Білім беру бағдарламасы 6В08610- «Су ресурстары және суды пайдалану»



бет5/6
Дата08.10.2024
өлшемі436,5 Kb.
#147225
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
каз ОП 6В08610 (1)

ОН6 Су дайындау станциясын, сумен жабдықтау және су тазарту құрылыстарының сорғы станциясын пайдалануда, техникалық және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастыра білу.
ОН7 Сумен жабдықтау,суды бұру жәнешайынды суларды тазарту жүйелерін жобалау құжаттамасын әзірлеуді жасай білу.
ОН8 Су шаруашылығы объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, суды пайдалану жұмыстарының нәтижелерін зерттеу, талдау және жүйелеу.
ОН9 Су ресурстарын кешенді басқару қағидаттарын қолдана отырып, су ресурстары мен объектілерінің жай-күйін (соның ішінде трансшекаралық) бағалауға қатысу.
ОН10 Су шаруашлығы объектілері мен гидротехникалық құрылымдардың құрылысы мен қайта құру бойыншаұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламалардыәзірлей білу; жобалау, ізденіс, ғылыми зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізе білу.
ОН11 Суару технологиясын және топырақтың және гидрологиялық жағдайды ескере отырып машиналар мен жабдықтарды таңдау дағдысы, бизнес-жоспарлау мен экономикалық есептеулер жүргізу, су кодексіне нормативтік-құқықтық базаны еңгізу, кәсіпкерлік шешімдердегі тәуекелдер мен су шаруашылығын бағалау әдістеріне дағдылану.
ОН12 Жеке түрде және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасай өзінің ысын түзете білу және турлі тәсілдерді қолдана алу. Патриоттқы сезімгше тәрбиелеу, өзіндік көркемдік әдеби замануи тәрбиелік мәтіндердің көмегімен эстетикалық тәрбиелеу дағдысы.


3 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН БІТІРУШІ ТҮЛЕКТІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ


3.1 Білім беру бағдарламасы бойыншаоқуын табысты тәмамдау түлектің келесідей құзыреттіктерін қалыптастыруға ықпал етеді:

  • шешуші құзыреттіліктер (ШҚ)

  • кәсіби құзыреттіліктер (КҚ).


Шешуші құзыреттіліктер:
(ШҚ1) ана тілі саласында
- су шаруашылығы саласындаұғымдарды, ой, сезім, фактілер мен пікірлерді жазбаша және ауызша түрде (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу)білдіру және түсіну қабілетін, сондай-ақ оқу кезінде, жұмыста, үйде және бос уақытында лингвистикалық және шығармашылық тұрғыдан жан-жақты қоғамдық және мәдени контекстетиісті түрде меңгеру қабілеті;
(ШҚ2) шет тілдері саласында
- шет тіліндегікоммуникациялардың негізгі дағдыларын–кәсіби саладағыұғымдар, фактілер мен пікірлерді тиісті әлеуметтік және мәдени контексте ауызша және жазбаша түрде (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу)түсіну, білдіру және түсіндіру дағдыларын, медиация және мәдениетаралық түсінік дағдыларын меңгеру қабілеті;
(ШҚ3) іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық
- ЖОО-да математикалық, жаратылыстану-ғылыми, техникалық пәндерді оқытуда білім беру әлеуетін, тәжірибесі мен жеке қасиеттерін қолдана білуге дайын болу және меңгеру, кәсіби міндеттерді шешуде бақылау және бағалау тәсілдерін айқындау, математикалық және жаратылыстану-ғылыми жағынан ойлауды дамытуқабілеті;
(ШҚ4) компьютерлік
- жұмыста, бос уақыттажәне коммуникацияларда заманауи ақпараттық және сандық технологиялардысенімді, әрі сыни тұрғыда пайдалану, оларды қолдануда, қалпына келтіру, бағалау, сақтау, өндіру, таныстыру және компьютер арқылыақпарат алмасу дағдыларын меңгеру, кәсіби қызмет саласындаИнтернет арқылыынтымақтас желілердеқарым-қатынас жасау және қатысу қабілеті;
ШҚ5 әлеуметтік
- қоғамдық пікірге, дәстүрлер, салттар, нормаларғанегізделгенәлеуметтік-этикалық құндылықтарды меңгеружәне оларға өзінің кәсіби қызметінде сүйене білу қабілеті; Қазақстан халықтарының мәдениетін білу және олардың дәстүрлерін сақтауға бағытталу; Қазақстанның құқықтық жүйесініңнегіздері мен заңнамасын білу; қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу; түрлі әлеуметтік жағдайлардажұмыс істей білу; мәмілеге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен сәйкестендіре білу; іскери әдеп нормаларын, әдеп және құқықтық нормаларды меңгеру; кәсіби өсу және жеке тұлға ретінде дамуға талпыну; командамен жұмыс жасай білу, өз көзқарасын жетік дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу; басқа индивидтарға қатысты толеранттылық таныта білу қабілеті.
ШҚ6 экономикалық, басқарушылық және кәсіпкерлік
- экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін,экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлінбілу және түсіну; экономикалық білімнегіздерін меңгеру; сыни ойлау, интерпретация, талдаудың креативтілігін, қорытынды шығару, бағалаудағдыларын меңгеру; кәсіби міндеттерге қол жеткізу үшін жобаларды басқару, персоналды басқара білу, кәсіпкерлік дағдыларынкөрсете білу қабілеті.
ШҚ7 мәдени дайындау
- Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін білу және түсіну, әлемнің басқа халықтарыныңдәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу, толеранттылықта төзімділік таныту, жоғары рухани қасиеттерге ие бола білу, зиялы адамретінде қалыптасу қабілеті.
ШҚ9 қосымша құзыреті
- сыни ойлай білу, түсіндіру, шығармашылық талдау, қорытынды шығару, бағалау дағдыларын меңгеру; креативті және белсенді өмірлік позициясы бар болуы; кәсіби сипаттағы тәуекел және белгісіздік жағдайларда шешім қабылдай алу қабілеті.

КҚ1 Гидротехникалық есептеулерді су құбырлары мен су шаруашылығы жүйелерін жобалау құрылымдарының элементтерінің негізгі өлшемдерін негіздеу үшін орындау қабілеті.
КҚ2 Өзен ағынын қалыптастыру, су объектілерінің гидрологиялық режимін, жер үсті және жер асты суларының қалыптасуы мен қозғалысын есептеудің өзіндік әдістерін меңгеру; бақылау - өлшеу құрылғыларымен жұмыс істеу және алынған нәтижелерді өңдеу әдістеріне дағдысы
КҚ3 Су объектілерінің жай-күйін сақтау, жақсарту, су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі шараларды жасау қабілеті; су ресурстарын көп мақсатта пайдалану, су шаруашылығы жүйелерін дамыту мен пайдалануды басқару әдістерін, су шаруашылығы кәсіпорындарының жұмыс режимдерін оңтайландыру қағидаттарын білу қолдану қабілеті
КҚ4 Су мен жер ресурстарын теңдестірілген пайдалану үшін экологиялық- экономикалық негіздеу кезінде білімін қолдану; суару жүйелерінің параметрлерін топырақ қалыптастыру үдерісінің талаптарына, өсімдіктердің физиологиялық дамуына және суару көзінің гидрологиялық режиміне байланыстыра білу; ирригациялық және дренаждық жүйелерді жобалауды, құрылысы және пайдалануды жүзеге асыруға қабілеті
КҚ5 Өзендер мен су қоймаларының табиғи жағдайын қалпына келтіру жобаларын әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстарды орындау; су және су шаруашылығы объектілеріне әсер ететін жобаларды сараптау;
КҚ6 Су заңнамаларын және су ресурстарын қорғау ережелерін сақтауға қатысу, бұзылған табиғи суларды қалпына келтiрудi бақылауға, суды пайдаланушылардың арасындағы қатынастарды реттеуге, мемлекеттiк су кадастрын жүргiзуге қатысу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет