«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ «ХИМИЯ ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«ӘЛЕУМЕТТІК – ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР» ҒЗИ
«АБАЙТАНУ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Абай Құнанбайұлының ҚАРА СӨЗДЕРІ Білім беру бағдарламасы:6В07270-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы.
Дайындаған: Бибулова М Орындағандар: ХТ-23-9К2 Өткізілген күні: 04.04.2024 Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
Сабақтың мақсаты: білім алушыларға Абай қара сөздерінің мазмұнын түсіндіру
Дамытушылық мақсаты:білім алушыларды еркін пікір айтуға, шығармашылық жұмыстарға баулу
Тәрбиелік мақсаты: Адамилық қасиеттерін қалыптастыру, қара сөздерінен тәлім – тәрбие алу, гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.
Сабақтың көрнекілігі:Абайдың портреті, Қара сөздері, үлестірмелі кеспе қағаздар, кесте, «Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр» Мұхтар Әуезовтің сөзі
Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау.
Сабақтың байланысы:қазақ тілі
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Үй тапсырмасын сұрау ІІІ Жаңа сабақ Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абай өз қара сөздерін 1890 – 1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай – ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім – ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез – құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.