Лекция 25. Тақырыбы: Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс әрекетін белсендіру.
1.1.Оқыту - оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеті.
1.2. Танымдық қызығушылықтың оқу іс-әрекетіндегі ролі, оның оқытудығы дамуы.
1.3.Оқушыларды оқытудың мотивтері.
1.4. Педагогтің кәсіби құзыретілігінің оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруге ықпалы.
Таным процесі дегеніміз - адамның жан дүниесіндегі психологиялық сезінуі, қабылдауы, түсінуі. Адамның таным процестері әртүрлі түйсіктер, рецепторлар арқылы дамып отырады. Түйсік қарапайым таным процесі болып саналады. Материалды дүниенің, болмыстың жеке қасиетін бейнелейді. Сол сияқты тиісті рецепторларға тікелей емес әрекеттер кезіндегі организмнің сыртқы күйі. Түйсік пайда болу үшін біріншіден, дүниедегі болмыстың сезімдік органдарына әрекеті қажет. Түйсік себепсіз болмайды. Ол адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады.Сол шындық пен болмыстың мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік – сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі.Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы - осы түйсік.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтіп негізгі қозғаушы мотив — оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамак, баспана, киім, еңбек құралдары т. б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын — рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т.б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы - материалдық қажеттіліктері, қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы — тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы орекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы органы, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адампсихологиясына, оның, күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдардыіздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. өйткені қажеттілік - адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылатындығын, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері — іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының кайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет — (әсіресе, табиғи қажеттер) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет өтелмесе, емір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұлоның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.
Таным процесі қызығудан тұрады. Қызығу — заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен катар, қызығуда бір нәрсені ерекше тандап, соған зейін қойылады.
Қызығулар да бейімділіктер тәрізді балалардың кішкентай кездерінде ерекше байқалады. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардыңішінде басты біреуі болады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақүлгеруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізіп танымдық белсенділігін арттырады.
Кызығулар өзінің мазмұны мен бағытына карай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, спорттық, танымдык,, т. б. болып келеді. Бұлардыңәрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным кызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия т.б.); кәсіштіккызығулар сан салалы кәсіптің түрлеріне байланысты, (эстетикалық кызығулар кино, театр, музыка, бейнелеу өнері т. б.) бөлініп жатады.
Адам объектіге түрлі максат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердіңтартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуга болады. Жанама қызығу — бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мүндайқызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның ісі оңга басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы кетіп отырады.
Жалпы таным процесінің жоғары сатысы – абстрактылы-теориялық ойлау. Ол тек адамға ғана тән қасиет. Абстрактылы теориялық ойлау- танымға негізделіп, танып білген бейнелердің мән – мазмұнын еңбектену процесіндегі іс - әрекеттермен ұштастырады. Бұл жайт адамның танымдық процесінің сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан тәжірибеге қарай көшіп, үнемі қайталанып дамып отыратындығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |