Білім беру бағдарламасы Қарағанды 021 Дәріс «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні бойынша


- Дәріс « Көркемдік дамудағы дәстүр арналары »



бет9/18
Дата21.09.2023
өлшемі259,72 Kb.
#109607
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
қазіргі қазақ тілі дәрістер

8 - Дәріс


« Көркемдік дамудағы дәстүр арналары » пәні бойынша


Қазіргі қазақ романдарындағы тарихи шындық және көркемдік шешім

Тәуелсіз мемлекет тұғырымен әлемге танымал болып, жаңа даму жолымен келе жатқан Қазақстанның көркем әдебиеті де өркениет кеңістігіндегі өзіндік орнымен бағалануы- өзекті мәселе. Сондықтан соңғы онжылдықтар белестерінде жазылған романдарды тарихи шындық пен көркемдік шешім поэтикасы заңдылықтары бойынша саралап қарастыру- еңбегіміздің басты мақсаты. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді орындау керек:


-Романдардағы өмір шындығының тарихи шындықпен бейнеленуі;
-Тарихилықтың көркемдік шындыққа негіз болуының ерекшеліктері;
-Реалистік сипат пен көркемдік қиял жинақтауларының сабақтастығы;
-Тарихи тұлғалар мен оқиғалардың көркемдік шешіммен жинақтала бейнеленуі;
-Әдеби бейнелердің прототиптік негізділігінің мәні;
-Кейіпкерлерді даралау мен мінездеудің психологиялық ерекшеліктері;
-Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы;
-Романдардың идеялық-композициялық желісіндегі ұлттық-этнографиялық сипат болмысы.
Тарихилық – көркем әдебиет дамуының негізі» деп аталатын бірінші бөлімнің «эпикалық шығармалар сабақтастығы» деген бөлімшесінде көркем әдебиет дамуының тарихилық негізіндегі эпикалық шығармалар туралы сөз болады.
Қазақ жазба әдебиетінің қазіргі заманғы эпикалық түрлерінің (поэма,роман) тарихилықпен жазылуына эпикалық шығармалардың көркемдік негізі үлгі болғандығы ақиқат. Осы арада белгілі әдебиеттанушы-ғалым Н.Келімбетовтің сақ, ғұн дәуірі тарихи дастандарының поэтикасы хақындағы пікірі эпикалық жанр шығармалары табиғатының қалыптасу, даму эволюциясын түсінуге бағдарлайды: «Сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген жоқтау, мақтау түріндегі өлең үлгілері, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, бертін келе Түрік қағанаты тұсында жазылған ерлік жырларының шынайы көркем шығарма ретінде қалыптасуына үлгі-өнеге, модел-форма болды» [4,11б]. Бұл – қазақ әдебиетіндегі кейінгі көп жанрлы жазбаша дәстүрдің дамуына негіз болған үрдіс үлгісі.
Қазақ әдебиеті тарихының байырғы сақ, ғұн дәуіріндегі эпикалық шығармаларының құрылысында халықтың қанатты сөздерінің, мақал-мәтелдерінің, тұрмыс-салт өлеңдерінің, шешендік толғаныстарының – бәрінің тұтаса құралуы қалыптасқан көркемдік үрдіс тағылымын дамытты. Жазбаша әдебиет кемелдене дами келе көрнекті романдардағы кейіпкерлерді даралау, мінездеу, оқиғалардың деректілік шындығы мен ойдан қосу тұтастығын үйлестіру – бәрі де тарихилықтың негізділік заңдылығы жүйесін құрады.
Қазақ сөз өнері тарихындағы «Көне түркі әдебиеті» (VI-IХ ғ.ғ.) кезеңіндегі «Орхон-Енесей жазба ескерткіштері», «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама» мұраларында түркі тайпаларының өмір сүрген дәуірлері шындығы, тарихи тұлғалардың қызметі, адамдар өмір сүрген географиялық кеңістік, әлеуметтік орта тағылымы қамтылған. Ал, «Ислам дәуіріндегі әдебиет» (Х-ХІІ ғ.ғ.) кезеңіндегі мұраларда да халықтың сол шығармаларда сөз болған тұлғаларының, әлеуметтік ортасының шындығы тарихилық заңдылығы аясында қамтылған. Көрнекті әдебиеттанушы-ғалым А.Егеубай аталған ежелгі әдеби мұралардағы кейіпкерлердің, жеке адамдар тұлғаларының тарихи негізділікпен жазылғанын айтады, олардың тарих, философия, этнология зерттеулері үшін нұсқалы материалдар, тарихи бағалы деректер [5,163б] беретін рухани арқау екендігіне, философиялық, әлеуметтанушылық, әдеби-әдептілік, т.б. мәселелерді қамтитын күрделі танымдық тағылымына ғылыми байыптаулар жасайды. Зерттеуші ежелгі және ортағасырлық мұралардағы әдеби әдеп жүйелерін саралап көрсетеді (1.Жан сымбаты, 2.Кісілік сымбаты, 3.Азаматтық сымбаты) де, олардың тарихилыққа қатысты поэтикалық ерекшеліктерін ғылыми-теориялық тұрғыда тұжырымдаған: «Тарихи шындық пен көркем шындық арасындағы күрделі метаморфоза да тарихилық негізде, тарихи кезеңдер аясында ұғынықтырақ, қызғылықты көрінеді. ... ежелгі мұраларда тарихи тұлғалар мен тарихиқұбылыстарда ойдан қосу, әсірелеу аз байқалады. Байқалмайды дегенде шындыққа үйлеседі. Тарихи адамдар, тарихи оқиғалар бәз күйінде сипатталады. Тарихи шындық қана емес, поэтикалық басқа да ең бір көркемдік таным сарабынан өткен нышандарының өзі де тіршілік, тұрмыс көрністерінен қаз-қалпында көшіріліп алынған. Кейінгі кезең мұраларында көркемдік шындық рухы үстем түсе бастаған. Көркемдік шындық, көркемдік шарттылық көрініс берген тұстарда эпикалық тыныс қиялы, қиял-ғажайып ертегілері сынды көркемдік кеңістіктер туындады» [5,184б]. Өнер туындыларына арқау болатын өмір шындығыболмысын елестеу үшін Әбу Нәсір әл-Фарабидің «Мәселелер мәні» философиялық еңбегіндегі пікіріне назар аударуға болады: «Қозғалыс пен тыныштықтың басталуы, ол сырқы қысым немесе өмір, болмаса, табиғат деп аталады. Қоғалыстың кей түрлері еріксіз болады, мұндайда олардың басталуын өсімдік жаны немесе ерікті болуы ықтимал... уақыт осы қозғалыспен байланысты. Уақыттың шегі сәт деп аталады. Қоғалыста уақыттың басы да, аяғы да болуы мүмкін емес. Осылайша, бір жағынан, қоғалатын әлдене болуы тиіс, екінші жағынан, қоғаушы болуы керек» [6, 55 б]. Демек өмір шындығы – қоғалыс пен шындықтың өзара сабақтас құбылыстарынан құралатын тіршілік келбеті. Көркем шығармалардағы өмір шындығы дамылсыз сапырылысқан үндес әрі қарама-қайшылықты қозғалыстар жүйесін бейнелейді. Ал, тыныштық ұғымының өзі де өмір шындығы қозғалыстарының аясында айқындалады. Тарихи кезеңдердегі оқиғалардың өрістеуі мен белгілі бір нәтижелер арқылы да қозғалыс пен тыныштық сабақтастығы тағылымын аңғартады.
Қазақ әдебиетіндегі шежірелік шығармалар тарихи деректерді баяндау мен көркем әдебиет бейнелеулері тұтасуы жолын қалыптастырған мұралар болып саналады. Авторларының көзімен көрген оқиғаларын көркемдік талғаммен сұрыптап, іріктеп жазуы арқылы уақыт шындығын жазбаша жүйелеудегі қаламгерлік мәдениет үрдісіне де негіз қаланды. Шежірелік туындылардың құрлысындағы елдің, ондағы көрнекті оқиғалардың қамтылуында туынды авторларының мемлекет қайраткері тұғырындағы тұлғалық танымалдылығы да елеулі болды. Қазақ әдебиетіндегі тарихи шындықпен кең көлемді көркем туындылар жазу үрдісінде шежірелік шығармалар авторларының қайраткерлік, қаламгерлік орындары да сөз өнері тарихындағы маңыздылығымен ерекшеленеді.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі жаңа жазба реалистік әдебиет шығармалары да көркем әдебиетіміздегі тарихилықты жаңаша қалыптастыруда маңызды орын алды. Хакім Абайдың эпикалық дастандарында, қара сөздерінде өмір шындығы деректері, тарихи тұлғалар тағылымының көркем шындықпен өрнектелуі әдеби сипатпен өрнектелді. Шоқан Уалихановтың ғылыми-этнографиялық очерктері әдеби-тарихи ерекшеліктер тұтастығымен жазудың әлемдік классикалық дәстүріне сәйкес қазақ топырағында дамытудың іргетасын қалады. Ал, Ыбырайдың прозалық туындылары эпостық әдеби тек жанрларына ортақ реалистік шығармашылыққа жол ашты. Ы.Атынсариннің әңгімелері – қазақ әдебиетіндегі жазбаша прозалық шығарма жазу үрдісі жолындағы жаңа жазба реалистік әдебиет үлгілері болып саналады. Профессор Х.Сүйіншалиев қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірдегі Әбу Нәсір әл-Фарабидің, Захир ад-дин Бабырдың, Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың еңбектерін, хан-сұлтандардың, елшілердің жазысқан хаттарын, шешен-билер сөздерін де прозалық шығармалардың алғашқы үлгілері қатарында қарастыруды ұсынады. Зерттеуші қазақ прозасының әуелгі бастау кезеңіндегі мұраларын айта отырып, Шоқан, Ыбырай, Абай өмір сүрген ғасырдағы осы дәстүрлі дамудың жалғастығына баға берген. «Түркістан уалаяты» (1870), «Дала уалаяты» газеттері мен «Айқап» жураналының беттерінде жариаланған иұралардың, шығармалардың қазақ әдебиеті жанрларының, оның ішінде прозплық шығармалардың мол жазыла бастауына себеп болғанын бағалайды. [7, 9-10 бб]
Академик З.Қабдолов былай дейді: «Кең көлемді ... эпостың бұл түрінде жазылған шағармалар шындықтың жекелеген эпизодтарын суреттеумен тынбайды, әдеби шығармаларға арқау болған адам мен қоғам тіршілігін мейлінше кең қамтып, алуан-алуан даму кезеңдерімен тұтас жүйелеп, толассыз қимыл-қозғалыс қалпында жинақтайды. Адам мен қоғам өмірінің қандай ақиқаты болсын, мұнда бүкіл тамыр тереңімен, қопарыла көрсетіледі де, оқырманның көз алдында өзгеше бір әлем, бүтін бір тіршілік дүниесі пайда болады» [8,313-314 бб].қазіргі қазақ романдарының біразы ХХ ғ. 90-жылдары мен ХХІ ғ. Басында жарыққа шықты. Тарихының жаңа кезеңіне көшкен, байырға жолы бұған дейінгі талай мыңжылдықтардан басталған, қалыптасқан мемлекетіміздің, қазақ ұлтының көркем әдебиеттегі бейнеленуі сөз арқауындағы дәстүрлі шығармашылық үрдіс әдебиетіміздің Қазақ хандығы (ХV-XVIII ғғ.) және ХІХ ғасырлар кезеңдеріндегі авторлы шежірелік шығармалар Мәшһүр Жүсіптің «Қазақ шежіресі», Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз-қазақ, һәм хандар шежіресі», т.б. қисса-дастандар, тарихи жырлар жанрлары арқылы да жалғасты. Қазақ романистикасының қалыптасу, даму тарихында ХХ ғасырдың бас бас кезіндегі эпикалық шығармалар айрықша орын алады.
Шәкәрімнің «Әділ-Мария» романының сюжеттік-композициялық желісінде ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ауылдарына ортақ өмір шындығы оқиғалары арқау етіп алынған. Көлемді прозалық шығарманың мазмұн мен пішіні жүйесінде классикалық әдеби шығармаларға тән әртүрлі көркемдік әдістер тұтастығымен жазылғандығы байқалады. Романның идеялық-композициялық желісін құрайтын мынадай мәселелер айқын қамтылған: біріншісі – ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығы шамасындағы қазақ ауылының көшпелі тұрмыс жағдайының (қыстау мен жайлау арасындағы көшу-қону, малды жаю, т.б.) көріністері; екіншісі – қазақтың ұлттық-этнографиялық, ата-бабалық салт-дәстүрінің негізгі оқиға нысаны болғандығы. Басты кейіпкерлер Әділдің әкесі Жақсыбай мен Марияның әкесі Бақтыбайдың әуелі құда болып келіскені сюжеттік байланыс ретінде көрінеді. Шәкәрімнің «Әділ-Мария» романындағы Шыңғыстауды кейіптеу тәсілі сипатымен бейнеленген жерлері қазіргі қазақ романдарына көркемдік негіз болғаны айқын байқалады. Мысалы, «Әділ-Мария» романында басты кейіпкерлердің түнгі табиғат аясындағы қауышу сәтін лирикалық-психологиялық бейнелеудің лирикалық және кейіптеулік тұтастықпен өрілген көркемдік-әсерлілік сипаты айқын: «Міне, осы іңірде туған толық Ай дәл Марияның қысылып ұялғанындай қып-қызыл болып туса да, көтеріле келе бозарып, жоғарылағанда, әбден бойы үйренгендей маңқиып, жер жүзіне сүттей тұнық сәулесін түсіріп, Айдың бетіндегі кісі пішінді қожыры қырындай қарап, «Әділ мен Марияның алғашқы қосылғанын көрмейінші!» - деген сияқтанды-ау! Сонда, кәрі Шыңғыстау, сен алыстан мұнарлатып, басыңды күнбатысқа беріп, көлденең сұлап: «Әділ мен Мария былай жатсашы!» - дегендей бөктердің аласа адырын бауырыңа қысып, төстегі елге жантая қарап жатпап па едің?» [9,501-502 бб].
Шәкәрімнің «Әділ-Мария» романындағы ұлттық-этнографиялық ерекшеліктердің суреттелуі де эпикалық шығармалардағы тарихилық шынайлығын аңғартады. Профессор Б.Майтановтың «Әділ-Мария» романына байланысты айтқан пікірі де осы шығарманың ұлттық және әлемдік әдеби үдеріс сабақтастығына негізделген жаңашылдығын дәйектейді: «Көркемдік баяндау құрылымы жағынан «Әділ-Марияның» екі түрлі өзгешелігі айдай анық. Бірі – композициялық жүйедегі пейзаж қызметінің ауқымы, екінші – диалог формасын пьеса үлгісіндей алу» [10,3-4 бб]. Жинақтап айтқанда, Шәкәрәмнің «Әділ-Мариясы» мен қазіргі қазақ романдары поэтикасындағы сабақтастық ұлттық әдебиетіміздің көркемдік үрдістері жетістіктерін дәлелдейді.
Қазақ тарихының бұрын жан-жақты қамтылмаған жақтарын кеңейте, тереңдете жазуда қаламгерлер сөз арқауындағы бірнеше ғылымдар салаларының тұтасуы жағдайында еңбек етуде. Ұлттық тарихтың көрнекті тұлғаларын, олар өмір сүрген қоғамдық-әлеуметтік ортаның қайшылықты, тартысты күрделі болмысын шығармашылық психологиясы көрігіне салып оқырмандарға ұсыну жауапты іс. Бұл орайды, әдебиеттанушы ғалым А.Ісімақованың пікіріне назар аударамыз: «Шығармашылық психологиясы – суреткердің өмірді танудағы, мәдени қазынаны жасаушы ретіндегі жеке психологиясы, жаңа бір туындының қиялда туғанынан бастап, оның аяқталуына дейінгі динамика, яғни көркем шығарма жасаудағы жалпы және жекелеген заңдылық процесі» [11,228 бб]. Демек, өмір шындығын тарихи шындық поэтикасы аясында бейнелеуде қаламгердің шығармашылық психологиясыең негізгі шешуші қызметті атқарады. Қазіргі қазақ романы – ұлттық сөз өнері тарихындағы алдыңғы толқын суреткерлер қалыптастырған көркемдік үрдістің жалғасқан көрсеткіші. Әрине, қазақ сөз өнері алыптары да әлем әдебиетіндегі суреткерлер тағылымынан өнеге алды. Бұл орайда, қазақтың рухани мәдениеті тарихына қатысты жақтары жиі айтылатын А.С.Пушкин шығармашылығына назар аударуға болады [12,5 б].
Қазіргі қазақ романдарындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім мәселелерін ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырудың өзектілігі сөз арқауындағы осындай әлемдік классикалық үрдістер ықпалдастығы, сабақтастығы жүйесімен байланысты бағаланады.
Қазіргі қазақ прозасындағы тарихи шындық поэтикасы бағдарымен жазылған І.Есенберлиннің «Мұхиттан өткен қайық», Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз», З.Шүкіровтің «Сыр бойы», Қ.Шабданұлының «Қылмыс» және т.б романдар ұлттық әдебиетіміздің әлемдік тәжірибедегі үлгілермен үнестігін айқын аңғартады. Аталған романдардағы ұлттық тарихымыздағы қайраткерлер тұлғаларының, оқиғаларының барлығы да шындықты көркемдік шешіммен өрнектеудегі қаламгерлер шеберліктерін, өзіндік мәнер-машықтарын танытады. Бұл орайда, белгілі әдебиеттанушы ғалым, профессор Т.Н.Рахымжановтың пікірі эпикалық шығармалардың мазмұны мен пішіні жүйесіндегі өмір шындығы бейнеленуінде авторлық ұстанымдар табиғатын түсінуге бағдар береді: «Қазіргі романның көркем бейнеленген объектісі – қоғамдағы әлеуметтік психологиялық құбылыстар, адамның жан қозғалысы, орталық және қосалқы кейіпкердің ішкі «менінің» өсу, кемелдену эволюциясы болып табылады.[13, 219 б]. Бұл пікір қазіргі қазақ романдарындағы тарихилықты, деректерді мол қамтып жеткізетін эпикалық автордың баяндаулар болмысын дәйектей түседі.»
Әлем әдебиетіндегі тарихи шығармалар үрдісін ұстанғандар ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ прозасының роман жанрындағы туындылары ұлттық сөз өнері қазынасын байыта түсті. Әлем әдебиетінің алыптары шығармаларына тән тарихи шындық поэтикасы көркемдік үндестігі байқалатын қазақ прозасының жаңа туындылары тәуелсіз қазақстан мәдениетіміздің жалпыадамзаттық дамудағы жетістіктерінің нақты көрсеткіші. «Әдеби процесс рухани құндылықтар тарихы ... Әдеби шығарма – өткен мен бүгінді, болашақты тұтастай елестететін өзекті мәселелерді қамтитын көркемдік-эстетикалық тағылымы мол халық дүниетанымының айнасы.» [14,11 б], - дейді. Демек, әдеби ұғым процесс аясында халық тарихының барлық кезеңдеріндегі сөз өнері шығармашылығының үздіксіз туындап жататын әдеби даму қоғалысының жемісі. Бұл – әдеби процесс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет