6. Дәрістер кешені (қарастырылмаған)
7. Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық.
№1-практикалық сабақ
2 академиялық сағат
Тақырып: Кіріспе. Графикалық кескіндер тарихына шолу. Сызбаларды орындау ережелері. Сызбадағы негізі мәліметтер. Масштабтар.
Сабақтың мақсаты:
Стандарттардың сызбаны графикалық рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптары мен пәннің даму жолына қысқаша тарихи шолу жасай отырып, техникалық сызбаны орындау мен оқуға бейімдейді. Студенттерді конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындауға және жалпы ережелерді орындауға үйрету.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Тақырып бойынша теориялық материалдарды оқып, түсінігі бойынша конспект жасау. Р.С.Миронова, Б.Г.Миронов. Сборник заданий по черчению. №1 тапсырма.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Берілгені бойынша графикалық тапсырманы орындау. Өлшемдер түсірілмейді.
Өткізу формасы: практикалық жұмыс
Бағалау критерийлері: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды мектепте алған біліміне сүйене отырып, кеңістіктік ойлау қабілеті мен композициялық ойын, зейінін, графикалық орындау шеберлігі мен сызбаны сауатты орындау қабілеттілігі ескеріледі.
Әдебиеттер: 1,2,3,4 (негізгі), 2,3,4 (қосымша)
№2-практикалық сабақ
2 академиялық сағат
Тақырып: Сызба құрал – жабдықтары. Сызба сызықтары.
1. Сызба құрал – жабдықтарымен жұмыс жасау тәсілдері.
2. ГОСТ 2.303 – 68 сызба сызықтарының түрлері.
3. Сызба сызықтарының қолданылуы.
Тақырып мақсаты:
Стандарттардың сызбаны графикалық рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптарын негізге ала отырып, техникалық сызбаны орындау мен оқуға бейімдейді. Студенттерді конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындауға және жалпы ережелерді орындауға үйрету.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Тақырып бойынша теориялық материалдарды оқып, түсінігі бойынша конспект жасау. Р.С.Миронова, Б.Г.Миронов. Сборник заданий по черчению. №1 тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |