ІІІ деңгейлік тапсырмалар
Периодтық заң және периодтық жүйеге қатысты тақырыптарды оқытудағы әдістемелік амалдарды көрсетіңіз.
Ерітінділер концентрациясын оқытуда кейс шешу әдістемесін дайындаңыз.
Оттекті органикалық қосылыстар гомологы мен изомериясы және оларды теориялық оқытудағы ерекшелігін көрсетіңіз.
Химияны жеке тұлғаға бағыттап оқытудағы ынталандыру мен диагностикалау жүйесін мысал арқылы қолданыңыз.
Жаңа ақпараттық технологиялар мен оларды химияны оқытуда қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, олардың маңызын сипаттап көрсетіңіз.
Зат массасының сақталу заңын оқыту, химиялық теңдеулер құрастыру дағдысын қалыптастыру әдістемесін қолданыңыз.
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын оқыту әдістемесін сипаттап көрсетіңіз.
Сан есептерін құрастырып, оқушылардың ойлау жүйесін дамыту құралы екенін көрсетіңіз.
Химияны оқыту технологияларын педагогикамен, психологиямен, химиямен және т.б ғылыми пәндермен байланысын мысалдармен көрсетіңіз.
Мектеп оқушыларына химиялық білім беру жүйесінің компоненттері: мақсат, ыңғайландыру, жобалау, мазмұн, іс-әрекет, басқару, нәтиже мен бағалау ұғымдарын сипаттап көрсетіңіз.
Электролиттік диссоциация теориясы түсінігі мен негізгі жағдайларын оқытудың мектеп оқулығындағы тақырып бойынша жоспарын құрыңыз.
Спирттерді, альдегидтерді, карбон қышқылдарын және күрделі эфирлерді оқытудағы әдістемелік ұстанымдарды қолданыңыз.
Химияны оқытудың сөздік, сөздік-көрнекілік әдістерін көрсетіңіз, көрнекілік тәжірибелерге қойылатын талаптарды ескере отырып мысалмен көрсетіңіз.
Эксперименттік зерттеу нәтежиелерін бағалаудың критерийлері мен көрсеткіштерін сипаттаңыз, педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеу жолдарын көрсетіңіз.
Химиялық реакциялар жүру жағдайларының заңдылығы туралы теориялық білімді қалыптастыру әдістемесін көрсетіңіз.
Электрондық және энергетикалық көзқарастар тұрғысында химиялық байланыс және заттың құрылымы туралы ұғымдар жүйесін қалыптастыру әдістемесіне мысал дайындаңыз.
Химияны оқыту барысында құндылық құзыреттіліктерін қалыптастыру теориясының қолданылуын көрсетіңіз.
Химяны оқыту барысында оқушының жеке тұлғасының дамуын, оқуға деген жағымды ынтаны дамыту проблемасын сипаттап көрсетіңіз.
«Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар» тақырыбын кейс стади технологиясымен оқыту әдістемесін қолданыңыз.
Үлкен және кіші периодтағы элементтер, атом құрылысы, химиялық элементтер ұғымы мен олардың ашылуы, изотоп туралы түсініктерді қалыптастыру жолдарын көрсетіңіз.
«Электролиттер мен бейэлектролиттер» тақырыбын сыни ойлау технологиясы бойынша оқыту әдістемесін дайындаңыз.
Химиялық байланыс туралы ұғымды электрондық-энергетикалық негізде қалыптастыру әдістемесін көрсетіңіз.
Химиялық элементтердің электртерістігі, байланыс энергиясы туралы түсінік қалыптастыру жолдарын көрсетіңіз.
Полюсті және полюссіз молекулаларды оқыту әдістемесін жасаңыз, электрондық тұрғыдан валенттілік, тотығу дәрежесі ұғымдарына жауап дайындаңыз.
Химиялық реакциялар туралы ұғымның дамуын, негізгі білім мазмұнын сипаттап, электрондық теория тұрғысынан химиялық реакциялардың бағыттары мен ұстанымдарын көрсетіңіз.
Химиялық тепе-теңдік, қайтымды және қайтымсыз реакция туралы түсініктерді қалыптастыру жолдарын көрсетіңіз.
Органикалық химия курсындағы негізгі бөлімдердің жалпы сипаттамасы бойынша оқу материалдарын оқып-үйренудегі сабақтастықты көрсетіңіз.
Метан, этилен, бутадиен, бензол және олар гомологтарын оқытудағы құрылымдық және электрондық көзқарастың дамуын кейстер шешу арқылы жұмыс істеңіз.
Элементтердің табиғи топтары туралы түсінік қалыптастырудың, химиялық элементтердің периодтық жүйесі, топ және период туралы ұғымдарды қалыптастырудың әдістемесін көрсетіңіз.
Құрастырған: Техн.ғ.к., доцент Г.Т.Сарбаева
Емтихан сұрақтары кафедраның № 8 « 14 » 03 2023 ж. мәжілісінде талқыланды.
Кафедра меңгерушісі х.ғ.к., профессор Р.Н.Нұрділлаева
Емтихан сұрақтары факультеттің академиялық комитет кеңесінің № 7 «16» 03.2021ж.
мәжілісінде мақұлданды.
Академиялық комитет кеңесінің төрайымы, техн.ғ.к., доцент м.а. Э.Қ.Ибрагимова
Достарыңызбен бөлісу: |