ерекшеліктері ескеріліп, оқу-тәрбие және түзету-дамыту
жұмыстарын ұйымдастыруға
ұсынымдар әзірлеу;
5) білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу, оларды емтиханға жіберу,
ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтиханнан босату,
білім алушыларды
келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды
грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіру туралы аттестат,
негізгі орта білімді аяқтағаны туралы аттестат, жалпы орта білімі туралы үздік аттестат, жалпы
орта білімі туралы аттестат, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008
жылғы 18 наурыздағы №125 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне
ағымдағы бақылауды, оларды аралық және
қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес
белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы шешімдер қабылдау;
6) мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы педагогтердің оқу жүктемесін бөлу,
оларды
аттестаттауға дайындау, марапаттау және көтермелеу;
7) білім беру ұйымының үш тілде оқытуға ауысуы;
8) экстернаттық оқыту нысанындағы
білім алушыларға рұқсат беру, қорытынды
аттестаттау жүргізу;
9) зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға,
музыкалық-шығармашылық
конкурстарға қатысушы білім алушыларға жеке жұмысты ұйымдастыру;
10) сабақ кестесін құрастыру;
11) білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) қабылдау, ауыстыру және бітіріп шығару;
12) білім алушының (тәрбиеленушінің) эмоциялық-жігерлілік
және жеке дамуын
зерделеу;
13) оқуы мен тәрбиесінде тұрақты қиындықтара бар балалардың ерекше білім алу
қажеттіліктерін анықтау үшін оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультацияға жолдау бойынша ұсынымдар беру;
14) кәсіби қызметке алғаш келген педагогке бір оқу жылы кезеңіне бекітілетін
тәлімгерді анықтау мәселелерін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: