Қорытынды Ислам (араб.: إسلام) — әлемдік монотеисттік-авраамдық дін. Христиандықтанкейін дүниеде ең көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына)[1]«мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздардыорындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Исламның ортақ тұлғасы — Мұхаммед пайғамбар. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы — Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى) Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі.
Қағба - Ислам дінінде Құбыла, бүгінгі күнгі Сауд АрабиясыныңМекке қаласында орналасқан. Әлемнің әр елінен жиналған мұсылмандар Аллаға бірігіпқұлшылық етуде
Медине қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешіті
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.[2]. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар — Алланың елшісі Мұхаммед ﷺ.
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Диуани хикмет. Алматы: Мұраттас, 1993. -119 6.
2. Қирабаев Н. Социальная философия мусульманского востока. М.: Издательство университета. 1987. с. 19.
3. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1-том. Алматы: Жазушы, 1977. - 322 б.
4. Берки А., Кескіоғұлұ О. Сонғы пайғамбар хазірет Мұхаммедтің өмірбаяны. Анкара: Дін істері басқармасы, 1997. - 222 б.