«Қыс». Ақын қолданатын көркемдік әдістер. Ал Абай лирикасында жанды дүние-адамды да, адамдардың іс-әрекет, қимыл-қарекет бесігі-табиғатты да тұтас қаусыраған бүтін бір әдемі әлем-құбыла құлпырған көркемдік атмосфера жасалады.
Ақ киімді, денелі, ақсақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Осы әшейін қыс көрінісі ғана ма? Аумаған адам сияқты мінезі мен мүсіні бар, дем алатын, қозғалатын жабырқайтын, жадырайтын жанды нәрсе емес пе? Қыс бұл жерде «ақ киімді, денелі, ақ сақалды» баяғы бір «кәрі құда», шал. Қыстың аяусыз екенін, малға да, жанға да тынымсыз екенін көрсетеді. Тынымсыздығын «кәрі құда» деп, қазақ тұрмысымен байланыстырады. Қысты бұлай адам бейнесінде суреттеу-қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын атымен болған емес. Бұл жерде де мәдениетті поэзияның өкілі Абай өзінің өзгеше өлең өрімін, жаңаша үлгі-өрнегін төгіп отыр.
4. «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» - ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік, кедей жалшының мүшкіл халі. Шығарманың нақты өмірден алынған деректік көзі («Абай жолындағы» осыған ұқсас көрініс)
Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе, жылдың тар мезгілін суреттейтін өлеңдері-күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен, жазылған аса сұлу, сылқым, сырлы жырлар. Оқушылардың көбінесе, Абай өлеңдерінің ішінен сүйіп оқитыны да осы-табиғат лирикасы. Жылдың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі мен сипатын беретін «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры» атты өлеңдерінен барлық оқушылар жатқа біле отыра өзіндік мазмұнын ашып береді. Мысалы, 9 «Ә» сынып оқушысы Анар Бұқтыбаева Абайдың жыл мезгілдерін сипаттайтын өлеңдерін оқыған кезде көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келетіндігін айтып сыныпта басқа оқушылармен ой бөліскен болатын. «Жайқалған гүл бәйшешекті», «көкорай шалғыны» мен «күркіреген өзені» бар тамылжыған шыбынсыз жаз да, ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау қабақ қытымыр қыс та, аспанын бұлт торлап, гүлі солған сарғыш даласын шық басқан сұрғұлт күз сияқты табиғат көріністері суреттеліп, ізінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тірлік кәсібіне, шаруа жайына көшетіндігін аса шеберлікпен суреттелгеніне бар оқушының назарын аударды.
Достарыңызбен бөлісу: |