Металдармен тұз ерітінділермен әрекеттесуі Металдардың маңызды қасиеттерінің бірі – олардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі. Оны зерттеу үшін үш стакан алып, біріншісіне мыс (II)сульфатының CuSO4 ерітіндісін , екіншісіне қорғасын нитратының Pb(NO3)2 ерітіндісін , үшіншісіне алюминий нитратының Al(NO3)3 ерітіндісін құямыз. Бірінші стаканға темір жаңқаларын , екіншісіне мырыш жаңқаларын , үшіншісіне мыс жаңқаларын саламыз. Стакандардағы реакция жүруінің белгілеріне көңіл аударамыз. Бірінші стаканда қызыл түсті мыс түзілді, ал екінші стаканда мырыш борпылдақ қорғасынмен қапталды, ал үшінші стаканда ешқандай өзгеріс байқалмайды.
Тәжірибе нәтижесінде металдардың барлығы тұз ерітінділерімен әрекеттеспейді деген қорытынды жасауға болады.Металдардың белсенділік қатарында тұрған әр металл өзінің оң жағында тұрған металды оның тұзының құрамынан ығыстырады,ал сол жағында тұрған металдарды ығыстырмайды. Реакция теңдеулерін төмендегідей жазуға болады:
Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру үшін литий Li, натрий Na, калий K , кальций Ca сияқты белсенді металдарды қолдануға болмайды. Өйткені бұл металдар қалыпты жағдайда сумен әрекеттеседі.
9-кестеде металдардың оттекпен, сумен, қышқыл және тұз ерітінділерімен әрекеттесу заңдылықтары (шартты) берілген. Бұл кесте бойынша реакциялардың жүру жағдайларын ғана емес,реакцияның жүру сипатын да анықтауға болады. Мысалы, мырыш сумен жоғары температурада әрекеттеседі, нәтижесінде мырыш оксиді мен сутек түзіледі:
Zn + H2O = ZnO + H2 Мырыш су мырыш сутек
оксиді
Жұмыстың орындалу реті Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі
Реактивтер: мыс,мырыш, темір, тұз немесе күкірт қышқылдарының ерітінділері.
Химиялық ыдыстар мен құрал жабдықтар: сынауық ұстағыш, сынауықтар.
Жұмыс барысы: Үш сынауыққа мырыш, темір және мыс металдарының түйірлерін салыңдар. Бұл металдардың кернеулік қатарындағы орнына байланысты металдар мен қышқыл арасында реакцияның жүзеге асу мүмкіндігін болжаңдар. Әр сынауыққа 2 мл тұз немесе күкірт қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Тәжірибе арқылы металдардың тұз қышқылымен реакциясына көз жеткізген соң , реакциялардың жүру жылдамдығына көңіл аударыңдар.