Білім беру бағдарламасы: 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Құрастырғандар: Ерболат Б. Е. оқытушы, магистр



бет27/56
Дата03.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#98537
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56
Байланысты:
Дүниетану Силлабус

21-22 дәріс тақырыбы: "Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі" бойынша жұмысты ұйымдастырудың негізгі түрлері



  1. Сабақ типтері: кіріспе, корытынды, топ серуен, сарамандық, зертханалық, аралас, заттық, олардың ерекшеліктері.

Заттық сабақ – балалардың танып білетін заттың суреті немесе модель түрінде емесе тікелей өзімен жұмыс жүргізетін сабақты айтады.
Заттық сабақтар – бұл оқушылардың айналасындағы материалдық дүниені құрайтын кез келген жеке бір зат не болмаса дене туралы сабақ. Оған табиғаттың алуан түрлі заттары – минералдар, өсімдіктер, жануарлар, табиғи материалдардан жасалған әр түрлі заттар жатады.
Заттық сабақтар оқушыларға дүниетануының алғашқы сатысы нақты қабылдаумен қатар айналадағы дүниенің формасы мен құбылыстары туралы айқын материалистік ұғымдардың жинақталуын қамтамасыз етеді. Балалардың заттармен-материалдық дүние бөліктерімен тікелей танысуы нәтижесінде игерген өмір тәжірибесі негізінде оны дүние көрінісі жайындағы ұғымы тереңдеп, кеңейеді және адамның тұрмыстық тәжірибесі қалыптасады.

  • Заттық сабақтар заттармен алғашқы рет түйсік арқылы танысуға мүмкіндік беру керек. Танып біліп отырған затымыз біздің сезім мүшелерімізге әсер ететін болса, онда таныс емес затымызды білетін болып шығамыз.

  • Заттық сабақтарда оқылатын заттар өте алуан түрлі: табиғаттың тірі объектілері – жануарлар мен өсімдіктер;

  • көмірдің жеке кесектері, шымтезек, саз балшықтар; қар және мұз; компас, термометр, флюгер және т.б. заттар болуы мүмкін.

  • Заттық сабақтар өндіріске және табиғатқа экскурсия жасағаннан кейін жиі өткізіледі. Мысалы, кірпіш зауытына экскурсия жасалғаннан кейін оқушылар арнайы заттық сабақта саз балшықтың қасиетімен, өртенген және өртенбеген кірпішпен толық танысады.

  • Заттық сабақтарды өткізуге мұғалімнің дайындығы. Заттық сабақтарда мұғалім балалардың назарын білім алуға бағыттайды, сонымен бірге ол балалардың алған түсініктері мен ұғымдарын толықтыра және тиянақтай түседі.

Мұғалім заттық сабаққа оқу құралдары мен материалдарын дайындаған кезде балалар оқылатын заттың қасиеттерін басқа рецепторлармен қабылдағанда сезе ала ма, жоқ па, оны мұқият қарауы керек. Мысалы, оқушыларды зиянды көбелектер капуста көбелегі, шалқан көбелегі, күз қоңыр көбелегінің сыртқы түрімен таныстыру кезінде, олардың қанаттарының бояуын және әшекейін көрсету керек. Ол үшін шыны қорапта бекітілген көбелектің құрғақ коллекциясын пайдалануға болады.
Заттық сабақ кезінде мұғалім әрбір партаға, тіпті әрбір балада оқылатын зат болатындай етіп ұйымдастырса, онда тіпті жақсы болады. Мұғалім оқушылардың ойлауын, қорытынды жасауын, сабақ үстіндегі жұмыс барысында танысқан заттарының ерекшеліктерін анықтауды қажет ететін бірнеше сұрақтар дайындайды.
Заттық сабақтағы оқылатын объекті мұғалімнің баяндауы кезіндегі көрсетілетін зат қана емес, сонымен қатар ол жаңа білім беретін зат болу керек. Заттық сабақтарды заттың суреттегі бейнесін немесе кітаптағы сөзбен берілген сипаттамасын қарастырумен, мұғалімнің баяндауымен алмастыруға болмайды. Заттарды көріп білу балаларға тиянақты білім береді, ол ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға себепші болады, олардың сөздік қорын байытады. Сондықтан мұндай сабақты міндетті түрде өткізу керек.
Сабақ кезінде жеке заттарды оқып білу жалпы ұғымдардың қалыптасуының құралы болып табылады, өйткені заттарды оқып білу процесіне баланың барлық сезім мүшелері қатысады және оның салыстыру жолымен белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндігі болады.
Заттар әрбір оқушыда болуы керек, бірақ егер көретін заттары аз болса және барлығына жетпесе, онда оларды мұғалім өзі демонстарциялайды. Демонстарцияланған заттарды оқушылардың қолымен ұстауына, жақын көруіне беру керек. Ол үшін мұғалім заттарды әрбір партаға алып барады немесе балаларды стол қасына шақырады.
Заттық сабақ кезінде мұғалім мүмкіндігінше өзі аз айтып, барынша оқушыларды сөйлетуге және ойлануға мәжбүр етеді. Мұнда әңгімені көрген заттарының негізінде балалар өз бетінше айтып бере алатындай етіп ұйымдастыру керек. Сабақта оқылатын затты мұғалімнің өзі алдын ала жақсы біліп, негізгі тұстарын айқындап алғаны жөн.
Заттық сабақтың мазмұны объектінің сыртқы қасиеттерімен қалай болса солай, үстірт танысумен аяқтауға болмайды. Оқылатын объекті туралы барынша толық ұғым қалыптастыру керек. Ол үшін мұғалім сабаққа объектінің табиғат жағдайындағы күйін көрсететін тәжірибелер, суреттер, көркем суреттер, заттардың тарихи дамуының схемаларын, сонымен қатар берілген объектінің мазмұнына қатысты іскерлік немесе көркем сипаттағы оқытуды ендіреді.
Заттық сабақтар мынандай кезеңдерге бөлінеді:
- Затты көрсету, оның атын айту (сөз бен көру танымының байланысы);
- Бүтін затты және оның бөліктерін бақылау және қабылдау, бірақ аса талдап тексермеу;
- Заттың басты және көмескі, жеке бөліктерін қарау;
- Жаңа заттарды бұрын танысқан заттармен салыстырып, ұқсас және айырықша белгілерін анықтау;
- Жинақтап-қорыту;
- Оқулықтағы әңгімені оқу, суретін салу, желімдеу, коллекция жасау т.б. сыныптан тыс жұмыстар арқылы дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет