Канондық жазбалармен қатар біраз елдерде жазба



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#10494

         

     

Канондық жазбалармен қатар біраз елдерде жазба 

жұмысы мен әдебиет едәуір дамыды. Жергілікті 

тілдерді зерттеу, нормалау, олардың грамматикаларын 

жазу талабы күн тәртібіне қойылды. Сөйтіп, ҮІІ-ХҮ 

ғасырлар аралығында иран, исланд, француз, испан, 

итальян, түркі, ағылшын, т.б. тілдердің 

грамматикалары жарық көреді. 

Грамматика мәселелерімен қатар ежелгі дәуірден келе 

жатқан зат атауларының табиғаты жөніндегі мәселе 

де ескерусіз қалмады. Оны сөз етушілер бұл дәуірде 

де екі топқа бөлінді. Оның бірі - 

реалистік

екіншісі - 

номиналистер

 деп аталады. Реалистер заттар 

жөніндегі жалпы ұғым - ақиқат, ол алғашқы, зат 

соңғы деген идеалистік бағытты ұсынады. 

Номиналистер керісінше, зат болмаса, ол туралы 

ұғым да болмайды, сондықтан ақиқат нәрсе - зат, ол 

алғашқы, ал зат туралы ұғым соңғы деген 

материалистік бағытты уағыздайды. 


 

     

 

Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына 

елеулі үлес қосқан халықтардың бірі - арабтар. 

Бұлардың жазбалары ІҮ ғасырлардан 

басталды. Арабтар  тіл ғылымының дамуында 

да елеулі роль атқарды. Орта ғасырлық 

арабтарда тіл білімінің ерекше дамыған көзі - 

Халипат дәуірі деп аталатын ҮІІ-ХІІ ғасырлар 

шамасы 


Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттаудың 

араб тіл ғалымдары бір-біріне байланысты 

үш түрлі мәселенің сырын ашу арқылы 

жүргізді.  

олар сөз 

таптары мен 

сөйлем 

синтаксисін 



зерттейтіи Нахв 

 сөздердің 

сөйлемдегі орын 

жағынан 

түрленісін, 

мағыналық 

құбылыстарын 

зерттейтін Сарф 

сөйлеу 


процесінде 

болатын 


дыбыстардың 

фонетикалық 

құбылыстарын, 

жалпы дыбыс 

жүйесін 

зерттейтін - 



Таджвид  

Араб тіл ғалымдары ғылым тарихында бірінші болып, әр түрлі тілдер 

материалдарын бір-біріне салыстыра, салғастыра зерттеу тәсілін 

қолданған. Осы тәсілді қолдана отырып, олар түркі, монғол, парсы 

тілдерін зерттеп, олардың салыстырма сөздіктерін, шағын көлемді 

грамматикалық еңбектерін жазған. Осындай еңбектің ғылымда белгілі 

ең көнесі және ең толығы түркі халқынан шыққан, Арабияда оқып 

білім алғандықтан, араб ғалымы деп аталып кеткен Махмуд Қашқари 

жасаған «Түркі тілдерінің сөздігі» (Девону луғат ит түрк). Бұл сөздік 

1073-1074 жылдары жазылған. Сөздікте сол дәуірдегі түркі 

тайпаларының көпшілігінің тілдік материалдары қамтылған және ол 

тайпалар тілдерінің өзара бір-біріне ұқсастық, өзгешеліктері тілдік 

материалдарды салыстыра қарау арқылы айқындалған. Бұл - түркі 

тілдері жөніндегі ең тұңғыш, ең көлемді және ең терең мәнді ғылыми 

еңбек. Сонымен қатар, бұл сөздік - тіл ғылымы тарихында әр түрлі 

тілдер фактілерінің бір-біріне салыстыра зерттеу әдісімен жазылған 

тұңғыш еңбек. Мұның түркі тілдері үшін мәні ерекше.

 

Араб тілді 



ғалымдар М. Қашқари сөздігінен кейін де бірсыпыра сөздіктер, 

грамматикалық еңбектер жазып қалдырған. Олар туралы түркология 



мәселелерін сөз ететін еңбектерден мол мәлімет алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет