Білім беру бағдарламасы Қарағанды 021 Дәріс «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні бойынша



бет6/18
Дата21.09.2023
өлшемі259,72 Kb.
#109607
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
қазіргі қазақ тілі дәрістер

Негізгі әдебиеттер тізімі
1. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002
2. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры.-Алматы, 1996.
3.Есембеков Т. Драматизм и казахская проза.– Алматы: Ғылым, 1997
4.Жарылғапов Ж.Ж. ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық-эстетикалық мәселелері. –Қарағанды, 2003
5. Жарылғапов Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер. – Қарағанды: Гласир, 2009.
6. Исмакова А.С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начало ХХ века и современность). – Алматы: Ғылым, 1998.
7. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9-том. – Алматы: ҚАЗақпарат., 2005.


Қосымша әдебиеттер тізімі
1. Борев Ю. Эстеика. –Ростов-на-Дону: «Феникс», 2004. – 704 с.
2. Бөпежанова Ә. Өнер – жеке тәжірибе. // «Алтын Орда», 2003.01. №2.
3. Дәдебаев Ж. Жазушы еңбегі. Алматы, 2002.
4. Жақсылықов А. Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в казахской литературе. Типология. Эстетика. Генезис. –Алматы: Қазақ университеті, 1999
5. Жұмағұлов С. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы (1956-1991ж.ж.). – Қарағанды, 2008.
6. Жұмаділова Н. 1960-90 ж.ж. қазақ романы. –Қарағанды,2004.
7. Кекілбаев Ә. Сергек әдебиет – сертіне адал. //Жалын, 1989, №6. – Б. 21-26.
8. Қазақтың жүз романы. (Құраст. Р. Нұрғали).– Астана, 2004.
9. Майтанов Б. Қазіргі қазақ прозасындағы модернистік және постмодернистік ағымдар //«Қазақ әдебиеті» газеті, 2004. №43. 9-б).
10. Тоқбергенов Т. Қос қағыс. –Алматы,1981.
11. Ысқақбай М. Шығарма шырайы –шындық. –Алматы, 1994.
6 - Дәріс

« Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні бойынша

Қазіргі қазақ романы: дәстүр және жаңашылдық

1. Қазіргі қазақ романдарындағы дәстүр ауқымы


2. Қазақ романдарындағы жаңашылдық
ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасында қоғамдағы терең қайшылықтар, атап айтар болсақ, саяси, экзистенциалық, рухани-психологиялық мәселелер біршама ашық түрде көрініс тапты. Осындай жоталы-жоталы проблемалар адам болмысына анағұрлым тереңірек, жан-жақтылық тұрғысынан келудің, қоғамдық құрылыста қалыптасқан қатынастарға сыншылдық позициядан үңілудің нәтижесінде туды. Дәл осы кезеңде әдебиетте жаңаша көркемдік ізденістер байқалды. Бұл кешегі кеңестік мемлекет аумағындағы бірнеше ұлттардың әдебиетінде бедер білдірген құбылыс болатын. Өйткені адам тұлғасының, рухани әлемінің қалыптасуы, өзгеріске ұшырауы тарихи-әлеуметтік жағдайлармен де байланысты. Кеңестік дәуірдің 70-80-жылдарында көркем өнердегі таптық доктрина, “социалистік гуманизмге” негізделген “жаңа адам” бейнесін жасау талаптары әлі де күшін толық жоймаса да, бұл жасанды ұғымдар солғын тарта бастаған шақ еді. Бүкіладамзаттық гуманизм идеяларына иек арту күшейіп, социализм идеологиясының шексіздігіне, сол кезеңдегі қағидаларға сәйкес жер бетіндегі ең өміршең, ең әділ, кәміл шамшырақ екендігіне күдік туа бастады. Әдебиет ендігі жерде адамның тарихи процестің субъектісі ретіндегі маңызына, болмыстың басқа формаларына қатысына әлемдік көркем дамудағы қалыптасқан дәстүрлерге сүйенді.
Кейінгі онжылдықтардағы қазақ прозасындағы адамтану қырлары ерекше ден қоюды қажет етеді. Неге десек, әр қаламгердің адам туралы өзіндік концепциясы, оны көркем кестелеудің жеке принциптері болады. Ә. Кекілбаев: “Жазушының адамға деген идеялық-көркемдік қатынасынан оның творчествосының стильдік сипаттары қалыптасады. Оның адам тіршілігінің белгілі бір (не қаһармандық, не трагедиялық, не күлкілі) астарларына айрықша көңіл бөлетіндігі творчествосының жанрлық бағытына да әсер етеді” - дейді. Демек, қаламгердің адамға деген көзқарасы, тану деңгейі, оның стиліне, туындыларының жанрына, тіпті дүниетанымы мен бүкіл шығармашылығына әсер етеді. Яғни, суреткердің өзіндік стилі болуы үшін адамға деген өз көзқарасы болу керек. Соңғы жылдары қазақ әдебиеттанушылары да жалпы әдеби процесті, белгілі бір жазушының шығармашылығын көркем әдебиеттің негізгі обьектісі - адам тұлғасы арқылы зерттеу жалпы ғылым үшін жемістілігімен, тиімділігімен ғана емес, көркем ойдың концептуалдық негізін құрайтындығымен құнды екендігін баса айта бастады. Сондай-ақ, 70-80-жылдары проза саласында өнімді еңбек еткен Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, А.Сүлейменов, Қ.Ысқақов, С.Мұратбеков, Д.Досжанов, О.Бөкей, Д.Исабеков, Ә.Тарази т.б. сынды жазушылардың шығармаларындағы адам концепциясын диссертациямызда арнайы түрде қарастыру бүгінгі күннің талаптарын толық ескеру болып табылады.
Бұл кезеңдегі әдеби процесс және аталып отырған жазушылардың шығармашылықтары жайында әр уақытта З.Қабдолов, С.Қирабаев, Р.Бердібаев, Н.Ғабдуллин, Р.Нұрғалиев, Ш.Елеукенов, Б.Майтанов, Қ.Ергөбеков, Ж.Дәдебаев, Б.Ыбырайымов, З.Серікқалиев т.б. ғалымдардың мақалалары мен зерттеулері жарыққа шықты. Сонымен қоса қазіргі қазақ прозасы поэтикасының жекелеген мәселелері жайлы жазылған докторлық, кандидаттық диссертациялардың авторлары Т.Рахымжанов, Т.Сыдықов, М.Хамзин, Т.Есембеков, А.Исмақова, С.Асылбеков, О.Көзбеков, А.Рамазанова, Ж.Айтмұханбетова, Ж.Дүйсенбаева т.б. зерттеушілердің еңбектерінде де маңызды-маңызды ойлар айтылып, ғылыми тұжырымдар жасалды. Әйтсе де, зерттеу жұмысын жүргізушілер бұл қаламгерлердің көркем туындыларындағы адам болмысы жөніндегі идеялық-эстетикалық көзқарастарды өздерінің тақырыптары мен нысаналарына қатысты қажетті мөлшерде ғана қамтыды. Ал біздің алдымызға жазушылардың адам мәселесіне эстетикалық, философиялық және адамгершілік қатынастарының тұтастай көрінісі, яғни адам тұлғасы жайлы концепциясындағы ұлттық және кейбір әлемдік әдеби тенденциялардың көркем мазмұнға ықпалын көрсету, ғылыми тұрғыдан талдаулар жасау міндеті қойылады.
Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының деңгейі де, оның логикалық даму барысы да қазақ ақын-жазушыларының творчествосындағы адам концепциясының философиялық-эстетикалық қырларына терең үңілуді талап етеді. Әсіресе, образ бен характердің табиғи, әлеуметтік, нақты тарихи және бүкіладамзаттық қырларын жаңаша пайымдау маңызды мәселелердің қатарынан әлі күнге түскен жоқ.
Ә.Кекілбаев, О.Бөкей, С.Мұратбеков, Д.Исабеков, Қ.Жұмаділов, Қ.Ысқақов, С.Жүнісов, М.Мағауин, Т.Әбдіков, Ә.Тарази, Ә.Сараев, Р.Тоқтаров, Д.Досжанов, Ш.Мұртаза, А.Сүлейменов, А.Нұрманов, Т.Нұрмағанбетов сынды т.б. жазушылар қазақ прозасының профессионалдық деңгейінің көтерілуіне үлкен ықпал жасады. Әдебиетке араласқан бұл ерекше толқынның ең басты өзгешелігі - сөз өнерінің Адамды жан-жақты танудағы рөліне баса назар аударуы дер едік. Осы жылдардағы әдебиет өзінің классикалық нысанасы - адамдық аспектіге бет бұрысы көркем сөз жанрының ішкі мүмкіндіктерін сарқа қозғауына, көркемдіктің шын биігіне деген құлшынысына, әдебиеттің күрделене түсуіне себепші болды.
Академик С. Қирабаев: “Соңғы жылдардағы әдеби процестің бір ерекшелігі - талантты жастардың әдебиетке көптеп келуі. Он-он бес жылдардың айналасында әдебиетке келген топ та біраз іріктеліп қалды. Олардың талантты өкілдері осы дәуір ішіндегі әдеби процеске белсене араласып, әдебиетіміздің жаңа ізденістерін, табыстарын байытуға үлестерін қосып жүр. Олар өз дәуірі шындығының жанды суретін ғана емес, замандастарының ішкі сезім күйлерін, оларды толғандырған ой-пікірлер байлығын ала келді. Жастардың жазу мәнерінде білімділік, мәдениеттілік сезіледі. Шындыққа әр көзбен қарап, әрқайсысы әр жағынан толықтыру арқылы олар әдебиет дүниесін байытуға едәуір үлес қосуда” - деп, әдебиет әлемін енді-енді барлап, кей жазушылар өздерінің негізгі шығармаларын әлі жазып үлгермесе де олардың бойындағы рухани қуатты жіті байқаған еді.
Дәл осы кезеңнің интеллектуалдық серпінін танытқан “Өз отыңды өшірме” (О. Бөкей),“Қарғын” (Д. Исабеков), “Аңыздың ақыры”, “Үркер”, “Елең-алаң” (Ә. Кекілбаев), “Тасжарған”, “Кен”, “Қорқау жұлдыз” (Ә. Тарази) т.б. романдардың дүниеге келуі қазақ халқының рухани дамуындағы айрықша құбылыс екендігі дау туғызбайды.
Қазақ әдебиетінің даму, өсу жолының осы уақытында танылған қаламгерлер жайлы зерттеуші Р.Нұрғалиев: “Балалық, бозбалалық шағы соғыс кездерінің қылыштан қан тамған қаһарлы, жаралы жылдарымен дөп келген ұрпақ өкілдерінен шыққан қаламгерлердің баршасына ортақ қасиеттер бар: ең алдымен бұлардың қайсысын алсаң да, өмірдің қара қазанында қайнап піскен, тіршіліктің тас диірменінде әбден тартылған адамдар. Қаламнан өмірге келмеген, өмірден қаламға келген. Творчестволарындағы басты сипат, басты құнар - өмірдің лебі, тіршіліктің бояуы”, - десе, әдебиетке осы толқынның ішінде келіп, прозадағы жаңа үрдісті қалыптастырудағы өзгеше орны бар жазушы Ә.Кекілбаев: “Тұрмыстың қатал илеуінде жүріп, тауқымет-таршылықты қаншама тартса да, көзбояушы көлгірліктен ауылы аулақ, шындық пен ақиқаттың алдында қаймықпай жүгінуге батылдары жететін, рухани жүкті көтеріп әкетуге іштей зор дайындықпен келген, орыс пен Европа мәдениетін тең игерген, әрі халықтың қалың ортасынан шыққан бұл буынның көп өкілі әдебиет табалдырығынан аттамай жатып-ақ, қым-қиғаш тіршіліктің қиыр-шиыр күрделі сырларына қаймықпай үңіле бастаған-ды. Сондықтан да қазақ әдебиетінің сол кездегі даму барысы оларды қанағаттандырмады” - дейді.
Үстіміздегі ғасырдың бұл белесінде қазақ прозашылары кеңестік тұйық қоғамда өмір сүре отырса да, өздеріне дейінгі шығармалар арқауы болып келген, жасанды идеяны насихаттайтын - интернационализм, индустрия, тың игеру, жұмысшылар өмірі, шаруашылық табыстары сияқты тақырыптардан мақсатты түрде бас тарта бастады. Олар өмір шындығын байыптау барысында заман келбетін көркемдік таным деңгейінен бағамдауды адам тағдырымен терең сабақтастыратын болды. Прозаның қай жанрында болмасын әдебиеттің адамтанудағы мәнін ескеру күшейді.
Әрбір жанр өзінің эволюциялық даму жолында түрлі қоғамдық-әлеуметтік, тарихи-мәдени әсерлердің негізінде жетіліп отыратыны - диалектикалық шындық. Сол сияқты қазақ прозасы да әуелгі көркем шығармашылықтың бойына тұтасқан поэтикалық синкретизмнен енші алды. Сөйтіп барып әдебиеттің жетекші саласына айналды. Ондағы қайсыбір жаңашыл нышандарды тарихилық принципімен зерделегенде ғана танып-білуге болады.
Қазақ әдебиетіндегі прозаның сүйегі ауыз әдебиетінде жатқаны белгілі. Оның ішінде қазақтың байырғы ертегілері мен аңыз әңгімелерінің халықтық проза екендігі аян. Қазақ фольклористикасының ғұламасы М.Әуезовтің: “Көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз, сатысыз көп қор құйған болса, бүгінгі көркем прозаға да халықтың ауызша әңгімесі сондайлық жатық жолмен көп араласып, қабысып жатыр” - дегеніндей, ертегілердегі адам мен әлем, қоршаған орта турасындағы қиялдар, космогониялық және тотемдік мифтер, ежелгі нұсқалардағы табиғаттағы дүниенің барлығын бірдей деңгейден қараған мифтік сана, түрлі аңыздар мен әпсаналарда халықтық көркем ойлар қазақ прозасының алғашқы мазмұндық бастауы болды.
Ал, ХІХ ғасырда, әсіресе, ХV-ХVІІІ ғасырларда ерекше биікке көтерілген поэзияның эстетикалық роліне бертін проза бәсекеге келді. Әдебиетімізде осы жанрдың ерекшеліктеріне бағындырылған шығармалар тудыруда ұлы ағартушылар - Ы. Алтынсарин мен Абайдың орны бөлекше. Алғашында өзінің педагогтік мақсатына пайдалану ниетімен Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, И.А.Крыловтардың шығармаларын, басқа да халықтардың фольклор үлгілерін қара сөзбен тәржімалаған Ыбырайдың аудармалары мен төл әңгімелері проза тарихындағы елеулі бастама еді. Ұлы ойшыл Абайдың “ғақлиялары” да проза жанрының ұлттық топырақта толысуындағы жаңаша қадам. Философиялық оймен құнарланған қара сөздер прозаға мықты идеялық-сапалық таған бола білді.
ХХ ғ. басында “Бақытсыз Жамал”, “Қалың мал”, “Қамар сұлу” сынды алғашқы романдық үлгілердің дүниеге келуі қазақ көркем ойындағы бұл жанрдың тұрақты түрде дамуға бет алғанының айғағы еді. Ал жиырмасыншы жылдардан бермен қарай М.Жұмабаевтың “Шолпанның күнәсі” әңгімесі, Ж.Аймауытовтің “Қартқожа”, “Ақбілек” романдары, Б.Майлиннің “Раушан-коммунист”, т.б. көптеген туындылары, С.Сейфулиннің “Жер қазғандар”, “Тар жол тайғақ кешу”, С.Садуақасовтың “Күміс қоңырау”, “Күлпәш”, “Салмақбай-Сағындық” повестері, С.Мұқановтың “Адасқандар” романы тәрізді туындылары қазақ әдебиетінде проза жанрының қалыптасу процесі аяқталғанын көрсетеді.
Әдебиетте, жалпы көркем өнердегі дәстүр мәселесін алып қарағанда жеке тұлғаның, жеке бір жазушының да тигізер ықпалы ерекше. Сөз өнерінің бұрынғы ірі табыстары мен ұлы шығармалар бойындағы биік көркемдік сапаға сүйенетін кейінгі жазушылар тақырып, идеяны сол алдыңғы үлгідегі амал-тәсілдер бойынша ашып, соны өзіндік көркем ойлау деңгейіне сай қолдану бейтаныс құбылыс еместігі аян. Суреткерлердің шығарма жазудағы дербес стилдері, сөз саптаудағы, өмір шындығын бейнелеудегі, көркем бейне мүсіндеудегі жеке машықтары бола тұра, олардың кей шығармаларындағы ортақ тенденцияларды аңғаруымызға болады. “Индивидуальность писателей всех “рангов” не может помешать историку литературы разглядеть, в произведениях некоторых из них общность идейного содержания и выражающей его формы”- деген тұжырымның авторы Г.Н.Поспеловтың бұл тарапта айтқан ойлары біршама. Оның “смену стадий национального литературного развития нельзя
Абай творчествосы қуатты, сарқылмас арна ретінде әдебиетімізге күні бүгінге дейін тигізер әсерін жоймаса, ХХ ғасырда М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Х. Есенжанов, І.Есенберлин, Т. Ахтанов, Ә. Нұрпейісовтер сынды прозашылардың көркем туындылары шығармашылық жолын 60-шы жылдардан бастаған қаламгерлерге белгілі дәрежеде ықпалы болды. Әсіресе “Абай жолы” сияқты эпопеяның дүниеге келуі қазақ прозасының идеялық-көркемдік сапасының аса жоғары межесі ретінде танылып, осы биік деңгейге деген ұмтылысты тездетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет