Қазақстан тарихы пәнін оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулық



бет1/2
Дата23.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#103191
  1   2
Байланысты:
treatise25891




Қазақстан тарихы пәнін оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулық

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушыларына арналған


Құрастырушылар: Бегалиева А.К., Ахметжанов Д.Г.


Алматы, 2015 ж.


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ
Құрастырушылар: А.К. Бегалиева , Д.Г. Ахметжанов. ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушыларына арналған Қазақстан тарихы пәнін оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулық. Алматы, 2015ж.

Кіріспе
Тыңдаушыға Қазақстан тарихының жаңа курсын оқыту тарих пәні мұғалімінен кең, жан-жақты дайындық пен өзінің теориялық және кәсіби деңгейін арттыруда үздіксіз жұмыс істеуді қажет етеді.


«Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі» курсы бойынша семинар, практикалық лаборатория және тәжірибелік сабақтар тарих пәні мұғалімін кәсіби дайындауда маңызды кезең болып табылады. Олар тыңдаушылардың дайындық курсында алатын білімдерін бекіте түсуге көмектеседі. Оқу жоспарына сәйкес Қазақстан тарихын оқыту бойынша курс 318 сағаттан тұрады. Академиялық топ 15-20 тыңдаушыдан құралады.
Әдістемелік нұсқаулықтың міндеті: тыңдаушыларға практикалық сабақтарға дайындалуға көмек көрсету. Оның құрылымы және тыңдаушылардың өзіндік жұмысына, сол сияқты талқылау алаңына ақпарат таңдаудағы ұстаным анықталады.
Әдістемелік нұсқаулықты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы жасаған, педагогикалық институттар мен университеттердің тарих факультеті тыңдаушыларға арналған «Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі» курсының бағдарламасына сәйкес келеді.
Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі бойынша семинар сабақтардың әр тақырыбы әдістемелік нұсқаулар мен әдебиеттерді, үлгілік жоспарды қамтиды. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі бойынша семинар сабақтардың тиімділігін арттыру үшін мүмкіндігінше тақырыпты оқылатын курстың бағдарламасына сәйкес қолдану керек, оларды бүгінгі күн тұғырынан қолдану мен құрастыру үшін ізденіс жүргізу керек. Мұндай қолданыс тыңдаушылардың ойлауын дамыту және қалыптастыру үшін тиімді құрал болады, сол сияқты білім, білік және дағдыларды негіздемелік игерудің құралы болады.
Қазақстан тарихын оқитын тыңдаушылар үшін семинар сабақтардың белгіленген тақырыптарын қолдану аса ерекше мәнге ие, бірінші себебі, ол пәнді оқудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді, екіншіден, мектеп Қазақстан тарихын оқытудың ең күрделі және маңызды мәселелері бойынша тыңдаушылардың пікір-таластар мен баяндамаларды мазмұндық талқылауына ықпал етеді.
Семинар сабақтардың біз ұсынған тақырыбы жобалық болып табылады. Семинар сабақтардың көп бөлігін тыңдаушылар жаппай орындайды. Семинар сабақтардың аз бөлігін тыңдаушылар жеке дара орындайды. Семинар сабақтар үшін оқу ақпаратын іріктеу салдарында ЖОО-да практикалық сабақтар жүргізілетін тақырыптар көптеп алынады. Тыңдаушылар оқудың дидактикалық құралдары мен әдістері, білім беру-тәрбиелік міндеттері, мазмұны, түрі бойынша әртүрлі сабақтарды қарастырады.
Семинар сабақтар
1-сабақ
Тақырып: Қазақстан тарихы бойынша бағдарламалар мен оқулықтарды талдау
Мақсаты: Тыңдаушыларды Қазақстан тарихы мектеп курсының құрылымы мен негізгі мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат ретінде ЖОО бағдарламасымен таныстыру. Қазақстан тарихы бойынша оқулықтардың қысқа сипаттамасын беру.
Жоспар
1. Орта мектептің 7-11 сыныптарына арналған Қазақстан тарихы бойынша жасалған жаңа бағдарламалардың мәні.
2. Қазақстан тарихы бойынша мектеп бағдарламасын талдау /таңдау бойынша/.
3. Қазақстан тарихы оқулығының құрылымы мен мазмұнын талдау /таңдау бойынша/.
Әдістемелік нұсқаулар
Тыңдаушы орта мектептің 7-11 сыныптарына арналған Қазақстан тарихы бойынша жаңа бағдарламалар мектептің қолданыстағы оқу бағдарламасына және пәнді екі негізгі сызықтық-парралельдік курста – Қазақстан тарихы мен 7 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі дүниежүзілік тарихын оқытуды ұйғаратын пән құрылымын ескеріп жасалғанын атап өту керек. Бағдарламалар тарих бойынша орта білім беру мазмұнының базалық деңгейі негізінде құрастырылған. Қорытындыда ол бағдарламалардың жаңа құрылымы мен мазмұны адамзат дамуының біртұтас, дүниежүзілік тарихи көрінісін қалыптастыруға бағытталғанын көрсету керек.
Қазақстан тарихы бойынша жаңа бағдарламаларды талдай отырып, тыңдаушылар тарихты оқытудың білім беру-тәрбиелік міндеттері қалай анықталғанын анықтау керек, сол сияқты Қазақстан тарихы мектеп курстарының біреуінің білім беру-тәрбиелік мәні құрылымын анықтау керек, ежелден жаңа ғасырға дейінгі тарих бағдарламаларда көрсетілгендей тыңдаушылардың өзіндік жұмыс біліктері мен дағдыларын дамыту қажет. Тыңдаушылардың қарастыру аймағында шығармашылық әлеуетін дамыту, оқытудағы жеке тұғыр, ішкі тепе-теңдікке ықпал ететін қосымша элементтерді оқу ақпараты мазмұнына қосу, негізгі оқу ақпаратын іріктеу, тақырыптық бөлімдер, дидактикалық кірістер мен шешімдер, сол сияқты дүниежүзілік-тарихи үдеріс контексіндегі тарихтың оқылатын оқиғаларын терең ойлау, білімдерді тереңдете ықпал ететін кіріспе және қорытынды жалпылама сипаттамалары болу керек.
Қазақстан тарихы оқулығымен ойластырылған әдістемелік жұмыс оқушының білімді негізінен сабақта игерудің және олардың тарихи ақпаратпен өзіндік жұмыс істеу білігін енгізудің бір шарты болып табылады. Қазақстан тарихы оқулығын талдауда тыңдаушы келесі сұрақтарға жауап беру керек:
1. Оқулық мектеп бағдарламасына қандай мөлшерде сәйкес келеді?
2. Оқулық тыңдаушыларда тарихи көзқарастарды қалай жасайды, қоғамдық даму заңдылықтарын, тарихи ұғымдар жүйесін қалай қалыптастырады, себеп-салдар байланысын қалай ашады? Оқулық құрылымы қандай? (тыңдаушы бөлімдерге, тарауларға және параграфтарға көңіл аудару керек). Тараулар мен параграфтар тапсырмалары мен сұрақтар жүйесі қандай? Ресми ақпараттың тапсырмалар жүйесі қалай жасалған? Тыңдаушылар талдау үшін 5-11 сыныптарға арналған Қазақстан тарихы бойынша мектеп оқулықтарын таңдай алады.

2-сабақ
Тақырып: Тарихи білімдер қалыптастыру үдерісін ұйымдастыру.


Мақсаты: Тыңдаушыларға қоғамдық даму заңдылықтары мен объективті тарихи байланыстар, тарихи фактілер, ұғымдарды оқу жолдары мен мәні туралы түсіндіру.
Қазақстан тарихы курстарының құрылымдық әдістемелік талдаудың сипатын көрсету. Қазақстан тарихын оқыту тәсілі арқылы тыңдаушылар тәрбие беру мен дамытуды, білімдендіруді жалпы әдістемелік бағыттауды анықтау.
Жоспар
1. Қазақстан тарихын оқыту үдерісінде тарихи көзқарастарды жасау.
2. Қазақстан тарихын оқыту үдерісінде тарихи түсінікті қалыптастыру.
3. Тыңдаушыларда тарихи үдерістің заңдылықтары ұғымын қалыптастыру.
Әдістемелік нұсқаулар
Тыңдаушы құрылымдық әдістемелік талдау күрделі көпқырлы тарихи ақапараттан білімнің жалпылама бөліктерін ажыратып, оларды оқудың сәйкес әдістемелік тәсілдері мен амалдарын көрсету үшін керектігін білу керек. Құрылымдық талдау арқасында мұғалімнің әдістемелік арсеналды тәжірибелік пайдаланудың ғылыми негізделген тұғыры алынады.
Бірінші сұраққа дайындалғанда тыңдаушы келесі сұрақтарға мән беру керек: а) тарихи көзқарастар түрлері және олардың ЖОО-да Қазақстан тарихын оқыту үдерісіндегі рөлі; ә) тарихи кеңістік пен тарихи уақыт туралы көзқарас қалыптастырудың жолдары; б) өткен фактілері туралы көзқарастарды қалыптастыру үдерісінде тарихи ақпаратты нақты мазмұндау мен білімді жоғарылатудағы құралдар.
Екінші сұрақтың мазмұнын ашуда ол тарихи ұғымдар жүктемесі мен тарихты оқытуда тарихи ұғымдардың рөлін көрсету керек. Тарихи үдерістің заңдылықтарын игеру мен түсінуге тыңдаушыларға білім берудің әдістемелік жолдары, Қазақстан тарихы мектеп курстарының әртүрлі теориялық деңгейінде тарихи даму заңдылықтарының ашылу дәрежесі, тарихи заңдылықтар түрлері жататын Қазақстан тарихын оқыту үдерісінде тыңдаушылардың тарихи ұғымды қалыптастырудың әдістемелік жолдары мен тәсілдері назарға алыну керек.

3-сабақ


Тақырып: Қазақстан тарихын оқыту әдістері
Мақсаты: Тыңдаушыларға білім беру тәсілдері мен мұғалімнің сабақ беру тәсілдерін үйлесімді келістіру негізінде жасалған Қазақстан тарихын оқытудың әдістер жүйесін көрсету.
Жоспар
1. Ауызша сөз және Қазақстан тарихын оқыту әдісінің маңызы мен мәні.
2. Қазақстан тарихы сабағында тарихи білімдерді ауызша мазмұндаудың тәсілдері.
3. Қазақстан тарихы сабағында тыңдаушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.
4. Тарихи оқу мәтіндерімен жұмыс әдістемесі.
5. Қазақстан тарихын оқытуда көрнекілік құралдар. Тарихи ақпарат сипаты мен мазмұнына байланысты оқытудың көрнекі құралдарын жіктеу.
Әдістемелік нұсқаулар
Семинар сабақтар жоспарының бірінші сұрағына дайындалғанда тыңдаушы тек қана Қазақстан тарихын оқытуда жетекші рөл ойнайтын, мұғалімнің ауызша сөзіне көңіл аудару керек. Оның көмегімен бейнелік көзқарастар жасалады, түсініктер қалыптасады, қоғамдық дамудың заңдылықтары мен объективті тарихи байланыстар ашылады. Тарихи ақпараттың осы бөлшектері негізінде тыңдаушылардың танымдық іс-әрекеті ұйымдастырылады. Осыдан кейін тыңдаушы Қазақстан тарихы сабағындағы мұғалім сөзінің көптүрлі қызметтерімен танысады, оларға танымдық-сипаттамалық және логикалық қызметтер жатады.
Жоспардың мақсаты тыңдаушыны ауызша оқытудың тәсілдер жүйесімен (хабарландыру, сипаттау, түсіндіру, талқылау) таныстырады, осы тәсілдердің жүктемесін талдау.
Қазақстан тарихы сабағында тыңдаушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру құрылымына (семинар сабақтар жоспарының үшінші сұрағы) біріншіден, мұғалімнің Қазақстан тарихы сабағына дайындалу тұғыры (сабақтың нақты мазмұны бөлім, тақырып, бағдарлама тақырыпшалары шегімен анықталады, түсініктер қалыптастыру, тұлғаның идеялық және адамгершілік сапаларын тәрбиелеу) және екіншіден, Қазақстан тарихы сабағының мазмұнын дайындау (бағдарлама, оқулық мәтіні, әдістемелік кітапшалар, қосымша әдебиеттер) жатады.
Қазақстан тарихы сабақтарында оқылатын ақпарат сипатынан шығатыны, тыңдаушы келесі сызбаны қолданып, ауызша оқытудың тәсілдерін анықтай алады:

Жаңа ақпаратты оқу жоспары

Мұғалімнің оқыту тәсілдері

Тыңдаушылардың танымдық іс-әрекеті










Жоспардың келесі мақсаты Қазақстан тарихы оқулығының мәтіндерімен жұмыс әдістемесімен тығыз байланысты. Қазақстан тарихы сабағында мұндай жұмыс оқу ақпаратын шығармашылықты игеру және қолдану, қабылдау үшін жүргізіледі. Қазақстан тарихы оқулығымен тең орталық орынды тарихи ақпараттың өзін, мәтіндегіні игеру, талдау, жалпылау, тарихи фактілерді бағалау, олардың арасында себептік және басқа да байланыстар орнату, оларды салыстыру және қарама-қайшы қоя алады.
Бұл жұмыстың әдістемелік тәсілдері болып табылады:
а) бөлім немесе параграф мазмұнының қисынды сәттері бойынша бақылау сұрақтары;
ә) қойылған сұраққа тыңдаушылардың оқу мәтінінен жауап табуы;
б) оқулық мәтіні фактілерімен қорытындыны құптау;
в) оқулық мәтінінде сипатталған екі немесе одан да көп құбылыстарды салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;
г) дәлелдеуге арналған тапсырмалар (иллюстрация мен құжат, параграф мәтіні негізінде дәлелдеу).
Семинар сабағының келесі мақсатымен танысып, Қазақстан тарихын оқытуда көрнекілік қандай рөл атқаратынын ойлаңыз. Қазақстан тарихын көрнекі құралдармен оқыту әдісіне анықтама беріңіз, оқытудың көрнекі тәсілдерін жіктеу туралы сұрақты анықтаңыз (пәндік, суреттік, шартты-графикалық сызбалық, өзіндік). Көрнекі нұсқаулықтар ақпарат көзі және сол сияқты тарихи білімдерді нақтылау тәсілі болып табылады.

Төртінші сабақ


Тақырып: Қазақстан тарихы сабағының құрылымы. Тақырыптық жоспарлау. Оқытудың дидактикалық тәсілдерінің сипаттамасы.
Мақсаты: Мұғалімнің оқытуды ұйымдастыру формасы ретінде Қазақстан тарихы сабағының мәнін ашу.
Жоспар
1. Қазақстан тарихы сабағының құрылымы.
2. Қазақстан тарихы сабақтарының түрлері.
3. Қазақстан тарихы сабағын жоспарлау және сабаққа дайындалу.
Жоспардың бірінші сұрағына тыңдаушы барлық жауапкершілікпен қарау керек, өйткені ол сұраққа өзінің жауабының басында Қазақстан тарихы сабағының құрылымын және жалпы тарих сабағы құрылымы ұғымының эволюциясын педагогикалық көзқарастан ашып көрсетеді. Тарих сабағының құрылымы күрделі және әртүрлі. Қазақстан тарихы сабағының құрылымы нормативті теория ретінде қабылданады. Сондықтан, Қазақстан тарихы сабағының тиімділігін арттыру, көбінесе сабақ құрылымының теориясын жасаумен байланысты.
Тыңдаушы педагогикалық және әдістемелік әдебиетте тарих сабағы құрылымының әртүрлі анықтамалары беріледі. Біріншіден, бұл оқу үдерісі бөліктерінің жалғыз өзара әрекеттестігі; екіншіден, нысанды қызметке қосу үдерісіндегі өзара әрекеттестік; үшіншіден, жүйе бөлшектерінің байланысының ішкі сипаты, олардың ерекше реттілігі. Бұл екпіндердің барлығы Қазақстан тарихы сабағы құрылымын түсіну тұғырында мәнге ие.
Тарих сабағы құрылымын анықтағаннан кейін тыңдаушы Қазақстан тарихы курсының арнаулы ерекшеліктерін ескеріп, Қазақстан тарихы сабағы педагогикалық құбылыс ретінде өз құрамы мен өз құрылымына ие екенін ие екенін атап өту керек. Ол әртүрлі бөлімдерден, бөлшектер мен элементтерден тұрады (кіріспе бөлім, ұйымдастыру сәті, сауалнама, түсініктеме, дидактикалық міндеттер, құралдар, тәсілдер мен оларды шешу жолдары). Олардың барлығы белгілі бір түрде байланысты және белгілі бір реттілікте өзара әрекеттеседі.
Сұрақтың екінші бөлігіне мұғалім іс-әрекетінің мақсаты жатады, үй тапсырмасы мен түсіндірмені қайталау, сауалнамаға жататын Қазақстан тарихы сабағы құрылымының негізіне арналады. Сабақтың бұл бөлімдері Қазақстан тарихы сабағының құрылымдық бөлшегі саналады. Тыңдаушы Қазақстан тарихы сабағының құрылымы оқыту мен оқу іс-әрекетінің мақсатты өзара әрекеттестігі; оқушылардың бағдарлама ақпаратын игеруі; оқушыларда толық білім, білік, дағдаларды қалыптастыру; өзіндік жұмыстарды орындауда оқушылардың ойлау іс-әрекетін белсендіру; оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту; оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы; жеке, топтық және ұжымдық оқыту; оны қолдану арқылы өткен ақпаратты жүйелі қайталау үшін жағдай жасау керектігі туралы қорытынды шығару керек. Қазақстан тарихы сабағының бұл бөлшектері заңдылықтар мен іс-әрекеттің түрлерін кескіндейді.
Семинар сабақтар жоспарының екінші сұрағының сипаты мен мазмұнын ашу үшін зерттеушілер мен әдіскерлер көзқарасының әртүрлілігін талдай отырып, тарих сабағының жіктемесіне көңіл аудару керек. Сабақтар оқу үдерісінің негізгі кезеңдерінен, дидактикалық мақсаттан, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінен, оқыту әдістерінен алынып жіктелгенін атап өту керек.
Сабақтарды жіктеу сұрағы әлбетте Қазақстан тарихы сабақтарына да қатысты. Тыңдаушы Қазақстан тарихы курсының арнаулы ерекшеліктерін ескеріп, Қазақстан тарихы сабақтарының жүктемесі негізіне оқыту барысы сәттерін алу керек / келесі реттілікке ие оқу үдерісінің негізгі кезеңдері: тақырыпты оқуға кіріспе; ақпаратты алғашқы қабылдау; оны игеру; өзіндік жұмыс пен қайталау жолы арқылы игерілгенді бекіту; алынған ақпараттарды тәжірибеде қолдану арқылы ақпараттарға ие болу; тексеріс және есеп, бақылау, жаттығулар жолы арқылы дағдыға ие болу; қорытынды шығару, өткендердің барлығын жалпылау және жүйелеу. Біз атағандардың барлығы – бұл оқу үдерісінің кезеңдері.
Оқу үдерісінің аталған кезеңдерінен шыға келе, өз белгілері, оқылған ақпарат мазмұнының сипаты, тыңдаушының білім деңгейі бойынша Қазақстан тарихы сабақтарының түрлері ажыратылады. Осы көзқарастан Қазақстан тарихы сабақтарын былай бөлуге болады: кіріспе сабақтар, жаңа ақпаратты оқу сабақтары, аралас сабақтар, қайталау сабақтары, білімді түзету және бақылау сабақтары, жалпылау сабақтары, дәріс сабақтары.
Жоспардың үшінші сұрағы тыңдаушылар Қазақстан тарихын оқытудың қазіргі әдістемесі көзқарасы тұрғысынан жауап талап етеді. Осыған орай ол Қазақстан тарихының әр сабағына мұғалімнің дайындығы сабақтық жоспар құру, аталған сабақтың өзара байланысты сабақтар жүйесіндегі алатын орнын ескеріп оқыту әдістемесі мен мазмұны, білім беру-тәрбиелік міндеттер көзқарасынан қарастырылу керектігін атап өту керек.
Қазақстан тарихы сабағын сәтті ұйымдастырудың маңызды шарты оқытуға дайындығы кәсіби дайындық пен жеке сапалар, білімділік деңгейі, саяси дайындығымен анықталатын жоғары білікті мұғалім болып табылады.
Тарихы мұғалімінің сабаққа дайындалуы Қазақстан тарихы сабағын жоспарлаумен тығыз байланысты. Жоспарлаудың әртүрлі түрлері белгілі: күнтізбелік-жылдық, тақырыптық, сабақтық, олардың мақсаты – оқу-тәрбиелік үдерісті ғылыми негізделген ұйымдастыру және тыңдаушылардың Қазақстан тарихы оқу бағдарламасын қолайлы игеруіне қол жеткізу. Тыңдаушы сабақтарға дайындала отырып, негізінде сабақтық жоспарлау құрастырылатын тақырыптық жоспарлауды таңдайды.
Тақырыптық жоспарлау белгілі бір сызба бойынша құрылу керек. Тыңдаушы тақырыптық жоспарлау берілген тақырып немесе мектеп бағдарламасының бөлімі бойынша сабақтар жүйесіндегі оқу-тәрбиелік (білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелік) үдерістің негізгі қызметтерін іске асырудың қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет екенін білу керек.
Тыңдаушы, сол сияқты, тақырып бойынша дәрістен тыс жұмыс, сабақтың дидактикалық ақпараты, пәнаралық байланыстар, негізгі түсініктер, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері, сабақтардың түрлері мен құрылымы, мақсаты кескінделетін Қазақстан тарихы сабағын тақырыптық жоспарлаудың бөлшектері туралы да білу керек.
Семинар сабақтарда тыңдаушылар сызба бойынша тақырыптық жоспарды рәсімдей алады:
І. Тақырып атауы
1. Сабақ мақсаты
2. Сабақ түрі
3. Оқыту әдістері
4. Дидактикалық жабдықтар
5. Қазақстан тарихы сабағының тақырыптары бойынша жұмыс түрлері
ІІ. Өзектендіру (алдында өткен тақырыптармен байланыс)
1. Алған білімдер мен іс-әрекет тәсілдері
2. Тыңдаушы оқушылардың алғашқы білімдерін өзектендіретін және алдындағы игерілгенді түсінуді тереңдететін өзіндік жұмыстардың түрі
ІІІ. Іс-әрекет тәсілдері мен жаңа ұғымдарды қалыптастыру
1. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдері.
2. Негізгі және туынды мәселелер мен өзіндік жұмыстардың түрлері.
ІV. Қолдану (біліктер мен дағдыларды қалыптастыру)
1. алдыңғы сабақтарда оқылған ақпараттар енетін тыңдаушылардың өзіндік жұмыс түрлері.
2. Дүниетаным мен білім жүйесін қалыптастыру үшін қажетті пәнаралық байланыстар.
V. Үй тапсырмасы.
1. Қайталау /(оқу ақпаратының көлемі).
2. Келесі сабаққа дайындалуға қажет өзіндік жұмыс түрлері.

5-сабақ
Тақырып: Қазақстан тарихы сабағын мақсатты орындау және тақырыптың білім беру-тәрбиелік міндеттерін анықтау.


Мақсат: Тақырыптың білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттерін анықтау және Қазақстан тарихы сабағының мақсатты бекітуін құрастыру.
Жоспар
І. Тыңдаушы білімін тексеру
1. Қазақстан тарихы сабағын мақсатты бекіту дегеніміз не?
2. Қазақстан тарихы сабағын мақсатты бекіту мәні.
3. Қазақстан тарихы сабағын мақсатты бекітуді анықтау жолдары.
4. Сабақты мақсатты бекітуді анықтауда тәжірибеде кездесетін қателер.
ІІ. Қазақстан тарихының жеке сабақтары мен тақырыптың білім беру-тәрбиелік міндеттерін анықтау бойынша жұмыстар.
ІІІ. Қазақстан тарихы сабағын мақсатты бекітуді құрастыру (таңдау бойынша).
ІV. Сабақты мақсатты бекітуді анықтаудың баспалдақтары.
V. Қазақстан тарихы сабағын мақсатты бекітуді анықтау кестесін құрастыру туралы қолданбалы сабақ.
Әдістемелік нұсқаулар
Қазақстан тарихы сабағына мұғалімді дайындауда орталық орынды оған кіретін сабақтар мен тақырыптардың білім беру-тәрбиелік мақсаттарын анықтау алады.
Тыңдаушы бірінші сұрақты аша отырып, тарих сабағын мақсатты бекіту ережесін жақсы есте сақтау керек.
Қазақстан тарихы сабағының мақсатын бекіту – бұл тарихи курста сабақтың алатын орны мен тарихты мектепте оқытудың білім беру-тәрбиелік міндеттерінен шығатын, сабақтың басты идеялық-теоретикалық бағыттылығының қысқа көрінісі.
Осыдан кейін тыңдаушы Қазақстан тарихының әртүрлі сабақтарын мақсатын бекітуді табудың әдістемелік жолдарын анықтау керек, сол сияқты тарихты мектепте оқытудың негізгі білім беру-тәрбиелік міндеттерінен шығуы керек. Жалпы міндеттерді анық ұғыну ғана Қазақстан тарихы сабақтарының мақсатын анықтаудың дұрыс жолын табуға көмектеседі.
Тыңдаушы Қазақстан тарихы сабағының мақсатына екі өзара байланысты сипаттар енетінін білуі керек. Олардың бірі тарихтың берілген сабағына ғана тән жеке білім беру-тәрбиелік міндеттерді шешудегі мақсатты бекітудің рөлін көрсетеді. Бірінші сипатта мақсатты бекіту осы сабақ мазмұнының ең бастысын білдіреді – бұл басты фактілер, оларға тән сипаттар, басты фактілер арасындағы қатынастар мен объективті байланыстар, бір жағынан, және мұғалімді тарихи ақпарат сабағында тыңдаушылардың барлық оқылатынды игеруге және ғылыми дұрыс қабылдауға итермелеуге бағыттайды.
Екінші сипаты Қазақстан тарихын оқытуда жалпы білім беру-тәрбиелік міндеттерін біртұтас шешуге ықпал етеді. Осы ортақ міндеттерден шыға келе, әр сабақтың мақсатты бекітілуі мұғалімді осы міндеттердің қандай да бір бөлігін шешуге бағыттайды.
Сабақты мақсатты бекітудің екі өзара байланысты сипатын айта отырып, тыңдаушы жоспар сұрағына келесіден дұрыс жауап табады: «мақсатты бекіту өзіне жалпы мен бірліктің барлық байлығын өзіне қосып мұғалімді оқытуда идеясыз фактологияға да, алшақтаған мәжбүрлікке де шалдырады».
Тыңдаушы төртінші сұраққа дайындала отырып, Қазақстан тарихы сабағының мақсатты бекітулерін анықтауда тәжірибеде кездесетін маңызды кемшіліктердің себебін табу керек. Мектеп тәжірибесінде осындай себептер қатары кездеседі. Осылай, Қазақстан тарихын оқытатын мұғалімдердің бір бөлігі сабақтарды дайындағанда олардың мақсатты бекітулерін анықтауға қажетті көңіл бөлмейді және оқытуды идеялық-теоретикалық қатынаста жеткіліксіз мақсатты құрады. Мақсатты бекіту өте жиі жаңа ақпаратты игерумен немесе сабақ тақырыбын кеңістіктік құрастырумен алмастырылады. Қазақстан тарихы сабағын мақсатты бекіту өте тар, алшақталынып құрастырылады және өзіне оқылатын тарихи ақпараттың ешқандай белгілерін ендірмейді. Ең маңызды қателік идеялық-теоретикалық мақсатты бекітуді оқу міндеттері тізбегімен (іс-әрекеттер, амалдар) алмастыру болып табылады. Мұнда негізгі зейін сабақтың идеялық-теоретикалық бағыттылығына емес, оқу іс-әрекетіне (қайталау, білімдерді жүйелеу) аударылады.
Сабақтың мақсатын бекітуді анықтау бойынша тыңдаушылардың білімін, Қазақстан тарихы сабағының мақсатты бекітуін құрастыруға кіріседі. Сабақтың мақсатын бекітудің кезеңдерін (баспалдақтарын) білу өте маңызды. Тыңдаушыларға пән бойынша сабақтың мақсатын бекітуін анықтау кезеңдерінің кестесін (логикалық сызбасын) көрсету маңызды.

Сабақтың мақсатын бекітулерін анықтау кезеңдерінің


КЕСТЕСІ

Тыңдаушыларды шығару _______________________


Тыңдаушыларға түсіндіру _______________________
Көрсету _______________________
Тақырып: ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы

1.

Басты құбылыс /оқиға/

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.

2.

Маңызды құбылыстар /оқиғалар/

Патша үкіметінің Қазақстандағы колониялық басқару туралы реформалары (жазық аудандар, уездер, болыстар), патшалық колониялаумен қазақ жерлерін талау.

3.

Басты және маңызды құбылыстардың /оқиғалардың/ сипаттары мен белгілері /ішкі мазмұны/

Қазақстанның халық шаруашылығының әртүрлі саласында өзінің билігін берік орнату үшін патшалықтың коллониялық саясаты (ауыл шаруашылығы, өндіріс, темір жол және т.б.).
Саясаттың ауыл шаруашылығына, ауылшаруашылық өнімдерді өңдеудегі ұсақ өнеркәсіпке енуі. Темір жолдар салу, қалалардың өсуі.

4.

Басты және маңызды құбылыстардың /оқиғалардың/ заңдылығы, /себеп-салдарлық байланыс/.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы патшалықтың отаршылдық саясатына қарамастан прогрессивті мәнге ие болды (салдар).
Қазақстанда өндіріс дами бастады, жұмыс санатындағы ұлттық кадрлер қалыптаса бастады (себеп). Ұлттық аймақтағы еңбектенушілердің экономикалық және саяси құлдырауының үдеуі (салдар).
Капиталистік қатынастардың туындауы (себеп).
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы және оның феодалдық қатынастан капитализмнің дамуына ауысуы – бұл қазақ халқы қоғамының ХІХ ғасырдың екінші жартысында даму заңдылығы.

5.

Идеялық-теоретикалық қорытындылар

Құбылыстарды (оқиғаларды), тән сипаттар мен белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды талдау және жалпылау, құбылыстар (оқиғалар) арасындағы қатынастар сабақ мақсатын анықтауға алып келеді және оған қол жеткізу сабақтың идеялық-теоретикалық қорытындысы болады.

6.

Сабақ мақсатын анықтау

Білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттер

Тыңдаушылардың ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Ресейге қосылғанынан кейін Қазақстанның көшпелі шаруашылығына тауар-ақшалық қатынастың енуі үдегенін, осыған орай патриархалды-феодалдық тұрақтанулар негізі қалана бастағанын, қазақтардың табиғи шаруашылығы нарықтық қатынасқа ұласа бастағанын түсінулеріне алып келу керек. Қазақстан капиталистік дамуға тартылды. Қазақстанда өзінің билігін орнату үшін патшалық үкімет ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстандағы колониялық иелену реформаларын жүргізді. / «Уақытша жағдай» 1867 ж., «Жаңа бұйрық» 1891 ж., бұлар патшалық колонизаторияның қазақ жерлерін талауын заңдастырды.


Тыңдаушыларға капиталистік қатынастардың Қазақстанның ауыл шаруашылығына енуі, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша ұсақ өндірістердің дамуы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында темір жолдарды салу және қазақ шаруаларының кедейленген бөлігінен құралған, Сібір мен Орталық Ресейден қоныс аударған жұмысшылар есебінен қатары толған жұмыс табының қалыптасуы Қазақстандағы қалалардың дамуын үдеткенін түсіндіру (Омск, Ташкент, Орынбор, Петропавл, Семей, Орал, Павлодар, Ақтөбе).
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы капиталистік қатынастардың дамуы ұлттық аймақтардағы еңбекшілердің экономикалық және саяси құлдырауын күшейткенін атап өту керек.
Тыңдаушылардың білімін тексеру
Тақырып: Қазақстан тарихының жеке сабақтарының мақсатты бекітулерін анықтау.
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Берілген Қазақстан тарихы курсында алатын орны мен білім беру-тәрбиелік міндеттерін анықтау мақсатында «ХVІІІ ғасыр ортасындағы Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы» бөлімінің мазмұнын ұжымдық талдау.
2. «Қазақ-жоңғар соғысы» тақырыбына мақсатын бекітуді анықтау.
3. Тыңдаушылардың танымдық іс-әрекетін және оқу ақпаратын ауызша мазмұндау тәсілдерін іріктеп жаңа ақпаратты оқудың жазбаша жоспарын құру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет