Білім беру бағдарламасы Қарағанды 021 Дәріс «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні бойынша



бет11/18
Дата21.09.2023
өлшемі259,72 Kb.
#109607
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
қазіргі қазақ тілі дәрістер

Негізгі әдебиеттер
1. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. –Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. – 448 б.
2. МәшҺүр-Жүсіпов Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. – Павлодар: Павлодар унив-ті басп.. 1999. -384 б.
3. Жарылғапов Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер. –Қарағанды: Гласир, 2009.-400 б.
4. Нұрғалиев Р. Телағыс. - Алматы: Жазушы, 1986. - 440 б.,
5. Еспембетов А. Уақыт өрнегі. – Алматы: Інжу-маржан, 2005. -515 б.
6. Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. - Алматы: Ғылым, 1982. - 147 б.,
7. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. - Алматы: Ер-Дәулет, 1996. - 252 б.,
8. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. Сын-зерттеу. – Астана: Елорда, 2001. – 312 б.


Қосымша әдебиеттер
1. Ысқақбай М. Шығарма шырайы - шындық. Алматы: Рауан, 1994. 240 б.
2. Дәстүр және жаңашылдық. - Алматы: Ғылым, 1980. - 367 б.
3. Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. Әдеби сын. - Алматы: Жазушы, 1997. - 196 б.
4. Исмакова А.С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начала ХХ века и современность). - Алматы: Ғылым, 1998. - 394 с.
5. Дәдебаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. Алматы: Жазушы, 1988, 189 б.
6. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті: Лекциялар курсы. Алматы, Қазақ университеті, 2002, 311 б.
10- Дәріс

«Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні бойынша
Қазіргі қазақ прозасындағы реализм
1. Шығармалардағы шындық пен шарттылық
2. Көркемдік шешім эстетикасы

1. Адамдардың тұрмыстағы іс-әрекеттерін өзара қарым-қатынастарын табиғи болмысымен ала отырып, өнер психологиясы заңдылығымен суреттеу, бейнелеу, эпикалық баяндау, лирикалық әуенмен тұтастыра жазу- қаламгерлердің реалистік ұстанымын айқындайды. Академик З. Ахметов реализм көркемдік әдісі ұстанымындағы шығармалардың поэтикалық сипатындағы өмірлік болмыстың реалистік сипатпен, тарихи шындықпен негізделуін тұжырымдайды .


Реалистік сипат көркем шығармадағы тарихилыққа негіз болатын поэтикалық ерекшелік. Реализм әдісіне арқау болған халық тұрмысындағы әлеуметтік қақтығыстардың, қайшылықтардың көркемдік шешіммен жазылуы уақыт шындығын танытады. Академик З. Қабдолов шығармашылық әдістің екі түрін (романтизм, реализм) атайды, екеуінің өзара сабақтастығын, көбінесе біртұтас өрлейтінін, шындық пен қиялдың қосыла отырып, өнер туындысының болмысын құрайтынын атап көрсетеді. Көркем әдебиет тарихындағы суреткерлердің реалистік сипатпен жазылған шығармаларында романтизм мен реализм көркемдік әдістерінің сарындарында өзгешелік болғанымен, көркемдік жинақтауында, шешімінде арналастық сақталады.
Әлем әдебиеттері тарихындағы көрнекті суреткерлердің (Флобер, Мопоссан, Бальзак,т.б.) романтизм мен реализм тұтастығымен жазғаны мәлім. Қазақ әдебиеті тарихындағы ауызша авторлық дәстүрлі ақындық поэзия мен кәсіби жазбаша әдебиет өкілдерінің шығармаларында да реализм мен романтиз әдістерінің тұтасы өрілуі классикалық үрдістермен тұтастық тұрғысында бағаланады.
Қазіргі қазақ романдарындағы реалистік сипат пен көркемдік қиял тұтастығының көрінісі классикалық әдеби даму арнасында танылады. Роман жанрындағы шығармалардың эпикалық мол тынысты құрылымында қаламгерлер уақыт пен кеңістіктегі халық тарихы оқиғалараның шиеленісті кезеңдерін реалистік сипатпен бейнелейді. XXғасырдың 90-жылдарымен XXI ғасырдың басындағы қазақ романдарының реалистік сипатын дәйектеген тақырып саласы- адамдар мен қоршаған табиғат ортасынынң хал-ахуалы. Әсіресе, Арал теңізінің тартылуынан, Семей полигонындағы ядролық сынақ жарылыстарынан туындаған зардаптарды арқау еткен көркем шығармалар әдебиеттегі өзекті мәселелерді қамтуымен танылды. Заманымыздың экологиялық өзекті мәселелерін арқау еткен көркем шығармалар уақыт шындығын туындылардың мазмұны мен пішінінде қамтып, адам мен табиғат тағдырының күрделі жағдайы реалистңкпен жазудың тың бағдарына жол салды.
Көрнекті жазушы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», белгілі қадамгер С. Жұбатырұлының «Абыржы», Қ. Жиенбайдың « Даңқ түрмесінің тұтқыны» романдарында уақыт шындығы Арал теңізі тартылуының экологиялыө зардаптарын реалистік сипатпен қамтумен ерекшеленеді. Реалистік сипат пен көркемдік қиял тоғысуы арқылы эпикалық шығармалардағы кейіпкер мен табиғат, қоғамдық-әлеуметтік орта байланыстары арасындағы поэтикалық мағына айқындалады. Өмір шындығы ортасындағы жеке кейіпкерлер тағдыры мен табиғат тынысын сабақтастырып, тіршілік қозғалыстары мен құбылыстарының баламаланып суреттелу тәсілін қолдану арқылы жазушылар өмір философиясын айқындайды. Бұл орайда Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» идеялық-композициялық құрылысындағы үш кейіпкер (Жәдігер, Бәкизат, Әзім) арқылы Адам -Табиғат- Қоғам тағдырларының біртұтас өріліммен, бір-біріне баламаланумен берілетін психологиялық сипат болмысы аңғарамыз. Романның тақырыбы- Арал теңізінің тартаылуынан туындаған экологиялық- әлеуметтік дағдарыс ахуалы, идеясы- табиғаттағы, қоғамдағы күрделі қайшылықтар әлемін жеке адамдар тағдырлары арқылы ұқтыру. Романның реализмі- XX ғасырдағы адам мен табиғатқа, қоғамдық-әлеуметтік ортаға тән өрлеу мен дағдарыстар болуын әлеуметтік-психолоиялық сипатымен аңғарту. Өмір шындығы қозғалысында адал жүрсе де еңбегі еш болмайтындар тағдыры Жәдігер бейнесімен ұғындырылады. Атақ- дәреже, мансап үшін туған жерінде, өзін сүйген адамды да сатып кететіндер- Әзім бейнесі арқылы жеткізілген. Ал, осы екі еркекке де әйел болып жүрген Бәкизат- далбаса үміттің құрбаны. Романның көркемдік түйіні- адамдардың күрделі тағдырының да- сең үстіндегідей хал-ахуал екендігін аңғарту.
Романның идеялық-композициялық желісіндегі қазақтың әлем өркениеті кеңістігіндегі дара қасиетін дәлелдеу, дәйектеу мұратының авторлық эпикалық баяндаумен де, кейіпкерлердің монологтарымен де, диалогтарымен де жүзеге асқанын бақаймыз. Мысалы, түрменің бас дәрігері Санжар Биахметовичтің Қабылды мұз құрсанған Қапшағай айдынына балық аулаға апарып отырып, өзінше шағын дастарқан жайып құрметтеп, сөйлеп отырғандағы қалпын да қазақтың ұлттық діліне, табиғи жаратылысына деген азаматтық-перзенттік махаббат сезімінің көрінісіндей қабылдаймыз.
Ал, төс сүйегі тұсынан алынған кемік майды радиация сәулесін қабылдаған ауру бүлдіршінге құю үшін Қабылдың келісімімен алғаннан кейін жасалған төрт сағаттық операция, одан кейін Бруней сұлтандығындағы ауқатты кісінің сол баласының сауығып кеткені, баласының сауыққанына қуанған әкесінің Қазақстанның дүниежүзіне мәлім болған сапалы мұнайына арналған халықаралық симпозиумға шақырылып, осы сапарында Қабылға мол сый-сияпат жасағысы келіп, ұшақ үстінде қуанып келе жатқаны баяндалған. Осы сәтте бүкіл ғаламдық байланыстар жүйесі интернеттен компьютер экранында жарияланған мәтін де қазақтардың ұлттық жаратылысын, бітімін әлемге әйгілейді.
Профессор С.Негимовтің ғылыми байыптауы сөз арқауындағы, роман кейіпкерінен туындаған авторлық көркемдік шешімді дәйектей түседі: «Көркемдік қиял шындық пен шарттылықтың бірлестік-тұтастығына негізделеді. Бұдан біз көрекм өнердегі ойдан шығару, көркемдік қиял дегеніміздің екі түрлі мағынада айтылатынын байқаймыз. Бірінші, кең мағынасында, қандай болсын өмірде кездесетін, кездесуі мүмкін құбылыстарды, ойша елестетіп, бейнелеп көрсету деген ұғымды білдіреді. Бұл тұрғыдан қарағанда көркем әдебиеттегі адам бейнелері, өмір суреттері түгелдей ойдан шығару, шындық пен көркемдік қиялды ұштамтыру арқылы жасалады. Екінші, тура мағынасында, тек ғажайып сипаты бар, болмыста дәл сол қалпында кездеспейтін қиялдан туған көркемдік бейне, көріністер ғана ажыратылып алынады. Мұндай таза көркемдік қиялдан туған бейнелер де қалай да белгілі, өмірде кездесетін нәрселердің нақтылы сипат-белгілерін негізге алып, соларды ойдан шығарылған бейнелерге телу арқылы пішінделеді».
«Даңқ түрмесінің тұтқыны» романындағы Қабылдың төс сүйегі тұсынан кемік май алу – көркемдік қиял жемісі. Адамның сүйегіндегі кемік майды радиациялық сәуледен ауырған бүлдіршін баланың қанына құю да ғылыми-тәжірибелік болжамдар негізіндегі ойлаудың бір көрінісі. Қ.Жиенбайдың «Даңқ түрмесінің тұтқыны» романындағы әйелдер бейнелері де шығарманың идеялық-композициялық желісіндегі оқиғалардан танылады. Ең басты кейіпкерлер ретінде Баймырзаның заңды әйелі Салтанаттың және Барсакелмес қорығында болған кезінде көңілдес болған Ұмытханның Бейнелері дараланған. Шығарма желісіндегі оқиғалар барысында Салтанаттың адалдығы, аңқаулығы, жары мен баласы Ғафизге деген махаббаты, соларды алаңдатпау үшін тіпті өзінің ауруына да мән бермеуі – бәрі жинақтала келе қазақ әйелінің рухани болмыс бітімі дараланады. Мінездеу мен даралау – көркем шығармадағы кейіпкерді сомдаудағы шеберлік қолданысы. Әрине, Салтанат бейнесінің даралана сомдалуында реалистік сипат пен ойдан шығарудың тұтасуын аңғарамыз. Күйеуінің өзіне деген жалған қарым-қатынастарын жүрегі сезсе де сыр бермей, сынын да сырын да бірқалыпты ұстанған Салтанаттай әйел-ана бейнесін жасауда қаламгердің классикалық көркемдік тәсілдерге жүгінгені анық. «Ойдан шығару – образға барар жол; суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару жоқ жерде әдебиеттегі адам туралы ұғым болуы мүмкін емес» [8,89б]. Демек, романдағы Салтанат – өмірлік шындық пен қиял тұтасуымен сомдалған бейне.
Романдағы Ұмытхан ару бейнесі де өмір шындығы тағылымына негізделгендігімен ерекшеленеді. Алғашқы қосылған күйеуі балалы бола қоймағанына ғана бола ажырасып кеткен Ұмытханның тағдыры – көптеген мынандай қасиеттері саралана байқалады: біріншісі – сәтсіздіктен мойымайтын, қарапайым қызметімен әлеуметтік ортаға өзіндік үлесін, жақсылығын жасай алатын өзіндік күрескерлігі, қайсарлығы; екіншісі – кескін-келбетімен, сүйкімді жүріс-тұрысымен адам назарлығын аударатын сұлулығының сақталғаны. Ұмытхан – өз бахытын аялау, сақтау жолында қайсарлығын, батылдығын ешқашан жоғалтпайтын әйел-аналардың жинақталған тұлғасы. Екі түндік төсектегі қауышудан кейін өмір бойы жүздеспесе де Баймырзаның амандығын, абыройын ойлаумен жүреді. Ұмытхан – өзіне кездейсоқ бақыт-перзент сыйлаған Жаратушы Аллаға дән риза әйел. Баласы Қабылдың жастайынан асыл, жақсы қасиеттермен қалыптасып өскеніне аналық махаббатымен жүрегі елжірей қканады, шүкіршілік етеді. Әсіресе, қорықтың аң-құстарын атуға келгендерге қарсы тұрып, мылтықтарын тартып алып, өздеріне қарата тек қорқытып атып қуып жіберген баласының қайсарлығына, әрі оларды өлтірмеген ұстамдылығана сүйенеді [28,200б]. Бұл – тас емшегін жібіткен, тар құсағын кеңіткен перзентіне арналған бүкіл ананың мәңгілік көзқарасының үні.
ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі әдеби үдерістің көрнекі саласын құрап келе жатқан қазақ романдарындағы өмір шындығының тарихилықпен, суреткерлік көркемдік шешіммен жазылғаны ұлттық сөз өнері дәстүрінің өркениет кеңістігіндегі классикалық деңгейін танытады. Қазіргі қазақ романдарындағы реалистік сипат дегеніміз – тарихилық негізділіктің көрсеткіші. Тарихилық негізіндегі эпикалық шығармада поэтикалық көркемдік қиял арқылы қосылған бейнелеулер адам санасындағы эстетикалық, адамгершілік дүниетанымының шынайлығын, тереңдіктерін көрсетеді. Көркемдік ойлау тереңдіктері мен кеңістіктерінің эпикалық шығармалардағы поэтикалық сипаты ұлттық және жалпыадамзаттық көзқарастырдың ортақ бірлігін аңғартады.
Қазіргі қазақ романдарындағы көркемдік шешім эстетикасы кеңірек қарастырлады.шығармадағы сюжеттік шешімі мен көркемдік шешім – үндес ерекшеліктер. Академик З.Қабдолов туындының осы бір ерекшелігінің түйінді тағылымын атайды: «Шешім (орысша развязка) – шығарма сюжетіне де шешуші кезеңдерінің бірі; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже оқиғаларға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі; күллі құбылыс – көріністердің соңғы сахнасы». Бұл сюжеттік композициялық құрылым оқиғалары жүйесінің түйінделуіне арналған пікір. Ал, көркемдік шешім эстетикасы мәселесі кеңірек қарастырлады. ХХ ғ. 80-90 жылдары және ХХІ ғ. Басындағы қазақ романистикасында тарихилық пен псхиологиялық сарындылықты тұтастандыра жазу үрдісі өрістеді. Романдардың мазмұны мен пішінінде халық тарихының күрделі қайшылықты оқиғалары, жеке тұлғалардың тағдырлары, адамдар қарым-қатынастарындағы және мінез-құлық сипаттарныдағы қарама-қайшылықты психологиялық ерекшеліктер, т.б. сан алуан мәселелер қаламгерлердің дүниетанымы деңгейіне қарай көркемдік шешіммен жазылады. Көркемдік шешімге арналғантеориялық қисын аясында қазіргі қазақ романының мазмұны мен пішіні сипатындағы адам мен бүкіл қоғамның поэтикалық болмысын елестетеміз.
Қазақ ұлты тағдырының бейнеленуіндегі тарихилық пен көркемдік қиял тұтастығы Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі салтанат құрған жаңа тарихи басталған ХХ ғ. 90-жылдары мен ХХІ ғасыр басындағы қазақ прозасы романдарынан байқалады. Бұд орайда, көрнекті жазушы Д.Досжановтың романдарынан айтуға болады. Жазушының «Алаң» (1993) атты романының тарихилығы шығарма желісінің 1986 жылғы Желтоқсан көтерлісіне қатысты құжаттық деректерге, нақты прототиптерге сүйене жазылған реалистік сипатымен танылады. Романның он бір тараудан құралған композициясы, сюжеттік бөліктері авторлық эпикалық баядаулармен, философиялық толғаныстармен, психологиялық талдаулармен, кейіпкерлердің монологтарымен, диалогтарымен, т.б. поэтикалық тәсілдермен өрнектелген. Романдағы он бір тарауда ұлт тағдырындағы саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тұрмыстық мәселелерді эпикалық шығарманың көркемдік жүйесі, шешімі арқылы жеткізуге тырысқан.
Роман тарауларының басты кейіпкерлері – ХХ ғ. Өмір сүрген, қыхметтері Қазақстан тарихына қатысты болған адамдар. Бұлар – көркем шығармаға поэтикасы заңдылығы бойынша прототиптер. «Алаң» романындағы прототптиптілік негізділігін сақтай отырып, бірақ көркем шығарма талабына орай әдеби тұлға тұғырында бейнеленген тарихи қайраткерлер тұлғаларын көреміз. «Алаң» романында жазушы кейіпкерлерінің сомдалуында олардың оңашадағы ойланулары-толғанулары, кейбіреулердің түс көрулері және т.б. тәсілдерін шығарма композициясында мол қолданған. Романдағы тарихилықтың көркемдік қиял арқылы романтикалық-реалистік сипатымен танылуы – кейіпкерлерінің нағыз ұлтын сүйген шын ұлтшыл-отаншыл көзқарастарын даралай танытатын тұстарында айқындала түседі. Мысалы, «Роман және сынақ алаңы» тарауының кейіпкері Бақытбектің Қазақстан Республикасы Президентінің тобымен бірге Түркияға, Иранға барған ресми сапарынан оралып келе жатқандағы самолет ішіндегі Елбасы екеуі арасындағы әңгімелесуден туындаған мегзеулі ойлар жүйесі шығармадағы идеялық түйінді анықтайды: «... Бақытбек Президенттің нұсқаған жағына көз салған беті, ет, жүрегі дір етіп шімірігіп кетті. Қара қошқыл алып бұлт жолбарысқа ұқсап, бүкіс белін бүгіп көкжиектен бермен нығыз тұтаса жатып алыпты. Күн сәулесін өткізер емес. «Неге ұқсайды?» - деді Президент. «Жолбарысқа келеді екен, қандай қорқынышты». «Иә, сайын сахарады желдей есіп, осынша кең даланы иемденіп өтіп өткен қазыкемнің кешегі күні қандай болса, бүгінгі де сонай ... жұтып жолы – біз де жолбарыс бола білуіміз қажет!» Нені мезгеді, қалай ұқтырды ... Ешкім өз тағдырын таңдамайды. Тағдыр адамның талайына жазылады. Мына тазы болып кімді, қалай шалмақшысың; қасқырға ұқсап саяқ жортып не оңдырады; текті ауыздан шыққан аталы сөз әлгі – қазаққа жолбарыс болмай теңдік жоқ».
Романның «Алаң болып аталуының философиялық-символдық мағыналық астарын жазушы тараулардағы, сюжеттік бөліктердегі толғаныстарымен өріп беріп отырады. Алғашқы «Романға барар жол» тарауында атомның теріс, оң тебуінің күшінен протон мен нейтрондардың газды ортада сұрапыл соқтығысқа ұшырауы жаңалығын ашқан, кейін сол жаңалығының адамзатқа апат әкелуіне қарсы болған «Өркениет, бейбіт қатар өмір сүру және бастың бостандығы туралы ойлар» атты еңбегімен, Кеңес одағының тоталитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы шыққан академик А.Д.Сахаровтың ой толғаныстары – жазушының философиялық толғаныстарымен дәйектелген.
Романға тақырып болған «Алаң» сөзінің философиялық-психологиялық мағынасы арқылы жазушы осынау өткінші жалған фәни дүниенің сипатын бейнелейді: «Біле-білгенге дөңгелек жарық дүние – үлкен алаң. Алаңға шығып пікірін ашық айтуға әркімнің жүрегі дауаламайды. Көп пенде өмір бойы айтамын деп діттегенін айта алмай өтеді. Қолын сермелеген көсемдердің, басы қақшаңдаған жолбасшының соңынан қойша сүмеңдеп ілеседі, қара бастың қамымен мәзденеді, тобыр көбейтеді, өз әлінше, өз білгенінше біреу ілгері, біреу кейін жүріп дүниеден өтеді, өліп-талып алаң шетіне жетеді. Алаң – адам тағдыры. Жарық дүниеге келген екенсің: күнделікті тәбаң бейнетің болсын, жүрегіңнің басынан шүкіршілік кетпесін. Алаңнан жүріп өту бұйырған екен; білеріңді, түйгеніңді жұрт алдына шығып айтып қал, дабыраны көбейтпе, даралануға ұмтылып бақ дер едім. Қайтсем де дараланам, дабыраям деп ізет шекарасынан аттама, өзім білімге семіріп, Тәңіріңнің көзіне түсіп жүрген жолаушыға таң қалам, алаңнан аман-есен өтуіне тілек қосам».
Роман композициясына тұтастай желі болып тартылған тарихилық пен көркемдік қиялдың егізделе өрілген жолы эпикалық шығарманың соңындағы «Түйін» бөлімінде жинақтала қорытындыланған.
Қазіргі қазақ прозасының романдарында тарихилық пен көркемдік қиялдың тұтаса өрілуі – қаламгерлердің классикалық әдебиет үрдістерін шығармашылықпен игеруінің көрсеткіштері. Әлем әдебиеттерінің әдеби тек жанрлары шығармаларындағы игеруінің көрсеткіштері. Әлем әдебиеттерінің әдеби тек жанралры шығармаларындағы көркемдік шындық поэтикасы заңдылықтарынигеру арқылы қазақ әдебиеті деөркениеттегі өзіндік ұлттық бояулы болмысымен танылуда. Қазақтың ұлттық рухани құндылықтары дамуының өркениеттегі жетістіктері арқылы мемлекетіміздің беделі де нығая түсері ақиқат. Тарих – адамзат дамуының жүйелі жолы. Қазақ тарихы – ұлттық қалыптасу, даму кезеңдерінің ата-бабалардын сақталып жеткен тағылымды саласы. ХV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы дәуірінен бастап, қазіргі ХХШ ғасыр басына дейінгі аралықтағы аса елеулі оқиғалар мен тұлғалар туралы эпикалық шығармалар жазу үрдісі – осы тәуелсіздік жылдарында кең орын алды. ХVIII ғасырдан қазақ-жоңғар соғыстары , Абылай хан, Кенесары хан басқарған ұлттық-мемлекеттік құрылымды сақтау, қалпына келтіру жолындағы оқиғалар қамтылуда ХІХ ғасыр менХХ ғасырдың бас кезіндегі Ресей пмпериясы қарауындағы бодандық кезең шындығы да романдар нысанына алынды. Абылай хан мен Кенесары жан және олардың төңірегіндегі батырлардың әдеби көркем бейне тұғырымен бейнеленуінде олардың прототиптік түпкі болмыстары негіз болғаны анық. Бұл орайда, қаламгерлер аталған кезеңдер тұлғаларын бейнелеген халық әдебиеті шығармаларына көбірек сүйенеді. Әсіресе, дәстүрлік ақындық лирикадағы және эпикалық шығармарадан бейнелеу, суреттеу бөліктері дерекнамалық көмекшілік жасайды.
ХХ ғасырдың 50-90жылдары мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі тарихи кезеңдер шындығы да романдардың тақырыптық нысанына алынды. Бұл орайда, І.Есенберлиннің «Мұхиттан өткен қайық», Б.Тілегеновтің «1986 жыл», «Тұйық өмірдің құпиясы», М.Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы», Т.Ахметжанның «Ақиқат жолы», т.б. қаламгерлердің туындылары бар. Қазақстанның кеңестік кезеңіндегі оқиғалары мен тұлғаларын өмір шындығы бойынша суреттеуге мән берген туындыларда қаламгерлер тарихи-дерекнамалық сипаттың сақталуын қатаң қадағалайды. Себебі, ұлттың шынайы тарихының әуелгі негізделуі ғасырлар бойы сөз өнері шығармаларында жызылып келеді.
Бұл үрдіс ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бері жаңаша қарқын алды. Жазушы І.Есенберлиннің бұрын-ертеректе жазылған, бірақ кеңестік кезең қыспағынан жарық көрмеген «Мұхиттан өткен қайық» романында ХХ ғасырдың 60-80жылдарының шындығы көркемдік жинақтаумен жазылған. Басты кейіпкердің прототипі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Жазушының 1980 жылғы мамырдың 7-сінде жазған күнделігінде былай жызылыпты: «Мұхиттан өткен қайық» кітабын жазу үстінде мен өз заманым мен өз замндастарымның тарихын шынайы суреттеуге ұмтылдым. Д.Қонаев сынды мемлекеттік қайраткердің дүниетанымын халқы таныса деп ойлады.
Әрине, прототиптік негізгі тарихи бір ғана тұлғаға негізделген десек те, бұл туындыдағы басты кейіпкердің тұлғалануында бұрын-сонды тектес тағдырлар тоғысуы да байқалады. Сонымен бірге, уақыт пен кеңістіктегі ұқсас мінез-құлық психологиясы үндестіктері де көркемдік жинақтаулармен бейнеленеді. Романда ХХ ғасырдың 30-жылдарында ұлт мәдениеті тарихынан еріксіз өшірілген тұлғаларға (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, т.б.) байланысты әртүрлі тартыстарға да орын беріліп романның басты кейіпкерлері уақыт шындығына сәйкес сомдалған. Романның бас кейіпкері Ақылбектің прототипі – Д.А.Қонаев. қазақ тарихының көрнекті қайраткерін әдеби бейне тұлғасында сомдау үшін жазушы заманының қайшылықтарын да, әділетсіздіктерін де, алуға ұмтыла алатындығын да дәлелдеген.
Өмірлік шындық – тарихи шындықтың өзегі. Қазақ прозасындағы тарихи тақырыпқа жазылған көркем шығармаларда халықтың басынан өткен оқиғалар, көрнекті қайраткерлердің тұлғалары қаламгердің көркемдік шешімімен қамтылады. Көрнекті жазушы, М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досановты, «Құлбырау» атты романында Қазақ елінің біренеше ғасыр бойы Ресейдің отары болған кезеңдерінің зардаптары тақырып нысанына алынған, идеясы – ұлт тәуелсіздігі жолындағы күрескерлік іс-әректтері өрістеткен қайраткерлер тұлғаларын даралау. Романда қазақ халқының ұлттық-тәуелсіздік алуы жолындағы күрескерлер, Алаш көсемдері Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұсыновтың Н.Бабахановтың тарихи тұлғалары әдеби- көркем бейне деңгейінде алынған. «Қылбұрау» романының композициясы мынадай бөлімдер мен тараулардан құралған: бірінші бөлім: «Үміт пен үрей» (тоғыз тарау); Екінші бөлім: «Тайталас» (он бір тарау); Үшінші бөлім: «Жанталас» (он екі тарау) [32]. Роман композициясының тұтас желісіндегі оқиғалар барысында басты кейіпкер әр түрлі көлемдегі қамтылуымен ерекшеленеді. Мол қамтылғаны – Нұрдәулет. Жазушы С.Досановтың осы «Қылбұрау» басты кейіпкерлер Ахметтің, Нұрдәулеттің табиғат аясындағы сұхбаттарындағы тіршілік, заман, адам, халық тағдыры хақындағы толғаныстардың осындай өмірлік шындықпен сәкестігі айқындалады. Жазушының көркемдік шешімі кейіпкерлерінің азаматтық-күрескерлік көзқарастарын таныта алған. Роман композициясында Ә.Бөкейханов туралы да деректер падаланылған. Негізіг басты кейіпкер («Отставкадағы штаб-ротмистр») Нұрдәулет Бабахановтың «Мен онымен бірге Санкт-Петербургтегі Императорлық Орман институтында оқығанмын» [32,124 б] деуі, орыс зиялысы С.А.Георгиевичпен кездескендігі әсерлі сәтті суреттеуі («Әлихан тап қазір тап осы жерде екеуінің арасында достық көпірін орнатты, өзгелерге даналық дәрісін оқып тұрғандай еді») де алаш көсемінің ғалымдық-ағартушылық дүниетанымының қоғамдық-әлеуметтік қайраткерлікпен тұтасуын бағдарлайды. Кейіпкердің баяндауы аясында Алаш көсемі Ә.Бөкейхановтың қазақ халқын отырықщылыандыру, егіншілікпен айналысуын дамыту, қазақ даласының мол сырлы, құнарлы әлемін сақтау, бағалау, т.б. сан алуан мәселелерді айқанын назарға алуы да дәйекті, дәлелді. Роман арқауындағы өмірлік шындықтың көркемдік шешімімен орындалуы өнердің эстетикалық тағылымын айқындайды. Адамдардың жаратылыс құбылыстарды, оқиғалары ортасындағы ішкі жан әлемінің қоршаған ортаментұтастығын да, үндестіктерді де, қарама-қайшылықтарды да көркемдік ойлау аясында саралау арқылы туныдылардың шынайлылығы анықталады.
Жазушы Сәбит Досановтың «Ұйық» (2005) атты романының құрылымдық арқауында Қазақ елінің XX ғасыр басындағы тарихи оқиғалары алынған. Романның тақырыбы- XIXғасыр аяғы мен XXғасыр басындағы қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік тұрмысы, идеясы- қазақ халқына материалдық және рухани зардаптарын тигізетін апатты оқиғалардың (Қазақ төңкерісі, аштық, 1937-1938 ж.ж. қуғын-сүргін, т.б.) сипатын таныту. Романның композициясы «Сағыны», «Сабылыс», «Тосылыс» деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Романның басты кейіпкерлері- Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Нұрдаулет Бабаханов және т.б. бұлармен бірге, романның идеялық-композициялық желісінде оқиғаларда көрінетін жанама кейіпкерлер (Аманхан, Тұяқ, Асылхан, Гүлайым, Кутовой, т.б.) де мол. Роман бөлімдерінің сюжеттік-композициялық желісінде Алаштың көрнекті қайреткерлерін олар өмір сүрген кезеңдер оқиғаларының барысында көрсетеді. Романның эпикалық кең құлашты сипатына сәйкес уақыт пен кеңістіктегі аса елеулі тарихи оқиғалардың қазақ халқының тағдырына әсер-ықпалын романтикалық және реалистік көркемдік-эстетикалық сарындармен жеткізген. Романның басынан бастап, аяғына дейін жазушы қазақтың ұлттық діліне тән романтикалық отаншылдық дүниетанымның ең негізгісі даланың келбетін бұндағы аңдар, құстар, өсімдіктер, таулар, алқаптар, өзендер, көлдер, бұлақтар, т.б.- сан алуан көріністер тұтастығын кейіпкерлердің сезім құбылыстарымен де, оқиғалармен де егіздей суреттеуді тұрақт қолданады. Мысалы, романның алғашқы тарауының басталуындағы даланың тынысын, ондағы тірішілік қозғалысы суреттеулерден осындай романтикалық-отаншылдық көңіл-күй әуендерін сезінеміз [33,4-5 бб]. Бұл- қазақтың ұлттық санасының поэтикалық мегзеумен табиғат көріністерінің тұтасқан қозғалыстарымен егізделген дүниетаным. Қазақтың ата-бабалардан ұрпақтарға ауысқан ұлттық әуендері де Ұлы Даланың кешенді сипатымен қосыла айқындалады. Романның басталуынан-ақ поэтикалық-символдық бейнелеумен көрінген Ақбас бүркіт- қазақ рухының көрінісі. Еуразия кеңістігінде мыңдаған жылдар бойы ерлік пен елдік ұлағатымен қалыптасқан қазақтың ұлттық-халықтық болмысын шексіз- шетсіз кеңістікті жан әлемімен мол қамтитын қалпымен осы Ақбас бүркіт тұлғасымен елестеткей әсер аламыз.
«Ұйық» романының идеялық бағдары да ХХ ғасыр басындағы қазақтың ұлттық рух оянысын, уақыт шындығын қыран тұлғалас қайраткерлердің сілкінген іс-әрекеттері арқылы аңғарту. Романның бөлімдеріндегі басты кейіпкерлердің (А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Бабаханов. т.б.) ұлт тағдыры жолындағы күрескерлік – қайраткерлік қызметтері роман композициясына желі болып тартылған асқақ линрикалық-психологиялық сарыныдылығы әсерлі поэтикалық тартымдылықпен танылады. Жазушы С.досановтың «Ұйық» романында қазақ тарихының отарлық бұғауда болған кезеңдерінің шындығы көркем прозаның эпикалық кеңістігі аясында қамтылған. Қаламгердің көркемдік шешімімен адам мен табиғаттағы басқа да тіршілік иелерінің, құбылыстардың үндес, тектес қасиеттері егізделе баламаланған. Шығарманың идеялық-композициялық желісіндегі тарихи оқиғалар, қайтакерлер қызметтері арқылы қазақтың ұлттық рух негіздерінің мәңгі сақталған, болашаққа ұласатын қуаттылығы дәлелденген.
Қазақ сөз өнері тарихындағы прозалық шығармалар жазу ұрдісі кежелеп пайда болды, бірақ ХХ ғасырдың басынан аяғына дейін қазіргі ХХІ ғасырдың бас кезінде де аса мол өнімділікпен, шапшандылықпен дамыған екпінімен келеді. Толассыз жарық көрген қазақ қаламгерлері романдары – эпостық әдеби жанрдының әлем әдебиеттерінде мол өркендеген үлгілерінің қазақ сөз өнері кеңістігінде де кеңінен дамығандығын дәлелдеді. Бұл орайда, әлем әдебиеттеріндегі жазушылардың сан алуан сипаты роман жанрындағы шығармаларды туындатқанына баға берген академик З.Қабдолов авторлық баяндау мен суреттеу, қаһармандардың монологтары мен диалогтары, әртүрлі тәсілді мүсіндеу мен мінездеу, жинақтау мен даралау, сөздегі сурет пен психологиялық дәлел, биік парасатты пафос пен терең философиялық толғам ұштасқан роман жанрының жаңа үлгілерін бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет