Білім беру бағдарламасы: 6В01512-Химия 3-курс, 6-семестр і-деңгейлік тапсырмалар



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі34,58 Kb.
#143329
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭКОЛГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ


«БЕКІТЕМІН»
Жаратылыстану ғылымдары
факультетінің деканы ф.-м.ғ.д.,
профессор ________Баканов Ғ.Б. “ ’’ 2022 ж.

«Химияны оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары
Білім беру бағдарламасы: 6В01512–Химия
3-курс, 6-семестр
І-деңгейлік тапсырмалар

  1. Химияны оқыту барысында оқушыға кәсіби бағдар беру проблемасының қалай жүзеге асырылатынын жазыңыз.

  2. Сабақ жоспарына қойылатын талаптарды, жоспардың құрамдас бөліктерін, формасы мен мазмұнын сипаттап жазыңыз және сабақ жоспарының мысалын жазыңыз (ҚМЖ, ҰМЖ).

  3. Химиялық эксперимент – химияны оқытудың арнайы әдісі екенін сипаттаңыз, оқу үрдісіндегі химиялық эксперименттің танымдық мәнін және оның негізгі функцияларын жазыңыз.

  4. Химияны оқыту әдістерін топтастырыңыз, олардың критерийлері мен белгілерін сипаттап жазыңыз.

  5. Теориялық және практикалық әдістердің, жалпы және жеке ғылыми әдістердің химияны оқыту барысындағы маңызын жазыңыз.

  6. Сабақ химияны оқытудың негізгі формасы екенін, химия сабағының құрылымын, типологиясын сипаттап жазыңыз.

  7. Зертханалық сабақты ұйымдастыруға, өткізуге қойылатын талаптарды жазыңыз, осындай сабақтың түрлеріне топтастырыңыз.

  8. Мектеп дәрісі және оның түрлері мен белгілерін, дәрісті ұйымдастырып өткізуге қойылатын талаптарды сипаттап жазыңыз.

  9. Жоғары сынып оқушылары үшін ұйымдастырылатын семинар сабағының ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.

  10. Химиялық ұғымдар қалыптастырудың маңызды кезеңдері, анықтамалардың ролі, олардың түрлері, мәнін тізбектеңіз.

  11. Химия тілі – химия тамындағы құрал және әдіс, оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың маңызды құралы екенін суреттеңіз.

  12. Химия пәні бойынша өткізілетін топсеруендер жіктелісін тізімдеңіз.

  13. Химия пәні топсеруендерінің құрылымы, мақсаты мен мазмұнын сипаттаңыз, топсеруенді ұйымдастыру мен өткізу әдістемесін жазыңыз.

  14. Химия пәнінен сыныптан тыс өткізілетін жұмыстың әр алуан түрлерін (әдістемелік әдебиетті салыстырмалы түрде талдау негізінде) жазыңыз.

  15. Зертханадағы қауіпсіздік ережерін, техника қауіпсіздігі жеке басты қорғау құрал-жабдықтары, өрт қауіпсіздігі және оны сөндірумен зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету сияқты мәселелердің негізі туралы жазыңыз.

  16. «Оқыту әдістемесі» мен «оқыту технологиясы» ұғымдарының арақатынасын анықтаңыз.

  17. Химияны оқыту әдістемесінің пайда болуы және дамуы туралы қысқаша тарихи деректерді тізбектеңіз.

  18. Химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыруға арналған тәжірибелерді тізімдеңіз.

  19. «Атомдар модельдерін жасау» тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі туралы жазыңыз

  20. «Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі» тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі

  21. «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану» тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесін жазыңыз.

  22. «Химиялық реакциялардың типтері» тақырыбын оқыту әдістемесін жазыңыз..

  23. «Бейорганикалық қослыстардың негізгі кластары» тақырыбына қойылатын тәжірибелерді жазыңыз.

  24. «Металдардың қышқыл және тұз ерітінділерімен әрекеттесуі» тақырыбын оқыту әдістемесін жазыңыз.

  25. «Химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан сипаттау» тақырыбын оқыту әдістемесін жазыңыз.

  26. «Оксидтердің қасиеттерін зерттеу. Негіздік оксидтердің кейбір қасиеттері» тақырыбын оқыту әдістемесін жазыңыз.

  27. Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу» тақырыбын оқыту әдістемесін жазыңыз.

  28. «Судың кермектігін анықтау» тақырыбын оқыту әдістемесін жазыңыз.

  29. Химияны оқыту әдістемесінің қазіргі жағдайы мен мәселелерін анықтаңыз.

  30. Сабақты оқытудың негізгі формасы екенін анықтайтын факторларды топтастырыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет