3) жеке пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау және қолдау;
4) білім беру ұйымдарда оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік қамтамасыз ету
мәселелерін қарау;
5) білім беру ұйымдарда әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік
құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық нұсқадағы
және дидактикалық материалдар ұйымдастыру;
7) өндіріс пен ғылыми технологиялардың басым бағыттарын болжау негізінде білім
беру мамандықтар (кәсіптер) тізбесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылау;
8) оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және педагог қызметкерлеріне, білім беру
ұйымдарына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі
нысандарын енгізу мәселелерін қарау; жекелеген пәндер бойынша оқу жұмыс
бағдарламаларын талқылау және бекіту;
9) элективті пәндер каталогін қарау және бекіту;
10) пререквизиттер мен постреквизиттерді бекіту;
11) әдістемелік бірлестіктер қызметінің жылдық жоспарларын келісу және бекіту;
12) білім алушылардың білімін бағалау үшін тест тапсырмаларын және басқа түрлерін
әзірлеу және сараптамадан өткізу мәселелері;
13) білім алушылардың өздік жұмысын және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін
өздік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері;
14) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша
семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Кеңестің құрамына кафедра өкілдері, оқытушылар, оқу-әдістемелік ұйымдардың
басшылары, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау,
білім беруді ақпараттандыру жөніндегі құрылымдық бөлімшелер басшылары кіреді. Кеңестің
құрамы білім беру ұйымның басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Кеңесті Төраға – басшының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары
басқарады.
Әдістемелік кеңес мүшелерінің қатарынан ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Кеңестің жұмысы әдістемелік кеңестің отырысында қабылданған және білім беру
ұйымның бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі.
Әдістемелік кеңестің отырысында қаралған мәселенің нәтижесі бойынша қатысып
отырған мүшелерінің басым дауысымен әдістемелік кеңестің ұсынысы қабылданады және
хаттама арқылы рәсімделеді. Отырыстың хаттамалары мен әдістемелік кеңестің шешімдеріне
кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Егер әдістемелік кеңестің отырысында оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысып
отырса, онда әдістемелік кеңес құқықтық өкілетті деп саналады.
Кеңес төрағасы жылына бір рет Кеңес қызметінің нәтижелері туралы білім беру
ұйымдарының педагогикалық, ғылыми кеңесінің алдында есеп береді.
Әдістемелік кеңестің әрбір мүшесі кеңестің барлық отырысына қатысуға, оның
жұмысына белсенді араласуға, жүктелген тапсырмаларды уақытында және нақты орындауға
тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: