Солтүстік Мұзды мұхит. Мұхиттардың ішіндегі көлемі ең кішісі. Ауданы – 14 млн км².
Көп бөлігін жыл бойына мұз басып жатады. Солтүстік Америка және Еуразия
жағалауларымен шектеседі. Басқа мұхиттарға қарағанда таяз.
Мұхиттың ең терең жері Гренланд теңізінің солтүстігінде (5527 м). Жалпы орташа тереңдігі
1220 м. Солтүстік Мұзды мұхит солтүстік полюсті қоршай орналасқан.
Жер шарындағы ең кіші мұхит (Дүние жүзілік мұхит ауданының 2,8%-і). Ауданы 13,1 млн.
км
2
, аумағы 17 млн. км
3
. Евразия және Солтүстік Америка арасында орналасқан. Дейвис,
Дат, Фарер-Исланд, Фарер-Шетленд бұғаздары арқылы Атлант мұхитымен, Беринг бұғазы
арқылы Тынық мұхитпен жалғасқан. Физика-географиялық ерекшеліктеріне және
геологиялық құрылысына қарай негізгі 3 бөлікке бөлінеді: Солтүстік Европалық алап
(Гренландия, Норвегия, Баренц және Ақ теңіздер), материктік қайраңға таяу жатқан
теңіздер (Кара, Лаптевтер, Шығыс Сібір, Чукот, Бофорт, Баффин теңіздері және Гудзон
шығанағы), Арктикалық алап - мұхиттың орталық терең бөлігі. Ірі аралдары мен
архипелагтары: Гренландия, Исландия, Канаданың Арктикалық архипелагы, Шпицберген,
Франц-Иосиф Жері, Жаңа Жер, Солтүстік Жер, Жаңасібір аралдары. Аралдарының жалпы
ауданы 4 млн. км
2
.
Түбінің рельефінде кең материктік қайраң (1200-1300 м-ге дейін), су асты жоталарымен
Гаккель (ең саяз бөлігі 400 м), Ломоносов (954 м), Менделеев (1500 м) бөлінген тік
материктік беткейлер және терең шұңғымалар [Нансен (5449 м), Амундсен (4321 м)
Макаров (3940 м), Канада (3838 м)] ажыратылады. Климаты арктикалық. Ауаның орташа
температурасы қаңтарда Атлант мұхиты мен Солтүстік Европа алабының шегінде - 2°, -4°
С-тан - 32°С-қа дейін, Арктикалық алапта -40°С; шілдеде Арктикалық алапта 0°, -1° С,
теңізде 4°, -6°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 75-300 мм. Қыста мұхит айдынының 9/10
бөлігін көп жылдық мұз (орташа қалыңдығы 3 м-дей) басады. Жарты тәуліктік толысуының
биіктігі 1 м, ең биік жерінде (Баренц теңізінде) 6,1 м. Ағыс жылдамдығы 2,0-5,0 м/сек-тан
10,0-20,0 м/сек-қа дейін.
5-фото