Өзіндік тапсырмалар: 1. Екі нөлге тең емес сандар берілген. Сандардың қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін және бөліндісін табу керек.
1-ші тапсырма орындалуы 2. Екі сан берілген. Олардың квадраттарының және модульдерінің қосындысының арифметикалық ортасын табыңыз.
2-ші тапсырма орындалуы 3. Нақты осьте үш A, B, C нүктелері берілген. С нүктесі А және В нүктелерінің арасында орналасқан. АС және ВС кесінділерінің ұзындықтарының көбейтіндісін табыңыз.
3-ші тапсырма орындалуы 4. Екі өзгермелі нүктелік сандармен амалдар орындаңыз.
4-ші тапсырма орындалуы 5. Нәтижесі 5 болатын қосу, алу, бөлу және көбейту амалдардың мысалдарын келтіріңіз. Орындалатын амалдарды print() командасына кіргізуді ұмытпаңыз; ол нәтижені тексеру үшін керек. Сонымен сіз төрт жолдан тұратын фрагмент жазуыңыз керек. Әрбір жолдан 5 деген сан шығуы тиіс.
5-ші тапсырма орындалуы 6. Сызықтық алгоритмдерге байланысты өз ойыңыздан мысал құрастырыңыз, оның бағдарламалық кодын жазыңыз.
Мысал. Жақтары 10см, 8см, 15см екені белгілі үшбұрыш берілген, оның ауданың тап.
6-ші тапсырма орындалуы Бақылау сұрақтары: 1. Сызықтық алгоритмдердегі операциялардың орындалу тәртібі қандай?
Есепті шешуге арналған барлық амалдар бір тізбек бойынша, тек бір бағытта орындалады.
2. Меншіктеу операторы қандай амалдарды орындайды?
Меншіктеу операторы яғни (=) белгісі, берілген өрнектің нәтижесін тауып, оның мәнің белгілі бір айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады.
3. Алгоритмдік тілде қолданылатын шығару операторы қандай түрде жазылады?
“print (…)” операторы арқылы жазылады және “(...)” орнына шығаруға қажет айнымалы не мәтін енгізіледі.