КІРІСПЕ Дін-өмір азығы. Дін адамды таза жолға жетелейді. Дінсіз әлем болмайды. Дін –адам рухының азығы. Дін адаммен тікелей байланысты. Дүние жүзінде әлемдік үш дін бар олар: Ислам, Христиан, Буддизм. Жалпы мұсылмандардың діні-Ислам.
Дін адаммен байланысып, соның пайдасын көздейді. Ислам дінінде «Әшһәду әл ләә иләәһә иллаллоһ уә әшһәду рәссуулуһ». Яғни қазақша баламасы «Алла жалғыз, Мұһаммед оның елшісі. Жалпы дін «Аллаһ» тарапынан пайғамбарлар арқылы адамдардың бұл дүниеде және ақыретте бақытты өмір сүруін үшін жіберілген заңдар.
Алла Тағала Ибраһим (а.с.) туралы Құранда өте көркем сөздермен атайды. Мәселен, «дінге берік», «Алланың досы», «өте сабырлы», «шыншыл», «ізгі», «таңдаулы» деген сипаттарды кездестіруге болады. Мұндай сипаттарға лайықты болу үшін Алла Тағала оны өзге пайғамбарлар көрмеген қиыншылық-сынақтардан өткізген. Атап кетер болсақ, жастайынан халқын тура жолға шақырамын деп отқа тасталған. Бұған қоса, оның Азар есімді әкесі халық табынатын пұт жасаушы қызметкер болған. Қарттық келіп қартайғанда ұлды болып, ұзақ күткен тұяғын өз қолымен бауыздауға (құрбан етуге) бел буған болатын. Сонымен қатар, бауыр еті Исмайл мен әйелі Ажарды шөл далаға, егіні мен суы жоқ алқапқа, ит байласа тұрмайтын жерге алып барып тастаған. Бұдан бөлек, халқына дін таратамын деп, қаншама машақатты бастар өткізген бірден бір пайғамбар. Осындай қиыншылықтардан сүрінбей өткендіктен Алла Тағала оны өзіне дос тұтып алған болатын: «وَاتَّخَذَ اللَّهُ إِبْرَاهِيمَ خَلِيلًا» – «Алла Тағала Ибраһимды (а.с.) дос тұтты». Алла Тағала Құранның көптеген аяттарында Ибраһим (а.с.) пайғамбар туралы баяндар кезде «Ислам» сөзін онымен байланыстырып отырады. Мәселен, «Бақара» сүресінің 128 аятында: «رَبَّنَا وَاجْعَلْنَا مُسْلِمَيْنِ لَكَ وَمِنْ ذُرِّيَّتِنَا أُمَّةً مُسْلِمَةً لَكَ» – «Раббымыз, екеумізді де өзіңе бой ұсынушылардан қыл, ұрпақтарымызды да өзіңе бой ұсынушы бір үммет ете гөр» (аяттағы «бойұсыну» сөзі араб тіліндегі «мұсылман» сөзінің мағынасына саяды), сондай-ақ, аталмыш сүренің 131 аятында: «إِذْ قَالَ لَهُ رَبُّهُ أَسْلِمْ قَالَ أَسْلَمْتُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ» – «(Алла Тағала Ибраһимге) Бой ұсын!»,- деді. Ол: «Бүкіл әлемнің Раббысына бой ұсындым» деді», «Хаж» сүресінің 78 аятында: «مَا جَعَلَ عَلَيْكُمْ فِي الدِّينِ مِنْ حَرَجٍ ۚ مِّلَّةَ أَبِيكُمْ إِبْرَاهِيمَۚ» – «(Алла Тағала) Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ибраһимның (а.с.) жолы» . Әсілінде, Исламның негізгі деген 5 парызы бар екені белгілі. Олар: Шахада (куәлік ету), намаз, ораза, зекет және қажылық. Бұл жайында ардақты Мұхаммед (с.а.у.) хадісінде былай деген: «Ислам бес негізге құрылған: Шахада (Алла Тағаладан басқа құдайдың жоқтығына және Мұхаммед Алла елшісі екендігіне куәлік ету), намаз оқу, зекет беру, қажылық жасау және рамазан оразасын». Бір қызығы, осы бес парызды жіті зерттер болсақ, олардың барлығы дерлік Ибраһим (а.с.) пайғамбармен тікелей байланысты екенін ұғынамыз. Ендеше, осы байланыстарға толығырақ тоқталып, Ибраһим (а.с.) пайғамбардың біздер үшін қаншалықты маңызды тұлға екеніне көз жеткізейік.