Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі
1. Міндетті медициналық қарап-тексерулер алдын ала, мерзімдік және ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) болып бөлінеді.
2. Міндетті алдын ала, мерзімдік, ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) медициналық қарап-тексерулерді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген үлгідегі мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізеді.
1-параграф. Міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі
3. Міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер (бұдан әрі – алдын ала қарап-тексерулер) жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде кәсібі немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
6. Алдын ала қарап-тексеруден өту кезінде қызметкер немесе оқуға түсетін адам өзінде айналасындағыларға қауіп төндіретін және ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстар жағдайларында еңбекке медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылатын созылмалы аурулардың болуы туралы мәліметтерді өз еркімен ұсынады.
7. Медицина қызметкерлері алдын ала қарап-тексеруді жүргізу кезінде аурулар анықталған жағдайда, зерттелетін адамды зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізе отырып, толық қарап-тексеруге жібереді.
8. Алдын ала қарап-тексеру деректері Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына қызметкердің немесе оқуға түсетін адамның денсаулық жағдайының орындалатын жұмысқа (оқуға) сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және оның еңбекке қарсы көрсетілімдерінің болуы туралы қорытындыны ресімдей отырып енгізіледі.
9. Алдын ала қарап-тексеруден өткен және зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа жарамды деп танылған адамдарға Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама беріледі.
2-параграф. Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі
10. Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулер (бұдан әрі – мерзімдік қарап-тексеру) жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
11. Мерзімдік тексеріп-қарауларды өткізу кезеңділігі:
1) жыл сайынғы мерзімдік қарап-тексеру – жылына 1 рет;
2) ауысым алдындағы медициналық куәландыру – жұмыс ауысымы басталардан 1 сағат ішінде;
3) рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеру – рейс басталардан 30 минут ішінде және рейс аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.01.2022 № ҚР ДСМ-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істейтіндерге мерзімдік қарап-тексеру жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелері:
1) медициналық қарап-тексерудің толық қамтылуын, сапасын және уақтылы өткізілуін бақылауды жүзеге асырады;
2) жұмыскерлерді медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытуға қатысады;
3) мыналардың:
жұмыскер жұмыс істейтін ұйымға (кәсіпорынға) қызмет көрсететін медициналық ұйымның;
жұмыскердің тіркелген орны бойынша медициналық ұйымның;
кәсіптік патология бойынша мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымның;
жұмыскерге жұмыс берген жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын ұсынады.
13. Медициналық ұйым медициналық қарап - тексеруді жүргізу үшін дәрігерлік комиссияның құрамын құрады және бекітеді және зиянды өндірістік факторлардың ерекшелігін ескере отырып, зертханалық және басқа да зерттеулердің түрі мен көлемін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісілген медициналық қарап-тексеруге жататын контингенттің тізімдерін алғаннан кейін дәрігерлік комиссияның жұмыс уақыты мен мерзімдерін айқындайтын күнтізбелік жоспар (бұдан әрі - жоспар) жасайды. Жоспар ұйымның (кәсіпорынның) әкімшілігімен (жұмыс берушімен) келісіледі.
14. Дәрігерлік комиссияның құрамына мынадай медицина қызметкерлері кіреді: кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен терапевт, хирург, невропатолог, оториноларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог, гинеколог, рентгенолог, функционалдық диагностика жөніндегі дәрігер, дәрігер-зертханашы.
Дәрігерлік комиссияның төрағасы кәсіптік патология бойынша кәсіптік қайта даярлаудан өткен және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар дәрігер-кәсіптік патолог болып табылады.
Дәрігерлік комиссияның жұмысына кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен басқа да мамандар (стоматолог, кардиолог, аллерголог, эндокринолог, фтизиатр, гематолог) тартылады. Медициналық қарап-тексерулерге қатысатын медицина қызметкерлері жұмыс беруші ұсынған өндірістік факторлар сипаттамасымен және жұмыскерлердің еңбек жағдайларымен танысады.
15. Медициналық қарап-тексеру жүргізу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде дәрігерлік комиссияның төрағасы нәтижелерді қорытындылайды, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 4 данада қорытынды акті жасайды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелеріне ұсынады.
Қорытынды актіге басқа жұмысқа ауыстыру ұсынылған, стационарлық және санаторийлік-курорттық емдеу, емдеу-профилактикалық тамақтану, динамикалық бақылау көрсетілген адамдардың атаулы тізімі қоса беріледі.
Қорытынды акті медициналық ұйымның басшысы қол қойғаннан кейін орындау үшін ұйымның (кәсіпорынның) әкімшілігіне, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелеріне жіберіледі, бір данасы медициналық қарап-тексеру жүргізген медициналық ұйымда қалады.
16. Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеру жүргізген медициналық ұйым әрбір жұмыскердің тексеру нәтижелерін медициналық ақпараттық жүйеге енгізеді.
17. Медициналық ұйым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелеріне жүргізілген медициналық қарап-тексеру нәтижелері туралы жиынтық есепті ұсынады.
18. Қарап-тексеру деректері Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізіледі. Қарап-тексеруге қатысатын әрбір медицина қызметкері кәсіптік жарамдылығы туралы өз қорытындысын береді.
Жұмыстан босатылған және басқа ұйымға (кәсіпорынға) ауысқан кезде амбулаториялық пациенттің медициналық қарап-тексеру деректері бар медициналық картасы жаңа жұмыс орны бойынша медициналық ұйымға беріледі.
19. Мерзімдік қарап-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша инфекциялық немесе паразиттік аурулар диагностикаланған, орындалатын жұмысқа қарсы көрсетілімдер болып табылатын инфекциялық аурулар қоздырғыштарының тасымалдаушылығы анықталған жағдайда медициналық ұйымның жауапты медицина қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне шұғыл хабарлама жібереді және науқасты тиісті медициналық ұйымға емдеуге жібереді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелері шұғыл хабарлама алғаннан кейін мұндай адамдарды жұмыстан шеттетеді.
20. Жұмыс беруші ұйымға (кәсіпорынға) қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыскердің тіркелген жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп:
1) Кодекстің 86-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілетін, Зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін басшылыққа ала отырып, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелерімен келісе отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың тізімін 1 желтоқсаннан кешіктірмей жасайды;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшесімен келісілген жұмыскерлерді сауықтыру және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
3) медициналық қарап-тексеруден өтпеген немесе денсаулық жағдайлары бойынша еңбекке жарамсыз деп танылған адамдарды немесе еңбекке қарсы көрсетілімдері бар адамдарды жұмысқа жібермейді;
4) жұмыскерде кәсіптік ауру анықталған жағдайда, қорытынды актінің негізінде жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауымен аурудың байланысына сараптама жүргізу үшін кәсіптік патология бойынша мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымға уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді;
5) жұмыскерлерге жүргізілген медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды актінің ұсынымдарын орындайды.
21. Медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша ұйымға (кәсіпорынға) қызмет көрсететін медициналық ұйым немесе жұмыскердің тіркелген орны бойынша аумақтық медициналық ұйым кейіннен жұмыскердің топтардың біріне, оның ішінде диспансерлік топқа тиесілілігін айқындай отырып және кәсіптік аурулардың және әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы бойынша ұсынымдарды бере отырып, одан әрі мынадай санаттар бойынша бақылау, емдеу және оңалту бойынша:
1) оңалтуды қажет етпейтін дені сау жұмыскерлер;
2) әртүрлі ағзалары мен жүйелерінде тұрақты емес функционалдық өзгерістері бар, іс жүзінде дені сау жұмыскерлер;
3) жалпы аурулардың бастапқы түрлерімен ауыратын жұмыскерлер;
4) кәсібінде жұмысын жалғастыруға қарсы көрсетілім болып табылатын, сондай-ақ қарсы көрсетілім болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын нысандары бар жұмыскерлер;
5) организмге зиянды өндірістік факторлар әсерінің белгілері бар жұмыскерлер;
6) кәсіптік аурулардың белгілері бар жұмыскерлер топтарын құрады.
22. Жалпы аурулардың айқын нысандары бар жұмыскерлер медициналық ұйымдарға оңалтуға жіберіледі.
23. Медициналық оңалтудан кейін олардың кәсіптік жарамдылығына сараптама жүзеге асырылады. Кәсіптік еңбекке жарамды деп танылған жұмыскерлер жалпы аурулардың бастапқы нысандары бар адамдар тобында диспансерлік бақылауға жатады.
24. Организмге зиянды өндірістік факторлардың әсер ету белгілері мен кәсіптік аурулардың белгілері бар, сондай-ақ өзінде бар ауруға байланысты кәсіптік жарамдылығын анықтау қиын болған жағдайларда және кәсіптік жарамдылыққа сараптама жүргізу мақсатында кәсіптік патология бойынша мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымға жіберіледі.
25. Халықтың декреттелген топтары кәсіптерінің тізбесі, сондай-ақ қарап-тексерулердің көлемі мен жиілігі тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес нақты әкімшілік аумақта эпидемиологиялық көрсетілімдер болған кезде толықтырылады.
3-параграф. Міндетті ауысым алдындағы (рейс алдындағы) және ауысымнан кейінгі (рейстан кейінгі) медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі
26. Міндетті ауысым алдындағы (рейс алдындағы) медициналық қарап-тексеру (бұдан әрі – ауысым алдындағы қарап-тексеру) жеке тұлғада ауруды анықтау немесе барын немесе жоқтығын растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, жұмысқа түсетін ауысымда (рейс) кәсіптік жарамдылығын, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуды немесе осындай тұтынудың қалдық көріністерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
27. Ауысымнан кейінгі (рейстан кейінгі) медициналық қарап-тексеру (бұдан әрі – ауысымнан кейінгі қарап-тексеру) жұмыс күні (ауысым, рейс) аяқталғаннан кейін жұмыс ортасы мен еңбек процесінің зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларының жұмыскерлердің денсаулық жағдайына әсер ету белгілерін, жіті кәсіптік ауруды немесе улануды, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуды немесе осындай тұтынудың қалдық көріністерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
28. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмысерлерді ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстан кейінгі) міндетті медициналық қарап-тексеруден уақтылы өткізуді өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
29. Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі қарап-тексерулерді жүргізу үшін ұйым немесе медициналық ұйым жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру жүйелерімен жабдықталған, медициналық жабдықтармен және құрал-саймандармен жабдықталған арнайы үй-жай бөледі.
30. Ауысым алдындағы қарап-тексеру жұмыс ауысымы (кезекшілік) басталар алдында жүргізіледі, ауысымнан кейінгі қарап-тексеру жұмыс ауысымынан (кезекшіліктен) кейін маршруттық (жол) парақты, нарядты орындауға арналған тапсырманы көрсеткен жағдайда жүргізіледі.
31. Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі қарап-тексерулер жеке жүргізіледі және мыналарды:
1) сауалнама алу, тексерілетін адамның сыртқы түрін, жүрісін, қалпын, мінез-құлқының барабарлығын және эмоциялық реакцияларды, сөйлеудің байланыстылығы мен нақтылығын, мимикасын, санасын, тері жабындары мен көрінетін шырышты қабықтардың жай-күйін, аққабықтың бояуын, қарашықтың шамасын, тыныс алу ерекшеліктерін қара-тексеруді және бағалауды;
2) артериялық қысымды, тамыр соғуының жиілігі мен сапалық сипаттамаларын өлшеу және бағалау, қажет болған жағдайда дене температурасын өлшеуді (шағым немесе көрсетілім болған кезде) қамтиды.
32. Шағым, аурудың объективті белгілері және организмнің функционалдық жай-күйінің бұзылуы болмаған жағдайда тексерілген адам жұмысқа жіберіледі.
33. Ауысым алдындағы және/немесе ауысымнан кейінгі медициналық қарап-тексеруді жүргізген және алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну белгілерін немесе жұмыскерде осындай тұтынудың қалдық көріністерін (ауыздан алкогольдің иісі, қалыптың тұрақсыздығы, сөйлеудің бұзылуы, қол саусақтарының айқын дірілдеуі, тері жабынының түсінің өзгеруі, алкотест сынамасының оң көрсеткіші) анықтаған медицина қызметкері шешім қабылдайды және белгілерді анықтаған сәттен бастап екі сағаттан кешіктірмей жұмыскерді медициналық ұйымға медициналық куәландыруға жібереді.
34. Алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың анықталған жағдайлары немесе осындай тұтынудың қалдық көріністері туралы ақпарат жұмыс берушіге дереу хабарланады.
35. Медицина қызметкерлері аталған мамандық бойынша жұмыс істейтін адамдарды шеттету себептерін талдайды және талдау негізінде тәуекел топтарын құрады, оған алкогольдік ішімдіктерді, есірткі немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға бейім, ұзақ және жиі ауыратын (созылмалы аурулардан зардап шегетін) адамдар кіреді.
36. Көрсетілген кәсіп бойынша жұмыс істейтіндерді науқастану себебі бойынша шеттету жағдайлары туралы, сондай-ақ тәуекел топтарына кіретін көлік құралдарының жұмыскерлері туралы ақпарат ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыс берушінің жауапты адамына беріледі.
36-1. Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі қарап-тексерулер осы Қағидаларға 4-1-қосымшаның 1 және 2-кестелерінде келтірілген ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптер тізіміне және рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеруді талап ететін кәсіптер тізіміне сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. Қағида 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.01.2022 № ҚР ДСМ-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
37. Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерлерді ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық қарап-тексеруді жүргізу журналында (бұдан әрі – Журнал) тіркеледі.
38. Журнал қағаз жеткізгіште жүргізіледі, оның беттері тігілуі, нөмірленуі, ұйымның мөрімен бекітілуі немесе дербес деректер туралы заңнаманың талаптары ескеріле отырып және міндетті түрде бетті басып шығарудың мүмкіндігі ескеріле отырып, электрондық жеткізгіште болуы тиіс. Журнал электрондық түрде жүргізілген жағдайда оларға енгізілген мәліметтер электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2021 № ҚР ДСМ-125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
39. Көлік құралдары жұмыскерлерін ауысым алдындағы (рейс алдындағы) және ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) медициналық қарап-тексерудің нәтижелері жол парағында күні, уақыты көрсетіле отырып, мөртабанмен және медицина қызметкерінің қолымен және жұмыскердің өзінің қолымен не QR коды бар стикермен белгіленеді. Толтырылған Журнал және электрондық тасығыштағы деректер жұмыс берушінің мұрағатында 5 жыл бойы сақталады.
40. Ұшқыштарды, бортинженерлерді (бортмеханиктер, бортоператорлар, бортрадистер), штурмандарды, авиадиспетчерлерді, бортсеріктерді, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсететін мамандарды (пилоттарды, авиадиспетчерлерді) даярлау жөніндегі оқу орындарындағы персоналды және онда оқитын және оқуға түсетін адамдарды медициналық қарап-тексеру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
3-тарау. "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
41. "Алдын ала міндетті медициналық қарап – тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін медициналық денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
42. Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 01.12.2022 № ҚР ДСМ-148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
43. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 6-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 01.12.2022 № ҚР ДСМ-148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
44. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
45. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету дәрежесі туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
46. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау (қоғамдық денсаулық сақтау) басқармаларының интернет-ресурстарында, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2021 № ҚР ДСМ-125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
47. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
48. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
49. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Отбасы- бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.
Отбасының маңызды қызметі – адамның қалайтын бақытын қанағаттандыратын фелицитивті ( лат. сөзі felicio —бақыт) қызмет болып табылады.
Отбасы –тұлғаның эмоциялық саулығының маңызды факторы. Махаббат пен неке тұлғаның бақытты сезінуі мен өмірге қанағаттануын анықтайды.
Қазіргі отбасы психологиясы мен отбасылық психотерапияда отбасын талдауға қатысты екі теориялық ұстанымды бөлуге болады. Бірінші ұстаным бойынша отбасы – ортақ және әртүрлі қызығушылықтары бар индивидтер тобы, отбасылық контекст тұлғаны әлеуметтендіру және дамыту ортасы ретінде түсіндіріледі. Отбасын осылайша түсіндіру – отбасы психологиясының дербес сала ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңіне тән және ол белгілі бір дәрежеде мінез-құлықтық тәсілдемеде және психоанализде көрініс табады. Екінші ұстаным бойынша отбасы біртұтас жүйе ретінде қарастырылады және талдау «бірлігі» отбасы болып табылады. Бұл ұстаным жүйелі отбасылық терапияға және отбасының аддитивті емес сипатына баса назар аударатын психологтарға тән.
Достарыңызбен бөлісу: |