ІІ-деңгейлік тапсырмалар Сабақтың түрлеріне анықтама және қысқаша сипаттама беріп тұжырымдаңыз.
Мұғалімді сабаққа дайындау алгоритмін жасаңыз және тұжырымдаңыз.
Қазіргі химия сабағына қойылатын талаптарды топтастырыңыз.
Сабақта оқушылардың белсенді әрекетін ұйымдастырудың шарттарын негіздей отырып тұжырымдаңыз.
Мектеп мұғалімінің оқу жұмысы қалай жоспарланғанын мысал келтіріңіз.
Химияны оқыту технологиялары: топтық, жеке, модульдік және бағдарламалау, қашықтықтан оқыту және кредиттік технология жүйесі бойынша оқыту туралы тұжырымдаңыз.
Химияны дербестеп-саралап оқытуды ұйымдастыру технологияларының әдістемелік негізін өз сөзіңізбен жазыңыз.
Химияны оқытуда жалпы логикалық әдістерді пайдалану әдістемесіне мысал келтіріңіз.
Индукция мен дедукцияның химияны оқытудың қазіргі кезеңдегі арақатынасын нақтылап айырмашылықтарын көрсетіңіз.
Химиялық зерттеу әдістері – химияны оқытудың арнайы әдістері екеніне тұжырымдаңыз.
Бақылау және оның химияны оқытудағы роліне мысал келтіріңіз.
Химиялық эксперимент – химияны оқытудың арнайы әдісі екенін және оқу үрдісіндегі химиялық эксперименттің танымдық мәнін тұжырымдап, оның негізгі функцияларын топтастырыңыз.
Демонстрациялық және оқушылардың тәжірибелері, оларға қойылатын талаптарды топтастырыңыз.
Химияны оқытуда химиялық эксперимент пен теориялық білімнің арақатынасына мысал келтіріңіз.
Химиялық эксперименттің маңызын, тақырыпты оқытудағы көлемі мен орнына тоқтала отырып өз сөзіңізбен жазыңыз.
Химияны оқыту үрдісіндегі оқу жұмысының әдістерін жіктеңіз, химияны оқытуда әңгіме құрылымының әр түрлі әдістемелік жақтарын өз сөзіңізбен жазыңыз.
Мектепте химиядан лекция оқуға қойлатын талаптарды тұжырымдап, оларды ЖОО дәрісімен салыстырыңыз.
Әңгіме өткізудің әдістемелік ережесі мен амалдарын тұжырымдап, оны химияны оқытуда пайдалануға мысал келтіріңіз.
Оқушылардың өзіндік жұмыс әдістерін топтастырыңыз және оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге қойылатын талаптарды тұжырымдаңыз.
Оқушылардың өз бетінше эксперименттік жұмыстарына мысал келтіріңіз.
Химияны оқытуда лабораториялық жұмыс пен практикалық сабақтардың орнын негіздеп, айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз.
Оқытуда критериалды бағалау жүйесінің қолданылуы туралы ойыңызды тұжырымдаңыз.
Химиядан емтихан, оның мақсаты мен маңызын өз сөзіңізбен жазып, оны өткізуді ұйымдастыру мен әдістемесін тұжырымдаңыз.
Зат туралы түсінік қалыптастырудың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдерін тұжырымдаңыз.
Химияны оқытуда алғаш рет зат туралы түсінік қалыптастыруға арналған мысалдарды келтіріңіз.
Химияның алғашқы курсындағы оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздарды оқыту әдістемесіне арналған тапсырмаларға мысал келтіріңіз.
Периодтық заң және атом құрылысын оқып үйренудегі әдістемелік ұстанымдарды жіктеп, оқушыларды периодтық заңды оқып үйренуге дайындау тәсілін өз сөзіңізбен жазыңыз.
Зат құрылымы мен химиялық байланыс теориясы негізінде периодтық заң туралы оқушылар білімін жалпылай тұжырымдаңыз.