Әдістемелік нұсқау
|
Н 2-1-30
08.08.2023
|
|
«м.х.дулати атындағы тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жұмыстың атауы зертханалық жұмыстарды
/жұмыстың аты/
Пәннің атауы «Полимерлерді зерттеу әдістері»
/пәннің атауы/
Білім беру бағдарламасы 6В05314-«Химия»
/білім беру бағдарламасының коды және атауы/
Тараз 2023
6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасы бойынша «Полимерлерді зерттеу әдістері» пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.
Әдістемелік нұсқауды құрастырушылар:
Мурзакасымова Н.С. аға оқытушы, химия магистрі /қолы/
Әдістемелік нұсқау «Химия және химиялық технология» кафедрасының мәжілісінде талқыланды
Хаттама №_1__ «__28____»_08_ _2023_ж.
№1 зертханалық сабақ
Қауіпсіздік техникасы. Зертханалық жұмыстардың техникасы
Зертханада химиялық тәжірибелерді орындаған кезде мынадай ережелерді бұлжытпай орындаумен қатар техника қауіпсіздігі ережесін есте сақтау керек:
1. Зертханада жұмыс жүргізетін студент алдымен оқулықтағы зертханалық жұмысқа қажетті тарауларды, Дәріс конспектісін оқып және тәжірибені жасауға қажетті жағдайды нақтылы білу керек.
2. Әрбір заттардың қауіпсіздік техникасын, сәтсіз жағдайда қарсы тұру тәсілдерін және көрсетілетін алғашқы көмектің түрлерін білуі керек.
3. Тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтардың (электр плиткасы, аппараттар, приборларды) бұзылғандары болса, лаборантқа немесе оқытушыға дер кезінде хабарлау керек.
4. Тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтардың, ыдыстардың жұмыс орнының тазалығын, техника қауіпсіздігін тексермей тұрып тәжірибені жасауға болмайды.
5. Тәжірибе кезінде зертханада орынсыз қозғалыс жасап, сөйлеуге және сырт киіммен тұруға, тамақ жеуге, зертханалық стаканмен су ішуге, темекі тартып, газет, журнал басқа кітаптарды оқуға болмайды.
6. Зертханалық жұмыс біткеннен кейін әрбір білімгер, жұмыс орнын, пайдаланған ыдыстарын жуып, тазалап лаборантқа өткізуі қажет.
7. Зертханада лаборантсыз жұмыс істеуге болмайды.
Тез оталатын заттармен жұмыс істеу.
Өздігінен және тез оталғыш заттар: эфир, спирт, сірке этилэфирі, күкіртті көміртегі, бензол, бензин, керосин т.б. жұмыс істеу кезінде мынадай сақтық шараларын есте ұстау керек:
1. Жанғыш заттарды өлшегенде немесе құйғанда оларды көзінен алыс ұстау керек.
2.Тез оталғыш сұйықтарды айдап бөлуде жалыннан алыс қойған су ваннасын пайдалану.
3. Тез оталатын сұйықтардан электр приборларын алыс ұстау керек.
Қопарғыш және күйдіргіш заттармен жұмыс істеу.
Химияның зертханалық жұмыстарында көбнесе металл натрий, күйдіргіш сілтілер, концентрациялы қышқылдар және кейбір қопарғыш заттар қолданылады.
Осы заттармен жұмыс істегенде есте ұстайтын сақтық шаралар:
1. Металл натриймен, калиймен жұмыс істегенде көзге қорғағыш көзілдірік кию керек. Бұл металдарды қолмен ұстауға, тәжірибеден қалғанын жерге, қалдық заттар салатын
2. Егер күкірт қышқылын сұйылту немесе азот қышқылына қосу қажет болса күкірт қышқылын суға, азот қышқылын күкірт қышқылына аз-аздап тамызу арқылы кең ыдыста қосу керек.
Уландырғыш заттармен жұмыс істеу
Хлор, бром, азот оксидтері, ацетилен т.б. заттармен жасалатын тәжірибелерді жел тартқыш шкафта жүргізеді.
Жазатайым жағдайларда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмектер.
1. Егер киімдеріңе, қолдарыңа, беттеріңе, көздеріңе қышқылдың немесе сілтінің шашарандысы тисе, тиген жерді судың қатты ағынымен жуу керек. Көзге тисе жуғышқа құйылған таза сумен жуу керек.
№2 зертханалық сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |