Оқыту әдістері, олардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкестілігі: Видео көрсету, Миға шабуыл, Ілмелі сұрақ
Сұрау әдістері (жаппай, жеке, топтық, ТОҚ (ТСО) пайдалана отырып өзбетіндік жұмыс, бағдарламалық): топтық
Оқу мотиві (интеллектуалды, әлеуметтік-мәнді тікелей оятушы): интелектуалды
Мұғалімнің оқушымен өзара қарым-қатынасы (талап қоюшылығы, сыйластық, жеке-психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, мақұлдау әдістері, үйрету; табыс жағдайатын құру).Мұғалімнің оқушымен өзара қарым-қатынасы талап қоюшы, сыйластық, жеке-психологиялық, мақұлдау әдістері, үйрету; табыс жағдайын құру.
Мұғалімнің сыртқы келбеті:Мұғалімнің сыртқы келбеті мектеп талаптарына сәйкес.
Сабаққа жалпы баға беру (қойылған мақсатқа жетуі, сабақтың тиімділігі және оны анықтау әдістемесі, оқыту түрін қолданудың педагогикалық дәлелділігі, оқыту әдістерін мақсатқа сәйкес таңдауы, оқыту үрдісінің қайшылықтарын жеңу): Мұғалім өз алдына қойылған мақсатқа жетті, әрі жаңа сабақты түсіндіруде әр түрлі әдіс-тәсілдерді және де интерактивті тақтаны қолданып, тақырыпқа байланысты слайд көрсетіп, презентация технологиясын қолдануы арқылы сабақ қызықты өткізді. Сабақтың тиімді әдіс-тәсілдермен өткенін оқушыларға берілген жеке және топтық тапсырмалардың көмегімен анықтай алды. Биология пәнінің мұғалімі оқыту әдістерін сабақтың мақсатына сәйкес таңдай білді. Мұғалім жаңа сабақты презентациялар технологиясын қолдана отырып, оқушыларға тақырыпты түсінікті түрде ұғындыра алды және де сабақ жоғары деңгейде өтті.