Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


Жанрлық түрлері, көркемдік сипаты



бет19/43
Дата29.12.2023
өлшемі268,81 Kb.
#144655
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
Байланысты:
Білім беру бағдарламасы «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»-emirsaba.org

Жанрлық түрлері, көркемдік сипаты.
Шешендік сөз жанрлық белгілеріне қарай шешендік дау, шешендік толғау, шешендік арнау деп мазмұнына қарай жіктеліп жүр. Шешендік арнауға бата, сын, әзіл, көңіл айту, шешендік толғауға тақпақ-термемен айтылатын тілек, өсиет, насихат, толғау сөздер, шешендік дауға жер, жесір, құн, мал және ар-намыспен байланысты даулар енеді. Шешендік сөздің сан-алуан түрлерін дау үстінде айтылған кесім сөзімен шектеу де тарлық етеді.Қырқыншы жылдарға дейін билер сөзі деген атау әдебиеттану ғылымында қолданылып келді.
Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:

Шешендік өнер үш қайнар бұлақтан нәр алып сусындайды:


Біріншісі – табиғи қабілет пен дарын;
Екіншісі – теориялық қисындармен қаруландыру;
Үшіншісі – тынымсыз, толассыз еңбек, жүйелі жаттығу.
Және де шешендік өнер үш мақсатты көздейді:
  1. сендіру

  2. рахаттану, ләззатқа бөлеу

  3. толқытып тебіренту.


Риторика, яғни шешендік сөз бес бөліктен тұрады:


  1. материал іздеп табу


  2. материалдарды орналастыру, жайғастыру


  3. сөзбен киіндіру


  4. еске сақтау


  5. айта білу шеберлігі.


Бірінші бөліктің өзі:


а) нақты істер
б) жалпы мәселелер
болып тармақталады. Нақты істер мекен-жайға, уақытқа, кейіпкерлерге қатысты. Жалпы мәселелердің өзі теориялық және іс-тәжірибелік болып бұтақталады.
Екінші бөлік бес қабаттан тұрады:
  1. кіріспе

  2. мазмұндау

  3. тақырыпты айқындау


  4. дәйектемелер


  5. түйіндеме.


Шешендік сөздің сапалық белгілері:


Лебіз көркемдігі тілдегі әр алуан көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдерін орнымен, шеберлікпен жұмсай алудан көрінеді. Олар: теңеу, кейіптеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха, параллелизм, антитеза, инверсия, қайталау, риторикалық сұраулар, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет