Білім беру бағдарламасы 6В01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Шифр атауы


Лекция13. Тәрбиенің құралдары мен формасы



бет35/76
Дата11.06.2023
өлшемі404,59 Kb.
#100439
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76
Лекция13. Тәрбиенің құралдары мен формасы.
1. Тұтас педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері ретінде тәрбие құралдары, формалары және әдістері туралы түсінік және олардың өзара байланысы.
2.Тәрбие құралдары: табиғат, қарыс-қатынас, материалдық және рухани құндылықтар, жарыс, іс-әрекет т.б.
3.Тәрбие формалары.

Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек.


Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді болады. Мәселен, бірінші сыныпе оқушысына мұғалім мінез – құлық ережесін, жолдастарымен қарым – қатынас жасау ережесін, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда өзін тәрбиелі ұстау ережесін үйрету керек. Мұғалім бірінші күнен – ақ мектеп, сынып, парта, кітап, коридор, басқыш, спорт зал, т.б. таныстырып, пайдалану, жүру, шығу, отыру, т.б. ережелерді үйрете бастайды. Әр оқушы мұны әртүрлі орындайды. Нақтылы педагогикалық ситуация болған жағдайда тәрбие әдісі мен тәсілі бірін – бірі алмастыра алады.
Кейбір педагогикалық мәселені шешуде тәрбие тәсілін тәрбие әдісі ретінде қолдануға болады.
Тәрбие құралдарына әр салалы іс - әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, өнер, спорт, т.б.) сонымен қатар педагогикалық жұмысқа қажетті материалдық және рухани шығармалар, заттар жиынтығы (көрнекті құралдар, саяси, көркем және көпшілікке арналған ғылыми әдебиеттер, бейнелеу өнері, музыкалық шығармалар, көпшілік ақпарат құралдары т.б.) жатады.
Тәрбие әдісінің тиімді болуы барлық әдістердің, тәсілдердің, құралдардың, тәрбие процесін ұйымдастыру формаларының өзара байланыстылығымен анықталады. Сонымен бірге мұғалім балалардың жеке – дара типологиялық ерекшеліктері мен тәрбиелік дәрежесін және баланың қандай нақтылы педагогикалық ситуацияда болғанын ескеріп, тәрбие әдісін қолдануына тәрбиенің нәтижелі болуы тікелей байланысты.
3.Тәрбие жұмысының формасы – педагогтер мен оқушылардың белгілі бір қарым-қатынас құрылымы арқылы тәрбиелеу жұмысы мазмұнының көрінісі. Сабақтан тыс қызметі ұйымдастырудың барлық формасын төмендегідей топтарға біріктіруге болады: тәрбиелік шаралар; ұжымдық шығармашылық; тәрбиелік ойындар. Шаралар – педагогтардың немесе басқалардың тәрбиеленушілер үшін оларға тікелей тәрбиелік әсер ету мақсатында ұжымда ұйымдастыратын оқиғалары, сабақтары, жағдайлары. Шараларға тән белгі – балалардың аңдаушылық-орындаушылық позициясы және ересектердің немесе жасы үлкен балалардың ұйымдастырушылық рөлі. Ұжымдық шығармашылық – оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастыру жолындағы бірлескен әрекет ету ұйымдары, өзінің ұжымға жататынын саналау, атқарылар әрекет мақсатын бірлесе белгілеу, міндеттерді бөлісу, қорытындыларын шығару. Тәрбиелік ойындар – тәрбиеленушілер ұжымында демалыс, көңіл көтеру және үйрету мақсатында мақсатты түрде ұйымдастырылатын қиялдағы немесе шынайы әрекеттер. Формалардың жіктелуі мынадай белгілерді есепке алады: Өткізілу мерзімі бойынша барлық формаларды былайша бөлуге болады: қысқа мерзімдік (ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылатын); ұзақ мерзімдік (ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылатын); дәстүрлі (тұрақты түрде қайталанып тұратын). Даярлану мерзімі бойынша: дайындықсыз формалары (оқушылармен оларды алдын ала даярлыққа қоспастан өткізілетін); алдын ала жұмысы, оқушылардың даярлығы қарастырылатын. Әрекет түрлері бойынша: оқу; спорттық-сауықтыру; еңбек; көркем; эстетикалық; экологиялық; танымдық және т. б. Педагогтің әсер ету әдісі бойынша: тікелей; жанама. Ұйымдастыру субъектісі бойынша: балаларды педагогтар, ата-аналар және басқа да ересектер ұйымдастырады; әрекет ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылады; балалар өздері ұйымдастырып, жүзеге асырады. Нәтижесі бойынша: нәтижесінде ақпараттар алмасу болады; нәтижесінде ортақ шешім қабылдау жүзеге асады; нәтижесінде қоғамдық маңызды өнім алынады. Қатысушылар саны бойынша: жеке (тәрбиеші – тәрбиеленуші); топтық (тәрбиеші – балалар тобы); бұқаралық (тәрбиеші – бірнеше топтар): Тәрбиелік әсер әдістемесі бойынша: сөз түрінде (жиналыстар, сұхбаттасулар, пікірталастар); практикалық (жорықтар, экскурсиялар); көрнекілік (тақырыптық стенділер көрмелері).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет