Білім беру бағдарламасы 6В01 «Педагогикалық ғылымдар» Шифр атауы Қызылорда 2023 ж



бет27/35
Дата16.10.2023
өлшемі483,78 Kb.
#115546
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
oku-adistemelik keshen. pedagogika 23-24

Аттестацияның мақсаты- кәсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашылық ынтасын дамытып, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекелеген еңбек жалақысын беру жолымен педагогтардың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Кәсібилік деңгейіне сәйкес педагогтың біліктілік категориясын тағайындау да осы сараптау қызметінің нәтижесі болып табылады.
Аттестацияның принциптері: еріктілік, жариялылық, жүйелілік және тұтастық, шынайылық.
Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағамы-оның нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасы есепке алынады. Ол әр бес жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы көрсетілген жеке өтінішіне орай өткізіледі. Біліктілік категориясын иемденуге байланысты өз сараптау мүмкіндіктерін мұғалімдердің өздері анықтайды, олар сараптау формаларын таңдауға құқылы: дәрістер топтамасын көрсету, сыныптан тыс оқу жұмыстарымен таныстыру, белгілі бағдарлама бойынша «емтиханң, (әңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе тәжірибе-эксперименттік жұмысты қоғау және т.б.
Әр комиссия мәселені өз құзырына сай шешеді. Сараптау комиссиясының қабылдайтын негізгі шешімі-біліктілік категориясын тағайындау. Қазіргі кезде сараптау Ережелеріне орай үш біліктілік категориясы белгіленген:
ең жоғары, оны бас сараптау комиссиясы белгілейді;
бірінші, оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия тағайындайды;
екінші категория мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі.
Сараптаудың табысты болуы оның ұйымдастыруымен, қойылатын талаптар туралы қажетті ақпараттың нақтылығымен, қорғау және эксперттеу әрекеттерімен, іскерлік және көңілге қонымды жағдайлардың жасалуымен байланысты келеді. Мұғалімдерді сараптау қорытындысы мектеп жұмысының стратегиясы және тактикасын белгілеуде маңызды роль атқарады
Лекция 30. Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау.
30.1.«Тұтас педагогикалық үдеріс диагностикасы», «педагогикалық диагностика» ұғымдарының мәні. Диагностиканың негізі – тұтас педагогикалық үдеріс, оның әр түрлі кезеңдердегі қолданылуы жайлы ақпараттар.
30.2.Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы: үлгерім сапасы, функционалды сауаттылық, интеллектуалдық даму деңгейі, оқушылардың тәрбиелік деңгейі, балалар ұжымының қалыптасу деңгейі, оқушылардың әлеуметтену белсенділігінің деңгейі.
30.3. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының (білім беру стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық) ролі және олардың сипаттамасы.
Негізгі ұғымдар: нормативтік құжаттар, білім беру стандарты, базистік оқу жоспары, әр түрлі үлгідегі мектептер.
Білім беру жүйесі оқу бағдарламасы мен мемлекеттік стандарт негізінде айқындалып, оны оқу орындары жүзеге асырып, тиісті мекемелер арқылы басқарылады. Білім берудің сипатын мемлекеттің әлеуметтік экономикасы, саяси құрылысы, тарихи-мәдени жағдайы мен ұлттық ерекшеліктері айқындайды.
Білім беру саласындағы қоғамның талабы мемлекеттің білім беру саясатындағы принциптер негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ата заңы - конституциясы бойынша Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын орнатты:

  1. Қазақстан Республикасы азаматтары білім алуға тең құқылы.

  2. Әбір азамат үшін интеллектуалдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің саласының қол жетерлік болуы.

  3. Білімнің зайырлығы.

  4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

  5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.

  6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әр түрлі болуы.

  7. Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.

  8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.

  9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.

  10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.

  11. Білім беру саласының информатикаландырылуы.

Бұл принциптер білім беру саясатын айқындайтын басты да негізгі бағдар болып табылады, демек, елімздегі оқу орындарының мән-мазмұндық бағдарын сипаттайтын қағидалық таным.
Білім беру мекемелерінің типтік жүйесінін жалпы сипаты:
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесі;
Жалпы білім беретін орта оқу орындары:
бастауыш мектеп;
орта оқу орындары: лицей, гимназия, жалпы орта мектеп, кәсіптік орта мектеп; колледж т.б.
• Жоғары мектептер: университет, академия, институт, консерватория.
Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа моделін құрып, оны сынақтан өткізу мен өмірге енгізудің ауқымды жұмыстары жүріп жатыр, оның негізгі принциптері «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономикалық дамудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтары, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруде қойылған талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде білім беру жүйесі, білім берудін мақсаты, мазмұны, технологиясы оның нәтижесіне қарап бағаланатындығын және ондай жетістіктен сырт қалуға болмайтындығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Білім берудің бүгіні мен болашағы білімді алып, білік пен дағдылық машыққа қол жеткізумен шектелу емес, оны ілгері дамытып жетілдіру эне ө'ідігінен іздеп тауып, уакытқа лайықты пайдалана білуде ербестік көрсету қажеттігі көзделуде. Негізгі ұстаным білім мен тәрбиені гуманизациялау, гуманитаризациялау және демократияландыру идеясына бағытталуда.
Білімнің мазмұны. Білім берудегі мемлекеттік стандарт.
Қазіргі кезеңдегі білімнің мазмұнын айқындауға қойылатын басты бағдарлардың бірі - мемлекеттік стандарт, былайша айтқанда, мемлекеттік жұйедегі бірыңғай норма мен талапты жүзеге асыру міндетін шешу. Кеңестік кезеңдегі орта мектептер біртекті, бірыңғай жүйеде болды да, жоғарыдан жасалған оқу жоспары мен пән бағдарламалары негізінде оқылатын. Онда аймақтық жергілікті ерекшеліктер мен оқушыньщ тұлғалық өзгешеліктеріне мән берілмей эмпирикалық жүйе жүзеге асырылатын. ТМД (тәуелсіз мемлекеттер достастығы) құрамында болған елдер 1996 жылдан бастап «Білім беру туралы» заң жобаларын қабылдап, онда мемлекеттік стандарт мәселесін жүзеге асыру міндеттері белгіленді. Осы орайдан Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекет стандартында басшылыққа алынатын үш денгей көрсетілген:

  1. Тұлғаға берілетін білімнің әлемдік мәдениеттің қол жеткен табыстарына үйлесімділік (интеграциялық) мәнде болуы;

  2. Білім мазмұнының аймақтық, ұлттық танымға сәйкестігі және білімдендіруде елдің тілі мен әдебиеті, тарихы, жағрафиясы, өнері, дәстүрлік салты ескерілетіндігі т.б.

Берілетін білімді жүзеге асыратын оқу орнының ерекшеліктеріне сай тұлғаның мемлекет алдында, ал мемлекеттің тұлға алдында жауапкершілігі қатаң сақталып, білімнін терең де тиянақты болуы және оқу жүктемесінің нормалық талап деңгейіне сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету көрсетілген.
Білім бағдарламасы. Білім бағдарламасы дегеніміз берілетін білімнің деңгейі мен мазмұндық бағдарын айқындайтын білімдік жүйе. Мұнда ұстанатын бағдар оқушыға берілетін жалпы және кәсіби білімнің құрылымына кіретін мектепке дейінгі дайындық, бастауыш мектеп, жалпы орта білім мен кәсіби орта білім.
Бастауыш мектепте білімдендірудің міндеті - оқушыны кітап оқи білуге, жаза білуге, есептей алуға және білім ала білу жолдарына үйрету, ал орталау мектеп болса ғылымның негізгі салалары бойынша білімдік түсінік қалыптастыру болып табылады. Сндай-ақ оқушының әлем, қоғам және адам туралы жүйелі түсінікті меңгеруіне зейін қойылған.
Техникалық және кәсіби білім беру бағдарламасы жеке тұлғаның және жеке әлеуметтік топтардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, қоғам мен еңбек рыногы талабына қызмет ете алатындай жоғары білікті жұмысшы кадрлары мен мамандыққа деген қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады.
Ал орта білімнен кейін, жоғары білім болып саналмайтын кәсіби білім ЮНЕСКО-ның ұсынысына сәйкес білікті маман даярлау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Жалпы орта білімнің мазмұны. Білімнің мазмұнын айқындауда оқулық, оқу құралы және әдістемелік әдебиеттермен қатар түрлі құжаттардың ішінде оқу жоспарының атқаратын қызметі ерекше. Кеңестік жүйе ыдырап Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі «Білім туралы» заңына сәйкес оқу жоспарының негізгі және типтік түрлері жасалды.
Оқулық. Оқушы меңгеруге тиісті ғылым негізін білгізетін құрал - оқулық. Онда тиісті ғылымның мазмұны туралы жүйелі де жан-жақты ақпараттық мағлұмат беріледі. Оқулық тек ақпараттық мағлұмат берумен ғана тынбайды, оқу құралы болғандықтан мұнда тиісті деңгейде мәтін, сурет те, кестелік сызбалар да, фотографиялық көріністер де келтіріледі.
Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі заңдарының ережелеріне сүйенеді, олар Қазақстан Республикасының Ата заңы мен 1999 жылы 7 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралың заңы.
ҚР «Білім заңынаң сәйкес елімізде білім стандарттары қабылданған.
«Стандарттың сөзі латын тілінен алынған, «үлгі”, «өлшемі” деген мағынаны білдіреді. Білім стандартымағынасы жағынан білімділіктің өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа орайластырылған, әрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жетудің негізгі талаптар жиынтығын қамтиды. Білім саласындағы стандарттаудың негізгі нысандары-стандарт құрылымы, оқу жүктемелерінің мазмұны, көлемі және оқушыны дайындау деңгейі. Стандарт бойынша белгіленген деңгей, дәрежелер мен талаптар білім сапасын бағалау мен білімдену процесінің негізгі қырларын сараптауды мызғымас шек (эталон) сипатында қабылданады.
Стандарттау сонымен бірге білім саласындағы көптеген жаңашыл қадамдарға байланысты қажет болып отыр. Мәселен,
- мектептегі оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі;
- көптеген мектептердің құқықтық дәрежесінің өзгеруі;
- тың оқу жоспарларының енгізілуі;
- мектептердің оқу пәндері мен олардың игерілу көлемін өз қалауымен
таңдауы;
- баламалы оқулықтардың қосылуы;
- оқудың жаңа технологияларының жасалуы; көп деңгейлі және жіктемелі оқуға өту.
Демек Мемлекеттік міндетті стандарттар 10 жылда бір рет қайта өңделіп, қажетті түзетулер енгізіліп, мемлекеттік заңмен бекиді.
Жалпы білім беруші мекемелердің білім стандарты үш бөліктен: а)мемлекеттік, ә)ұлттық-аймақтық, б)мектептік болып құралады. Стандарттың мемлекеттік бөлігі(инвариант) елдегі білім кеңістігінің біртұтастығы мен тұлғаның әлемдік мәдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет