Білім беру бағдарламасы: 6В10103 «Мейіргер ісі»



бет3/3
Дата02.12.2023
өлшемі31,42 Kb.
#131804
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
денсаулық ныгайту

Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау, отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ерлі-зайыптылар арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Сол себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
Отбасы – кез келген жүйе тәрізді бірқатар қызмет атқарады, олар отбасы спецификасын, мәдени-тарихи дамуын, сонымен қатар отбасылық өмір циклдері кезеңдерін бейнелейді:
- Экономикалық (материалды-өндірістік), шаруашылық-тұрмыстық. Индустриалды қоғамға дейін отбасы барлық негізгі материалды қызметтерді қамтамасыз ететін алғашқы топ ретінде қарастырылды. Қазіргі кезеңде отбасының экономикалық қызметі оның мүшелерінің табыстарының бірігуімен және бұл табыстарды отбасының әрбір мүшесінің қажеттіліктеріне сай тұтынуға бөлуімен анықталады. Шаруашылық-тұрмыстық қызмет отбасы тұрмысын ұйымдастыру түрінде және отбасының әрбір мүшесінің жеке тұрмысында жүзеге асады.Үйде атқарылатын міндеттерді бөлу және олардың мазмұны тарихи кезеңдермен, өмір жағдайларымен, отбасы құрамымен және өмірлік цикл кезеңдерімен байланысты.
- Репродуктивті (бала туу және халықтың ұдайы өсіп-өнуі). А.Г. Харчев бұл қызметті халықтың өсуін қамтамасыз ететін отбасының маңызды әлеуметтік қызметі ретінде санайды. Отбасының аталмыш репродуктивті қызметінің маңыздылығы Ежелгі Рим қоғамында Август императоры билік еткен кезде Рим азаматтарының дүниеге бала әкелуін арттыру заңы шыққанда мойындалды.Өмірге бала әкелуді жоспарлау және халықты өсіп-өндіру міндеттерін шешу кез келген елдің мемлекеттік саясатының маңызды қызметін құрайды.Бұл мәселе бала туу дағдарысымен және адам ресурстары «тапшылығымен» немесе керісінше дүниеге бала әкелу деңгейін шектеу қажеттілігімен ұштасып жатса да өзінің маңыздылығын жоймайтын мәселе болып табылады.
- Бала тәрбиелеу қызметі. Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру институты. Ол қоғамның даму үздіксіздігін, адамзат ұрпағының жалғасын, заман байланысын қамтамасыз етеді.Отбасындағы тәрбиенің, баланың жақындарымен эмоционалды-жағымды толыққанды қарым-қатынасының, баланың ерте жаста үйлесімді дамуын анықтайтындығы белгілі. Бала қаншалықты бой жетсе де отбасының тәрбиелік қызметінің маңыздылығы жойылмайды, оның тек міндеттері, құралдары, желісі, ата-аналармен ынтымақтасу және келісім (кооперация) ғана өзгереді. Қазіргі уақытта бала тәрбиелеу отбасыныңмаңызды әлеуметтік қызметі ретінде қарастырылады.
- Сексуалды-эротикалық қызмет. Дара әрі қайталанбас тұлға ретіндегі тұрақты серіктеспен таңдамалы, тұрақты сексуалды қатынастар ғана серіктестердің толық сексуалды үйлесімінеқол жеткізуді қамтамасыз етеді.
- Рухани қарым-қатынас қызметі –отбасы мүшелерінің рухани дамуын көздейді; ақпаратпен алмасу; тұлға үшін аса маңызды әлеуметтік-саяси, кәсіби, қоғамдық өмір мәселелерін талқылау; әдеби және көркем шығармалар, музыка контексінде қарым-қатынас; отбасы мүшелерінің тұлғалық және интеллектуалды өсуіне жағдай жасау.
- Эмоциялық қолдау және қабылдау қызметі немесе психотерапиялық қызмет қауіпсіздік сезімін, эмоциялық өзара түсіністікті және жанашырлықты қамтамасыз етеді. Қазіргі отбасында бұл қызметтің басқа аспектісі тұлға бойында өзін-өзі көрсету және өзін-өзі таныту қажеттіліктерін қалыптастыруды көздейді.
- Рекреативті (қалыпқа келтіруші) қызмет – отбасы мүшелерінің нервтік-психикалық денсаулығы мен психикалық тұрақтылығын қалыпқа келтіру жағдайларын қамтамасыз етеді.
- Әлеуметтік басқару, бақылау және қамқорлыққа алу (отбасының кәмелетке толмаған жәнеәрекет ете алмайтын мүшелеріне қатысты) [Зацепин, 1991; Эйдемиллер, Юстицкис, 1999].
Отбасының дамуының өмірлік циклі елеулі оқиғалармен (туу, өлу) анықталады және отбасының барлық мүшелерінің жас өзгерістері негізінде жүзеге асады. Отбасының әрбір мүшесінің жеке басына қатысты жас-психологиялық өзгерістер тұлға өмірін түбегейлі өзгертеді: тұлға қажеттіліктері мен мотивтері жүйесі, оның мінез-құлық және іс-әрекет тәсілдері, отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесі өзгереді, сонымен қатар біртұтас отбасының қарым-қатынас стилі мен қызмет ету сипаты да өзгереді.
Отбасының өмірлік циклінің бар кезеңдеріне шолу жасау – оның барлығының отбасы құрамындағы балалар орнының өзгеру өлшеміне және ерлі-зайыптылардың тәрбиелік қызметтерді жүзеге асыруына негізделетіндігі жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Э.К. Васильева отбасының өмірлік циклінің бес кезеңін бөледі, оның әрқайсысында дамудың спецификалық міндеттері шешіледі. Бірінші кезең – отбасының құрылуы – бірінші бала өмірге келгенге дейін.Екінші – балаларды өмірге әкелу және балаларды тәрбиелеу – бір баланың еңбек іс-әрекетін бастауымен аяқталады.Үшінші кезең – отбасының бір баланың еңбек іс-әрекетін бастағаннан, ата-ана қамқорлығында бір баланың қалмауына дейін, яғни отбасының тәрбиелік қызметті аяқтауымен байланысты. Төртінші кезең ересек балалар ата-аналарымен бірге тұрады және оның біреуінің жеке отбасы болады. Бесінші кезең ерлі-зайыптылар өздері ғана тұрады немесе балалары бар жеке отбасымен бірге тұрады. Р. Нойбертекеу болып тұрудың кезеңдерін бөледі: балаларды өмірге әкелгеннен кейін оларды тәрбиелеу; жоғары сынып жасындағы балаларды тәрбиелеу; балалардың ата-аналарынан бөлінуі және немерелерді тәрбиелеу. В. Баркайдың бөліп көрсеткен жас кезеңдерінен біз жоғарыда аталғанға ұқсас кезеңдерді көреміз: балаларсыз отбасы; ерте сәби жастағы баласы бар отбасы;балалары балабақшаға баратын отбасы; мектеп жасындағы балалары бар отбасы; өз бетімен өмір сүре алатын балалары бар отбасы; балалары қалдырып кеткен отбасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет