Химиялық ыдыстар және аспаптар Дайындау шарттары, сақтау, қолдану
Зертханалық тәжiрибелер жоғары температураға төзiмдi мөлдiр түссiз шыныдан жасалған ыдыстарда жүргiзiледi. Мұндай ыдыстар көбiнесе құрамында 81% SiO2, 5% Na мен K оксидтерi, 13% B2O3 бар пирекс шынысынан жасалады. Пирекс шынысының температура әсерінен ұзару коэффициенті өте аз шама, сондықтан пирекс шынысынан жасалған химиялық ыдыстар жоғары температураға төзiмдi, температураның 150-180 0С-қа ауытқуына төтеп бередi, жарылмайды және химиялық реактивтердiң әсерiне де шыдамды болады.
Сонымен қатар зертханалық жұмыстар жасау үшiн фарфор ыдыстар да пайдаланылады. Жұқа фарфор ыдыстар (сурет 1а) жоғары температураға төзiмдi, ал қалың фарфор ыдыстар (сурет 1б) жоғарғы температураға төзiмсіз, морт жарылады.
Жұқа фарфор ыдыстар келесі мақсаттар үшін қолданылады:
- ерiтiндiлердi буландырып концентрлеу;
- ылғал заттарды құрғату;
- қатты заттарды күйдіріп қыздыру.
Жұқа фарфор ыдыстар температураның 150о-1800С-қа ауытқуына шыдайды, ал ауытқу бұл мәннен жоғары болса, жарылады. Жұқа фарфор табақшаға құйылған ерiтiндiнi тек құм моншасында, не асбест төселген плитка үстiнде буландыру керек, кәдiмгi плиткада (t0 ≈ 3000С) немесе спирт шамының жалынында (t0 ≈ 5000С) буландыруға болмайды. Судың қайнау температурасы 1000С болғандықтан, плиткада температураның ауытқуы 2000С шамасында, ал спиртовкада 4000С шамасында, сондықтан фарфор табақша жарылады.
Жұқа фарфор ыдыстарды муфель пештерінде 10000С-қа дейiн қыздыруға болады. Ыстық фарфор ыдысты темiр қысқышпен ұстауға болмайды, жарылып кетедi. Сондықтан темір қысқыштардың ұщ жағына резина түтiкше кигiзiледi.
Сурет 1. Фарфор ыдыстар
а – жұқа қабырғалы: 1 – стакан, 2 – тиглдер, 3 – буландырғыш табақша, 4 – ожау;
Достарыңызбен бөлісу: |