Бақсылардың сарыны. Ескі дін, ескі нанымныңарқыты болған өлеңдердің бірі бақсылардың сарыны. Мысалы Жаман бақсының сарыны
«Ау-ай терегім-терегім!
Бір күніме керегім.
Бейбақтың оты жанбайды,
Бейшараның үйіне,
Шақырса қонақ қонбайды.
Арам ойлы жігіттің
Жүрсе жолы болмайды.
Бақсы сарыны арнаулы күймен қобызға қосылып айтылады. Күй ән, жырдан бөлек. Ертеден келе жатқан күңіренген, толғанған суық сарынды боздауық күйлер. Көп бақсынын жын шақырғанда тартатын «Қорқыт күйі».
Шаманизм, бақсылар қызметі.Басқа халықтар секілді, қазақ халқының да ертеден келе жатқан діни ұғымдары, ескі наным-сенімі болған. Мұндай ұғымдар қазақ арасында өте ертеде, Шоқанныңайтуынша, шамандық дәуірде, көп құдайға сыйынған кезде туған. Жаратылыс сырын түсіне алмаған, ой-өрісі, дүние тану шама-шарқы төменгі сатыда түрған ертедегі адамдар жаратылыста болатын әрбір құбылыстарды ғажайып күш деп ұғынған. Сондықтан ол күштерге, мәселен, Ай мен Күнге, от пен суға т.б. табынып сыйынған; жаратушы, жарылқаушы деп те түсінген.
Феодализм дәуіріндегі фольклор. Ислам дінінің әсері. Басқа халықтар секілді, қазақ халқының да ертеден келе жатқан діни ұғымдары, ескі наным-сенімі болған. Мұндай ұғымдар қазақ арасында өте ертеде, Шоқанныңайтуынша, шамандық дәуірде, көп құдайға сыйынған кезде туған. Жаратылыс сырын түсіне алмаған, ой-өрісі, дүние тану шама-шарқы төменгі сатыда түрған ертедегі адамдар жаратылыста болатын әрбір құбылыстарды ғажайып күш деп ұғынған. Сондықтан ол күштерге, мәселен, Ай мен Күнге, от пен суға т.б. табынып сыйынған; жаратушы, жарылқаушы деп те түсінген. Қазақтың жаңа туған айды кергенде:
Ай көрдім, аман көрдім,
Баяғыдай заман көрдім,
Ескі айда есірке,
Жаңа айда жарылқа...—
деуі шамандық дәуірінен қалған ескі ұғымның елесі болу керек. Мұндағы Ай мен Күн ескі кезде жаратушы, жарылқаушы мағынасында қолданылғанын аңғартады. Қазақ халқының ислам дінін қабылдағаннан кейін де, бір құдайға табынғаннан кейін де арғы шамандық дәуірден қалған ырымдарын салтқа айналдырып, бертінге дейін алып келгенін керсетеді.
Ертедегі адамдар тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі жолында кездескен қиыншылықтарды, жұмыстың ауыртпалығын әр түрлі ырымдар жасап жеңілдетпек болған. Бұл үшін олар өздері сыйынатын жаратылыстың алуандаған құбылыстарына жалбарынып тіл қатқан, тілек тілеген, көмек-жәрдем сұраған. Ертедегі адамдардың осы секілді әр түрлі жағдайда жасаған әрекеттері олардың ауыз әдебиетінен орын алған. Осындай сыйыну, жалбарыну әрекеттері қазақ арасында да қолданылған және олар соңғы кезге дейін тұрмыс-салттан орын алып келген.
Бертін келе, қазақ арасына ислам діні және оның шарттары тараған кезде ауыз әдебиетінде діни үғымдарды керсететін жаңа шығармалар туады. Мұндай шығармалардан бұрынғыдай жаратылыс құбылыстарынан туған көп құдайлар басты орын алмай, жеке құдай, яғни ислам діні таратқан құдай жайы айтылады. Дегенмен, бір құдайға мойын ұсына тұрса да, халық ертеден келе жатқан көп құдайлар жайындағы ұғымдарын, наным-сенімдерін аралыстыра жүреді.
Діни ұғымдарға байланысты туған шығармаларды сөз еткенде біз оларды ертеде қараңғылық жағдайда болған адамдардың ой-өрісі, дүние тану дәрежесі қандай болғанын және ол қазақ ауыз әдебиетінде қай түрде суреттелгенін білу жайын көздейміз.
Ислам әсері қазақ эпосынан соншалық үлкен орын алмаған. Ол көбіне үстем тап ортасында туған жыр үлгілерінен кездеседі. Алайда «құдай», «пайғамбар», «»әулиеге ат қойып, Қорасанға қой айтып» дейтін сарындар анық діни ұғыммен байланысты. Оны біз эпосқа тән қоспалар, әр түрлі қоғамдық сатылардың айтушылары тарапынан енгізілген діни көзқарас дейміз. Ондай қоспалар қазақ фольклорында елеулі. Бір ғажабы, шығыстан келген дәу, пері, шайтан, одан қалды, қожа- молдалар образдарының бәрі дерлік қазақ фольклорында бір ғана ұнамсыз адамдар бейнесінде берілген.
Қазақ фольклорының жиналуы ХIХ ғасырдан басталса да, кеңестік фольклористика ғылымы Қазан революциясынан кейін туып, қалыптасты. ХХ ғасырдың бас кезінде көптеген әнші, ақын-әдебиетшілер ел аузындағы фольклор үлгілерін жинап, газет- журнал бетінде, басқа да жинақтарда жариялай бастайды. “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырлары Қазанда жеке- жеке жинақ болып басылады. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ауыз әдебиетінің көркем үлгілеріне арналған төрт томдық қолжазбасы болған. М. Сералин “Шаһнаманың” кейбір тарауларын қазақ тіліне тәржімалап шығады. Сонымен қатар орыс ориенталистерінің халық поэзиясын жинауға бағытталған іс- әрекеттері де бұл ғылымның ілгері басуына көп септігін тигізді.