Тақырып мақсаты:
Стандарттардың сызбаны графикалық рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптарын негізге ала отырып, техникалық сызбаны орындау мен оқуға бейімдейді. Студенттерді конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындауға және жалпы ережелерді орындауға үйрету.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Тақырып бойынша теориялық материалдарды оқып, түсінігі бойынша конспект жасау. Р.С.Миронова, Б.Г.Миронов. Сборник заданий по черчению. №4 қосымша.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Әр вариантта екі үлгіден берілген, симметриялы және симметриялы емес екі тетікбөлшектің сызбасын орындап, өлшемдер түсіру. Жаттығуға арналған тапсырмалар шаршылы бетте орындалған. Өлшемдерді анықтау үшін шаршының қабырғаларын 5 мм етіп алып есептеу керек. Тапсырманы орындау үлгісі 65-суретте берілген.
Өткізу формасы: практикалық жұмыс
Бағалау критерийлері: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды мектепте алған біліміне сүйене отырып, кеңістіктік ойлау қабілеті мен композициялық ойын, зейінін, графикалық орындау шеберлігі мен сызбаны сауатты орындау қабілеттілігі ескеріледі.
Әдебиеттер: 1,2,3,4 (негізгі), 2,3,4 (қосымша)
№5-практикалық сабақ
2 академиялық сағат
Тақырып: Лекалдық қисық сызықтар.
1. Эллипс, парабола, гипербола.
2. Циклоида, шеңбер эвольвентасы, Архимед спиралі.
Тақырып мақсаты:
Стандарттардың сызбаны графикалық рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптарды қайталай отырып, техникалық сызбаны орындау мен оқуға бейімдеу. Студенттерді конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындауға және жалпы ережелерді орындауға үйрету.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Тақырып бойынша теориялық материалдарды оқып, түсінігі бойынша конспект жасау. Борисов Д.М. Черчение. Оқулық. 44, 45, 46-суреттер. Шеңберді тең бөліктерге бөлу. Шеңберді тең 3, 5, 6, 8, 10, 12 бөлікке бөлу. Р.С.Миронова, Б.Г.Миронов. . Сборник заданий по черчению. №2 жаттығу. Циркульдің көмегімен шеңберлерді тең бөліктерге бөлу. 10-бет., №2 гр. тапсырма (1 – бөлім). 12-14-беттер. Циркульдің көмегімен шеңберлерді тең бөліктерге бөлу ережелеріне сүйене отырып, тетікбөлшек контурын орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |