Білім беру бағдарламасы: 6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы».
Кафедра: Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника.
Пән: «Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы».
Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық Тақырып №1: Дәрілік заттардың химиясы және технологиясы. Сульфирлеу, нитрлеу және галогендеу әдістері.
Курс: 3
Кредит саны: 4
Алматы, 2023 1.Тақырып №1. «Дәрілік заттардың химиясы және технологиясы. Сульфирлеу, нитрлеу және галогендеу әдістері».
2.Мақсаты: білім алушыларда табиғаты бейорганикалық және органикалық синтетикалық дәрілік заттар болып келетін қосылыстардың, биологиялық белсенді қосылыстардың негізгі топтарын синтездеп алу әдістері туралы, олардың құрылымына тәуелді қасиеттері туралы білімді қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Дәрілік заттарды синтездеуде қолданылатын химиялық түрлендіру әдістеріне сипаттама
2. Сульфирлеу әдісімен дәрілік заттарды синтездеу жолдары
3. Нитрлеу әдісі бойынша жүретін үрдістерді қарастыру
4. Галогендеу үрдісін меңгеру
5. Мемлекеттік фармакопея бойынша дәрілік заттардың талдау әдістерін қарастыру.