1 - қосымша
Облыстық сырттай «Үздік ашық сабақ - 2021» тақырыбындағы қысқа
мерзімді жоспарлар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережесі
1.1 Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында өткізілетін облыстық
«Үздік ашық сабақ - 2021» – жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне
арналған сырттай байқау (бұдан әрі – Байқау).
1.2 Байқауды ұйымдастырушы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан
облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Жаратылыстану және
гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы болып табылады.
2. Байқау мақсаттары
2.1 Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында қолданатын белсенді әдіс-
тәсілдер мен өзінің іс-тәжірибесімен бөлісуге дайын педагогтарды анықтау;
2.2 Білім беру үдерісінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру;
2.3 Білім беру қызметкерлерінің кәсіби шығармашылық жұмысы – үздік
жұмыстарды анықтау (сабақтың ең үздік жоспары, жарияланым).
2. Байқауды ұйымдастыру және ӛткізу тәртібі
4.1. Облыстық байқау 2021 жылы 24-желтоқсанда «Өрлеу» біліктілікті
арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның Түркістан облысы және Шымкент қаласы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының
базасында өткізіледі.
2.1. Байқаудың пән бойынша ӛткізілу бағыттары:
1. Бірінші бағыт – ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ (қазақ тілі мен
әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс
тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын орыс тілі мен әдебиеті, шетел
тілдері, тарих, қоғамтану пәндерінің мұғалімдері).
2. Екінші бағыт – ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ (математика,
физика, химия, биология, география, информатика пәндерінің мұғалімдері).
3. Үшінші бағыт – МӘДЕНИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ (музыка, бейнелеу өнері,
сызу, технология, дене тәрбиесі, өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімдері).
4. Тӛртінші бағыт – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ
БАСТАУЫШ ОҚЫТУ – (бастауыш сынып мұғалімдері және МАД тобының
педагогтері)
3. Байқау қатысушылары
3.1 Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беретін сертификатталған
мұғалімдер байқау қатысушылары бола алады.
3.2 Байқауға қатысатын жұмыстар және өтінімдер (1 - қосымша) мына
электрондық почта арқылы қабылданады: baykau.orleu@bk.ru
Байланыс телефоны:
8778-964-29-61 Медетова Лаура Сухраповна,
8701-761-83-60 Шойманова Мөлдір Балғабаевна
4. Байқауды ӛткізу шарттары
4.1. Байқау бір кезең бойынша өткізіледі: «Үздік ашық сабақ - 2021»
тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлар байқауына жаңартылған
бағдарламадағы бір ашық сабақ жіберуі қажет (электронды түрде
қабылданады) сабақ барысында түсірілген фото-сурет JPEG форматта
сақталып жұмыспен бірге жіберілуі тиіс;
5. Бағалау критерийлері
Ашық сабақтарды бағалау критерийлері:
1. Жіберілген қысқа мерзімді жоспар ашық, толық жазылу керек;
2. Сабақтың мазмұны сындарлы оқытудың қағидаларына сәйкес келуі керек;
3. Байқауға ұсынылып отырған жарияланым оқу үдерісіндегі мұғалім мен
оқушының жұмысы барысында пайдаланылуы тиіс;
4. Оқу үдерісіндегі критерийлері;
5. Мұғалім шеберлігі;
6. Өтілген материалды оқушылардың өз бетінше меңгеруі және өзін - өзі
реттеуі;
7.Сабақта бағалау түрлерін тиімді пайдалануы;
8.Тапсырмалардың оқушы деңгейіне бағытталуы;
9.Мұғалім мен оқушы тарапынан кері байланыстың жасалуы;
10.Мұғалімнің өз сабағына талдауы (рефлексия);
11.Уақытты тиімді пайдалануы.
6. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар
6.1 «Үздік ашық сабақ - 2021» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарының
мәтін форматы А-4, шрифті Times New Roman, кеглі 12, жол аралық - 1,0
барлық жақтарынан 1,5 см кем емес. Титул беті жеке толтырылады.
7. Байқауды ӛткізу тәртібі мен қорытынды шығару
7.1 Байқауға өтінімдер мен жұмыстар 2021 жылдың 25 қараша мен 20
желтоқсан аралығында қабылданады.
7.2 Байқау жұмыстарын тексеру және қорытындыларды шығару 2021
жылдың 21-24 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
8. Байқау қатысушыларын марапаттау
8.1 Байқау жеңімпаздары әр деңгейлі дипломдармен марапатталады.
2 - қосымша
«Үздік ашық сабақ - 2021» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлар
байқауына
ӚТІНІМ
ТАӘ толығымен
Қала, ауданы
Жұмыс орнының толық
атауы
Лауазымы
Сыныбы
Пәні
Сабақ тақырыбы
Байланыс түрі (электронды
почта, ұялы телефон)
Достарыңызбен бөлісу: |