұрады.
Тұлғаның дүниетанымы, сондай-ақ, дүниетанымдық білімдер мен сенімдер, дүниетанымдық көзқарастың кеңеюі мен тереңдеуі қажеттігінен тұрады. Қажеттілік дүниетаным сапасы ретінде: жеке тұлғаның дүниетанымы тек заттық-мазмұндық категория емес, ол, сондай-ақ, психологиялық категория, соның ішінде эмоционалды-жігерлік категория. Білім мен білікке негізделген қажеттілік пен сенімділік дүниетаным табиғатына сай, яғни тиісті, жетілген, сонымен қатар, шынайы мүмкін және қол жетерлік туралы түсінік болатын жалпы әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық арман-мұраттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Арман, сенім, мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір элементінің негізін салады, ол – қызмет-әрекеттің бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементі – дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұраттарға сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоционалды-жігерлі әзірлік.
Құндылық бағыттары – адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қылықтары мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды жеке тұлғаның тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.
Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі бірізділік пен оқу пәндері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады. Білім беру, процесс ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты – оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру.
Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманныңталабына сай білімдердің құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгергенбілімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.
Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып тұрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялық жағдайына сүйенеді.
Лекция 7. Тәрбиенің әдістері.
7.1. Тәрбие әдістері туралы түсінік және олардың психологиялық негіздері.
7.2. Тәрбие әдістеріннің жіктелуі.
7.3.Тәрбие әдістерін қолданудың педагогикалық шарттары, оқушы тәрбиелілігінің диагностикасы.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру жұмысында және елімізде жүріп жатқан жаңарумен байланысты тәрбие әдістерін қолдануда жаңаша ойлануды меңгеріп, дамыту керек.
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.
Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап отырады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, оған әртүрлі анықтама берілген.
В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.
Оқушыларға тәрбиелік ықпал ету әдістері немесе тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбиешінің оқушылардың бойында қоғамдық көзқарасты және мінез – құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.
Екінші, сөзбен айтқанда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесе отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы болып табылады.
А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтер адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен тұрады:
- адамның сезімінен;
- санасынан;
- сенімінен;
- мінез-құлық, әдет – дағдыларынан құралатынын көрсетеді.
Мектеп тәжірибесінде тәрбие әдісін қолданғанда тәрбиешілер психологтердің жоғарыда келтірілген дәлелді тұжырымдарын, атап айтқанда, адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен құралатынын әрдайым ескеруі керек.
Сонымен, қазіргі кезде оқыту – тәрбие беру ісі қайта құрудағы белгіленген даму идеясы баланың жеке адам болып қалыптасуында тәрбие әдісін психологиялық негізде қолдану шешуші роль атқаратындығына баса назар аудару қажет екенін көрсетіп отыр.
Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу өте күрделі мәселе. Әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін жинақтау не үшін қажет. Ол тәрбие әдісін:
жалпы және жеке;
негізгі және кездейсоқ;
теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;
мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;
әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін оның бір – бірімен байланысын айқындай түседі.
Педагогика ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше топтастырылады. Ғалым педагогтер Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез – құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады.
Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеясы).
Екінші топ – іс-әрекеттерді ұйымдастыру, қарым – қатынас жасау және қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру әдістері.
Үшінші топ – іс-әрекет пен мінез – құлықты ынталандыру әдістері.
Төртінші топ – іс-әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылауды ұйымдастыру және баға беру әдістері. Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері екі жақты тәрбие әдістерін сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс - әрекетте, мінез – құлықта қарым – қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды.
.
Тәрбие әдісінің бірінші тобы – оқушылардың санасына, сезіміне, ерік – жігеріне жан – жақты ықпал жасауды қамтиды. Бұл әдістер оқушыларға сенімді қалыптастыруды және іс - әрекеттің бірлік принципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке адам болып қалыптасу процесінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, әңгімелер, лекциялар, пікірталастар, үлгі - өнеге жатады. Көптеген ғалымдар бұл топтағы әдістерді қалыптасқан дәстүр бойынша сендіру әдістері деп те атайды.
Мұндай көзқарасты, жалпы адамзаттық мораль талаптарына сай қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушінің сана – сезіміне, еркіне, мінез – құлқына ықпал жасау жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы сендіру әдісі деп аталады.
Сендіру дегеніміз – оқушылардың ақыл – ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан – жақты әсер етуді айтамыз.
Сенім – тек моральдық түсінік, ұғым ғана емес, ол адамның мінез – құлық, іс - әрекетінің тұрақты жетекшісі.
Сенім деген ұғымды анық дифференциялап алу керек. Мұнда сенім, біріншіден: жеке бастың психикалық сапасы – тәрбиенің жемісі, нәтижесі ретінде анықталады; екіншіден, сенім, сендіру жеке бастың санасына, еркіне сезіміне ықпал жасайтын әдіс, құрал ретінде анықталады.
Сендіру әдісінің негізгі қызметі, ерекшелігі – ол арқылы жеке бастың сенімі қалыптасады.
Сендіру – оқушының тек қана санасына, сезіміна ықпал жасау ғана емес, әрі оның мінез – құлқына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды көздейді.
Сонымен жеке адамның санасын қалыптастыратын әдістердің маңызы:
қоғамдық, моральдық, еңбек, эстетикалық т.б. күрделі ұғымдарды, түсініктерді, анықтамаларды, ереже нормаларымен нақтылай түседі;
әрбір іс, қимыл, әрекеттердің, тәжірибелердің оң дәрежеде, жағымды, көтеріңкі эмоциялық күйде болуына жағдай туғызады;
нақтылы міндеттердің анық мақсаты мен маңызы қоғамдық адамгершілік негізіарқылы айқындайды.
Тәрбие әдістерін қолдануда педагогикалық және психологиялық талаптар ескеріледі:
сөздің өте күшті сенім қаруы екенін түсіну;
оқушыға шын мәнінде белгілі ережені түсіндіру, жаңа мәліметтер беру немесе санасына әлдеқандай ерекше ықпал жасау қажет болған уақытта сендіру әдісін қолдану;
жеке бастың психологиялық табиғатын жақсы білу, сезімнің атқаратын ролін айқындау;
оқушының өмірлік тәжірибесіндегі алғашқы жинақталған ұғымдар, түсініктер қорына, мінез – құлық қасиеттеріне арқа сүйену, оның оң не теріс екенін айқындау, орын алған ситуацияларды баяндау, оған қорытынды жасау;
мұғалімнің, тәрбиешінің немесе ата – ананың әңгімесіне, түсініктемесіне баланың үнемі белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуын ұйымдастыру;
әр баланың көңіл – күйін, ынтасын арттыратындай өз ісінің, мінезінің кемшілігіне қысылатындай, өзін - өзі тәрбиелеуге жігерлендіретіндей жағдай жасау;
сендіру әдісінің барлық салаларының бірлікте, жүйелі түрде, үздіксіз қолданғанда және балалардың сана – сезімі, тәжірибесі, білімі көзқарасы мен жас өзгешеліктеріне қарай біртіндеп жоғарылаған сайын әр әдістің мазмұнын күрделендіріп, түрлендіріп, дамытып отырғанда ғана тәрбие ісі нәтижелі болады;
үнемі бір әдісті қолдану оқушыларға әсер етпейді.
Тәжірибелі педагогтер тәрбие әдістерінің тұтас жүйесін пайдалануға ұмтылады, жеке бір әдісті қолданумен шектелмейді.
Түсіндіру. Оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары.
Өткізу методикасы тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының ең күрделісі – этикалық әңгімелер.
Этикалық әңгімелер – мораль мәселелері туралы кең түрде, еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәжірибеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі. Этикалық әңгіме әдісінің негізгі мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс - әрекеттерге, әртүрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік міндеттерге жауапкершілігін тәрбиелеу.
Әңгімелесу әдісіне қойылатын негізгі педагогикалық – психологиялық талаптар:
таңдалған, іріктелініп алынатын тақырыптың көкейкестілігі, оның тәрбие процесінің міндетіне, оқушылардың мүддесіне сай болуы; таңдаған тақырыптың нақтылы сыныпқа, оқушылар тобына қажеттілігін дәлелдеу;
оқушылардың өмір тәжірибесіне, біліміне сүйену;
оқушылардың жас мөлшеріне қарай әңгімелесу барысын дамытып отыру;
әңгіменің мазмұын өте мұқият іріктеу – оқушылардың сезіміне әсер ететін тың жаңа деректерді, түсінікті, анық әрі қонымды материалды алу;
әңгіме тақырыптары мен мазмұны жоғары сынып оқушыларының жас өзгешеліктеріне және сынып ұжымының, оқушылар тобының ерекшеліктеріне сай болуы керек. Мәселен, жас өспірімдерге арналған әңгімелер, олардың өздерінің көзқарастары мен мінез – құлықтарына лайықтап, салыстыра алатындай, оның себептерін ашатындай, өзіндік ой туғызатындай мазмұнда құрылуы тиіс;
қарастырылатын тақырыптың қызықты болуын, оны оқушылардың ойлауын, өздігінен толғану қабілетін туғызатындай проблемалық сипатта қоя білу, олардың белсенділігін дамыту;
әңгімелесу барысында оқушылардың көңіл күйі көтеріңкі болуына жағдай туғызу; тәрбиешілердің оқушыларға сеніммен қарай білуі, олардың жауаптарына зейін қоя білу; дұрыс, кемшіліктерін өте ептілікпен түзетіп, дұрыстығын айту, реті келген кезеңде орынды әзіл, күлкі, сықақ сөздерді де пайдалана білу т.б.
әңгіме және әңгімелесудің тақырыбына байланысты көрнекі құрал және техникалық құралдарды, әдеби көркем шығармалармен бейнелеу өнері, музыкалық құралдарды пайдалану;әңгіменің қандай жерде, қай жағдайда өткізілуінің де мәні бар. Мәселен, жоғары идеялық – адамгершілік қасиеттер туралы әңгімені жауынгерлердің, қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы айтылғанда, ескерткіштер мен тарихи орындарда өткізілгенде ғана оқушылардың сезіміне ықпалы зор болатыны белгілі;
әңгімеге, әсіресе әңгімелесу әдістеріне мұғалім жан – жақты әзірленуі қажет.
Пікірталас дегеніміз – пікір таластырамын, талқылаймын деген мағынаны білдіреді. Оның этикалық әңгімелерге біршама ұқсастау болғаныменөзіндік міндеті бар. Бұл өте күрделі, сонымен бірге оқушылар санасына тиімді ықпал ететін әдіс.
Пікірталас арқылы жастардың саяси және адамгершілік, ізгілік, эстетикалық, құқықтық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, әдебиет, көркем - өнер, жалпы қоғамдық проблемалар туралы түсініктер мен көзқарастарды қалыптастыруға болады.
Саяси қоғамдық, адамгершілік көзқарастарды жастар өздері батылдықпен дәлелдей алғанда ғана олар нағыз патриот болады және пікірталас әдісінің негізіне алынады.
Пікірталас әдісіне қойылатын талаптар:
пікірталасқа қойылатын мәселелер проблемалық сипатта болуы керек;
жастардың дүниеге өмір құбылыстарына өздерінің пікірлерін, ойларын білдіруге, оларды теріс пікірлер мен көзқарастарға баға бере білуге, талқыланып отырған мәселенің дұрыс шешімін дәлелді түрде негіздеуге үйрету.
Тәрбие процесінде үлгі - өнеге тәрбиенің ықпалды әдістерінің бірі болатын себебі үлгінің тәрбиелік күші балалардың өзін қоршаған ортадағы үлкендерге, жолдастары мен ең жақсы достарына ұқсауға еліктейді. Сонымен қатар балаларға ұлы адамдардың өмірі мен қызметінің, сол сияқты еңбек, соғыс ардагерлерінің, оқу озаттарының, көркем әдебиет, өнер, кинофильм, бейнефильм (видеофильм), театр кейіпкерлерінің өнегесі зор орасан зор әсер етеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық ұжымның өте – мөте көңіл бөлетін міндеті – қоғамның қазіргі тобына жауап беретін, шығармашылықпен еңбек ететін, талапкер, ізденімпаз, жауапты іскер адамдарды тәрбиелеу.
Тәрбие әдісінің екінші тобына қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру және іс - әрекетті ұйымдастыру қарастырылады.
Бұл топқа педагогикалық талап, үйрету, жаттығу, тапсырма, тәрбиелеушілік ситуацияларды туғызу және қоғамдық пікір жатады.
Педагогикада жеке адамның қалыптасуы нақтылы іс - әрекет болған жағдайда ғана жүзеге асырылатыны дәлелденген. Іс - әрекет адамдардың өзін қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі формасы.
Бұл топтағы әдістің психологиялық тұрғыдан ерекшелігі – адамның іс - әрекеті жеке басының, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші ғана емес, оның дамуының өздігінен жетілуінің шешуші белгісі екендігі.
Балалардың жағымды мінез – құлықтары мен қарым – қатынастары ең алдымен олардың әр түрлі іс - әрекеттері педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана қалыптасады.
Қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру және іс - әрекетті ұйымдастыру әдістеріне қойылатын педагогикалық – психологиялық талаптар: әрбір іс - әрекеттің алдына қойылған мақсаты анық, айқын белгіленіп, оның қоғамға, ұжымға пайдалы болуы және сол іске қатысатын жеке адамның өзіне де қажеттілігі, әрбір оқушының ынта – ықыласы, қабілеттілігі мен іскерлігі ескерілуі керек; мұнда оқушылардың ортақ мүдделі істі сезімталдықпен, орындауына қолайлы жағдайда орындайды. Себебі енжарлық, әрекетсіздік барлық жастағы балалардың табиғатына жат қасиет. Егер балалардың бірі салғырттық көрсетсе, оның себебін білу қажет.
Баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдық жұмысқа, еңбекке қатыстыру олардың өз еркімен, өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді. Бұл жағдай жастардың біртіндеп белсенді өмірлік позицияға көшуіне ықпал жасайды.
Сонымен әдістерді қолдану арқылы тәрбиеленушілердің еңбекке жауапкершілік, қоғамдық мінез – құлық, тәжірибесі, қарым – қатынас жасау дағдысы мен белсенді өмір позициясы қалыптасады.
Лекция 8. Тәрбиенің процесінің формалары мен құралдары.
8.1.Тәрбие формаларының жалпы сипаттамасы және олардың классификациясы. Тәрбие формасының тәрбиелік әлеуеті.
8.2. Тәрбие құралдары туралы түсінік. Тәрбие құралдарының жүйесі: іс-әрекет түрлері, микроорта, объектілер, іс-әрекетті жүзеге асыру құрылғылары.
Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек.
Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
— қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
— тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
— таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
— оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.
Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық ситуацияға байланысты жеке әдісі, тәрбие тәсілі ретінде қолданылады.
Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды.
Кейбір педагогикалық мәселені шешуде тәрбие тәсілін тәрбие әдісі ретінде қолдануға болады.
Мәселен, әңгіме – ол адамның көзқарасы мен сенімін қалыптастыру әдісінің негізгі бір құрамды бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге үйрету, жаттығу әдістерін жүзеге асырудың кейбір кезеңдерінде әңгіме методикалық тәсіл ретінде қолданылады.
Тәрбие әдісінің өз алдында жеке бір бөлігіне тәрбие құралдары жатады.
Тәрбие құралдарына әр салалы іс - әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, өнер, спорт, т.б.) сонымен қатар педагогикалық жұмысқа қажетті материалдық және рухани шығармалар, заттар жиынтығы (көрнекті құралдар, саяси, көркем және көпшілікке арналған ғылыми әдебиеттер, бейнелеу өнері, музыкалық шығармалар, көпшілік ақпарат құралдары т.б.) жатады.
Тәрбие әдісінің тиімді болуы барлық әдістердің, тәсілдердің, құралдардың, тәрбие процесін ұйымдастыру формаларының өзара байланыстылығымен анықталады. Сонымен бірге мұғалім балалардың жеке – дара типологиялық ерекшеліктері мен тәрбиелік дәрежесін және баланың қандай нақтылы педагогикалық ситуацияда болғанын ескеріп, тәрбие әдісін қолдануына тәрбиенің нәтижелі болуы тікелей байланысты.
Барлық тәрбие әдістері бірін – бірі толықтырып, ықпал етудің толық мүмкіндігін туғызуы керек.
3.Тәрбие жұмысының формасы – педагогтер мен оқушылардың белгілі бір қарым-қатынас құрылымы арқылы тәрбиелеу жұмысы мазмұнының көрінісі. Сабақтан тыс қызметі ұйымдастырудың барлық формасын төмендегідей топтарға біріктіруге болады: тәрбиелік шаралар; ұжымдық шығармашылық; тәрбиелік ойындар. Шаралар – педагогтардың немесе басқалардың тәрбиеленушілер үшін оларға тікелей тәрбиелік әсер ету мақсатында ұжымда ұйымдастыратын оқиғалары, сабақтары, жағдайлары. Шараларға тән белгі – балалардың аңдаушылық-орындаушылық позициясы және ересектердің немесе жасы үлкен балалардың ұйымдастырушылық рөлі. Педагогтің әсер ету әдісі бойынша: тікелей; жанама. Ұйымдастыру субъектісі бойынша: балаларды педагогтар, ата-аналар және басқа да ересектер ұйымдастырады; әрекет ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылады; балалар өздері ұйымдастырып, жүзеге асырады. Нәтижесі бойынша: нәтижесінде ақпараттар алмасу болады; нәтижесінде ортақ шешім қабылдау жүзеге асады; нәтижесінде қоғамдық маңызды өнім алынады. Қатысушылар саны бойынша: жеке (тәрбиеші – тәрбиеленуші); топтық (тәрбиеші – балалар тобы); бұқаралық (тәрбиеші – бірнеше топтар): Тәрбиелік әсер әдістемесі бойынша: сөз түрінде (жиналыстар, сұхбаттасулар, пікірталастар); практикалық (жорықтар, экскурсиялар); көрнекілік (тақырыптық стенділер көрмелері).
Лекция 9. Мектептің тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісі.
9.1. Сынып жетекші іс-әрекеті-мектептің тәрбие үрдісінің табыстылығының негізгі шарты.
9.2.Сынып жетекші жұмысының негізгі бағыттары.
9.3.Сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігі.
9.4.Сынып жекетшісінің тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі.
Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындағын жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы ерекше.
Мектепте жұмыс істейтін педагогтердің бәрінің атқаратын ортақ қызметі тәрбиешілік. Ал сынып жетекшісі - белгілі топтағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыратын негізгі тұлга. Оны мектеп директоры ресми түрде тағайындайды.
Сынып жетекшісінің атқаратын басты қызметі — жеке тұлға мен ұжымды қалыптастыру; сыныптағы окушылардың мінез-құлқын қалыптастыруды ұйымдастыру; сыныптағы оқушылардың өзара бірлігін қамтамасыз ету; тәлім-тәрбие үрдісін жүзеге асыра білуге ынталандыру; оқушыларға арналган ережені орындатуда тиісті құжаттарда белгіленген және басқарушылар тарапынан көрсетілген талаптарды орындатушы; оқушылардың бас жұмысына арналған құжаттарды толтырып, тәртіпке келтіруге басшы болу.
Сынып жетекшісінің міндетіне кіретін мәселелер мыналар: оқушыны тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеп білу арқылы олардың дамуына көмектесу; оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасап, баланың тәлім-тәрбиесіне кәсіби маман ретінде бағдар беру; сыныпта сабак беретін пән мұғалімдерімен тығыз байланыс жасап оқушылардың үлгерімі және тәрбие талаптарын жүзеге асыру жөнінде бірлесе қимылдап, бір мақсатта әрекеттенуге ұйтқы болу; оқушынын сабақ үлгеріміц мінез-құлқын бақылап, соған орай тиісті міндеттерді шешуге ынталы кірісу; сыныптағы оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыру т.б.
Сынып жетекшісі болу мүғалімнің кәсіби мамандығына байланысты басты міндеті, атқаратын қызметі болып табылады. Демек, тек белгілі пәнді оқытушы ғана емес, оқушыларды тәрбиелейтін тәлімгер ұстаз. Сондықтан мына мәселелерге назар аударуы талап етіледі:
1. Сыныптағы әрбір оқушының, ұжымнын өзіне тән ерекшелігі мен өзгешелігін біліп, мына жағдайларды айқындау керек: денсаулығы, педагогикалық-психологиялық жағдайы семьясы, әлеуметтік-материалдық тұрмысы, рухани даму деңгейі, дербсс ерекшелігі, бейімділігі.
2. Тәрбие міндеттерін белгілеуде сыныптағы барлық оқушылардың, топтың және жеке оқушылардың дербес ерекшеліктері мен оқу саласындағы өзгешеліктерін ескеру керек.
3. Тәрбие жұмысын жоспарлағанда ресми құжаттарды басшылыққа алып, педагогикалық міндеттерге байланысты оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстардың мазмұнын және күтілетін нәтижені де белгілеу керек.
4. Ұйымдастыру мәселесіне байланысты сыныпта өткізілетін сынып сағаты, саяхат, кештер мен кездесулер, ата-аналар жиналысы және оның тақырыптарын мүмкіндігіне қарай дәлді көрсету ескерілуге тиіс. Сынып сағатының мезгілін сабақ кестесінде көрсету - тәрбие жұмысының тиімділігіне ықпал ететіндігі ойда болғаны жөн.
5. Тәрбие жұмысының нәтижесін талдау, бағалауда қойылған міндетті орындау барысында қол жеткен табыстар және соған орай келешекте істелетін істерді белгілеп, онын нақты әдістемелерін ақылдасу арқылы жаңа міндеттерді көрсетудің мәні зор екендігі ескерілуге тиіс.
Мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғамдық-пайдалы және өндірістік еңбек, жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі формаларын енгізу (әртүрлі орталықтар, театрлар, т.б.), ұлттық салт-дәстүрлер; оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптастырады. Тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады. Басқаша айтқанда оқушылардың тәрбие жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:
- Тәрбие жүйесінің құрылымы.
- Тәртіп бойынша жүйені қалыптастыру жолдары және оның дәстүр сақтауы.
- Ұжым іс-әрекетінің мазмұны және бағыттары.
Тәрбие мақсаттары мәселесін шешпей, тәрбие басқа саладағы сияқты, мақсат пен міндеттер арқылы анықталады. Өйткені оны шешпей жүйе болмайды. Осы мәселе бойынша қазіргі күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді.
Сынып жетекшісінің жұмысында сыныптан тыс тәрбие көрініс табады. Қазіргі уақытта оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, оның қабілеттілігін дамыту бірінші орында. Бұл ретте, сынып жетекшісі – пән мұғалімдері мен ата-ананың әрбір оқушыға ықпалын үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы. Сынып жетекшісі қызметінің негізгі тармақтарына мыналарды жатқызуға болады:
1.Мектептің ертеңгілік тамағының тәртібі мен асхананың тазалық ережесін қамтамасыз ету.
2.Оқушының көзінің көруі, құлағының естуі, оныңбойын ескеріп, әрбіреуінің қабілеті мен белсенділігіне қарай оқу бөлмесіне санитарлық-гигиеналық талаптарға сай қамтамасыз ету.
3.Сыртқы киім мен аяқ киім қоятын орынның болуы.
4.Оқушыны қажетті оқулықтармен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.
5.Оқушының барлық сынып бөлмелерінің неге арналғанын оларды пайдалану ережелерінен (директор кабинетінен бастап, ойын бөлмесі мен медициналық бөлмеге дейін) түсінік беру.
6.Оқушының қоршаған заттармен жоғары мәдени деңгейде, тазалықты, әдемілік пен тәртіпті сақтай отырып пайдалана білуін үйрету.
7.Топтың пәндік іс-әрекетін ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі мына бір тұжырым ережелерді ұғынып, түсінген жағдайда ғана тәрбие міндеттерініңшешімі нәтижелі болмақ:
1. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағыттауы.
2. Тәрбие жүйелік сипатта болу.
3.Тәрбие іс-әрекетінің мақсаттарының бірлігі, оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара әрекеттестігі тәрбие жүйесінің кепілі.
Сынып жетекшісінің іс-әрекетінде басқару теориясының да маңызы бар. Педагогтің негізгі жұмысы – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, ал ұйымдастыру басқару теориясының құрамды бөлігі болып табылады. Оның заңдылықтарын білу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы тәрбие жүйесін басқаруға мүмкіндік береді. Тәрбие жүйесінің қызметіндегі маңыздысы оқушылардың іс-әрекетінің түрлерін тиімді таңдау (тәрбиелік шаралар) және оларды өткізу.
Лекция 10. : Оқушылар ұжымының дамуы және қалыптасуы.
10.1Педагогикадағы ұжым мәселесі.
10.2. Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері.
10.3.Оқушылар ұжымының даму кезеңдері.
10.4.Оқушылар ұжымын құру мен дамытудың әдістемесі.Негізгі ұғымдар: ұжым, балалар ұжымы, ұжымның даму кезеңдері, әлеуметтену.
1)Педагогика ғылымындағы «ұжым» ұғымы. Ұжым тәрбиені ұйымдастырудың маңызды формасы, әрі күшті педагогикалық құрал болып табылады. Тәрбие заңдылықтарының ішіндегі бірден бір маңыздысы адамның дамуы және қалыптасуы тек ұжымда және ұжым арқылы ғана нәтижелі болуы. Бұл заңдылықтың маңыздылығын мына екі жағдай арқылы көруге болады:
1)тәрбиенің мақсаты тұлғаны ұжымдық рухта қалыптастыру, сол арқылы жолдастық сапалары мен қырларын қалыптастыру. Бұл мақсат балалардың жақсы ұйымдасқан, рухани және әлеуметтік сау қалыптағы ұжымда тәрбиеленген жағдайында ғана жүзеге асады.
2)тәрбие тек педагогтың жеке әсерімен ғана шектелмейді, ол тұлғаның еркіндігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, оған моральдік адамгершілік, әдеби-эстетикалық, мәдениет жағынан жан жақты әсер ететін ұжымның қарым-қатынасы арқылы да жүзеге асырылады.
Сондықтан педагогикалық іс әрекет процесінде ұйымшыл әрі салауатты қалыптасқан ұжымды құру және оны тұлғаны жан жақты дамытуда тиімді қолдануымыз қажет.
Ұжым 1)латынның collektivus – жинақ – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі.
2) Вьетнам тілінен collectivus - жинақтаушы деген сөзінен - бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы. Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары. Ұжым белгілеріне адамдардың саналы түрде бірігуі, оның тұрақтылығы, анық белгіленген ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін органдардың болуы жатады.
Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді. А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Оның пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандықтан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. Ұжым дамуының негізгі заңдылығы — перспективалық бағыттарының болуы оның мәні ұжымынын дамуы тек перспектива (мақсат, іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік манызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалық бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс - әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. «Егер балалар алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А.С.Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш» - дейді. Жақын перспективаға жарыс, саяхат жексенбілік серуен, цирк, музей және көрмеге беру, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б. жатады.
Орта перспектива - бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық песпектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перпектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Педагогика ғылымында бұл мәселе XX ғасырдың бірінші жартысында өте үлкен қарқынмен зерттелді және ғылыми зерттеулердің жүргізілуін 4 кезеңге бөлуге болады:
1) 1920-40 жылдар Павел Петрович Блонский (ресей педагог психолыгы), Надежда Константиновна Крупская (ресей революционері), Станислав Теофилович Шацкий (ресей педагогы), Антон Семенович Макаренко (кеңес педагогы); Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді; ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық манызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті карым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару оргаңдарының болуы.
2) 1950-60 жылдар Василий Александрович Сухомлинский (кеңес жаңашыл педагогы), Татьяна Ефимовна Конникова (ресей педагогы);
3)1970-80 жылдар Людмила Ивановна Новикова (ресей педагогы), Куракин Александр Борисович (ресей педагогы);
4)1990-2000 жылдар Караковский Владимир Абрамович (кеңес педагогы), Селиванова Наталия Леонидовна (ресей педагогы); Ситаров В.А. және т.б.
Мектептегі ұжымдық жүйенің құрылымы - мұғалімдер коллективі, оқушылар коллективі - жеке сынып, түрлі үйірмелер бірлестігі тұрғысында топтасады. Ал педагогтің міндеті - жалпы мектептік және сыныптық ұжым қалыптастырып және оның әдістемелік жолдарын шешеді. Ұжымдық дамудың деңгейі, сипаты педагогтің қоятын талабына үйлесімді өрістейді.
2) .Балалар ұжымын қалыптастыру кезеңдері мен оның негізгі құралдары.
Оқушылар ұжымының қалыптасуы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелдігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс-әрекетінің қою барысында барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс - әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер ету мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
- ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
- ұжым іс -әрекетінің дамуы;
- жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік
қатынастардың пайда болуы;
- барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс -әрекетін ұйыдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс -әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш - қуаттын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципті қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым (сынып) іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір - біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты болымды қасиеттер пайда болады. Ұжымның барлық даму сатыларында мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болатындығында.
Ұжымды құру мен оны тәрбиелеудің әдістемесі оқушыларды бірлескен іс-әрекетке тарту болып табылады. Бірлескен іс-әрекет оларды топтастырып, еңбектену барысындағы бірлігі нығайып, ынта жігері өрістейді. Ол үшін мына мәселелерге мән беру керек: қойылатын талапты орындау оқушының қолынан келетіндігіне сенім білдіріп. жүзеге асырылатын міндетке байланысты ережелер мен онын деңгейін ұқтырып, иландыра білу басты шарт. Қазіргі оқу орындарында ұжымдық тәрбиені өркендетерлік және тұлғаның тәлімдік өнегесіне бағдар беріп басшылық жасап дербестігін дамытарлық жол жетерлік. Атап айтқанда, оқушының білім алу саласындағы еңбек түрлері, қоғамдық жұмыстар, көркемөнер, спортқа байланысты іс-әрекеттері, түрлі саладағы үйірмелер мен өнімді еңбекке барар жолдар баршылық.
Бұдан шығатын қорытынды ұжымды қалыптастырудың құралы ретіне: 1)ұжымды қалыптастырудың маңызды құралы ретіне оқушылырдың оқу және басқа да әр түрлі іс-әрекетін ұйымдастыруды
2)тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мынадай шарттарды орындау негізінде құрылу қажет: орынды талап қою; салауатты қоғамдық пікір қалыптастыру; қызықты перспективаларын ұйымдастыру; ұжымдық өмірдің жағымды дәстүрлерін құру және көбейту.
3)Тәрбиелеуші ұжым-оқушының тұлғалық әлеуметтенуінің факторы.
Оқушылар ұжымы тәрбиелеуші күш ретінде қарым-қатынастардың байлығына негізделеді. Ал қарым-қатынастар байлығы мынаған байланысты болады: ұжымның әрбір мүшесі өмірдің асыл мәні неде деп біледі; әрбір жеке адам үшін еліктеудің мұраты, үлгісі не болып табылады; моральдың намыстың, ерліктің, сұлулықтың жоғарғы шегін әркім қалай түсінеді; мұрат дегенге әркім қалай қарайды.
Айнаға қарағандай сияқты, ұжым арқылы әркiм өз кемшiлiктерiн көруге, сөйтiп, өзiнiң қолайсыз жақтарын бiлуге мүмкiндiк туады. Әрине, әр кiм өзiнiң қолайсыз жағын бiле алуы дербес мақсат деуге болмайды, бұл оған өзiн-өзi тәрбиелеу үшiн ғана қажет. Сонымен қатар ұжымның пiкiрi арқылы оқушы өзiнiң қолайсыз жағын бiлiп, iсiнiң қандай кемiстiгi бар екенiн түсiнген жағдайда да, ол өзiнiң қолайсыз әдеттерiн бiрден жойып, жөнделiп кете алуы тәрбие жұмысының қалай қойылуына және баланың өз еркiн меңгере алуына байланысты iске асырылады. Сабақ үстінде оқушылар арасында ұдайы белгілі бір іскерлік және адамгершілік қарым - қатынастар туып жатады. Оқушылар сынып алдына қойылған бәріне ортақ міндеттерді шешкенде өзара араласады, бір — біріне ыкпал етеді.
Ұжымның идеялық негізі оның әрбір мүшесінің жастан бастап-ақ адамның өзін-өзі көретін, өзінің мінез-құлқын бағалайтын, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі орнықтыруға бағытталған ақыл-ойында, күйініш-сүйінішінде, іс-қылығында өз-өзіне деген көзқарасын ашатын айнаға айналуы керек. Әрбір жеке адамның өзіне деген белсенді көзқарасы, өзінің азаматтық мәнін дұрыс көрсетіп, бағалай білуін біз коллективтің тәрбиелеуші күшінің ең басты өлшемі деп қараймыз. Бұл мақсатқа жету — тәрбиешінің нағыз шеберлігінің куәсі.
Ұжым адамға не береді:
1.Тұлғаның қарым-қатынасқа және өзін-өзі бекітуге деген сұранысын қанағаттандырады;
2.Оның өмірлік іс-әрекетінің саласы болып есептеледі (адам басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы үнемі әр түрлі өзара әрекеттестікте, өзара қарым-қатынаста, белгілі бір ортада болады);
3.Бай эмоционалдақ тәжірибе береді;
4.Оның болашақ өміріне қажет мінез-құлық тәжірибесін, әлеуметтік құндылық береді;
5.Басқалармен қарым-қатынас және өзара әрекеттесу арқылы өзін, өзінің қадір-қасиеті мен проблемаларын тануға жағдай жасайды;
6.Өзінің күшіне, қабілеті мен қызығушылығына сай келетінін таңдау арқылы өзінің даралығын танытуға, өзін өзі анықтауға мүмкіндік береді.
Лекция 11. Тақырыбы: Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны. Тұлғаның базалық мәдениетін тәрбиелеу.
11.1.Жеке тұлғаның негізгі мәдениетін қалыптастыру жүйесіндегі азаматтық тәрбие.
11.2.Жеке тұлғаның адамгершілік мәдениетінің негіздерін қалыптастыру.
11.3.Мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағдары.
11.4.Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
11.5.Жеке тұлғаның дене мәдениетін(дене тәрбиесі, салауатты өмір салты) тәрбиелеу.
11.6.Оқушы тәрбиелілігінің диагностикасы.
Қазақстандық ұлтжандылық. Аталған сапаның қалыптасуы білім алушылардың Отанын жақсы көрумен, оның табыстары мен жетістіктеріне риза болумен, көрнекті тарихи тұлғалардың атақ-даңқтарымен, өз ауылына, қаласына, өңіріне, оның мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, елдің тарихына құрметпен қарауға, оның өркендеуі мен әл-ауқатының жақсаруына байланысты еңбек етуге, конституциялық міндеттерді орындауға, қоғамның әлеуметтік жауапты мүшесі
болуға тиіс.
Бәсекеге қабілеттілік. Білім алушылардың бұл қасиеті қазіргі заманғы жағдайда интеллектуалдық даму қажеттілігін сезіну, бәсекеге қабілеттілік, креативті және ұлттық өзіндік санасы мен сыни ойлауы жоғары деңгейде дамыған дені сау тұлға ретінде көрінген, өзін-өзі жетілдіруде, өзін-өзі дамытуда, өзіндік сенімі бар талаптары анық көрініс тапқан, үш және одан да көп тілді меңгерген, тіл табысқыш, топпен жұмыс жасай алатын, жаңа білімдерді меңгеруге дайын, оларды сыни ойлай алатын, компьютерлік және цифрлық сауаттылық үшін қандайда бір мәселе туындаған жағдайда, қалыпты емес жағдайларда жаңадан меңгерген білімдерін (функционалдық сауаттылық) тиімді қолдана алатын көшбасшылық қасиетке ие, өзіндік күшін жетілдіруді шебер қолдана алатын тұлға.
Прагматизм. Прагматизмді тұлғаның қасиеті ретінде тәрбиелеу, білім алушылардың дайындығымен, олардың қабілетімен және білімімен: нақты мақсаттардың жетістіктеріне, білімге, сауатты өмір салтына қарай шынайы өмір сүруге; мүмкіндігіне қарай өз өмірін басқаруға; практикалық пайдалы нәтижелер алуда өмірге деген өз әркеттері мен көзқарастарының жүйесін құру; өз уақытын жоспарлау; практикалық қызмет барысында нәтижелер алу (мақсат нақты, сенімді нәтижеге құрылуы керек) байланысы болуы керек.
Ұлттық сәйкестік. Ұлттық ерекшеліктің қалыптасуы білім алушылардың халықтың тарихын, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, мемлекет ретінде қазақ тілін ұлттық сәйкестіктің негізгі элементі – ұлттың мәдени коды ретінде («егер халық өз мәдениетін жоғалтса, халық жойылады»), ұлттық сананың базалық элементі ретінде, рухани қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының бірлік пен тұтас Қазақстан халқының ұрпақ («Қазақстан – ортақ үйіміз») жалғастығының сабақтастығы ретінде; төзімділік пен гуманизм
негізінде бірге тұратын барлық халықтар мен ұлттардың тілін, тарихын, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және ұлттық мәдениетін құрметтеуге барлық қазақстандықтардың қабілеті мен дайындығы; түрлі мәдени мұраны іздеу мақсатында этникааралық, конфессияаралық және мәдениетаралық диалогқа дайын болу, қазақ жерінде бейбітшілікті, тыныштықты және зорлықзомбылықтан сақтайтын жалпы адами құндылықтарды (өмір, еркіндік, бейбітшілік, ар-ұждан, сенім, махаббат, бақыт, денсаулық) сақтау қабілеті мен қажеттілігін меңгерумен байланысты.
Білімнің салтанат құруы. Білім алушылардың бойында аталған қажеттілікті дамытуға байланысты (білімнің басымдығы, таным мәдениеті) рухани өзін-өзі жетілдіруге тұрақты жеңуге тартатын материалдық жетістікке қол жеткізуде қоғамдық мораль негізінде терең түсіну жатқан рухани өзіндік дамытуға қабілетті және дайын болуы керек.
Эволюциялық және сананың ашықтығы. Білім алушылардың бойында аталған қабілеттерді жаңа технологиялық сананың өзгерістерді дамыту дайындығымен көрінуі керек; прогреспен қатар қадам басып, оның негізгі бағыттарын ұстану, басқа мемлекеттердің озық тәжірибесін меңгеру үшін ең жақсы жетістіктерді қабылдау; басқа елдермен диалогқа қатысу, басқа елдерден үйрену; олардың «өмірлік әлемінің», «өрісін» кеңейту және олардың шығармашылық күштерін қолдану нысандарына барынша қолдау жасау.
Салауатты өмір салты - әрбір қазақстандық үшін денсаулық - ең жоғары құндылық. Ол міндетті түрде спортпен, дұрыс тамақтанумен, зиянды әдеттерден бас тартумен, оң эмоцияларды көбейтумен, әлемге оң көзқараспен, қозғалыс белсенділігін артуымен байланысты.
Лекция 13-14. Оқыту үдерісінің маңызы.
13.1.Педагогика тарихында дидактикалық теориялардың дамуы.
13.2. Оқыту үрдісінің мәні оның әдіснамалық негіздері.
13.3. Оқытудың мақсат, міндеттері, заңдылықтары мен қағидалары.
14.1.Оқыту үрдісінің құрылымы және негізгі кезеңдері.
14.2.Оқытудың психологиялық негіздері және психологиялық теорияларға талдау.
14.3.Дидактикалық құзыреттілік –мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігінің құрылымдық компоненті.
Негізгі ұғымдар: дидактика, оқыту үдерісі, оқыту заңдылықтары, оқыту қағидалары т.б.
Жалпы педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері — барлық пәндерге ортақ және оның деңгейіне үйлесімді тәсілдері мен жолдары және оқытудың мақсатына қарай нені оқыту мен қалай оқытудың теориялық негіздері болып табылады. Сондай-ақ жалпы педагогика жеке пәндерді оқыту мен білім беру әдістерін қоса қамтып, яғни бастауыш мектеп, орта оқу орындары мен жоғары мектептерде білім беру жолдарын бірлікте зерттейді. Жинақтай айтқанда, жалпы педагогика жеке пәндерді оқытудың теориялық негіздерін білгізумен қатар, сол жүйеде жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйеніп нақты тұжырымдық қорытынды жасайды. Дидактиканың негізгі міндеті мынау: біріншіден, оқыту үрдісін (процесін) түсіндіру, сипаттау және оны меңгеру мен жүзеге асыру жолдарын көрсету, екіншіден, оқыту үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын, амал-тәсілдерін, ең жаңа жетілген технологиялық жүйелерді білгізу.
Педагогика пәнін терең түсіну үшін оның дидактикалық категорияларын ұғыну керек. Ал дидактикалық категорияның бастау бұлағы — педагогикалық жүйе болып табылады. Сонда дидактикалық категорияның негізін айқындайтын құрылымы мынау: білім беру, оқыту, мақсаты, мазмұны, міндеттері, дидактикалық үрдіс (процесс), әдістемелері, құралы, оқыту формасы, окытудың заңдылықтары, принциптері және оқытудың нәтижесі.
Оқыту процесі педагогикалық-психологиялық тұжырымдамаларға негізделеді де содан бастау алады, сондықтан да қазіргі кезеңде дидактикалық жүйе немесе оқыту моделі деп аталады. Мұндағы басты ерекшелік оқытудың принциптерін, мақсатын, мазмұнын, оқыту құралдарын сипаттау. Дидактика саласында алуан түрлі жүйелер болған, оны саралай келгенде үш топқа топтастырған орынды: 1. Дәстүрлі жүйе. 2. Педоцентристік жүйе. 3. Қазіргі дидактикалық жүйе. Бұл жүйелердің әрқайсысының ұстаған бағыт-бағдары бар және теориялық ұстанымы оны өмірге әкелген ғалымдардың көзқарасына, көрсеткен жол-жобасына байланысты. Сонымен қатар оқыту үрдісі дидактикалық тұжырымдамадан туындайтын, содан бастау алатын және жүзеге асатын құбылыс. Топтастырылған жүйенің әрқайсысына тән басты сипаттары мыналар:

  1. Дәстүрлік жүйеде оқыту, білім беруде мүғалімнің әрекеті шешуші роль атқарады. Дидактикалық бұл тұжырымдама педагогика тарихына Я.Коменский, И.Песталоцци және И.Гербарт арқылы өріс алды.

  2. Педоцентристік жүйеде оқып, білім беруде мұғалімнің жетекшілік назары шәкірттің іс-әрекетіне бағдарланады. Бұл жүйе негізінен Д.Дьюиден басталып, еңбек мектептері саласында Г.Кершенштейнер арқылы, ал XX ғасырдың алғашқы кезеңіндегі мектеп реформасына байланысты В.Лаяның педагогикалық теориясы бойынша өркендеді.

  3. Қазіргі дидактикалық жүйе — оқыту мен білімді меңгеру бірлікте қарастырылады. Демек, оқыту үрдісіндегі екі жакты іс-әрекеттің бір арнадан тоғысуы дидактикалық пәндік негізіне саналады. Ал қазіргі дидактикалық тұжырымдамада бірнеше бағдар бар. Олар мыналар: программалап оқыту, проблемалық оқыту, дамыта оқыту — бұл жүйенің бастаушылары П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов т.б. когнитивтік психология (Дж. Брунер); Кеңестік жүйеде 80 жылдары етек алған ынтымақтастық педагогикасы мен педагогикалық технология.

Дидактикалық дәстүрлі жүйе. Еуропа елдерінде бұл жүйе неміс ғалымы И.Ф.Гербарттың идеяларынан бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Гербарттың ұстанған жолы – оқытудағы басты мақсат – тұлғаны қалыптастыратындай теориялық білім, білік беріп, ұғым түсінігін дамыту. Сонымен бірге, ол оқыта отырып тәрбиелеу принципін енгізді. Демек, оқытуды ұйымдастырудағы негізгі бағдар тұлғаны қалыптастыру болса, әрбір оқушы адамгершілік жағынан жетіліп шығады деген ойды қуаттады. Оқыту процесінде Гербарт мынадай басқыштық жүйе қолданды: тиісті материалды оқушыға түсіндіру, ұғындыру, тұжырымдау, іс-әрекетке келтіру.
Оқыту принципі қабылданған дидактикалық тұжырымдамаларға байланысты. Қазіргі егемендік алған қазақ еліндегі дидактиканың принциптік жүйесі бұрыннан белгілі классикалық негізге құрылған және оның ғылыми теориялық, практикалық дамуы әлемдік педагогикалық таным-түсінік зандылықтарымен сабақтас. Оның негізгі таралым-тармақтары мынау:
Оқыта отырып тәрбиелеу принципі;
Оқытудағы ғылымилық принципі;
Теория мен практиканың байланыстылығы;
Жүйелілік пен бірізділік, тиімділік;
Шамаға лайықтылық, түсініктілік;
Көрнекілік;
Саналылық, беріктік, белсенділік;
Педагогикалық үрдістегі бағыт-бағдар сәйкестігі. Оқыту принциптері ілкі тарауда көрсетілген және осы саладағы оқулықтар мен оқу құралдарында жан-жақты сипатталған. Сондай-ақ бір орталыққа бағынған кеңестік кезеңдегі оқытып білім берудің бірыңғай жүйесі бойынша жазылған педагогикалық еңбектер мен ғылыми зерттеулерде оқыту принциптерінің қағидалары мен заңдары және оның бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтары әрбір саладан ашылған. Уақыт кеңістігін көктей өтіп бізге жеткен білім берудегі байырғы қағидалар мен теориялардың және үздік тәжірибелердің өміршең тұжырымдамаларын бүгінгі талапқа сәйкестілерін пайдалану басты міндеттің бірі. Өйткені педагогика ғылымы дәстүрдің озығын өнеге етіп, жаңаның өміршең қағидаларын бойға сіңіру арқылы өрістейтіндігімен қатар бұл әрбір тұлғатіршілік тынысынан көрініс табатын құбылыс. Оқыту тәрбиемен іштесіп жатқан бірлігі тұлғаны дамытудьщ басты принципі болғандықтан онын кейбір саласына шолу жасап көрейік.
Оқытудың тәрбиелік қызметі ілгері тарауда сөз етілгендей оқыту тек білімдік түсінік пен мағлұматтарды қабылдау ға, емес, тұлғаны тәрбиелейтін принцип. Халық даналығымен айтқанда: Білімсіз – тәрбие жоқ, тәрбиесіз - білім жоқ. Егіздің сыңарындай бірлікте дамиды. Сондықтан оқыта отырып тәрбиелеу педагогика саласындағы басты принципке саналады.
Оқытудағы ғылымилық принцип оқушыға берілетің білімнің мазмұны ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сәйкес деректерді, теорияны, заңдарды қамтырлықтай болуын талап етеді. Бұл принцип оқу бағдарламасында, оқулықтарда және оқылатын басқа материалдарда да көрініс табатын болса, оқыту барысында оларға ғылыми әдістеме мен ғылыми зерттеудің қарапайым жолдарын да білгізу керек.
Оқытуда теорияның тәжірибемен байланыстылық принципі -оқушының оқу үрдісінде меңгерген білімін тәжірибедегі міндеттерді шешуге ынталандыруға тиіс. Сонымен қатар өзін қоршаған шындықка талдау жасап, оған жаңалықтар кіргізіп өзгертуге және алған білімін өмірде қолдануға бейімдеп, өзіндік көзқарас қалыптастыру керек. Ол үшін оқушыны қоғамдық орындармен, өндірістермен таныстырып, нақты өмірден көрген мысалдары мен ситуацияларға талдау жасау басшылыққа алынады.
Оқытудағы жүйелілік пен бірізділік принципі - берілетін білімнің белгілі жүйеге құрылып, оқу үрдісінде меңгерілетін білімнің логикалық жағынан бірізділік тәртібін сақтау ғалап етіледі.
Лекция 15. Тақырыбы: Оқыту құралдары:ұғымы, қызметтері және жіктелуі.
15.1.Оқыту құралдары туралы ұғым және олардың мәні.
15.2. Оқыту құралдарының қызметтері.
15.3.Оқыту құралдарын қолдану принциптері.
15.4. Оқыту құралдарының жіктелуі.
Жалпы білім беретін мектептерде оқу – тәрбие жұмысының табысты өтуі, материалдық-техникалық базасына тығыз байланысты. Олардың қатарына оқу кабинеттерін, лабораториялардыжәне полигондарды жатқызады. Сондықтан да олардың құрамындағы жабдықтарды оқу жабдықтары деп атаймыз. Дегенмен, осы кезге дейін бұл трминнің пайдаланылуы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Кейбір кезде оқу жабдықтарына мебельдерді, көрнекі оқу құралдарын, лаборатория жабдықтарын жатқызса, ал кейбір жағдайда «оқу жабдықтарыә» деген терминмен «оқу құралдары» терминнің синоним ретінде қарастырылады.
Көпшілік зерттеушілер кейінгі кезде оқу жабдықтарына оқыту құралдарынан бөлек, техникалық оқыту құралдарын, мебельді және ұрылғыларды жазып жүр. Сондықтан да оқу жабдықтары – оқушылардың оқу процесіндегі іс-әрекетіне көмеектесетін, мұғалімнің кейбір жұмыстарын жеңілдететін материялдық құралдар десек те болады.
Оқыту құралдары: кейінгі жылдары педагогикалық әдебеттерде «көрнекі оқу құралдары» терминінің орнына «оқыту құралдары» термині қолданылып жүр. Себебі «көрнекі оқу құралдары» деген түсінік оқу процесіндегі құралдардың барлық тізбесін анықтай алмайды, ал көрнекілік болса олардың жалғыз ғана қасиеті емес. Олардың көрнекіліктен де бөлек эргономикалық, дидактикалық бағыттарын т.с.с. айтуға болады. Былайша айтқанда олардың мүмкіндіктері өсіп, көрнекілік аясы өрістеп отыр. Сонымен оқыту құралдарына мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) сабақ барысында информация беруін, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруын сабақ барысында тексеру жұмыстарын жүргізе алатын оқу жабдықтарын жатқызамыз. Қолданылып жұрген оқыту құралдарының информация беру мүмкіндігі бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады.
Баспасөз әдісімен жасалған - оқулықтар, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинағы, нұсқаулар, нұсқау технологиялық картталар плакаттар карточкалар, оқыту программалары.
Экранды құралдар – диапоизтивтер дияфильмдер транспоранттар кинофильмдер бейнежазбалар, телехабарлар.
Дыбысты құралдар – грамжазбалар радиохабарлар магнит лентадағы жазбалар.
Көлемді құралдар – нақты обьектілер модельдер макеттар, муляждар және тенажерлар.
Кебір жағдайда экранды оқыту құралдарын дыбыстылар қатарына да жатқызуға болады ( дыбысты кинофильм не телехабар, дыбысталған дияфильм)
Оқыту құралдарының негізгі қолданылған мақсаты әрине, оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру, себебі сабақ барысында ғана оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты керекті білімділікті шеберлікті, дағдыны қалыптастыруға болады. Мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) әрбір оқыту құралының дидактикалық мүмкіндіктерін білуіне байланысты оқу процесінің маңызы да арта түспек. Шынында да кез келген оқыту құралының дидактикалық мүмкіндігі оның оқу тәрбие жұмысындағы рөлін анықтайды.
Оқушылардың іс-әрекетін басқара отырып мұғалім сабақты түсіндіруді олардың өздігінше жұмыс ұйымдастыруды ұғыну үрдісін тексеруді қолға алады. Мұндай жағдайда оқыту құралдары үлкен көмекші.
Сабақты түсіндіру барысында оқушылардың танмдық іс-әрекеттерін бақылап отыру қиын, дегенмен оны әртүрлі тапсырмалардың көмегімен шешуге болады. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін олардың тапсырманы орындау барысында бақылап отырады. Жіберілген қателіктер тез арада түзетіледі, ал мұғалім болса өз жұмысына да оқушылар іс-әрекетіне де түзету еңгізе алады. Бұл жағдайда оқыту құралының маңызы зор.
Оқушылардың өздігінше жұмыс жасауы жекелей немесе тобымен жүргізілуі мүмкін, сондықтан да сабақ барысында оқыту құралдарының маңызы да арта түспек. Мұндай жағдайда оқушылар өздерінің оқу барысындағы іс- әрекетін бақылап, қателік жіберсе түзету ееңгізе алады. Әр оқытушының қабілетіне байланысты білетін тапсырмалардың да мүмкіншілігін дұрыс ұйымдастырған жөн. Былайша айтқанда оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастыруда оқыту құралдарының көмегі аса үлкен орын алады. Мысалы, карточкалар, темттер, оқулықтар, есептер мен жаттығулар жинағы, оқыту программалары.
Оқыту құралдарын жасау қолданудағы негізгі мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру дедік. Сондықтан да оларды осы мақсатта пайдалану барысында басқаша да топтастыруға болады. Олар үш топқа бөлінеді.
Сабақ түсіндіру барысында ақпарат беру;
Оқушылардың өзідік жұмысын ұйымдастыру;
Сабақ барысын тексеру және басқару;
Оқу-іс-әркетіндегі пайдаланылатын формасына байланысты оқыту құралдарын басқа да
Мысалы, жаңа информациялық технология құралдарының кеңінен қолданылуы - дәстұрлі сабақтың аясында тұрып қалмай, оқушылардың өзіндік қызметінің тұрлі формаларын (жеке, топтық) жан-жақты қарастыратын зерттеу, жобалау және проблемалық әдістерді тәжірибе жұзінде кеңінен қолдануға міндетті тұрде алып келеді.
Сонымен қатар білім берудің мақсаты да, оның мазмұны да белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Дәлірек айтсақ, жаңа құралдар мен техникалық жаңалыктардың туындауына байланысты ғана оқу бағдарламаларына оқушылардың бұрынғы кездерде танысып-білуге мұмкіндік ала алмаған ғылым салаларының материалдары батыл түрде енгізілуде. Ал бұгінгі танда оқушылар жаңа техниканың аркасында білім алудың жаңа әдістері мен технологиясын меңгере отырып, өздерінің шығармашылық потенциалының көзін ашуға, табиғи қасиеттері мен қабілеттерін одан әрі дамытуға толық мұмкіндік алып отыр.
Сонымен, дидактиканың категориялық аппаратында материалдық кұралдар (еңбек құралдары) білім берудің мақсатымен, әдістерімен, ұйымдық формаларымен қоса өзіндік статусқа ие болды.
Сонымен қатар оқутәрбие қызметінің құралы ретіндегі оқу құралдарының рөлі қоғамдық өмірдің барлық салаларының техникаландырылуына байланысты одан әрі арта түсуде.
Оқыту құралдарын жасау мен қолдану мәселесін көтерген ғылыми-зерттеу жұмыстарында оны жіктеудің (классификациялаудың) екі әдісі қамтылған: педагогикалық және инженерлік әдістер. Педагогикалық әдіс оқу процесінде тұрлі дидактикалық әдістерді жұзеге асыруға негізделген. Осы орайда, ең бірінші кезекте оқушылардың білім алу мен танымдық қызметінің сан алуан тұрлерін ұйымдастыруға, оқытушының оқу-тәрбие, мотивациялық және бақылаушылық және т.б. қызметтерін жұзеге асыруына ерекше мән беріліп отырады. Ал инженерлік әдіс болса оқу құралдарының конструкторлық-технологиялық өзгерістерін, өндіріс тәсіліне байланысты оларды топқа бөлуді, оқушылардың білім алуына жағымды әсер ету жолдарын, эргономикалық мінездемелерді және т.б. үнемі ескеріп отырады. Дидактикалық тұрғыдан алып қарастырғанда, біздің ойымызша, оқу құралдарын жіктеудің С.Г.Шаповаленко ұсынған жобасы көңілге қонымды сияқты.
1.Табиғи обьектілер нақты зерттепбілу мақсатында объективтік шындықтың заттарын қамтиды. Олар: тұрлі материалдардың, шикізаттардың, кұралдардың, бөлшектердің, өсімдіктердің, гербарийлердің, жануарлардың, тұлыптардың (чучело), микропрепараттардың, реактивтердің және т.б. үлгілері мен коллекциялары. Оқу кұралдарының бұл тобына табиғи көрнекі кұралдар, өндірістік-оқу, демонстрациялык, зертханалық кұралдармен қоса оқушылардың кәсіби тәжірибелері мен шеберліктері шындалатын өндірістік-оқу құрал-жабдықтарын да жатқызуға болады.
2. Материалдық объектілерді суреттеу мен бейнелеу тобына жататындар: ұлгілер, муляждар (бедерлер), макеттер (ұлгілер), кестелер, иллюстрациялық материалдар (фотосуреттер, суреттер, портреттер), экрандық-дыбыс құралдары (диафильмдер, диапозитивтер (слайдтар) сериялары, кинофильмдер, транспаранттар, дыбыс және видео жазбалары, күй табактары, радио және теледидар хабарлары).
Мысалы, үлгілер:
1) түпнүсқаны ауыстыру тәсілі бойынша - материалдық және идеалдық (саналық, белгілік және рәміздік);
2) объектінің ішкі құрылымы бойынша (құрылымдық, функционалдық және аралас);
3) функционалдық қызметі бойынша (демонстрациялық, таратушылық);
4) затты бейнелеу тәсілі бойынша (динамикалық, көлемдік, аралас, статикалық, жазыктық).
3. Заттарды және объективтік шындықтың құбылыстарын шартты құралдармен (сөз, белгі, графика) көрсететін оқу құралдары тестік кестелерді, схемаларды, графикаларды, диаграммаларды, жоспарларды, карталарды, оқу кітаптарын: оқулықтар мен оқу құралдарын, есептер жинақтарын, өзіндік жұмысқа арналған нұскауларды, дидактикалық материалдарды және т.б. қамтиды.
Бұл классификация (жіктеу) - факторларды жіктеу теориясындағы «даму факторы» сияқты ең маңызды факторды ескере отырып жасалған. Сондыктан да ол оқу кұралдарының мүлде жаңа тұрлерінің пайда болуына байланысты туындайтын классификациялық белгілерді бөліп алып қарастыруға мұмкіндік бере алады. Осы жіктеу жайындағы ғылыми тұжырымдар жарияланғаннан кейін біраз уақыт өткізіп пайда болса да видео жазбалары, электрондық есептеу техникасы, тренажерлар сиякты неше тұрлі оқу кұралдары білім беру жұйесінде өзіне лайықты орнын таба білді.
Оқыту құралдарының дидактикалық қызметтерінің әр-тұрлі болып келетіндігіне қарамастан, олар ортақ қызметтер атқарады. Атап айтқанда:
- оқушылар қабылдаған хабарларды ұғынып тұсінуді, тұсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын көрнекілік қызмет;
- хабарлау қызметі, өйткені оқу құралдары білімнің нақты көздерінің бірі болып саналады, яғни белгілі бір хабарларды жеткізушінің рөлін де аткара береді;
- орнын толтырушылық қызмет оқу процесін жеңілдетеді, көздеген мақсатқа көп күш, денсаулық, уақыт жұмсамай жетуге бағытталған;
- бейімделушілік қызмет оқу процесіндегі қолайлы жағдайлар туғызуға, демонстрацияларды, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұғымдар мазмұнының бірдей болуына, білімнің бір қалыпты сабақтастығына бағдар алған;
- интеративтік қызмет белгілі бір объектіні немесе кұбылысты тұтастай да және оның бір бөлшегі ретінде қарастыруға мұмкіндік береді. Бұл қызмет (функция) оқу құралдарын комплексті тұрде қолдану мен жаңа информациялық технологияның құралдарын қолдану арқылы жұзеге асырылады.
Табиғи объектілер. Табиғи объектілерге, әдетте оқушылар таратылған материалдар немесе көрсету арқылы таныстырылатын табиғаттың сан-салалы жанды және жансыз объектілерін жатқызады.
Көрнекілік - компоненттер ретінде жанды объектілерді қамтитын табиғи объектілерді таңдаудағы немесе көрнекіліктің әр тұрлерін жобалаудағы басты талаптардың қатарына жатады.
Көрнекі құралдар ретінде пайдаланудағы ең бірінші кезектегі табиғи объектілер болып табылатын нәрсе, ол — құрал-жабдықтар және оның бөлшектері. Ал оларды арнайы дайындайды және өңдеуден өткізеді: кесіп, қиылады, жекелеген бөлшектерді арнайы бояулармен бояйды, қапқаларына, сыртқы жақтарына (корпустарына), қаптарына көрінетін арнайы терезелер ойылады, ішкі қуыстарына жарық тұсіріледі, белгі беретін шамдар (лампочкалар) орнатылады және т.б.
Оқу үлгілері, муляждары (бедерлері), макеттері. Үлгілер - табиғи объектілерді жасанды түрде қабылдап және оның құрылымын, өзіндік қасиеттерін, байланыстарын және т.б. бере алатын көрнекілік-оқу бейнелеу құралдары болып саналады. Бұл арада атап өтетін бір жайт, нақты объектіні бейнелеп беруде шарттылыққа (ұлкен және кіші әлем) да жол беріліп отырады: оның көлемін ұлкейту немесе кішірейту, объектілердің құрылымын берудегі схематизация, олардың тұстерінің шартты тұрде алынуы және т.б.
Ұлгілердің ең типтісі және көп таралғаны материалдык, (заттық) үлгілер болып есептелінеді. Олар көлемдік және жазықтық болып екіге бөлінеді. Олардың арасындағы аралық жағдайды рельефтік кестелер алады.
Көлемдік ұлгілер жиналатын (кескіш, жонғыш, атомдардың өзекті жиынтығы, (түтік) муфта), статикалық (таңба салатын құралдар комплектісі) және динамикалық (су тартатын аспап (насос), іштен жанатын двигательдің ұлгісі) болып бірнеше түрге бөлінеді.
Муляждар (макеттер) деп табиғи объектілерді өздеріне өте ұқсас етіп көрсететін көрнекілік құралдарды атаймыз. Муляждар мен макеттерді жасаған кезде нақты объектілер нақты бейнеленеді, яғни шартылыққа жол берілмейді. Дәлірек айтқанда олардың көлемі, тұсі, формасы және құрылымы өте дәлдікпен берілуі қажет.
Муляждар мен макеттер бізді қоршаған ортаның кұбылыстары мен заттарының сыртқы қасиеттері мен өзіндік белгілерін жан-жақты зерттеп білу мақсатында қолданыс табады. Үлгілер зерттелетін объектілердің ішкі құрылысын және олардың іс-әрекеттерінің принциптерін, одан қалды машина мен механизмдердің кинематикасьн және т.б. зерттеп білуге мұмкіндік береді.
Үлгілердің құрамы, оларды жасаудың ерекшеліктері, көрнекілік сипаты, үлгісі жасалынатын объектінің немесе оның жекелеген жақтарының өздеріне ғана тән ерекшеліктеріне тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, жанды және жансыз объектілер заттарының құрылымы, зерттелетін аппараттардың, механизмдердің, электротехникалық бұйымдардың, құрал-жабдықтардың, технологиялық байланыстардың жұмыс істеу принципі, зерттелетін объектідегі компоненттердің өзара байланыстарының ерекшеліктері, информациялық қабылдау кұралдары және т.б. оқу кезінде үлгілердің сан алуан түрлері арқылы берілуі мүмкін.
Оқу кестелері (плакат, схема, диаграмма, графика және т.б.). Бұлардың барлығы да білім берудің жазықтықтық сипаттағы материалдық құралдары болып саналады. Олар зерттелетін объектілер және құбылыстар жайында, дәлірек айтқанда олардың құрылымы, өзіндік қасиеттері, белгілі бір ұғымдарды, дағдыларды, тәжірибені калыптастыруға қажетті түрлі операциялар мен іс-әрекеттерді орындау кезіндегі қолданатын әдістері мен тәсілдері жайындағы толып жатқан ғылыми мәліметтерді нақты көрнекілік тұрғыдан бере алады.
Қажетті хабарларды беруге байланысты кестелерді бірнеше түрге бөледі: түрлі табиғи объектілер мен құбылыстарды бейнелейтін (суреттер, фотосуреттер) және олардың өзара ұйлесімділігін бейнелейтін (плакаттар) объектілік-композициялық; графикалық (чертеждар, графикалар, диаграммалар, схемалар және т.б.); белгілер, формулалар, әріптер, жасанды және табиғи тілдердің сөздері арқылы берілетін белгілік (рәміздік).
Кәсіби білім берудің тәжірибесінде кестелердің ең көп тараған тұрі - плакаттар болып табылады. Олар кей жағдайларда (жаппай мамандықтарға оқыту кездерінде) бір орталықтан шығарылады. Алайда плакаттарды мұғалімдер мен өндірістік оқу шеберлерінің өздері немесе олардың басшылығымен оқу орнының өзінде де дайындап, жасайтын кездер аз болмайды. Ал мұндай оқу плакаттарының мазмұнын жасау мен оларды дайындау барысында төмендегі талаптар ескеріліп отырады:
плакаттың мазмұны оның атауында көрсетілген тақырыптарға сәйкес, ал мазмұны мұмкіндігінше түсінікті және көрнекілік жағы басымдау болуы керек; плакатка салынған бейнелерді оқушылар оқу бөлмесінің кез келген жерінен көре алатындай ұлкен болуы керек;
иллюстрациялардың (бейнелердің) объектілері плакаттарда өздерінің табиғи қалыптарында бейнеленулері қажет;
плакатгардағы бейнелерді жасаған кезде олардың бөліктерінің көлемдік сәйкестіктерін дәл сақтауға тырысып отыру керек (әсіресе, бұл талап мәнді бөлшектерге байланысты болып келген сәттерде);
бейнелердің ең мәнді бөлшектерін бояу арқылы бөліп көрсетуге де болады. Мұндай жағдайда тым ашық бояуларды қолдануға болмайды;
іс-әрекеттердің принципін немесе объектілер мен иллюстрациялардың конструкциясын ашып көрсететін элементтер мен сол бейненің бөлшектерін ашық тұске, ал қалғандарын ашық емес түстерге де бояған дұрыс болады;
плакаттардағы жазулар ірі, анық жазулар арқылы берілуі керек: плакатты текстермен (әсіресе, ұсақ әріппен жазылған) толтыра бермеу керек;
плакаттың мазмұнын анықтаған кезде оған салынатын суреттердің санын мұмкіндігінше 3-4-тен асырмаған жөн;
ал егер ұсақ бөлшектер өте маңызды болатындай жағдай туындаса, оларды ұлкейтіп қосымша көрсетуге де болады;
плакатқа соншалықты көп бейнелерді орналастыру қажет бола қалатындай болса, оларды оқытылу ретімен орналастыру қажет.
Оку құралдарының экрандық және экрандық-дыбыстық құралдары.
Оқу кестелерінен кейінгі білім беру тәжірибесінде кеңінен қолданылатын оқу құралдарының бірі - экрандық және экрандық-дыбыстық құралдардың әр түрлері болып есептелінеді
Оқудың экрандық және экрандық-дыбыстық жұйесін қалыптаскан дәстүр бойынша оқу пәндері мен пәнаралық курстар шеңберінде жасайды. Оларды жасауға байланысты қойылатын бастапқы талаптар, ең бірінші кезекте, бір жағынан сол пәннің өзіндік ерекшеліктерінен, ал екінші жағынан белгілі бір оқу сәттерінде туындайтын аудиовизуальдық көрнекіліктің табиғи қасиеттерінің ерекшеліктерінен келіп туындайтын біздің назарымыздағы көрнекілік тобының тақырыптық жұйесін айкындап береді.
Диафильмдер. Бұл да статикалық оқу құралдарының қатарына жатады. Бұл оқу құралында бейнеленетін материалдардың автордың әдістемелік идеяларына байланысты көрсетілетін кадрлардың өзіндік ретін қарастыратын өзіндік құрылымы болады. Диафильмдер өте әсерлі экрандық құрал болып табылады.
Олар фото әдісімен жасалынады. Жарық өткізгіш лента бетіне түсіріліп, әр кадры бірінен соң бірі жалғасып мөлшері қара - ақ және тұсті диафильмдер 35 мм - лік кинофотопленкасына шығарылады. Диафильмнің негізгі кадрының мөлшері 18X24 мм, қосымшасының (өз бетімен жасалынатын) - 24X36 мм. Олардың бағасы арзан, сондықтан да өзіндік диафильмдер кітапханасын (диатекасын) жасау әр мектептің, орта кәсіптік-техникалық мектептің қолынан келеді.
Кадрда қажетті информация тексінің толық жазылатыны диафильімдердің кемшілігі болып табылады. Жазулар көбінесе кадрдың едәуір жерін алып жатыр, оларды оқу біршама қиын. Егер мұғалім (өндірістік оқыту шеберінің ) түсіндіруін зейін қоя тыңдамайды. Рас, қазір кадырдың астындағы тексті шұғыл қысқарту байқалды.
Қазіргі кезде дыбысты диапроекторлар шығарыла бастады, бұлар диафильмдердің дидактикалық мұмкіндіктерін кеңірек пайдалануға көмектесті. Ал дыбыстық қоса шығуы кадрды текстен босатуға мұмкіндік береді.
Қазіргі диапроекторлардың жарық күшінің көптігі диафильмдерді қараңғыланбаған бөлмелерде көрсету мүмкіндігін туғызып отыр, ал оқушылар болса, мұндай көріп отырып та өз дәптерлерін жазу, сызу жұмыстарын қатар жүргізе алады.
Диафильмдерді грамжазба немесе магнитті лентадағы жазулармен бірге қолдану да көптеген мұғалімдер (өндірістік оқыту щеберлері) практикасында кеңінен таралып жүр.
Диафильмдер мен диопозивтерді жасайтын арнаулы студиялар бар. Олардың сценарийін жасауға жоғары дәрежедегі метадистер шақырылса, ол көркемдеу жағын суретшілер жасайды. Дегенмен жасалынып жүрген диафильмдерде кемшіліктер кездесіп тұрады, олардың көпшілігінде берілген тақырыпты түсіндірілген, арналған кадрлар саны көптеп артықша информациялар да кездеседі. Ал фрагменті жасалынған диафильмдер әлі де жеткіліксіз, сондықтан өз әрекеттерімен диафильмдер, диапозивтер жасайтын мұғалімдерге (өндірістік оқыту шеберлеріне ) төмендегі қағидаларды білген дұрыс.
1. Диафильмде берілетін оқу материалының әрбір кадры бір-бірімен логикалық қатынаста болу керек.
2. Диафильмдегі оқу информациасының көлемін анықтағанда есте болатын жағдай; оқушының психофизиологиялық қасиетіне тән 45 мин не бары 12 кадр көрсетілуі тиіс.
3. Егер диафильм жасағанда текстер жазатын болсаңыз, оның оқушыларға әсері болуы үшін, олар 3 қатардан, ал әр қатардағы әріптер мен тыныс белгілерінің саны 52-ден аспауы қажет.
4. Тұсірілетін материалды ұлкен не орташа планмен түсірген дұрыс.
5. Дыбысты диафильм жасағанда әрбір бейнемен дыбыс тығыз байланыста болуы керек. Диктор тексті қысқа, түсінікті болуы керек.
6. Диафильмнің фотографиалық сапасы Мемлекеттік стандарт талабына сай болуы тиіс.
Диафильмдегі кадрлар ретінің өзгеруі оның мазмұнының логикалық құрылымының бұзылуына, хабарларды тұтастай қабылдауға әкеліп соғады. Көрнекі құралдардың осы түрінің дидактикалық қасиеттері диафильмдердің түрлі варианттарын жасаған кезде айқындала бастайды. Атап айтқанда доминанттық иллюстрациялар, проблемалық, нұсқаулық функциялар; тұтастай немесе фрагменттік құрылым.
Диафильмдерді қолдану барысында хабарлар легінің соншалықты көп болуы айтарлықтай қиындықтар туғызады, нақтырақ айтсақ оқу бағдарламаларының көлемі шамадан тыс ұлғайып кетеді де, соның салдарынан сабақты өткізуге қосымша уақыт бөлуге тура келеді. Бұл кемшіліктің орнын диафильмдерді фрагменттік жолмен көрсету арқылы жоюға болады.
Өз кезегінде транспаранттар да статикалық экрандық оқу құралдарына жатады. Транспаранттарды қаранғылықсызақ графопроекторлардың көмегімен көрсете білу көрнекі кұралдардың осы түрінің өзіндік артықшылығы болып саналады.
Транспаранттарды алғашқы кездерде сынып тақталарының орнына пайдаланып келді. Сондықтан да болар ленталық фолилер оқу процесінде осы уақытқа дейін кеңінен қолданылып келеді. Оқытушы оқушымен қатар отырып тақырыпқа байланысты экранда көрсетілетш көріністердің мән-мағынасын түсіндіру мақсатында қажетті жерлерін жазып отырады. Тақырыпты түсіндіру барысында оқытушы қажетті көріністерді таңдап алады, оқушылардың дәл осы сәттегі жұмыстарына басшылық жасайды, оларды белгілі бір танымдық есептерді шешуге (салыстырмалар келтіру, талдау, синтез жасау, схемалардағы немесе кестелердегі хабарларды толықтыру және т.б.) араластырады.
Лекция 16. Тақырыбы: Оқыту формасы - дидактикалық категория ретінде.
16.1.Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары: сабақ, экскурсия, практикумдар, семинарлар, үй жұмыстары, сынақ, консультация, емтихан, факультативтік сабақтар т.б.
16.2.Сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру формалары: пәндік үйірмелер, олимпиадалар, байқаулар, ғылыми жобалар және т.б.
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б. Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес. Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді. Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарымқатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері: - жаңа материалды игеру; - бекіту; - қайталау; - білімді бақылау, тексеру. Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған. Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні – дəрісбаян (лекция). Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады. Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық , қорытындылау жəне шолу- түрлерімен ажыралады. Оқу дəрістерін өткізу əдіс-тəсілдеріне орай дəрісбаян түрлері төмендегідей: - ақпараттық дəрісбаян – түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі; - проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Дəрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген қателіктерге талдау беріледі; - дəрісбаян –конференция – ғылыми-практикалық сабақ түрінде күн ілгері белгіленген, оқу бағдарламасына сəйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтырады əрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды; - Кеңес дəрісбаяндар «сұрақ-жауап» не «сұрақ-жауап-сөз-жарыс» күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы; - Екеу дəрісбаяны (лекции вдвоем)- бір пəн не тақырып бойынша екі маман бір уақытта дəріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі анықталады. Дəрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша: - жалпы мақсаттарына байланысты оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық, тəрбиелік, дамытушылық дəрісбаяндары ажыралады; - мазмұны бойынша; академиялық жəне ғылыми көпшілік дəрісбаяндары белгілі; - ықпал-əсеріне орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дəрісбаяндар қолданылуда. Құрылымдық жағынан, əдетте, дəрісбаян үш: кіріспе, негізгі жəне қорытынды – бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер таныстырылады, негізгі жəне қосымша əдебиеттер көретіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық жəне практикалық маңызы сипатталады. Семинар -меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқутанымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары , бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі. Жүргізу тəсіліне орай семинарлардың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде аса кең тарағаны – семинар-сұхбат : оқытушының қысқа кіріс сөзі жəне қорытындылауымен жоспарға сəйкес кең əрі ашық сұхбатəңгімелесу формасында өтеді. Ол қандай да бір проблеманың шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады. Мұндай семинардың мақсаты –дүниетанымдық бағыт-бағдар бекіту, бағалау пікірлерін қалыптастыру, пікірталас жүргізу ептіліктерін дамыту, өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғауға үйрету, өз ойын қисынды да анық баяндауға баулу. Оқу конференциясы – білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған оқу ұйымдастыру формасы. Əдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен өткізіледі. Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар – оқушылардың мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде , зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі. Мұндай дəрістердің негізгі дидактикалық мақсаттары - өтілген теориялық материалдардың эксперименталды негіздемесіне көз жеткізу; эксперимент техникасын меңгерту; тəжірибелер өткізу арқылы оқу-тұрмыстық міндеттерді шешу ептіліктерін қалыптастыру; əрқилы оқу жабдықтары мен техникалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру. Бұл сабақтар сонымен бірге бағдарламадағы ірі бөлімдерде берілген теориялық материалдар игерімін бақылау, қадағалау үшін қолданылады. Факультатив сабақтар - оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді. Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей: - негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру; - қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.) меңгеру; - мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты қосымша пəндерді өту; Факультатив бағыттары теориялық, тəжірибелік немесе аралас болуы мүмкін. Оқу саяхаттары -əрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылау жəне зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясы жағдайларында жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы. Бақылау нысандарына байланысты оқу саяхаттары өндірістік , табиғат тану, өлке тану, əдеби, жағрапиялық жəне т.б. болып ажыралады. Білімдену мақсаттарына тəуелді тақырыптық жəне шолу саяхаттары жүргізіледі. Тақырыптық саяхаттар бір не бірнеше оқу пəндерінің өзара байланысты тақырыптарына арналады (мысалы, физика жəне химия, биология жəне география). Ал шолу саяхаттары өте кең тақырыптар шеңберінде өткізілуі мүмкін. Үйдегі өзіндік жұмыстар - дəрісхана оқуларынан тыс білім игеру процесінің құрамдас бөлігі. Сынақты емтихан алдындағы дайындық оқу ісі ретінде қарастыруға да болады. Пəн үйірмелері жəне осы тектес басқа да оқу формалары (шеберханалар, зертханалар, кафедра, студия)- бағыт-бағдары, мазмұны, жұмыс əдістері, оқу уақыттары жəне т.б. бойынша көп түрлілігімен ерекшеленеді. Пəн үйірмелеріндегі оқу-жұмыстары шəкірттердің қызығулары мен бейімділіктерін, оқуға болған ұнамды қатынастарын дамытып, білім игеру сапасын арттырады. Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар (кіші академиялар жəне т.б.) ұйымдастырылуы мүмкін. Олар мектептегі көптеген үйірмелер жұмыстарының басын біріктіріп, реттестіреді; көпшілік шараларға ұйытқы болады, конкурстар мен олимпиадалар ұйымдастырып, өткізеді. Конкурс жəне олимпиадалар –оқушылардың білім игеру жолындағы белсенді қызметтеріне дем беріп, оларды өрістете түседі, шығармашылық қабілеттерін арттырады, бəсеке, жарыс жеңісіне ынталандырады. Конкурстар мен олимпиадалар əрқилы деңгейде: мектеп, аймақтық, республикалық, халықаралық - өткізіледі. Соңғы кезеңдерде мұндай оқу формаларының қашықтықтан интернет торабы арқылы ұйымдастырылатын мүмкіндіктері пайда болды.
Лекция 17. Тақырыбы: Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
17.1.Педагогиканың даму тарихындағы сабақ теориясы.
17.2.Сабақ- тұтас жүйе, оның компоненттері мен міндеттері, сабаққа қойылатын талаптар.
17.3.Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: конференция-сабақ, пікірталас-сабақ, брифинг-сабақ, семинар-сабақ, бинарлы-сабақ, ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б.
Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі.Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық және сынып–сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың “белл – ланкастер” жүйесі тарады.”Сатылы” немесе “өзара оқыту” түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200–300 немесе 600–ден астам оқушыны мұғалім сатылып оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. Басында “дальтон – жоспар” оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушыны өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық – зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3–4 топқа бөлінеді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып–сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педогогикалық тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.
Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап , аяқтау.
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынады. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып – сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай–ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт–бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани – адамгершілік қасиеттері мен ақыл–ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым–қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылды.

  1. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі.

  2. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын – ала белгілі болуы тиіс.

  3. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.

  4. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай–ақ сабақта оқушылардың бойына біліктер мен дағдылары қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.

  5. Сабақта мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.

  6. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. “Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек”–деп Ж.Аймауытов жайдан– жай айтпағанын ескеру керек.

  7. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемелық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.

  8. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым–қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым–қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым–қатынас жасау және қарам –қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.

  9. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс–тәсілдеріне үйрету міндет.

  10. Сабақта оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.

  11. Сабақтың дидиактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір–бірімен өзара байланыста, бірін–бірі толықтырып тұрылуы қажет.

  12. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу – техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.

Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.
Сыныптыќ–сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі–оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтант оқушылардың сыныптық–сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілетттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмысары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдастыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде.
Экскурсия жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық оқу мтериалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.
Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады.
Оқыу процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бқылау жасайды.
Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде өткізілетін оқу жұмысында ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет. Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптардың оқушыларын қатыстыруға болады.
Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті – оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекетін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын–талаптарын, ғылымға бейімділігн немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп, жағдай жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар.
Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар оқытудың өмір мен байланысын қамтамасыз ету, пән аралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.
Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және консультация сабақтары да ұйымдастырылады.
Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды.Оларға жеке дара тапсырмалар беріп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі.
Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақылау және топтық практикалық–лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.

Үйдегі оқу жұмысы


Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін–өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал–тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл–ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.
Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орындалуын ескеру мұғалімдер үшін аса қажет болмақ.
.
Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы тиіс. Осы кесте бойынша оқушылар күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыруға дағдылануы қажет. Оны ата–аналар ұйымдастырып, бақылап, жағдай жасап отыру тиіс.
Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бір мезгіл таза ауаға шығып демалып, дер кезінде тамақтанып, тынығып және уақытылы ұйықтап тұрса баланың оқу жұмысын жақсы ұйымдастыруға тигізер әсері мол.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары.
Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.
Оқушылардың таным белсенділігі –оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
оған әсер ететін мотивтер т.б.
Оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі – олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Сабаққа дайындық мазмұны:1. Сабақты жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау.2. Жеке сабақтарды жоспарлау.3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.4. Сабақтың типі мен құрылысын белгілеу.5. Сабақ мазмұнын анықтау.6. Білім беру әдістерін белгілеу.7. Сабаққа керекті оқу құралдарымен көрнекі және техникалық құралдарды дайындау.8. Сабақ кезеңдерінің әрқайсысына жұмыс түрлерін, оны орындауға уақыт бөлу.. Бекіту жаттығуларын дайындау.10. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау әдістерін анықтау.11. Үй тапсырмасын түсіндіру.12. Сабақтың жоспар конспектісін жасау.Сабақ жоспарында жазылатындар:1. Күні.2. Айы, жылы.3. Сыныбы.4. Тақырыбы.5. Мақсаты.6. Сабақ типі, құрылысы.7. Оқыту әдіс-тәсілдері.8. Көрнекі құралдар.9. Өздік жұмыстар.10. Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты-жөні.11. Қойылатын сұрақтар.12. Үй тапсырмасы. Мұғалім оқу жадығатын жан-жақты білу үшін негізгі және косымша оқу құралдарын, ғылыми-педагогикалық әдістемелік, тарихи, көркем әдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алады, сенімді мысалдарды, қызықты тың мәліметтерді таңдап алуы керек,оқу жадығатын анықтап, сабақ жоспарын конспектісін жазады.
Негізгісі – жаңа тақырыптың мазмұны. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек.
Лекция 18. Тақырыбы: Білім мазмұны тұлғаның базалық мәдениетінің негізі ретінде.
18.1.Білім мазмұнының мәні және оның тарихи сипаттамасы.
18.2.Білім мазмұнының негізгі компоненттері.
18.3.Жалпы білім беру мазмұнын іріктеудің қағидаттары мен критерийлері.
18.4.Мемлекеттік білім беру стандарты және оның функциялары.Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Ол қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде алға тартылатын білім міндеттері мен мақсаттарына орай анықталады. Əрқилы əлеуметтік жүйедегі білім мазмұны біргелкі емес. Ол өмір, өндіріс жəне ғылыми білімдердің даму деңгейіне сəйкес өзгермелі. Білім мазмұнының қалыптасуына байланысты негізгі теориялар XVIII ғ. ақырында- XIX ғ. басында өрбіді. Бұлар мəн-мағынасына қарай білім мазмұнының материалдық жəне формальдық теориялары атауларымен педагогика тарихына енді. Білім мазмұнының материалдық теориясын қолданушылар (дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы тараптарлары) білімнің негізгі мақсаты – оқушыларға ғылымның əрқилы салаларынан мейлінше ауқымды білім игерту деп білді. Мұндай пікірді өткен дəуірлердегі көптеген танымал педагогтар қолдап, қуаттады (Я.А.Коменский, Г.Спенсер жəне т.б.). Аталған теория бүгінгі күнде де өз жүгінушілеріне ие (болмаса, оқушыларды шектен тыс жүктеме ақпаратқа кезіктіру неліктен тиылмайды?). Білім мазмұнының формальдық теориясын қалаушылар (дидактикалық формализм идеяшылдары) оқуды шəкірттердің қабілеттері мен танымдық қызығуларын, олардың зейінін, есін, ұғымын жəне ойлау мүмкіндіктерін дамытудың құралы ретінде пайдаланады. Олар түсінімінде, білім көзі - ақыл. Европа, əсіресе, АҚШ мектептерінде кең енген бұл теория нəтижесі білімдену деңгейінің күрт төмендеуіне соқтырды. Өткен ғасырдың 20- жылдары Қазақстан оқу –жүйесінде “Төте оқу” атымен қабылданған бұл əдіс өз жалғасын таппады. Дегенмен, материалдық жəне формальдық теориялар, дидактикалық прагматизм бағыты уақыт талаптарын көтере алмағанымен, білім мазмұнын қалыптастырудың осы заманғы бағыттарының өркендеуіне үлкен ықпал жасады. В.Оконь теориясы өз ішіне қоғамның білімге қойған талаптарын жəне оқушылардың жеке сұраныс –қызығуларын біріктіре қамтиды. Қазақстан Республикасындағы бүгінгі мектептің білім мазмұны ҚР “Білім заңына” сəйкес құрастырылған. Бұл Заңға орай білім мазмұны қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік ілгерілеуінің аса маңызды жағдайаттарының бірі, сондықтан ол тұлғаның өзіндік қалыптасуына, оның өз мүмкіндіктерін өз бетінше іске асыра алуына жағдай жасап, қоғам дамуын, құқықтық мемлекеттің бекіп жəне жетілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Білім мазмұнының міндеті-қоғамның əлемдік деңгейге сай жалпы жəне кəсіби мəдениетін көтеру, оқушылар санасында осы заман білім деңгейі мен білімдену бағдарламасының талаптарына сəйкес əлем бейнесін (образ мира) қалыптастыру; тұлғаның ұлттық жəне əлемдік мəдениетке араласуына; осы күнгі қоғамның төл тумасына айналған жəне сол қоғамды жетілдіруді мүдделеген адам жəне азамат тəрбиелеу; қоғамның мамандар қорын жаңғырта көбейтіп, əрі қарай дамыту. Білім мазмұнын қалыптастырудағы басты мақсат - расалық, ұлттық, этникалық, діни жəне əлеуметтік тегіне қарамай адамдар, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен қызметтестік қатынастардың орнығуына жəрдемдесу, оқушының ерікті пікір мен наным таңдау құқығын іске асыруға көмектесу, əрқилы дүниетаным көзқарастарды ымырашылдықпен ескеру. Білім мазмұны жалпы жəне кəсіби білімдерден құралады. Осы шектер негізінде мектепте берілетін білім мазмұны келесідей талаптардың орындалуына себін тигізуі міндетті: - тұлғаның жан-жақты дамуы жəне оның базалық мəдениетінің қалыптасуына қажет міндеттерді толық та біртұтас күйде берілуін қамтамасыз ету; - оқу пəндері мен қоғамдық практикаға енетін білім материалдарының ғылыми жəне тұрмыстық маңызға ие болуы; - əрқилы жас деңгейіндегі оқушылардың нақты мүмкіндіктеріне сəйкес болуы; - материал мазмұны көлемінің оқушының мүмкін болған игеру уақытына сəйкес келуі; - жалпы орта білімді құрастыруда халықаралық тəжірибені ескеру; - осы заманғы мектепте бар оқу -əдістемелік жəне материалдық базаға сəйкес болуы.
ҚР “Білім заңына” сəйкес елімізде білім стандарттары қабылданған. “Стандарт” түсінігі латын сөзі негізінде қабылданып, “үлгі”, “өлшем” деген мағынаны аңдатады. Білім стандарты мəн-мағыналық тұрғыдан сауат, білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа орайластырылған, əрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жету негізгі белгі - талаптар (параметры) жиынтығын қамтиды. Білім саласындағы стандарттаудың негізгі нысандары –стандарт құрылымы, оқу жүктемелерінің мазмұны, көлемі жəне оқушыны дайындау деңгейі. Стандарт бойынша белгіленген деңгей, дəрежелер мен талаптар білім сапасын бағалау мен білімдену процесінің негізгі қырларын сараптауда мызғымас шек (эталон) сипатында қабылданады. Білімді стандарттаудың қажеттігі қоғамдық құбылыс ретінде танылған білім саласындағы түбегейлі өзгерістерге орай туындап отыр. Осыдан, əрқилы оқу мекемелерінде оқушылар игеретін білімнің біргелкі деңгейін қамтамасыз ететін білімдену кеңістігінің базалық тұтастығын сақтау- міндетті шараға айналды. Ал Мемлекеттік стандарт елдегі жалпыға ортақ бірдей білім қорының болуын қамсыздандыратын жалғыз тетік. Стандарттың мемлекеттік бөлігі (инвариант) елдегі білім кеңістігінің біртұтастығы мен тұлғаның əлемдік мəдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді. Ұлттық – аймақтық елдің жер-жерлеріндегі ерекшелік, талаптарына (ана тілі мен əдебиетіне, жағрафиясына, мəдениет пен өнеріне, еңбек, өндіріс дайындығына жəне т.б.) байланысты анықталады. Мектептік білім мазмұны нақты оқу орнының анайылығы мен бағыт –бағдарына орай оқу пəндерінің енгізілуімен белгіленеді. Стандарттың мемлекеттік бөлігі –бұлжымас, қайта қарастырылуы өте сирек, ұлттық аймақтық жəне мектептік бөліктер- баламалы, оның құрамды бірліктері жүйелі жаңаланып барады. Қазақстан республикасының “Білім туралы Заңында” көрсетілгендей, жоғары өкілетті мемлекеттік органдар негізгі білім ақпараттарының ең төмен көлемдегі мазмұнын, оқу жүктемесінің ең жоғары деңгейін белгілеп, түлектер дайындығына қойылатын талаптарды алға тартады. Қабылданған оқу жүктемесі шегіндегі міндетті білім көлемінен тыс, қосымша білім мазмұнын ұсыну жергілікті оқу орындарының билігінде. Стандарт құрамы келесі бірліктерді қамтиды: жалпы білімдік оқу орындарының түбір (типтік) жоспары, мазмұн құраушы мызғымас (инвариант) жəне баламалы бөліктер, оқушыларың жалпы дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптар.
Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу құралдарында айқындалады. Оқу жоспары – оқу орнында игерілетін оқу пəндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тəртібін, əр пəн бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі жəне апта, айларын анықтап беретін құжат. Оқу жоспарлы түбір (типтік) жəне нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пəндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пəндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті (базалықмемлекеттік бөлік), 2) оқушылар қалауы бойынша (аймақтық бөлік) жəне 3) мектеп (ЖОО) кеңесі бекімімен өтілетін пəндер (мектептік (ЖОО) бірлік). Түбір оқу жоспарында əрқилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстерге арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі. Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай, қашықтықтан оқыту жоспарлары да əр қилы келеді. Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. Оқу бағдарламалары өз ішіне:1) нақты пəнді оқу жөніндегі түсініктемені; 2) оқушылардың (студенттердің) біліміне қойылатын талаптарды; 3) əр сыныпта (курста) пəн бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарын; 4) пəн курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін, яғни бағдарламаның өзін; 5) пəнге орай оқу жабдықтары мен көрнекі құралдар тізімін; 6) қажетті əдебиеттер ауқымын; 7) бақылау сұрақтарын, 8) курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын (ЖОО да)- қамтиды. Оқу бағдарламаларының түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) жəне авторлық түрлері ажыралады. Түбір бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пəн бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады. Оқу - жұмыс бағдарламалары түбір жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖОО да жетекші кафедра) шешімімен бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сəйкес, сонымен бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерумен жасалады. Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында оқып-зерттелетін құбылыстар мен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстар мен факультативтерде қолданыс табады. Оқу бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында екі əдісі белгілі: концентрлі жəне тізбекті. Оқулық мектептік (ЖОО) білім ақпаратының көзі əрі оқу жабдығы, білімдену мақсаттары мен мазмұнын айқындайды. Оқулықтың басты көрінісі –мəтінде. Мəтін келесі бірліктерден құралады: - негізгі (тұғыр терминдер, олардың анықтамалары, негізгі деректер, құбылыстар, оқиғалар; заңдар, теориялар жəне жетекші идеялар жəне т.б. баяны); - қосымша (құжаттар, хрестоматиялық жəне анықтамалық материалдар, өмірнама деректері, статистика мəліметтері ж.т.б.); - түсініктеме (кіріспе, ескертулер, сөздіктер, көрсетпелер ж.т.б.) Оқулықтарға қосымша оқу құралдары дайындалады. Мұнда оқулық материалдарының кейбірі мазмұн тұрғысынан тереңдей түседі, кеңейеді. Оқу құралдары – бұлар хрестоматиялар, есеп жинақтары, атластар, жаттығу жинақтары жəне с.с.
Лекция 19-20. Тақырыбы: Оқыту әдістері.
19.1.Оқыту әдістері туралы жалпы түсінік.
19.2.Оқыту әдістерінің ерекшеліктері және психологиялық, дидактикалық, технологиялық аспектілері.
20.3.Оқыту әдістерінің жіктелуі.
Негізгі ұғымдар:оқыту формалары, әдістері, құралдары, сабақ
Оқыту әдісі — оқушыға білім мен тәрбие беріп, дамыту мақсатындағы ұстаз бен шәкірттің бірлескен қызметі, қарым-қатынастағы тәсілі. Оқыту әдісі арқылы шәкірттің білім алуы іскерлікке төселіп дағды қалыптасуы, дүниетанымы мен қабілеті жетіледі.
Мұғалімнің оқыту мақсаты мен міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде қолданылатын амал-тәсілдері мен ұйымдастыру әрекетін әдіс деп атаймыз. Сондай-ақ оқыту әдісі алға қойылған мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі және оның жүзеге асып орындалуы мүғалімнің шеберлігіне, оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне, шәкірттердің даярлық деңгейіне, екі жақтың бірдей белсенділігіне, ынтымақтастығына байланысты. Дидактика саласын зерттеушілер және педагогика оқулықтары мен оқу құралын жазған авторлар «Әдіске» әр түрлі анықтама беріп, терминнің қалыптасуы туралы түрлі-түрлі пікір айтқандығын ескере отырып, олардын негізгі ой түйінін пайымдай келгенде мынандай тоқтамға келген жөн: Әдіс - оқушыға білім мен тәрбие берудегі екі жақты қарым-қатынастың бір арнадан тоғысып, қойылған мақсатқа жетудің тиімді жолы, тәсілі, амалы, жүйелі түрде орындалуға тиісті іс-қимыл, әрекет деп түсінген жөн.
Өйткені мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің нәтижелі болуы, қойылған мақсатқа жетудің тиімді жолдарын ретті де дәлді табу үшін әдістерді топтастырудағы мына жүйе тиімді:
1. Оқытудаіы білім көздеріне байланысты әдістер:
а) Сөзбен түсіндіру әдісі (баяндау, лекция, әңгіме, пікірсайыс);
ә) Көрнекілік әдісі (демонстрация, иллюстрация);
б) Тәжірибелік әдіс (жаттығу, зертханалық жұмыс т.б.).
2.Таным түсінікті меңгеру сипатындағы әдістер:
а)Түсіндіріп ұқтыру, репродуктивтік әдіс;
ә) Проблемалық түрғыдағы әдіс;
б)Ішінара іздеу немесе эвристикалық әдіс;
в)Зерттеушілік әдіс.
3.Дидактикалық мақсаттағы әдістер:
а)Жаңа білімді меңгеру әдісі:
ә) Алған білімді бекіту әдісі:
б)Бақылау әдісі.
Шартты түрде топтастырылған әдістердің бәрінің негізгі бағдарлық жүйесіне ортақ әдістемелік амал тәсілдерінде мына мәселелер ескерілуге тиіс:

  1. Іс-әрекетті жүзеге асырудағы тиімділік және ұйымдастырушылық;

  2. Мотивация және ынталандыру;

3.Оқу жұмысын бағалау мен тұлғаның өзін-өзі бақылауы. Оқыту әдістерін осы жүйеде топтастырғанда мына мәселелерге зейін қою және тәжірибелік істе басшылыққа алған жөн.
Сөзбен түсіндіру әдісі - мұғалімнің баяндап беріп түсіндіруі арқылы, немесе оқулықтар мен оқу құралдарын оқу барысында жүзеге асырылады. Бұлар оқушыға берілетін ақпараттық мағлұматтың негізгі көзі деп саналады. Мұғалім сабақты түсіндіріп баяндауында оқылатын материалдың мақсаты мен мазмұнына және оқушының жас ерекшелігі мен дербес ерекшелігіне мән беріледі. Оқытудың бұл әдісі көбіне бастауыш мектепте, тиісті жағдайға байланысты жоғары сыныптарда да қолданылады.
Лекция - оқылатын материалдың жүйелі түрде баяндалуы талап етіледі. Орта оқу орындарының жоғары сыныптары үшін оқылатын лекцияларда шәкірттің лекциядағы мәтіндік мәнді жаза білуге үйренумен қатар тиісті түсінік, термин, танымдық ойларды қалыптастыру бірлікте жүргізіледі.
Әңгіме әдісі - тиісті тақырыпқа байланысты ақпараттық мағылұмат берумен қатар мұғалім мен оқушы арасындағы диалог, пікір алмасу бірлікте жүргізіледі. Әнгімелесу барысында репродуктивтік қайталау, пысықтау және шәкіртті ойлантып іздендіру түріндегі эвристикалық тапқызу жұмыстары оқушының сабақ тақырыбынан туындаған сұрақтарға байланысты заңдар мен заңдылықтарды, деректерді, теориялық ұғым-түсінікті дұрыс меңгеруіне, зейін қойып қабылдай білугебаулиды да қалыпғастырады.
Пікір сайыс әдісінде - талданып, талқыланып отырған мәселе жөнінде пікірін ашық айтып, қателесіп кетемін деп жасқанбай сөйлеу оқушының өзіндік пікірі болуға бағдарлайды.
Сөз түріндегі қолданылатын әдістің басты сипаты ақпараттық мағлұматтың мол болуына, дәлелді сөйлей білуге логикалық жүйені сақтай алуға бейімдейді. Өзінің ойын, білген түсінігін жеткізуде белсенділік көрсетіп, әріптестерін тыңдата алуға машықтандырады. Әлсіздігі кейде бос сөзге дес беріп, дерексіз лепірмелікке ұрыну болса, оған жол бермеуге көңіл аудару керек.
Көрнекілік әдісі. Бейнелік кескінді көзбен көріп, оның нақты болмысын тануда түрлі суреттер, құралдар сызбалар мен таблицалар, моделдер пайдаланылады. Оқытуда әр түрлі иллюстрациялық құрал-жабдықтардың қолданылуы оқушыға берілегін үғым-түсініктің, нысанаға алынған танымнын тиянақты да айқын болуына әсер ететіндігі ақиқат шындық. Сондыктан білім беру үрдісінде көрнекілік әдісі жөнінде көп жазылған, әр жақты талданған әдіс. Кернекіліктің оқьпу жүйесінде атқаратын басты қызметі:

  • Оқылатын материал, зат туралы оқушының айқын да дәлді таным-түсінік қабылдауын қамтамасыз ету.

  • Көріп, бақылайтын заттың сыртқы көрінісін ғана қызықтаумен тынбай онын ішкі мән-мазмұнын тануға ықпал етеді.

  • Көрген, білген, таныған, бақылауларына оқушы мән беріп, ол жөнінде өзіндік ой-түсінік жинақтауына мүмкіндік туады.

Педагогика ғылымы саласындағы зерттеулердің бәрі де көрнекілік оқушының теориялар мен заң және заңдылықтар жөнінде нақты түсінік, таным қалыптастырудың тиімді де өміршең жолы, көрнекілік болмаған жағдайда оқушының білімдік танымы, түсінігі және ойлау деңгейі күңгірт болуы да ықтимал екендігі жан-жақты сипатталған.
Тәжірибелік әдістер. Алған білімнің нәтижесі оның нақты тәжірибеде колданылуы екені ешбір дәлелдеуді керек етпейтін шындық. Сонымен бірге тәжірибе оқушының іскерлігін жетілдіріп, дербестігін өрістетіп, ақыл-ойы мен дене күшінің дамуына игі ықпал етіп, тұлғаны қалыптастырады. Көрнекіліктің түрлері:
Жаттығу әдісі - оқушыға білік, білімдарлық қалыптастырып машықтандыру мақсатында тиісті оқу материалдарын бірнеше рет қайталап шығу. Жаттығуға қойылатын талап: оқушы қайталаудың мақсатын түсінсе, қандай нәтижеге жетуге тиісті екендігін біліп және болуға ықтимал қателіктер мен кемшіліктерден сақтанып, қажетті дағдыларды меңгереді.
Зертханалық жұмыс - оқушы зертхана (химия, физика) бөлмесінде тиісті тақырыпқа байланысты тәжірибе жүргізіп, оның мән-мағынасын бақылап, білуге тиісті үрдісті жеке немесе топтық құрамда орындап көреді. Эксперименттің барысымен танысып, оның нәтижелік көріністері туралы пайымдау жасайды.
Интенсивтендіру әдісін жүзеге асыруда суггестепедиялық тұрғыдағы бағдар қолданылып, оқушының білуге деген ықылас-ынтасына назар аударылады. Суггестия - латынның сендіру, иландыру, тұспалды ишарамен білгізу деген мәнде болса, білімдендіруде оқушының сенімі берік болса қандай да әрекетті атқаруға бара алатындығына кепілдік береді. Өйткенісенім - іс-әрекеттегі қозғаушы күш. Тұспалдай айтқан Абайдың «сөзінде бір күдік жоқ алдар деген, нанасың не айтса да амалың жоқ» деген ойлы пікірімен үйлесім табады.
Бұл әдістің мәні - оқушы проблеманы шешуде белсенділік танытып, оған зерттеуші тұрғысынан қарауға мүмкіндік туғызылатындығында. Сондай-ақ олар қойылған міндетті өзінше орындап, өзінше шешіп және ой-түсінігін, көзқарасын еркін түрде жасқанбай айтуға дағдыланады, өзінше әрекеттенуге жаттығады. Оқушы тез ойланып, ойын жедел айтып салуға әдеттеніп және өзінше әрекеттенуге машықтанады.
Еліміздегі қазіргі орта оқу орындарының көпшілігіндегі оқытудың негізгі түрі - сабақ. Өйткені сабақ жастары қатарлас топтағы оқушыларға бірыңғай бағдарламамен тиянақты күнтізбе бойынша білім берудің негізі болып табылады. Сабақтың типі жөнінде ғылыми тәжірибелік зерттеулер де, жүйелеулер де жетерлік. Дидактикалық мақсаттағы әр түрлі ойларды сараптай келгенде оны мына тұрғыда топтастырған орынды:
Жаңа білім меңгеру сабағы.
Іскерлік пен дағдыны қалыптастырып дамыту сабағы.
Алған білімді жүйеге келтіріп тұжырымдау сабағы.
Кайталау, пысықтау сабағы.
Тексеріп алған білім сапасын айқындау.
Аралас сабақ.
Жинақтап қорыту сабағы.
Сабақтың құрылымын, түрін жіктеп топтастыру шартты мәнде, өйткені бұлардың мазмұны мен әдісі бір-біріне ұқсастығымен қатар, іштей араласып бір арнада соғысып жатады. Сол себепті мектеп тәжірибесінде бір типті сабак болмайды. Сабақтың қойылған дидактикалық мүддеге жетуі оның құрылысына, оқылатын тақырыптың мақсатына, мазмұнына, оның әдіс-тәсіліне және оқушының дайындық деңгейіне байланысты. Оның айқын мысал үшін аралас сабақтың құрылымдық жүйесіне назар аударып қараңыз, ол бірден байқалады. Мұнда сабақты ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақты пысықтау, жаңа сабақ, оны қайталау, үйге тапсырма беру. Оқытудағы дәстүрлі бұл жол сабақтың тиімділігін арттыруда қазіргі өскелең талапты толық қамтамасыз етуде әлсіздік көрсете бастады. Сондықтан оның құрылымын, мәнін жетілдіру жөнінде түрлі ізденулер етек алуда. Педагогика саласын зерттеуші ғалымдар оны қалай топтастырса да сабақтың ең негізгі көрсеткіші тұрғысынан мына салаларды айқындап, соған жауап беру керек деген тоқтамды ұсынады, ол мыналар: дидактикалық, әдістемелік, психологиялық және гигиеналық. Сабаққа қойылатын талаптың түйінін шешетін бұл ұстанымдарын таратып айтсақ былай болып шығады - дидактикада қамтылатын логикалық бағдар:
а) білімнің актуалдылығы және оны әрекетке айналдыру;
ә) жаңа білімдік мағлұматты меңгеру және таным түсінікті жетілдіру;
б) алған білімді пайдалану мен тиісті дағды қалыптастыру.
Сабақтың теориясы мен тәжірибесінің жүзеге асып, табысқа жетіп нәтижелі болуы мұғалімнің сабақка дайындала білуіне тәуелді. Өйткені өтілетін сабақтың жүйесін айқындап, жоспарлау барысындағы үрдіс негізінде оқушының білім, білік, дағды меңгеруі психологиялық, жағынан шешуші сипатқа ие болатындығы ақиқат шындық.
Саяхат сабағының мақсаты – ғылым саласындағы пәннен теориялық білімді нақты тәжірибеге жалғастырып көрсету. Бұл оқушының түрлі деректер мен құбылыстар жөніндегі таным түсінік арнасын кеңейтуге мүмкіндік туғызу.
Факультативтік сабақтар – оқушылардың сұранысы бойынша ұйымдастырылады. Сабақтың бұл түрінің негізгі мақсаты – оқушылардың талап-тілегін ескере отырып, олардың ғылыми-теориялық білімін, таным түсінігін дамытып шығармашылық жолдағы бағдарын ашуға жәрдемдеседі. Сонымен қатар оқушының бейімділігіне қарай кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын тұрақтандыруға ықпал етеді.
Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады. Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсаты мен негізгі мазмұнын сақтайды. Интербелсенді оқыту бірқатар міндеттерді шешеді: - коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі; - ақпараттық міндеттерді шешеді, себебі оқушыларды бірлескен әрекетті онсыз жүзеге асыруға болмайтын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді; - жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамытады (талдау, жинақтау, мақсаттар қою және т.б.), яғни білім беру міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді; - командада жұмыс істеуге, басқаның пікіріне құлақ түруге үйрететін болғандықтан, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді. Интербелсенді оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді. 1. Бағалау. Бұл интербелсенді режимде жұмыс істейтін мұғалім үшін күрделі мәселе болып табылады. Бағалау оқушылардың келесі сабақтағы жұмысын ынталандыруы тиіс. Бағалауда мынадай қатынасты қолдануға болады: топтың әрбір мүшесі әрқайсысын бағалайды, яғни әр жолдасына бағалау парағына баға қояды. Мұғалім парақтарды жинап алып, орташа баллды есептеп шығарады. Оқушылар жұмысын өзіндік бағалауды да қолдануға болады. 2. Үй тапсырмасы. Оқытудың интербелсенді әдістерін пайдаланып, өтілген сабақтардан кейін игерілген материалды шығармашылықпен қайта қайта қарауға мүмкіндік жасайтын тапсырмалар беріледі: шығарма жазу, қарастырылып отырған мәселе бойынша өз көзқарасын білдіру және т.б. Интербелсенді сабақта мұғалім оқушылар әрекетін сабақ мақсаттарына жетуге бағыттап отырады. Диалогқа қатысу тыңдай білуді ғана емес, ести білуді де, сөйлей білуді ғана емес, түсінікті бола білуді де талап етеді. Интербелсенді әдістер оқушылардың өз күштерін, өз қабілетін сезінуге мүмкіндік береді. Оқушылардың өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады.Өзара сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен мінезқұлықтарына төзімділікті тәрбиелеу маңызды. Интербелсенді оқытуды жұптық жұмыстан бастаған жөн. Жұптық жұмыс - ынтымақтастық пен өзара көмек үшін таптырмас форма. Жұпта оқушылар бірін- бірі тексере алады, жаңа материалды бекіте, өтілген материалды қайталай алады..
Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда.Қазір дәстүрлі білім беруде студенттерге тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.
Интерактивті әдіс кезінде:
-сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;
-ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені тал-қылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;
-онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.
Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:
1)мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде);
2)өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде);
3)шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);
4)белгілі бір топпен,аудиториямен (сауалнама алғанда)
5)кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.).
Интерактивті әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады. Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:
1)олар мол мағлұмат алып, өздері айт-қан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;
2)өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады;
3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;
4)бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;
5)шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;
Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:
1)фактілерді еске алу;
2)ойлану;
3)алған білімін жаңа жағдайға пайдалану;
4)талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру);
5)баға беру (сапасын анықтау).
Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;
-оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың интерактивті әдісін қолдану болып табылады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
1)оқытудың жалпы мақсатын қою;
2)жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3)студенттердің білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
4)оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5)нәтижені бағалау енеді.
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқадай өзгерістер білім беру жүйесіне де әсерін тигізді. Бұл өзгерістер оқу орындарында жаңа пәндер енгізіп қана қоймай, дәріс беру әдістемесінің өзін өзгерту қажеттігін туғызды. Біздің еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алғандықтан қазіргі кезде шешім қабылдауға халықты тартудың да маңызы зор. Бұл аудиториядағы жұмысқа да қатысты: оқушылар сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуға тиіс. Міне оқушылардың сондай белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалдарды көбіне интерактивті деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет