Білім беру бағдарламасы Қарағанды 021 Дәріс «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні бойынша



бет10/18
Дата21.09.2023
өлшемі259,72 Kb.
#109607
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
қазіргі қазақ тілі дәрістер

Негізгі әдебиеттер
1. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. –Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. – 448 б.
2. МәшҺүр-Жүсіпов Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. – Павлодар: Павлодар унив-ті басп.. 1999. -384 б.
3. Жарылғапов Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер. –Қарағанды: Гласир, 2009.-400 б.
4. Нұрғалиев Р. Телағыс. - Алматы: Жазушы, 1986. - 440 б.,
5. Еспембетов А. Уақыт өрнегі. – Алматы: Інжу-маржан, 2005. -515 б.
6. Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. - Алматы: Ғылым, 1982. - 147 б.,
7. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. - Алматы: Ер-Дәулет, 1996. - 252 б.,
8. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. Сын-зерттеу. – Астана: Елорда, 2001. – 312 б.
Қосымша әдебиеттер
1. Ысқақбай М. Шығарма шырайы - шындық. Алматы: Рауан, 1994. 240 б.
2. Дәстүр және жаңашылдық. - Алматы: Ғылым, 1980. - 367 б.
3. Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. Әдеби сын. - Алматы: Жазушы, 1997. - 196 б.
4. Исмакова А.С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начала ХХ века и современность). - Алматы: Ғылым, 1998. - 394 с.
5. Дәдебаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. Алматы: Жазушы, 1988, 189 б.
6. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті: Лекциялар курсы. Алматы, Қазақ университеті, 2002, 311 б.


9 - Дәріс


« Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні бойынша

Қазіргі қазақ романдарындағы өмір шындығы және тарихи шындық



1. Қазіргі қазақ романдарындағы тарихи шындықтың көркем игерілуі
2. Тарихи тұлға сомдау сипаттары

Әдеби дамудағы көркемдік жалғастық аясында адамзат дамуындағы көрнекті тұлғалардың, олардың қоршаған әлеуметтік ортасының, уақыт пен кеңістіктегі заман келбетінің сөз өнері шығармаларындағы тарихи шындық суреттелуі заңдылықтары қарастыру маңызды. Қазақ әдебиетіндегі роман жанрының қалыптасу, даму жолында тарихи шындық эпикалық шығарманың сипатына тән басты поэтикалық ерекшелігі тұрғысында бағаланады. Тарихи шындық- өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі. Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар, болған уақиғалар, өмір сүрген тұлғалар арқау болады. Тарихтың, халық өмірінің шынайы болмысын елестету арқылы өткеннің сипаты танылады. Алайда, әдеби шығармадағы тарихи шындық- көркемдік бейнелеу тәсілімен берілетін өмір шындығы, яғни көркемдік шындық .


XX ғасырдың 90-жылдары мен XXI ғасырдың бас кезіндегі қазақ прозасындағы көптеген романдар ұлттық тарихымыздағы бұрын айтылмай келген көптеген мәселелерді тарихи шындықпен бейнелеудің поэтикалық заңдылықтарын игерумен ерекшеленеді. Қазақтың көркем прозасында өзіндік суреткерлік қолтаңбаларымен танылып қалыптасқан көрнекті қаламгерлердің жаңа романдары ұлттық және әлемдік әдебиеттің классикалық үрдістерін байыта, тереңдете түсті. Д. Досжановтың «Алыптың азабы», «Ақ Орда», Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», М. МАғауиннің «Мен», Б. Тілегеновтің «Тұйық өмірдің құпиясы», С. Ерубаевтың «Ақ боз үй», Қ. Шабданұлының «Қылмыс» атты романдары қазіргі қазақ прозасындағы реализм көркемдік әдісінің шынайы үлгілері ретінде оқырмандарына ұсынылды. Аталған романдардағы тарихи тұлғалар «Кенесары, Құнанбай, хакім Абай, Д. А. Қонаев, Н. Ә. Назарбаев, т.б.) және олардың заманы, уақыт пен кеңістік аясындағы қарама-қайшылықтар қазақтың ұлттық тарихына көркемдік уақыт, көркемдік шындық, поэтикалық жинақтау, авторлық шешім және т.б. шығармашылық ерекшеліктер тұрғысында қамтуымен байқалады. Аталған романдардың тақырыптық, идеялық-композициялық желісіне алынған кезеңдер қазіргі тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының қайта қарастылырылып, жаңаша бағаланып жатқан мемлекеттікбағдарымен толық үндеседі. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабындағы пікірі де қаламгерлердің ұлттық тарихты жаңаша жазуға арналған туындыларыныі маңыздылығын айқындай түседі.: «Бүгінгі өазаө гуманизмі үшін ұлттық біртектестік пен уақыттың тегеурінді талабы шендескен аралықтағы мейлінше күрделі өрістен жол тауып шығудан артық мәнді мәселе жоқ. Бұл- саяси ғана емес, сонымен қатар ғылыми да проблема».
Қазақ әдебиетінің соңғы онжылдықтарда жарық көріп жатқан көрнекті көркем туындылары- ұлттық санамыздағы көркем ойлаудың көрсеткіштері. Әдеби шығармалар мен ғылыми зерттеулердің мыңжылдықтар белестерінде қалыптасқан қазақ өркениетін танытатын тарихи-мәдени құндылықтардың барлығын да шынайы болмысымен толық қамту аясында жазылып жатқандығын байқаймыз. Бұл орайда, Қазақ өркениеті атты жаңа ғылыми-методологиялық бағытты қалыптастырушы көрнекті ғалым Е. С. Омаровтың тұжырымы назар аударарлық. Қазақстан Республикасы атты мемлекеттің мыңжылдықтар белестерінен өткен Қазақ өркенитеінің заңды жалғасы екендігін көркем әдебиет шығармалары, оның ішінде аталған қазіргі романдар шоғыры көркемдік-эстетикалық желісіне арқау облған басты кейіпкерлердің әдеби прототиптер- тарихи тұлғалар. Көркем шығармаларға оның ішінде эпостық әдеби тек жанрларының ең көлемдісі ұлы әңгімеде- романда тарихи тұлғаның кейіпкер тұғырында сомдалуы арқылы қазақ өркениетінің ата-бабалардан кейінгі ұрпақтарға жалғасқан дәстүрлі сипаттары жинақталады. Нақтылап айтқанда, сөз арқауындағы тарихи тұлғалар (Кенесары, Құнанбай, хакім Абай, М. Әуезов, Д. Қонаев, Н. Назарбаев, т.б.)- қазақ өркениетінің ұлттық және әлемдік көрсеткіштері.
Қаламгерлер романдарының мазмұны мен пішіні жүйесіндегі эпикалық көлемде тарихи тұлғалардың өмір сүрген кезеңдері келбетін, қоғамдық-әлеуметтік оқиғаларды, қазақтың ұлттық-этнографиялық дәстүрлі болмысын, тұрмыстық-әлеуметтік қарым-қатынастар мәденитеін, жақсылық пен жамандық жағаласқан қарама-ұарсылықтар әлемін- бәрін де тарихи шындықпен бейнелейді. Мысалы, қазақ тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Құнанбай қажы Өскенбайұлы (1804-1885) әдеби тұлғасының жазушы Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» атты Ресей империясының қазақ даласын отарлауға арналған 1822-1868 жылдары жүзеге асырылған реформалары аралығындағы уақытын қамтиды. Зерттеуші-жазушы Б. Сапаралы «Құнанбай қажы» атты тарихи-әдеби кітабында суреткердің автоцензуралық сақтықпен осы тұлғаны Құнанбай мен оның баласы Абайды, олардың қоғамдық-әлеуметтік, астарлы, мегзеулі сипаты терең қатпарлы қалыппен суреттеуе М.Әуезов ұстанған көркемдік шешімнің ұлағаты мол.
Жазушы Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», роман-хамсасының төрт кітабында (бірінші кітап «Толғақ», екінші кітап « Жұлдыз құрбандық», үшінші кітап «Қызғаныш», төртінші кітап «Хақиқат мекені») Құнанбай бейнесінің шынайы тарихылықпен бейнеленгенін көреміз. «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасындағы аталған кітаптарда Құнанбайдың тарихи шындықпен бейнеленуі мынадай поэтикалық жинақтаулармен берілген: ақылдылығымен, шешендігімен, қамқоршы басшылығымен даралануы; екіншісі- Ресей империясының басқару жүйесінің әкімшілік тұтқасын (аға сұлтандығын) иеленуі, қазақ қауымын өзіндік көзқарастары ырқында басқару романда Құнанбайдың өмірі жолын қырық бір жасында ұлы Абайдың дүинеге келген кезінен бастап, сексен екіде бақиға аттанған сәтіне дейінгі аралық кезеңінің тарихи деректі оқиғаларын қамтыған. Романда Құнанбайдың бұрын қалың жұртшылыққа беймәлім болып келген іс-әрекеттері, басынан өткерген қиыншылық оқиғалары тарихи шындық заңдылығымен өрілген. Ең бастысы- Құнанбайдың қазақ елінің тағдыры, ұлтттық- азаттығы үшін күрескен Кенесары ханға, оның ізіне ергендерге тілеулес болғандығы. «Кенесарыны Ұлытауда ақ киізге көтеріп хан сайлағандардың ішінде қазақтың белді билерімен үзеңгі қағыстыра жүріп өз әкесі Өскенбай да боды, бірақ түгел соңына ермеді» деген әрекет жалғастығын Құнанбайдан да көреміз. Кенесары ханның ставкасын орыстың жазалаушы отряды қоршап алғанда, олардың намаз оқып отырғанын желеу етіп, «Кенесары оқтан қорғап қалған» [21,24-б] әрекетін автор кейіпкердің шынайы көзқарасымен сабақтастыра баяндап түйіндейді. Романда Құнанбайдың қазақ жұрты үшін өзінің патшалық әкімшілік басқару билігін, аға сұлтандығын ағартушылық-әлеуметтік мақсаттарына пайдалануға ұмтылған әрекеттері айқын көрінеді. Қазақ халқын біржола отырықшы етіп, оқу-білім, мәдениет жетістіктерін игертуге ұмтылысы (қазақ және орыс тілдерінде мектеп ашуды үкіметтен сұрауы, Қарқаралыдан мешіт салуы, өзінің Меккеге қажылыққа баруы, Мекееде қазақтар жататын арнайы үйі салдыруы, т.б.)- деректілікте негізделе өрнектелген.
Құнанбай өмірінің бұрын қамтылмай келген деректі шындығы Шыңғыс және оның баласы Шоқан Уәлихановқа қарым-қатынасы еді. романда жазушы көркем шығарманың әдеби сипатын байытатын тарихи шындық поэтикасының тәсілі көркемдік ойлауға тән сюжеттік эпизодтар жасаған. Жай кезде өр мінезді, тәкаппар, қатал Құнанбайдың Шыңғыс төремен алғашқы дидарласуындағы қалпынан хан тұқымдарын, төрелерді сыйлаған қазақы тектілік мінез-құлық қасиетін айқын танимыз. Осы кездесуден соң Шыңғыстың Санкт-Петербургтегі Эрмитажға барғанда төрт бұрышты шынының ішіне салып қойған Кенесарының бас сүйегін көрген сәттегі жан күйзелісін айтқан әңгімесі арқылы жазушы құлдық бұғауына мәңгілік шырмалған ұрпақтарға арналған күрескер ата-бабалар айбатын анық білдірген: «Сол арада тістері ырсиған жалаңаш бас сүйектің өзі маған тісе қарап: «Немене, келдің бе? Арманыңнан шықтың ба? Аңырап бір қалғанда білерсіңдер менің қадірімді!» деп, сарай ішін жаңғырықтыра ақырғандай болды».
2. Қазіргі қазақ прозасы романдарында да көркем әдебиеттегі классикалық үрдістерді шығармашылықпен дамыта жалғастыру үрдісі байқалады. Жазушы Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасындағы тарихи тұлғалардың (Кенесары, Құнанбай, Абай, Шоқан) көркем бейне тұғырында сомдалуындағы поэтикалық ерекшеліктер саралана көрінеді. Роман-хамса композициясындағы тарихилықтың нақты көрінісі-қазақ тарихындағы атақты қайраткерлер тағдарларының нысанаға алынуы. Әсіресе, күрделі тағдырлы Кенесары ханды көркем бейне тұлғасында даралауға, мінездеуге қаламгердің өзіндік шешіммен қарағанын байқаймыз. Роман-хамсаның «Толғақ» және «Жұлдыз құрбандық» деп аталатын бірінші, екінші кітаптарында Кенесары хан бастаған ұлттық-азаттық көтерілісшілерінің қазақ даласынан көрші түркі халықтарына (Қырғызста, шығыс Түркістан) қарай ығысуы кезеңі қамтылған. Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның жаңаша жазылған тарих ағылымының зерттеулерінде Ресей империясының отарлық саясатына ашық қарсы болған бұл күрес» 1837-1847 ж.ж. Кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс» атауымен шынайы бағалануда. XX ғасырдың 40-50 жылдары тарихшы-ғалым Е.Бекмахановтың арнайы зерттеулерінде тарихи-ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделген бұл тарихи кезең. Шындығының қазақ әдебиетіндегі көркем шығармалар арқылы бейнеленгені де мәлім. М. О. Әуезовтің «Хан Кене», І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогясының үшінші кітабы «Қаһар» романы өазақ тарихындағы осы ұлттық-азаматтық қозғалысын көркем шындықпен жазудың шығармашылық жолын қалыптастырды.
Р. Тоқтаровтың роман-хамсасының «Толғақ» атты бірінші кітабының идеалық- композициялық желісі бастауында осы тарихи шындығы, тұлға тағдыры суреттелген. Романдағы тарихи тұлғаның көркем бейне сипатын даралауда кескін-келбетті (портретті) реалистік тұрғыда суреттеуге мән берілген. Мысалы, романның басталуындағы Кенесары ханның кескін-келбеті тарихи-этнографиялық табиғи бояуларымен бейнеленген: «Маңдайшасына алтын ай орнатқан жібек шатыр аузында, шошақ арқылы биік тақ үстінде- иығында бота жүнінен тоқылған сырмалы жеңіл шекпен, қара мақпал бешпетінің омырауы ашылып, тізелерінің үстінде жатқан алдаспаның анда-санда бір сығымдап қойып Кенесары ханның өзі отыр. Алау жарығында қызыл шырайлы өңі алтынның буына ұстағандай жылтырай балқып, құндыз жиекті көкі бөркінің астынан білінген торсық шекесі жарқырап, шаршағандық белгісі ме, қимылсыз қадала қарайтын сәл қысыңқы отты көздері ара-тұра жұмылып кетіп қояды».
Тарихи тұлғалардың кескін-келбетін қаламгерлер көркем бейненің шынайылығын танытатын реалистік танымға негіздеп береді. Тарихи тұлғалардың шынайы кескін-келбеті арқылы олардың тарбиғи мінез-құлық психологиясы да, киінген киімдері де уақытына сәйкес дәстүрлі болмысына лайықты етіліп жинақталады. Тарихилық көркем бейненің реалистік негізі. Р. Тоқтаровтың романында кенесарыға байланысты деректер мол пайдаланылған. «Қол басындай-ақ өте кішкентай» болып туылғанына байланысты «қадалған жерінен қан алатын сары кенеге» баламалап Шоқай бидің Кенесары есімін қойғанын да автор үйлесімде келтіреді. Роман-хамсаның келесі кітаптарында ханмен замандас болған тарихи тұлғалардың (Құнанбай, Абай, Шоқан,т.б.) Кенесары ісінің, көзқарастарының жалғасындай ұлағат желісі жалғастырыла қамтылады. Құнанбайдың іштей Кенесарыны қолдағанын, сыртымен ғана патша үкіметі жағында секілді көрінгенін де жазушы тарихи дерекке негіздеген. Алатауға беттеген Кенесарының Құнанбайға Смайылбектің Саркөгі арқылы айтылған аманаттары да жеке тұлғалармен халық тағдырының тұтастығын дәлелдейді. Кенесарының бірінші аманаты- отарлаушы жауды енді іштен шалып күресу, халықты жүдетпеу, «қара шаңырағының күйреп ортасына түспеуін» ойлау; екінші аманаты- «...қашан шешілгенше бойтұмардай сақтасын!» деп беріп» жіберген «...Түріктің туы... Кенекеңнің артына сенім артақ нжұртына қалдырған жалғыз белгісі...».
Көркем бейненің тарихи деректерге негізделе отырып, әдеби шығарманың халықтық сипатын күшейте түсетін мұндай ерекшеліктері жазушының шеберлік тәсілі тұрғысында айқындалады. Қазіргі қазақ романдарының көрнекті үлгілерінің бірі- Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» атты роман-хамсасындағы Кенесары ханның көркем бейнесі шығармашылық үрдістегі тарихилықпен тығыз тұтастықпен сомдалған. Тарихи тұлғалардың күрделі тағдырлы іс-әрекеттері, мінез-құлық қасиеттері, кескін-келбеттері, ұлттық -этнографиялық негіздерін сақтай отырып, суреткерлік- көркемдік шешіммен жазылатыны танылады. Көркем бейненің сомдалуында тарихи деректілік желісі сақталады. Аталған «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасындағы халық тарихындағы көрнекті тұлғалардың сомдалуы осы заңдылық бойынша бағаланады. Әдебиеттанушы-ғалым Ж. Тілеповтің пікірі де сөз арқауындағы тарихи деректілік шындық тағылымын дәйектей түседі: «... белгілі бір автор ел тарихымен байланысты шығармасын қай машықта жазса да, ондағы көтерілген мәселе- болған шындыөтан ауытқымаған шынайылықпен ерекшеленбек. Тек сонда ғана назар аударылып отырған туындының бойынан тарихилық ізделмек, ондағы көрініс берген жайлар мен деректілікке ие тарихи құжаттармен салыстырылмақ. Олай болмаған жағдайда тарихилық проблемасы туралы сөз қозғаудың өзі артық». Қазіргі қазақ романдарындағы тарихи тұлғалардың көркем бейне тұғырында бейнелеуінде осы айтылған пікірге сәйкес заңдылыөтың сақталғанын көреміз.
«Абайдың жұмбағы» роман-хамсасындағы тарихи дәйектілігі анық бір саласы-хакімнің маңындағы шығармашылық тұлғалардың көркем бейнеленуі. Хакім Абайдың жанында жүріп ұстаздық тәлім-тәрбиесін, ықпалын тікелей қабылдағандар- М. Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» зерттеуі бойынша: «Мұндай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия- Абайың өз балалары. Мұның екеуі де 1904 жылы Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі- Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын- Абайдың нағыз толық мағынасындағы шәкірттері. Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, оның өлеңі мен қара сөздерін әрі оқушы, әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы болудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазған. Абайды зерттеуге осы төрт ақынның қыстыратын бір үлкен себеп, бұлардың шығармалары арқылы Абай өзі істемесе де бой ұрған бірталай тың еңбек туады. Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзеудің жолын айтады. Дәлін айтқанда, мыналар Абайдың ақын шәкірттері есепті де, Абай алды оларға жазушылық мектебі сияқты болады».
«Абайдың жұмбағы» роман-хамсасындағы тарихилық негізінде жазылған көркем бейнелердің бірі- хакімнің баласы Әбдірахман. Романда Әбдірахманның әкесі Абайдың рухани демеушісі, үміті болғаны көркемдік тәсілдермен берілген. Мысалы, Абайдың түсінде Әбіш әкесінің өлеідері жазылған парақтарды асықпай жинастырып отырған жағдайында көрінеді. романда тарихи тағылымды дерегі ретінде Әбдірахман Алматыда ауырып жатқанда Кенесары ханның баласы Сыздық сұлтанмен дидарласқаны, сұқбаттасқаны туралы бейнеленген.
Жазушы Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасында Алаш көсемдерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың тарихи тұлғасын әдеби көркем бейне тұрғысында көрсетуге талпыныс жасағанын көреміз. Тарихи тұлғалардың көркем шынықпен бейнелеуіне негіз болатын түпкі негіз- олардың жазып кеткен сөздері, тарихи мұралары және олар жайында жазылған тарихи деректі материалдар. Бұл орайда, қазіргі қаақ әдебиеті шығармаларында әлеуметтік ортадағы қызметімен дараланған Алаш көсемдерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың мұрасын қамтып жарияланған еңбектер деректерінің негіз болатыны анық.
Тарихи тұлғалардың өмірде болған оқиғаларын көркем шындықпен бейнелеуде, әрине, қаламгерлер өздерінің қиялынан туындаған ойларды да поэтикалық өріммен қосатыны ақиқат. Көркемдік ойлау кеңістігінде адамның психологиясындағы түйсіну, болжау, елестету, шешім жасау, қорыту, т.б. сан алуан танымдық мәселелер үйлесіммен жүйеленеді, адамдардың ықылым замандардан бергі ақыл-ойынан туындаған адамгершілік дүниетанымы, жетістіктері қорытылыдаы. Кейіпкерлердің көркем жинақталған тұлғаларына тарихи санада қалыптасқан ойлау әлемінің болуы мүмкін мәселелері үйлесіммен енгізіледі. Бұл- көркем шығарманың адам жан жүйесін қамтудағы поэтикалық басты ұстанымы. Өмір шындығын эпикалық шығармалардың мазмұны мен пішінде өнер тілімен бейнелеуде жазушылар шығармашылық қорытудың талай күрделі шешімдерін жасайды. Тарихтағы болған оқиғаларды, тұлғаларды, әдеби бейне тұғырында сомдауда тарихи шындық поэтикасының күрделі, кешенді амалдары қолданылады. Бұл- жазушы еңбегінің аса күрделі болмысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет