реакция жүргенде өте көп жылу бөлініп шығатын, мәселен магнийдің жану реакциялары жатады. 2Mg + O2 = 2 Mg O, ∆Н =+602,5 кДж/моль.
Қайтымды реакциялар теңдеуінің оң және сол бөлігінің ортасына тепе-теңдік белгісі немесе стрелка қойылады.
Химиялық тепе-теңдік
Қайтымды реакциялар аяғына дейін жүрмейді, олар химиялық тепе-теңдік туумен аяқталады.Мысалы, аммиакты синтездеу реакциясын қарастырайық:
N2 + 3 Н2 2 NН3 + Q
Әрекеттесуші массалар заңына сәйкес тура (υ1) және кері (υ2)
υ1=k1CN2 * C3H2
υ2= k2*C2NH3
Белгілі уақыт бірлігінде түзілген аммиак молекуласының саны азот пен сутегі молекуласына ыдырайтын санға тең болғанда ғана тепе –теңдік пайда болады. Химиялық тепе –теңдікті тура және кері реакцияның жылдамдығы өзара тең болғандағы әрекеттесуші заттардың күйі деп анықтауға болады.