Пәннің аталуы –PED 2202 ПЕДАГОГИКА Білім беру бағдарламасы -6В01 «Педагогикалық ғылымдар»
Шифр атауы
Қызылорда 2023 ж
Оқу-әдістемелік кешен
Пәннің аты: Педагогика
Пәннің коды:PED 2202
Кредит саны: 5
Курстың оқытушысы: Оразымбетова А.Д.
Кафедраның орналасқан жері: Төле би 36А,ғимарат 7, 310 кабинет
Кафедраның телефоны:
Кафедрада кеңес беру уақыты: сейсенбі,бейсенбі
Курстың пререквезиттері: Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Курстың постреквизиттері: тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі,арнайы пәндерді оқыту әдістемесі.
Курс мазмұнына қысқаша түсініктеме: болашақ мамандардың мектеп жағдайында оқыту, оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті білім, біліктілік, дағдыны қалыптастыру және педагогикалық шеберліктің негізін меңгерту, студенттердің ұйымдастырушылық сапаларын дамытып, олардың өз бетінше жұмыстарын басқаруға дайындау; тәрбие мен оқытудың ғылыми негіздерін, мектептегі оқу тәрбие үрдісін құрудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, қазіргі кездегі педагогика ғылымының даму бағыттарын меңгеруге; өзіндік педагогикалық көзқарас қалыптастыруға негізделеді.
Студенттерді тәрбие мен оқытудың ғылыми негіздегі жүйелерімен таныстыру олардың білім беру үрдісінің мүмкіндіктері жөніндегі ой-өрісін кеңейтеді, оны тұтас үрдіс ретінде құрудың қажеттігін көре алуды қамтамасыз етеді, тұлғаны тәрбие мен оқытудың субьектісі ретінде түсінуге көмектеседі.
Курстың мақсаты:
Орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша мамандарға педагогика ғылымдарының теориялық негіздерін меңгерту, болашақ мұғалімдерге тәрбие мен оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білімдер мен іскерліктерді және кәсіби құзыреттіліктердіқалыптастыру.
Курстың міндеттері:
1.Болашақ мұғалімдерде педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан негізделген педагогикалық дүниетанымды, педагогикалық категорияларды жете ұғыну біліктілігін қалыптастыр.
2.Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.
3.Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетті жүйелі байкау біліктілігін қалыптастыру.
4.Болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды тұлғалық касиеттерін (ізгілік,педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды, педагогикалық әдеп, толеранттылық және т.б.) дамыту.
5.Түйінді құзыреттіліктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық және т.б.) қалыптастыру.
6.Студенттерде өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.
Нақты пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы:оқыту теориясының жан – жақты байланыс фактілері мен заңдылықтарын, олардың мәнін, даму перспективасы мен процестерін меңгереді; баланың оқуының ерекшеліктерімен, оларды өз елінің адал азаматы, жауапкершілігі мол, іскер адам етіп қалыптастырудың әдіс – тәсілдерін игереді; оқудың жаңа технологияларын меңгереді; тұтас педагогикалық процесті табысты басқару үшін кәсіби біліктіліктермен қаруланады.