2. Аудиториядағы тәртіп Магистрант сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3.Үй тапсырмасы Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4.Жеке тапсырмаларСеместрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5.Бақылау жұмысы.Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Магистранттардың білімін бақылау негізінен тапсырмаларды орындату арқылы тексеріледі.Дәлелді себеппен сабақтан қалған жағдайда (тиісті анықтамалармен расталған), студент жіберілген материалды тапсыра алады.
Магистрант әдістемелік нұсқауларды қолдана отырып оқу тапсырмаларын өзбетті орындау барысында ғылыми зерттеушілік дағыларын дамытады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар магистранттар арнайы қолжетімді формада әзірлегнген аудио және бейне материалдармен, презентациямен, мәтінмен сүйемелденген тапсырмаларды орындай алады. Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша сынау түрінде өткізіледі және 100 балдық жүйе бойынша бағаланады. Емтихан кейс формада түрінде өткізіледі.