1.3 Білім беру бағдарламасын бітірген түлекке біліктілігі туралы сипаттама
1.3.1 Кәсіби қызмет саласы Кәсіби қызмет саласы - су шаруашылығы кәсіпорындары, түрлі деңгейдегі геожүйелердің географиялық компоненттері түріндегі табиғи объектілер, жобалау ұйымдары, су ресурстарын пайдалануды қадағалау және бақылау, су шаруашылығы объектілеріне аудит және мониторинг жүргізу болып табылады.
1.3.2 Кәсіби қызмет нысандары Бітіруші түлектердің кәсіби қызмет нысаны болып табылады:
-ауыл шаруашылық кәсіпорындары, мемлекеттік басқару ұйымдары
-су шаруашылығы және гидроэнергетикалық жүйелер, су және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары;
-әртүрлі мақсаттарға арналған гидротехникалық құрылыстар: су тастағыштар, су шығарғыштар, су алу құрылымдары, гидроэлектростанциялар, сорғы станциялары, балық қорғау құрылымдары;
- ғылыми-зерттеу, жобалық және конструкторлық ұйымдар.
1.3.3 Кәсіби қызмет пәндері 6В08610 –«Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет пәндері: өзендер, көлдер, жер асты сулары, тазалау қондырғылары, плотиналар және бөгеттер; су қоймалары; гидротехникалық және гидроэнергетикалық құрылымдар; коллекторлық-кәріздік жүйелер, көлтабанды жүйелер.
1.3.4 Кәсіби қызмет түрлері 6В08610 –«Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
- жобалау-контрукторлық;
- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастырушылық және басқарушылық;
- ғылыми-зерттеу;
- ақпараттық технологиялық.
2. Білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелері ОН1 Кәсіптік қызметті ұйымдастыруды реттейтін азаматтық заңнаманы қолдана отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасай білу. Су шаруашылығында кәсіпкерлік негіздерін, қаржыландырудың ерекшеліктерін және бизнесті жоспарлауды білу.
ОН2 Кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық және инженерлік білімдерін көрсете білу, теориялық және тәжірибелік зерттеулердің мәліметтерін, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін математикалық өңдеу әдістерін көрсету.
ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығына ие болу, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жетудің жолдарын таңдау, сонымен қатар кәсіби қызметке қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдану мүмкіндігі болу.
ОН4 гидрогеологиялық, гидрометриялық, геодезиялық зерттеулер жүргізе білу; зерттеу нәтижелерін өңдеу және пайдалану; қоршаған ортаның және инженерлік объектілердің жай-күйі, сондай-ақ педагогикалық және психологиялық көзқарастарды пайдалану туралы ақпаратты алу және өңдеу білу
ОН5 Нормативтік-құқықтық құжаттаманы ескере отырып, су шаруашылық және гидроэнергетикалық объектілердің, кешенді гидротүйіндер мен гидротехникалық құрылымдар, гидроэнергетикалық және сорғы станциялары, мелиоративтік және дренаждық жүйелер құрылысы мен пайдаланылуын жобалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу дағдысының болуы.